Түйін сөздер: білім, ғылым, жаңа технология, болашақ, Мәңгілік Ел, дамушы ел, ұрпақ, Елбасы, жас мемлекет,
тіл, діл, дін, инновация, балабақша, бастауыш мектеп, негізгі орта мектеп, жоғары сынып, жоғары мектеп, тәрбие.
Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған қандай жолдауы болмасын білім мен ғылым мәселесінен
аттап кеткен емес. Мемлекет басшысы заман ағымын толығымен пайымдай келе келешектің кілті кемел
білім мен сол білімді кемелдендіретін ұлы күш ғылым екендігіне, ғылымды қажетсінетін экономиканы
жүзеге асыру бағытында өскелең елдің айбынды болашағын қамтамасыз ету үшін ең әуелі білім сапасын
арттыру қажеттігін баса айтады. Білім кілті көп есікті ашатындығы, көксеп, болашақта мақсат тұтып келе
жатқан «Мәңгілі Ел» атануымызға да зор ықпалын тигізетіні белгілі. Яғни, «Мәңгілік Ел» атануымыз
үшін ең дамыған 30 мемлекеттің қатарында көрініп, ел экономикасын өркендету, бәсекеге қабілетті болу,
индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасынан ғылымға негізделген экономикалық стратегияға
бірте-бірте ауыса отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау білікті де білімді жастар еншісінде екені
белгілі. Сондықтан да, еліміздің білім саясатында ғылыми-техникалық әлеуетіне жұмылдыру, ғылымның
басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгіз-
дірту инновациялық дамудың негізгі көзін, болашақтағы даму бағытын айқындайтын маңызды фактор-
лардың бірі білім саясатының дұрыс әрі нәтижелі жүргізілуі өте маңызды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің
жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер
жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.
Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында
жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендеу
үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады» [1] - деп көрсетілгендей, ертеңгі
келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш – тұлттық
білім мен ғылымда екендігін көреміз. Ұлттық білім мен ғылым дамымай біз алысқа бара алмайтын-
дығымыз, жаңа технологиялардың, инновациялық әдістерді меңгермейінше алға ілгерлемейтінімізді
түсінуіміз керек. Сондықтанда бүгінгі білім беру парадигмасы төмендегідей кесте негізінде болмақ:
Білім және ғылым
Жеткіншек ұрпаққа мектеп табалды-
рығынан бастап, ЖОО-на дейін әлемдік
деңгейде білім мен тәрбие берілуімен
қатар,
ғылыммен
шұғылданатын
дағдылар жүйесін құру.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарына негіздел-ген
«Ұлттық білім беру моделін» білім беру
сатысына қарай, кезең-кезеңмен енгізу
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
173
1-кесте
Осы кестенің негізінде ұлттық білім беру моделін шығарамыз. Яғни:
Ұлттық білім беру моделі:
1. Балабақша жасында (таза ұлттык білім беріледі)
2. Бастауыш мектеп буынында (Патриоттық тәрбие негізі қаланады)
3. Негізгі мектепте (басқа ұлттар мәдениетімен танысу, адамзат дүниесіндегі озық тәрбие және діни
сауаттылық, діни тәрбие негіздері)
4. Жоғарғы сынып сатысында (өз ана тілі негізінде әлемдік мәдениет құндылықтарын, шетелдер тілін
меңгеру арқылы интеллектуалды жастар қалыптастырамыз)
5. Кәсіптік білім беруде (Мәдениет, дәстүрді қоғам жетістігімен байланыстыра анықтау, Тәуелсіз
Қазақстандағы мәдени үрдістер және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жаңа иедая-
лармен толықтыру)
6. Жоғары мектепте (Елдің бәсекеге қабілетті және индустриялық-инновациялық дамуы жағдайын-
дағы білім мен ғылым негіздері) формасында деп алып, жеке-жеке қарастырамыз
Тәрбиенің діңгегі отбасынан қаланып, балабақшада жалғасын тауып жетілетіндіктен, балдырған-
дардың санасына ұлттық тәрбиенің нәрімен сусындаты өте маңызды. Бұл жөнінде Ел Президентімізі:
«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалып-
тасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеп өсіру, білім беру бүгінгі отбасының, балабақша-
ның, барша елдің, халықтың міндеті» [2] - деп нық айтқан да болатын. Ұлттық тәрбие арқылы баланың
жеке басын үйлесімді дамытып, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулып, оның мүдде-
лерін қанағаттандыру мен қабілеттерін дамыта отырып, қоғамдық-әлеуметтік, табиғи ортада өмір сүруі
мен жемісті әрекеттенуіне мүмкіндік беретін жеке тұлғаның әлеуметтік-рухани қасиеттерінің қалыпта-
суына септтігін тигіземіз. Ол үшін ең алдымен:
- Тәрбиешілер мен жас мамандар педагогикалық кеңестер мен ұлттық құндылықтарға, қанық болып,
семинар, тренингтерден дәріс ала отырып, халық педагогикасымен, психология, философиядан хабардар
болуы өте маңызды, себебі бүлдіршіндерді осы салалардың негізінде тәлім берудің маңызы зор.
- Екіншіден, баланың ой-өрісіне әсер ету үшін балабақшаның қабырғаларында әдемі әсемделген
суреттермен қоса, қазақтың ұлттығын дәріптейтін образдар, ертегі кейіпкерлері сияқты (қазақтың ою-
өрнектері, ұлттық киімдері, аспаптар, қыздардың, апа-аталардың, әкелердің киім үлгілері, замануи
бағытта көркемделген) суреттер міндетті түрде болуы тиіс
Балаға тәлім-тәрбиені халықтық педагогика негізінде жас ерекшелігіне қарай кезең-кезеңмен жүріп
отыруы тиіс.
Ал, Бастауыш мектеп буынында, Ұлттық тәрбиемен таныс, рухани құндылығы даму үстінде жүр-
ген балалар бастауыш сыныпқа қадам басқанда жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерді, қоршаған
ортаға деген эмоциональды-құндылық қатынастарды, оқу процесіне оң мотивацияның қалыптасуын және
таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, сондай-ақ, патриот азамат ретінде
қалыптасуға көшеді. Жеке тұлғаның бойына мұндай қасиеттерді қалыптастыруға ата-аналар мен мұғалім-
дердің еңбегі талап етіледі. Бұл жөнінде қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін жазылған «Ұлттық
тәрбие» атты оқу бағдарламасында бастауыш сынып балаларына білім мен тәрбие үдерісін жүйелі
түрде ұйымдастырып, оларға туған жерінің, ата-тегінің, табиғат жайлы (аспан-жер, аң-құс, өзен-көл, тау-
тас, өсімдіктер әлемі мен адамдардың оларға қарым-қатынасы) танымын арттырып, көркем және ғылыми
шығармаларды оқыту арқылы қоршаған ортаға, табиғатқа, сүйіспеншілік сезімін оятып, экологиялық
мәдениетін тәрбилеу мен салауатты өмір салты арқылы адамзаттың рухани тағылымын әсемдік әлемімен
ұштастыра оқыту керек екендігі дұрыс жазылған. Мұның негізінде, бастауыш кезеңнін портреті өз ота-
нын қастерлейтін, жақсы көретін, отанымен мақтана алатын, ана тілін жетік меңгерген, қазақ жерінде
тұратын өзге ұлт өкілдерін сыйлап, құрметтей білетін баланы көруіміз керек. Сондықтан жас жүректің
бойына еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қызықтыру арқылы оятуымыз керек.
Негізгі мектепте (басқа ұлттар мәдениетімен танысу, адамзат дүниесіндегі озық тәрбие және діни
сауаттылық, діни тәрбие негіздері) Баланың балабақшадан, бастауыш мектеппен жалғасқан рухани
құндылықтары, қоршаған әлем жайлы түсініктері, адамгершілік, сыпайлық, мейрімділік қасиеттері негізгі
орта мектепке келгенде өзге ұлттар мәдениетімен танысу, көпұлтты жандарды құрметтеп, сыйлау керек
екендігін ұғына бастайтын жасқа келеді. Негізгі орта мектеп балаларына тәлім-тәрбие мен білім беруде
кең байтақ қазақ жерінің, Қазақстандағы ұлттар достастығы, толеранттылық ұымы, Тәуелсіз Қазақстан
келешегі жастар екендігі, Отанға қызмет ету ұғымы, экологиялық тәрбие мен еңбек тәрбиесін, ең бастысы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
174
адами қарым-қатынасты үйренетін кезге келеді. Себебі, осы жастағы балалар оң солын тануға, ақ пен
қараны ажырата алуға қабілетті кезеңге көшіп жатады.
Балалардың қабілетіне қарай, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін оқытып, үйретіп, өзгені сыйлау, өзіңді
сыйлаумен тең екендігін пән мұғалімдері өз сабақтарында дұрыс үйрете білулері қажет. Мысалы ән
сабағында әр ұлттың әнін салыстырмалы түде талдап, шырқап, биінің ерекшелігі мен танысып, ділі мен
дінімен танысып жалпы мәдениетімен қаныққаны дұрыс. «Дінтану» сабағында діннің өзектілігіне аса мән
беріледі. Дін мәселесі дамыған елдерде бастауыш сыныптан негізге алынған, атап айтқанда, Аустрия,
Ұлы Британия мемлекеттерінің орта мектептерінің білім беру стандартындағы бағдарламаларында кезде-
седі. Оның түпкі саясаты – тұлға жастайынан саналы түрде өзінің өмірлік бағытын дұрыс түсінуге, ұлты-
ның дінін ұғуға, туралық және әсемдікке тәрбиелеуге негізделгені айғақ. Жалпы дін туралы білім қазіргі
қоғамдық жағдайда маңызды мәселердің бірі. Өйткені, дін дегеніміз – адамды шындыққа жеткізетін
жарық, ақылды адамдарды өз қалаулары бойынша ізгілікке бастайтын құдайлық шариғат адамдарды тек
игілікке, жақсылыққа бағыттайтын заңнама ретіндегі іс-әрекеттер жиынтығы [3] Ал қазіргі кездегі діннің
маңыздылығы – рухани-адамгершілік құндылықтардың жаңартылған жүйесін құруға бағыттау,
экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, сол зиян әсерлердің
алдын алуда, дұрыс жолдан адаспауын, тұрақты ой қалыптастыруда дінтану ілімінің рөлі ерекше. Әлем-
дік тәжірибе көрсеткендей, кейбір мемлекеттерде діни білімсіздіктен халықтың басқа секталарға кіру
орын алып, ақырында бір мемлекеттің бірлігі шайқалып, келеңсіз оқиғалармен аяқталып жатыр. Қазіргі
кезде біздің елімізде де белгілі бір идеологиялық білім ретінде дінге деген қажеттілігі бар. Сол себептен,
Қазақстан халқы түрлі ұлттан тұратындығын, конфессиялық сипатын ескере отырып, дінтану пәнін орта
мектептерде оқытылу бұйрығы енгізілді. Осы тұрғыдан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Біз бұқара санасын-
дағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен
өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні: діни біліміміздің деңгейі
онша жоғары болмай отырғаны» [4] - деген ескертпесі бүгінде айрықша теориялық-әдіснамалық мағынаға
ие екендігін көрсетті. Қазіргі еліміздегі және дүниежүзіндегі діни жағдайларды бағалай білу, интернеттегі
діни мәліметтерді саналы түрде ақиқаттылығын ажырата білу, діни экстермизм әрекеттерді болдырмау
және алдын алу секілді, жалған діни идеяның дұрыс бағыттағы діннен айырмашылығын ажырата алу
сынды тақырыптар қазіргі қоғамдағы діни топтардың сыртқы келбеттері, дінге шақыру әрекеттерінің
әдістерін бойынша айыра білуі үшін бұл пәннің сұранысы жоғары болуы тиіс. Осы пәнді оқыту барысын-
да, елімізде және дүниежүзінде дінге қатысты қазіргі болып жатқан оқиғалармен байланыстырып, түсін-
діріп, жасөспірімдердің өмірге деген дұрыс көзқарасын тұрақтандыру міндетін қою керек.
Жоғарғы сынып сатысында (өз ана тілі негізінде әлемдік мәдениет құндылықтарын, шетелдер
тілін меңгеру арқылы интеллектуалды жастар қалыптастырамыз) Жоғары сынып сатысы негізгі
орта мектеппен салыстырғанда күрделі, кәсіби даярлық алды, маңызды баспалдақ. Жалпы адамзаттық,
ұлттық құндылықтар негізінде, ғылым мен білімді ұштастыратын, кәсіби шыңдалуға негізделген буын
өкілдері қалыптасатын мектептің түлектері. Бүгінде тауар өндіруші елдер қатарына қосылу, бәсекелестік-
ке қабілетті елдер қатарында болу үшін білім мен ғылымның соңғы жетістіктермен қаруланған, ғылым-
ның соңғы жетістіктерін өндіріске ендіруге бейім, жаңа бағытта дамып келе жатқан әдістер мен иннова-
циялық жобалар, заманауи технологияларды меңгерген тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл міндетті
орындаудағы мәселелердің бірі білімге енгізіліп жақтан өзгерістің бірі «Үш тілділікті» айтуға болады.
Үш тілді білу заман талабынан туындап отырған мәселе. Ертеңгі күннің еншісін ұстар жастарымыз үш
тілді білуі тиіс. Ағылшын және орыс тілі қазақ тілінің ығында ғана өмір сүретіндігін, ағылшын тілін
үйренгеннен біз мәңгүрттенбейтіндігімізді, ол - әлемдік бизнес тілі екендігін түсіне білуіміз керек. Қазіргі
кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, “ақылды” экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал
бұл бағыттағы толайым табыстарға, ілім-білімге алып барар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тіл-
дерді үйрену. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуника-
циялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Кәсіптік, жоғары мектепте де осы мәселелердің
күрделі формасынан қарастырып оқытқан жөн.
Қорытындылай келгенде, «Мәңгілік Ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүрін-
дірмей жеткізетін, еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі, болашағымызға бағдар бола алатын, ұлты-
мызды ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін тұғырлы идея болмақ. Осы идея бізді 30 дамыған елдің
қатарынан бой көрсетуімізге себеп болары сөзссіз. Жұмысымызда нақты көрсетіп кеткендей, білім мен
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
175
ғылым сапасын жақсарту ұлттық білім корпусын барлық буынға кезең-кезеңімен өткен жағдайда
нәтижеге қол жеткізеріміз анық.
1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы
–
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». – 17 қаңтар. –
2014.
2. Тәрбие өзегі балабақшадан басталады.
http://referatikz
.
3. Білімділер порталы
http://bilimdiler.kz
4. Назарбаев Н.Ә. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген сөзі. Әлемдік және
дәстүрлі діндер лидерлерінің «ІІ сьезі». – Алматы, 2006. – 147 б.
Резюме
Кдыралиева Ж.Б. – КазНПУ им.Абая, магистр
кафедры филологии Эксперт. НИИ Формирование интеллектуальной нации
Развития науки и образования на основе идеи "Мангилик Ел"
В статье написанно о послании народу Казахстана «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы,
единое будущее» Глава государства Нурсултан Назарбаев изложил и обосновал совершенно новую концепцию в
отечественной истории - «Мәңгілік Ел». По этим путем мы должны провести индустриализацию страны, перейти на
«зеленую» экономику, сохранить язык и религию, сохранить единство народа, строить добрососедские отношения с
сопредельными странами, воспитывать молодое поколение на примерах предков, дать детям достойное образование,
развивать науку и при этом добросовестно трудиться. А также четко рассмотренно о важности образовании и науки.
Ключевые слова: образование, наука, новые технологии, будущео, Мангилик ел, развивающая страна,
поколение, Президент, молодая страна, язык, религия, менталитет, инновация, детский сад, начальная школа,
средняя школа, старший класс, университеты, воспитание.
Summary
Kdyralieva Z.B. – Pedagogical University, Department of Philology master's
Experts Institute of formation of the intellectual Nations
Development of science and education based on the idea of " Mangylyk El"
The article is written on the message of the people of Kazakhstan "Kazakhstan's way - 2050: Common goal, common
interests, common future" President Nursultan Nazarbayev stated and substantiated a completely new concept in the country's
history - "Mangilik El". In this way we have to industrialize the country, go to the "green" economy, to preserve their
language and religion, to preserve the unity of the people, to build good-neighborly relations with neighboring countries, to
educate the younger generation on the examples of the ancestors, to give children a decent education, to develop science and
at the same time in good faith work. And clearly the consideration of the importance of education and science.
Keywords: education, science, new technologies, the future, Mangilik eating, developing countries, the generation, the
President, a young country, language, religion, mentality, innovation, kindergarten, elementary school, middle school, high
school, university, education.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
176
ӘОЖ 159.92
ФРЭНСИС СКОТТ ФИЦДЖЕРАЛЬДЫҢ «ҰЛЫ ГЭТСБИ» РОМАНЫНДАҒЫ
ЭМОЦИЯЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА
ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ ОРТАҚ МІНЕЗДЕМЕ
Кабылова М.С. – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,педагогика
ғылымдарының магистрі, оқытушы. Талдықорған қ. e-mail: madina.3024 @mail.ru
Бұл мақалада XX-шы ғасырдың америка әдебиетінің классигі Фрэнсис Скотт Фицджеральдың 1925 жылы жарық
көрген, әлем оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген «Ұлы Гэтсби» атты романындағы алынған бірнеше
эмоцияның көркем мәтінде берілу тәсілдерін кешенді түрде ұсынылуы болып табылады. Романындағы көркем
мәтініндегі эмоциялардың лингвистикалық және психологиялық деңгейлеріннің ортақ мінездемесі мен баяндалады.
Эмоцияның көркем мәтінде берілу тәсілдерін кешенді түрде ұсынылуы болып табылады. Эмоция және оның түрлері
мен эмоция болмыстың көрінісінің формасы, адамның өз сезімдерін бастан кешіруі, оны біліп, жасап жүрген нәрсеге
деген көзқарасы, қатынасы ретінде қарастырылады. Эмоция – тікелей күйінішін, жағымды және жағымсызды
сезінуін, адамның әлемге және адамдарға қатынасын, оның іс-тәжірибелік әрекетінің үрдісі мен нәтижелерін
көрсететін субьективті психологиялық жағдайдың ерекше түрі. Эмоция тобына көңіл-күй, сезім, аффект, құмарлық,
күйзеліс жатады. Олар адамның барлық психикалық үрдісі мен жағдайында кездесіп отырады.
Кілттік сөздер: эмоция, аффект, ынтықтық ым-ишара, мимика, пантомимика, вербалды, бейвербальды қарым-
қатынас, коммуникативтік қарым-қатынас, лингвистика, паралингвистика, инверсия, пейзаждық лексика, авторлық
ремарка.
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс. Бір тіл – бір ұлт. Кез келген халықтың ойлау
ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады, халық даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде түйін-
деледі. Тіл – халықтың рухани болмысымен біте қайнап, ұлттың тағдырына қызмет етіп, өмірімен өзектес
жүріп отырады. Әр кезең, әр дәуір өзіне қажетті жаңалықтар туғызады. Осыған орай тәуелсіздік туымен
ел өмірінде қаншама жаңалықтар еніп отыр. Бүгінде егеменді қазақ халқының бүкіл әлем халқымен тере-
зесі тең. Қазіргі таңда әлем халықтарының қақпалары айқара ашылып, бір-бірінің тілі мен әдебиетін,
тарихы мен мәдениетін құрметтеп салыстыра зерттеу үрдісі белең алып келеді. Тілдегі әлем көрінісі – сол
тілде сөйлейтін халықтың ұжымдық шығармашылығы, және әр ұрпақ тілмен бірге ұлттық мінез, дүние-
таным адамгершілік, т.б. мәдениеттің толық жиынтығын алады. Қазіргі жаһандану заманында халықара-
лық қатынастардың нығайып, еліміздің шет мемлекеттермен экономикалық, саяси және мәдени байла-
ныстардың дамуы – шетел тілдерін, соның ішінде әсіресе ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді. Тіл
ғылымы соның ішінде ағылшын тілі де психологиямен тығыз байланысты. Олай дейтін себебіміз, психо-
логия түйсік пен қабылдауды, ес пен ойды, сезім мен эмоцияны, зейінді зерттейді. Ал бұлардың сөйлеу
процесіне оны қабылдап, түсіну процесіне тікелей қатысы бар екені баршаға аян. Өйткені, біреудің айтқа-
нын қабылдау, оны ұғыну процесі болмаса, қарым-қатынас жасау, пікір алысу да болмаған болар еді.
Адам сөз арқылы белгілі бір затты атап қана қоймай, сонымен бірге, сол затқа, іске, құбылысқа өзінің
қатынасы мен оған қалай қарайтындығын эмоция арқылы білдіреді. Яғни тіл ойды білдірудің ғана құралы
емес, сезімді де білдірудің құралы.Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынаста эмоцияның болуы, олар-
дың бір-бірін жақсы түсінісуіне себтігін тигізеді. Бұл мақалада атақты, XX-шы ғасырдың америка әде-
биетінің классигі Фрэнсис Скотт Фицджеральдың 1925 жылы жарық көрген, әлем оқырмандарының ыс-
тық ықыласына бөленген «Ұлы Гэтсби» атты романындағы эмоцияның көркем мәтінде берілу тәсілдерін
кешенді түрде ұсынылуы болып табылады. Роман мәтініндегі эмоциялы сөйлемді талдамас бұрын, алды-
мен эмоцияның адам өміріне қаншалықты психологиялық маңызды орын алатын саралауымыз керек.
Эмоция – тікелей күйінішін, жағымды және жағымсызды сезінуін, адамның әлемге және адамдарға
қатынасын, оның іс-тәжірибелік әрекетінің үрдісі мен нәтижелерін көрсететін субъективті психологиялық
жағдайдың ерекше түрі. [1] Эмоция тобына көңіл-күй, сезім, аффект, құмарлық, күйзеліс жатады. Олар
адамның барлық психикалық үрдісі мен жағдайында кездесіп отырады. Адам эмоциясының басты
қызметі: эмоцияның көмегімен біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз, сөзді пайдаланбай-ақ бір-біріміздің жағ-
дайымызды біле аламыз және өзара әрекет және қарым-қатынасқа тиісінше бағыштала аламыз. Мысалы,
әр мәдениетке жататын адамдардың басқа адамды оның бет-әлпетіне қарай айна қатесіз қабылдап және
бағалай алатындығы, соның нәтижесінде қуаныш, ашу, мұң, қорқыныш, жек көру, таңқалу сияқты
эмоционалды жағдайларды анықтай алуы керемет факт болып табылады. Өмірді сезімсіз сияқты эмоция-
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
177
сыз да елестету мүмкін емес. Атақты жаратылыстанушы Ч.Дарвин эмоциялар эволюция үрдісінде тірші-
лік иелері өздері үшін өзекті болып табылған қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған белгілі бір
шарттардың маңыздылығын анықтайтын құрал ретінде туындаған деп есептейді. [2] Ф.И. Шаляпиннің
мысалы бойынша, шетелге бірінші рет саяхат жасағанда ағылшын тілін білмейтін Федор Иванович «бірде
мейрамханада қатар стөлде отырған көршілері ағылшындарға ағылшын тілінің ырғағын ыммен келтіріп
«Great! (қошемет сөзін)» айтады, бірақ мұның ағылшын тілінде сөйлескенге ұқсауы және биік шляпалы
Шаляпиннің айбарлы келбетінің сенімді әсер еткені сонша, ағылшындар оны түсініп, өздерінің отандасы
екен деп қабылдағандай ыммен стакан соғыстырады. [3]
Бұл жерден эмоцияның қарым-қатынастағы эмоциялық күй түрінде пайда болуын көреміз. Әңгімеге
араласқан адам әңгімелесушіге эмоцияның ыңғайына икемделгенін көреміз. Адамның эмоционалды-
суреттеу қимылдары – мимика, ым, пантомимика қарым-қатынас құралы қызметін атқарады, яғни сөй-
леушінің жағдайы және оның дәл осы уақытта болып жатқан жағдайға көзқарасы жайлы ақпарат береді.
Сонымен қатар, ықпал ету қызметін атқарады. Эмоционалды-суреттеу қимылды қабылдаушы субъекті
болып табылатын адамға ықпал етеді. Мұндай қимылдарды қабылдаушының түсінуі оның қатынас орын
алып отырған контекске сәйкес қозғалуы негізінде жүзеге асады. Адамның айқын қимылдары тілмен
шебер сараланды, оның көмегімен тіршілік иелері өздерінің жағдайы және айналада болып жатқан оқиға-
лар туралы ақпаратпен алмасады. Эмоциялар ішкі тіл, субъектіге болып жатқан оқиғаның өзінің қажетті-
ліктіктеріне қарай маңыздылығын білдіретін дабыл жүйесі ретінде қабылданады.
Өз кезінде П.К. Анохин эмоцияның мобилизациялық, интегративті-қорғаныштық маңызы туралы
айтып кеткен болатын. Ол: «Эмоциялар барлық ағза қызметінің дереу түсіндіре отырып (біртұтас, бірігу),
ең алдымен пайдалы немесе зияндының ағзаға әсерінің абсолютті дабылы бола алады, көп жағдайда ағза
әсерді өршітпеу жолдарын анықтап және жауап ретінде реакциясының нақты механизмдерін анық-тауы-
нан да бұрын болады» - деп айтқан болатын. [4] Дер кезінде туындаған эмоцияның көмегімен ағза қорша-
ған орта жағдайына тиімді бейімделе алады. Ол сыртқы әсердің түрін, формасын және тағы басқа жекеле-
ген нақты параметрлерін анықтамастан-ақ оған тез және өте үлкен жылдамдықпен жауап қата алады.
Тіршілік иелері арасында эмоционалдық күйініш формасының ең қарапайым түрі кең таралған және
шығу тегі жағынан, ең ежелгі органикалық қажеттіліктерін қанағаттандырылуынан ләззат алатын және
мұны істеу болмауымен байланысты сәйкес қажеттіліктердің күшеюі кезінде наразылық тудырады. Барлық
қарапайым органикалық сезімдер эмоционалды реңге ие. Эмоция мен ағза әрекетінің тығыз байланысын
барлық эмоционалды жағдай кезінде ағзаның көптеген физиологиялық өзгеріске түсуі дәлелдейді. Психо-
лингвистердің бұл өзгерістерді арнайы эмоциялық жағдаймен (күй) байланыстырылды бірнеше мәрте және
органикалық өзгерістер кешенін, сондай-ақ басынан өткерген сезімдерінің сан алуандығын дәлелдеуге
бағыталып отырды. Дегенмен, қандай субъективті мәліметтер әртүрлі эмоционалды күйініштер кезінде қан-
дай органикалық өзгерістер орын алатындығын нақты анықтау мүмкін болмады. Бұл жағдай эмоцияның
өмірлік маңызын түсінуде елеулі болып табылады. Біз басымыздан өткеретін эмоциялық жағдайлардың
ерекшелігі олармен қоса жүретін органикалық өзгерістерге қарағанда, нәтижесінде туындайтын сезімдерге
байланысты Адам басынан кешіретін негізгі эмоционалдық күйлер эмоция, сезім және аффект болып
бөлінеді. Эмоциялар мен сезімдер қажеттілікерді қанағаттандыруға бағытталған, идеаторлық сипатқа ие
және оның бастамасы болатын үрдісіне алдын ала масаттандырады. Эмоциялар мен сезімдер адам үшін дәл
қазіргі уақыттағы қажеттілік тұрғысынан өзекті болып табылатын жағдаяттың мәнін, оның алда тұрған
қимыл немесе әрекетті қанағаттандыру үшін маңызын ашып көрсетеді. [5]
Эмоциялар шынайы және елестетілген жағдайларға байланысты туындауы мүмкін. Адамдар оларды
сезімдер сияқты өзіндік ішкі күйініштері ретінде қабылдайды, олар да басқа адамдарға беріледі, өзге-
лердің аяушылығын тудырады. Егер адам өз сезімін жасыра алатын болса, эмоциялар салыстырмалы түр-
де сыртқы мінез-құлықта әлсіз байқалады, кейде өзге тұлғаларға байқалмайды. Олар белгілі бір қылықпен
қатарласа келетіндіктен, әрдайым түсіне бермейміз, дегенмен біз анықтағанымыздай барлық мінез-құлық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталғандықтан эмоциямен тікелей байланысты. Адамның
эмоционалды тәжірибесінің шегі оның жеке күйініштеріне қарағанда әлдеқайда кең. Ал адам сезімі
керісінше, сырттай байқала бермейді.
Эмоциялар мен сезімдер – тұлғалық қалыптастырушы. Олар адамды әлеуметтік-психологиялық
тұрғыдан сипаттайды. Эмоционалдық үрдістердің жеке тұлғалық маңызына назар аудара отырып,
В.К. Вилюнас: «Эмоционалды оқиғалар әртүрлі жағдайларға жаңа эмоционалдық қатынасты қалыптас-
тыруы мүмкін... Ұнату-жек көру, өшпенділік нысаны субъекті қанағаттану не қанағаттанбау себебі деп
танитын нәрселердің барлығы болады» деп жазған. [6] Эмоциялар, әдетте уәжді жүзеге асырады және
оған субъекті әрекетінің барабарлығын тиімді бағалайды. Олар рефлексияның емес қалыптасқан қарым-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
178
қатынастар күйінішінің тікелей бейнесі. Эмоциялар әлі болмаған, бұрын басынан кешкен жағдайлармен
байланысты немесе елестеткен жағдайлар мен оқиғаларды таңдана ете алады.
Ал сезімдер заттық сипатқа ие, белгілі бір нысан туралы идея немесе елестетумен байланыстыры-
лады. Сезімнің тағы бір ерекшелігі олардың үнемі жетілдірілуінде, олар дами келе, тікелей сезімдерден
бастап, рухани құндылықтар мен мұраттарға қатысты жоғары сезімдерге дейінгі деңгейлер қатарын
жасайды. Сезімдер тарихи сипатқа ие. Олар әр халықта әртүрлі болуы мүмкін және бір ұлт пен мәде-ниет-
ке жататын адамдарда әр алуан тарихи дәуірлерде түрліше бейнеленуі мүмкін. Адамның жеке дамуында
сезімдер маңызды әлеуметтендіруші рөл атқарады. Олар жеке тұлғаны, әсіресе, оның уәждік саласын
қалыптастыруда маңызды фактор болады. Жағымды эмоционалды күй арқылы сезімнің түрлері байқала-
ды және адамның мүдделері мен қажеттіліктері бекиді. Сезім – сыртқы дүние заттары мен құбылыстары-
ның адам қажеттеріне сәйкес келуі келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің
түрін сезім деп атайды. Сезім - адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі. Олар әрқашан сананың
жұмысымен тығыз байланыста болады және өз еркінше басқара алады. Олай болса, адамның сезімдері де
қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. [7]
Аффект – латынша «аффектус» деген сөз, қазақша жан ұшыру, күйіп пісу деген мағынаны білдіреді.
Қысқа уаққытта созылсада, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Аффект ол - адам көңіл-күйінің
кенеттен өзгеріп, әсерленуі. Аффектер кейде адамның бүкіл психикалық қалпын бұзып, мәнерлі қозға-
лыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді. Аффект кезінде оқыс қимыл-қозғалыстар жаса-
лып, қатты дауыс шығады. Мысалы, тынышсызданудан басталған қорқу сезімі үрейленуге ұласып,
аффект дәрежесіне жетеді. [8]
Ынтықтық (құмарлық) – ұзақ мерзімді жіне тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ, көңіл
күйден айырмашылығы, құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Тек қана адамда кездесетін эмоционалдық
күйдің тағы бір күрделі, сапалық жағынан ерекше түрі. Жастарға арналған өзінің белгілі хатында
И.П. Павлов ғылыми-зерттеу жұмысында ынтызарлықтың ерекше рөл атқаратынынан атап көрсетті; «Ғы-
лым адамнан үлкен қиындықты және ұлы құмарлықты талап етеді. Өз жұмысыңыз бен ізденістеріңізге құ-
мар болыңыздар». [9] Ынтықтық белгілі бір әрекет түрі немесе зат айналасында шоғырланған эмоциялар-
дың, уәждер мен сезімдердің жиынтығын құрайды. Ынтықтық нысаны адам болуы да мүмкін.
С.Л. Рубенштейн «ынтықтық әрқашан жинақталған (шоғырланған) түрде, ниеттің жинақылығы мен күші,
олардың бір мақсатқа бағытталуы арқылы көрінеді. Ынтықтық барлық талпыныстардың құлшыныс, елігу
(құмарлық), бағытын және тұлғаның күшін бір бағытта, олардың бір мақсатқа бағытталуын білдіреді» деп
жазған.[10]
Сипатталған эмоция түрлерінің әрбіреуі іштей жіктеледі, ал олар өз кезегінде әртүрлі белгілері бойын-
ша бағаланады, атап айтқанда: қарқындылығы, ұзақтығы, тереңдігі, саналылығы, шығу тегі, туындау
шарттары мен жойылуы, ағзаға әсері, даму динамикасы, бағыты (өзіне, басқаларға, әлемге, өткеніне, осы
уақытқа немесе болашаққа), оларды жеткізу амалдарына (экспрессия) және нейрофизиологиялық негіз-
дері бойынша. Бұл мақалада эмоция болмыстың көрінісінің формасы, адамның өз сезімдерін бастан кеші-
руі, ол біліп, жасап жүрген нәрсеге деген көзқарасы, қатынасы ретінде қарастырылады. Объективті түрде
байқалатын құбылыс ретінде эмоцияның әртүрлі формасы мен реңктерінің спектрі кең болады. Эмоция-
лар динамикалық: дами отырып олар сапалы түрде күрделенеді, сондықтан оны бір ғана белгісіне қарай
жіктеуге болмайды. Психологтар эмоцияны дәстүрлі түрде жағымды, жағымсыз және амбивалентті деп
бөледі. Лингвистикалық талдау үшін жұмыста типтік эмоция түрлері ретінде қуанышты білдіретін
эмоциялар, жағымсыз эмоциялар мен оқыс жағдай ұсынылып отыр.
Эмоционалды синтаксис зерттеуде ең алдымен ағылшын тіліндегі олардың эмоционалдық реңктері
өзіне ғана тән тұрақты құрылымы, интонациясы, әртүрлі интенсификатор сияқты белгілерін көрсететін
сөйлемдердің құрылымдық бөлшегі ретінде назар аударды. Мұндай құрылымдар тек сөйлемнің маз-
мұнын ғана емес, олардың субъективті-бағалауыштық, айтушының ойға қатысты эмоционалды реңкті
көзқарасын да жеткізуді мақсат етеді және эмоционалды коннотацияларды білдіреді. Бұл құрылымдар-
дың барлық түрлері негізінен екі құбылысқа – элипсис пен инверсияға негізделеді. [11] Кешенді түрде
атау және тақырыптық топтарға жіктеу мәселесі және оны шешу осы мақала жұмысының өзегі болмақ,
эмоцияларды атау, эмоцияны түсіндіру, эмоцияны жеткізу түрлері анықталды. Әр тәсілдің мәні мынада:
көркем мәтінде берілген әр эмоция лингвистикалық немесе паралингвистикалық құралдар арқылы атау
керек. Бұл атау эмоцияны тікелей және жанама түрде сипаттауы тиіс. Эмоцияны дешифраторы (түсінді-
рушісі) эмоционалды перформативі эмоционалды құрылым, контекст, пейзаждық лексика, авторлық
ремарка және т.б. болуы мүмкін. Контекст (жағдаят), пейзаждық лексика деңгейінде бір сөзбен ғана
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
179
жеткізілмейтін эмоционалдық туындайды, оның мағынасы интонацияның әсерімен ерекше трансформа-
цияға ұшырайды. Эмоция сипатын айқындаушы форма оны жүзеге асырушы эксплицитті мағына болып
табылады.
Кейбір жағдайларда эмоция тілдік әрекетпен қатар жүретін, тіпті оның орнын алмастыратын
паралингвистикалық амалдар арқылы беріледі. Экстралингвистикалық құралдардың эмотивті қызметі
адресаттың эмоциясына әсер ету қабілетімен байланысты. Басымдыққа ие паралингвистикалық амалдар
коммуникативтік жүйені жеткізетін, вербалды коммуникативтік жүйенің қызметін атқаратын мимика, ым
және дене қимылы болып табылады. Эмоцияны тақырыптық топтарға жіктеудің жетекші құралына автор-
лық баяндаудың формасын анықтау да жатады. Автордың жеке стилінің бір белгісі тілдің көптеген
грамматикалық және лексикалық формаларының ішінен мәтіннің сәйкес эмоционалды мазмұнын неғұр-
лым сәтті ашатынын таңдай білуі болып табылады. Авторлық баяндау тілдік және тілдік емес құралдар-
дың санымен безендірілетін терең мазмұн болып табылады, оның көмегімен автор шығармашылық тұлға
ретінде эмоцияны оқырманның сезіміне әсер ете отырып ашады. Эмоцияны тақырыптық топтарға жік-
теудің тағы бір әдісі – эмоцияны жеткізетін басымдыққа ие құралдарды анықтау. Қаһарманның эмоцио-
налдық күйін жеткізуде тілдік құралдар да, тілдік емес құралдар да басымдыққа ие болуы мүмкін. Кейбір
жағдайларда эмоцияның сипатын ашуда олардың ішінен ең маңыздысын анықтауға болады. Дегенмен
эмоционалды жүктемеге екеуі де ие болуы мүмкін, ондай жағдайда эмоцияны жеткізуші басым құрал
лингвистикалық және паралингвистикалық құралдардың жиынтығы болады. [12]. Сонымен, автор
эмоцияны тақырыптарға жіктеуде әртүрлі құралдарды пайдалана алады. Тек қана олардың қалай қызмет
атқаратындығын анықтау керек: мәтінге тән бола ала ма, белгілі бір эмоцияны көрсететін дәстүрлі немесе
автор ойын айқындайтын (шығармашылық, эмоцияны жеткізетін дәстүрлі емес тәсіл) бол ала ма?
Эмоцияның гиперсипаты дегеніміз осы.
Тәсілдердің өзара әсерінің негізінде эмоция кешенді түрде тақырыптық топтарға жіктелді.
Ф.С. Фицджеральдың «Ұлы Гетсби» романында эмоциялы көңіл-күйді талдай отырып, ағылшын
тілінде берілу жолдарын қарастырамыз.
1. “Suppose you met somebody just as careless as you self”. – “I hope I never will”, she answered. “I hate
careless people. That’s why I like you”.
– “Сізге өзіңіз сияқты ұқыпсыз адам тап болса ше?” – «Тап болмас деп үміттенемін», - деді ол.
«Ұқыпсыз адамдарды жеккөремін. Міне, сондықтан да сіз маған ұнайсыз».
Берілген мысалда лексикалық деңгейде «to like» және «ұнату» сөздері сәйкес келіп тұр. Автор бұл
етістікті қыз балаға жас жігітті ұнататынын, тіпті оған ғашық екендігін, сол сезімді білдіру сәтін суреттеу
үшін пайдаланған. Демек, аталған лексикалық бірлікті «қуаныш» эмоциясын жеткізу үшін таңдап алуын
көрсетіп отыр.
2. “The old Metro pole”.
– «Ескі Метрополь».
Бұл жағдайда лексикалық тұрғыда «old» және «ескі» сөздерінің «жақсы таныс», «өте жағымды»,
«жайлы» деген мағынада қолданылып, сәйкес келіп тұрғандығын байқаймыз. Бұл сын есім сондай-ақ
еркелету мәнін де күшейте түседі: «өте жақсы таныс», «ең сүйікті», яғни оқырманның «Метрополь»
дәмханасына деген ыстық ілтипатын, жақсы көзқарасын тудырады. Автор бұл құрылымды шығарманың
кейіпкерлеріне бұл орынның қаншалықты қымбат екендігін, олардың бұрынғы басынан кешірген уақыт-
тарын, олардың жастық дәуренін және «Метропольдің» адамға лық толы болатын кезін қайтарып алғысы
келетіндігін жеткізу мақсатында қолданған.
Әдеби шығармаға жасалған талдау лексикалық бірліктің тағы бірі
3. «I love New York on summer afternoon when everyone’s away. There’s something very sensuous about it –
overripe, as if all sorts of funny fruits were going to fall into your hands».
– «Нью Йорктің жазын, әсіресе, түстен кейін, ол бос болған кезін ұнатамын. Онда сезімтал бірнәрсе
бар. Қолыңды созсаң болғаны-ақ, таңғажайып жемістер үзіліп түсе беретіндей».
Мысалда көрініп тұрғандай, автор кейіпкердің сезімін табиғатты суреттеу және салыстыру арқылы
беруге тырысқан.
4. ‘To like’
“I like to come,”- Lucille said. - «Маған осы жер ұнайды », - деп Люсиль айтты.
Бұл мысалда қыз бұл жердің қолайлығын және жақсы екендігін көтеріңкі көңіл күймен хабарлайды,
яғни бұл жерде өз ойын қабылдап отырған адресат адамға тағы да бiр рет мұнда келгiсi келетіндігін бiл-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
180
дiрередi. Демек, to like етiстiгі осы ұсыныста экспрессиялылықтың бiрiншi дәрежесiндегі қуаныш эмоция-
сын көрсетіп тұр.
5. ‘Good’
- “Did you have a nice ride?”
- “Very good roads around here”.
- «Жақсы жол жүріп келдіңдер ме?»
- « Ия, мұнда жолдар жақсы екен ».
‘Good’ сөзі бұл жерде сын есiм болып қолданылып тұр, бірақ бұл мысалда, ‘good’ сөзі сәтті сапар бол-
ғанын көрсетсе, ал екінші жағынан бұл жолмен жүргізуші көлікті жүргізу кезінде еш қандай да кедергісіз
ләззат алатынын білдіреді. Яғни бұл жерде оң эмоцияны сынап көрсетіп тұр. Автор өз ойын айтқанда
қаhарман күйiн келтiріп, экспрессиялылықтың бiрiншi дәрежесiндегі қуаныш эмоциясын көрсетіп тұр.
6. ‘To love’
- “Come along”, he said but- to her only.
- ” I mean it”, she insisted.
- I’d love to have you. Lots of room.
Тек сол қызға ғана назар аудара отырып. - «Жүр кеттік» деді ол, -
- «Жоқ, шыныменде» деді қыз, - ұсынылған ұсыныстан бас тарта. Егер сен келіссең жақсы
болар еді, орын бәрімізге де жетеді» - деді жігіт.
Бұл сөйлемде “ to love”, етістігі қуаныш белгісін білдіре қоймай, сонымен қатар қыздың серуендеуге
келісім беруі жігіт үшін жағымды жаңалық боларын білдірер еді.
7. «Old sport»
«They can't get him, old sport. He's a smart man».
– «Достым, ештеңені дәлелдей алмады. Оны құрықтау оңай емес».
Мысалдан сөйлеушінің өзінің тыңдаушысына деген жағымды қатынасын, ал өз пікірінің нысанына
тіпті ирониялық қатынасын байқауға болады. Сәйкесінше «old sport» тіркесі айтушының өзінің пікірінде
жағымды күйді жеткізуіне қызмет ететін психологиялық мәнге ие болады.
8. «Fine»
«The grass looks fine, if that's you mean».
– «Егер сіздер шөп жайлы айтып тұрсаңыздар, ол тамаша».
Сөйлеуші өзінің сұхбаттасушысына үйдің айналасындағы шалғынның әдемілігін, оған бағбанның
мұқият қарайтын көк шөптің балғындығының ұнайтындығын жеткізу арқылы жағымды көңіл-күй тудыр-
мақшы. Сәйкесінше, бұл пікірде негізгі экспрееивті жүктемеге «fine» сын есімі ие болып тұр.
Қорытындылай келе, көркем мәтіндегі эмоцияны талдай отырып адам эмоцияның көмегімен біз бір-
бірімізді жақсы түсінеміз, сөзді пайдаланбай-ақ басқалардың жағдайы жайлы біле аламыз, ортақ әрекет
пен қарым-қатынасқа бейімделе аламыз. Әр мәдениет өкілдері адамды жүзіне қарап қабылдап, бағалай
алады. Тіпті қуаныш, ашу, мұң, қорқыныш, жеккөру, таңқалу сияқты эмоционалды күйді қатесіз аңғарып
қабылдай алады. Бүгінгі ғаламдастыру, жаһандандыру саясатының аясында ғылымдардың даму көкжие-
гін жаңа бағыттармен кеңейту, қайсыбір ғылым саласы болмасын, оны "адами факторлармен, адами құн-
дылықтармен" бірлікте қарастыру - адамзат өркениеті мен заманауи керуенінің алға тартып отырған
кезекті талабы. Әлемдік қолданбалы және теориялық ғылымдардың ішіндегі негізгі қоғамдық, әлеуметтік
коммуникацияның жетекші идеяларын жүзеге асыруда мақсат еткен ағылшын тіл ғылымының қазіргі
бағыт-бағдары ғасыр талабына толық жауап беріп отыр. Эмоцияны объективті шындықтың бейнелену,
танылу және бағалану формаларының бірі. Ол жағымды немесе жағымсызды сезіну, адамның адамдарға
және әлемге деген қатынасы, үрдіс және оның тәжірибелік әрекетінің нәтижесін тікелей басынан өткеру,
сезіну формасында көрсететін субъективті психологиялық күйдің ерекше түрі.
1. Артемьева Е. Ю. Психология субъективной семантики. – М., 1980.
2. Дарвин Ч. Выражение эмоций и животных и человека. – Соч., т. 5. – М., 1939.
3. Буряков М. А. К вопросу об эмоциях и средствах их языкового выражения / / Вопр. языкознания. – 1979. – № 3.
4. Анохин П.К. Эмоции. - В кн.: энциклопедия, т. 35. –М., 1964.
5. Дерябин В. С. Чувства, влечения, эмоции. – Л., 1980.
6. Вилюнас В. К. Психология эмоциональных явлений. – М., 1976.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
181
7. Макдауголл У. Различение эмоции и чувства. – В кн.: Психология эмоций. Тексты. /Под ред. В.К. Вилюнаса и
Ю.Б. Гиппенрейтер. – М., 1984.
8. Выготский Л. С. Психология искусства. – M., 1986.
9. Вилюнас В. К. Психология эмоциональных явлений. – М., 1976.
10. Столин В. В. Самосознание личности. – М., 1983.
11. Новиков А. И. Лингвистическое толкование художественного текста. – М., 1979
12. Бабенко Л. Г. Обозначение эмоций в языке и речи. – Свердловск, 1986.
Достарыңызбен бөлісу: |