Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы


№  Тұжырымдар мен әдіснамалық



Pdf көрінісі
бет30/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52

№ 
Тұжырымдар мен әдіснамалық 
тәсілдер 
Жұмыс мазмұны 

Гуманистік тәсіл 
Мұражай  жұмысында  келушілердің  сұранысына,  олардың 
қызығушылықтарына,  ықыластарына  бейімделуге  басым  жағдай 
жасау, олардың кәсіби және әлеуметтік ерекшеліктерін есепке алу, 
адамның пікірі мен ұстанымын, мұражайға деген қарым-қатынасын 
құрметтеу   
 

Мәдениеттану тәсілі 
Мұражай  залдарында  студенттер  өз  халқының  ұлттық  ерекше-
ліктері,  дәстүрлері,  әдет-ғұрыптары,  олардың  әлем  мәдениетінің 
дамуына қосқан үлесі туралы қызықты ақпарат пен жалпы мәдени 
білім алады. 
 

Қызметтік тәсіл 
Мұражайдағы сабақтар мұражай құралдарының, ой әрекетінің және 
ойлану маңыздылығын ұғыну, бұл құралдарды тұрмыста, адамның 
тәжірибелік  қызметінде  қолдануы  туралы  болжамдар  негізінде 
құрылады.  

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
187 

Интегративтік тәсілі 
Болашақ  мамандарда  жалпы  мәдени  және  кәсіби  ұстанымдарды 
қалыптастыру  мақсатында  жоғары  оқу  орындарындағы  студент-
термен мұражайдағы сабақтарды біріктіреді. 

Ақпараттық тәсіл  
Студенттердің  кәсіби  қызметі  үшін  мұражайдағы  қажетті  мәдени-
тарихи ақпаратты алу. 

Коммуникативтік тәсіл 
Мұражай  жағдайында  сабақтар  өткізу  кезінде  мәселелерді  қою, 
сұқбаттасу, әңгімелесу негізінде студенттермен өзара әрекет жасау. 

Жеке бағытталған тәсіл 
Мұражайда  студенттермен  әртүрлі  кәсіби  бағыттағы  сабақтар  мен 
саяхаттар жүргізу үшін қолайлы орта құрылады, олардың жеке және 
жас ерекшеліктеріне бағдар жасалады. 

Тәжірибелік бағытталған тәсіл 
Болашақ  мамандардың,  әсіресе  болашақ  педагогтардың  заманауи 
мектеп  жағдайында  оқитындардың  оқу-тәрбие  жұмысында 
мұражайда алған білімдерін қолдануға мүмкіндіктері бар. 

Құндылықты тәсіл 
Студенттер мұражайда Адам, Өнер, Мәдениет, Еңбек, Отан, Сұлу-
лық,  Әлем  және  басқалар  туралы  білетін  жалпы  адами 
құндылықтарға бағдар жасау. 
 
Аталған тәсілдерді есепке алу оқытушыға мұражаймен өзара әрекет етуде жоғары оқу орнында оқу-
тәрбиесі үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
 Мұражай материалдарын оқу үдерісінде пайдалану кезінде ЖОО оқытушысы білуге қажетті  маман-
дармен ұсынылған осы үлгінің негізгі нұсқаларын атаймыз:  
1. Танымдық 

 келуші мағлұмат алу мақсатымен мұражай қызметкерімен (саяхаттанушы, сақтаушы, 
қайта қалпына келтіруші және т.б.) тілдеседі, ал жәдігер бұл тілдесудің мазмұны немесе құралы ретінде 
қызмет етеді (К.Хадсон).  Бұл үлгі  көркемдік емес  бағыттағы мұражайларда  кеңінен  таралған.  Аталған 
байланыс түрі монологтік, сондай-ақ сұхбаттық сипатқа ие болуы мүмкін.  
2.  Эстетикалық 

  мұражайға  келуші  маңыздылығы  бар  жәдігермен  тікелей  тілдеседі  (Г.Осборн, 
Д.Вайлер).  Бұл  тілдесудің  мақсаты  -  өнертану  ақпаратының  басымдығы  емес,  эстетикалық  қабылдау. 
Мұндай байланыс түрі ең алдымен көркемдік мұражайға қатысты болады.   
3.  Белгілік 
– 
мұражай  келушісі  әлеуметтік-тарихи  мазмұнның  (Ю.Ромедер)  қандай  да  бір  белгісін 
көрсететін жәдігер арқылы өткен шақтың, осы шақ пен болашақтың байланысын қалпына келтіре оты-
рып,  оның  жасаушысымен,  иесімен  және  т.б.  "тілдеседі".  Жәдігер  мәдени-тарихи  қашықтықты  еңсеру 
және басқа тарихи уақыттың мәдениетімен тілдесу құралы болып табылады.  
4.  Сұхбаттық 

  мұражай  келушілері  өзара  тілдеседі.  Зерттеушілердің  пікірі  бойынша  (Р.Стронг, 
Е.Александер),  бұл  байланыс  үлгісі  мәдени  және  қоғамдық  өмір  орталығының  "қызметін"  орындайтын 
мұражай  үшін  ерекше  сипатқа  ие.  Келушілердің  әртүрлі  санаттары  -  балалар  мен  үлкендер,  әртүрлі 
халықтың  өкілдері  және  т.б.  арасында  туындайтын  сұхбаттар  (пікірталас)  кенеттен  немесе  ұйымдас-
тырылған болуы мүмкін. Осылайша мұражай қоғамдағы әртүрлі құндылықты мақсаттардың тіршілігі мен 
өзара әрекетін анықтайды.  
5.  Пәнаралық 

  заманауи  мұражай  гуманитарлық  сипаттағы  кешенді  мәселелердің  шешімін  іздеуші 
мұражайтанушы,  өнертанушы,  тарихшы,  психолог,  мәдениеттанушы,  әлеуметтанушы  және  т.б.  әртүрлі 
бағыттағы  мамандардың  ынтамақтастық  орны  болып  табылады.  Пәнаралық  тәсіл  ғалымдармен  әртүрлі 
бағыттағы  мүражайлардың  ынтамақтастығы  үшін    ерекше  пайдалы  деп  қарастырылады  (М.С.  Каган,                
Б.А. Столяров). 
6. Ақпараттық-байланыс 

 мұражайды келушілер әлеуметтік ортаға қосылған "Мұражай — Келуші" 
ерекше биожүйелік құрылымды құрайтын компонеттер болып табылатын нысанның әлеуметтік мәдени 
кеңістігінде қызмет етуші ретінде қарастырады (С.В. Пшеничная).  
Қарастырылған  мұражай  байланысының  алты  құрылымдық  үлгісі  мұражай  бағытынан  емес,  оның 
қызметтік жұмысының дамуы және көрермендердің келу мақсаты мен уәждеріне, қызығушылықтарына 
қатысты  әртүрлі  түрлерін  пайдалану  мүмкіндігін  дәлелдейді.  Сол  себепті  мұражай  өз  тәжірибесінде 
аталған үлгілердің барлық элементтерін пайдаланады. Осылайша, келушілердің мұражай жәдігерлерімен 
тілдесу  үдерісі  құрылып  жатқан  негіз  ретінде  жасала  отырып,  мұражай  байланысының  теориясы  ХХ 
ғасырдың  1930-50  жылдарында  қалыптасқан  мұражайды  білім  беру  жүйесінің  формалды  қосымшасы 
деген көзқарасты еңсеруге мүмкіндік берді. Осылайша, 1950-80 жылдардағы мұражайлардың білім беру 
қызметін гуманистік педагогика идеяларымен байыту  және мұражай байланысы теориясын дамыту олар-
дың  жасөспірім-балалар  аудиториясымен  жұмыс  істеу  мүмкіндігін  кеңейтті  және  мұражай  педагогика-
сының теориялық аспектілерін әзірлеуге негіз дайындады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
188
 
 
 Мұражайдың  жаңа  тұжырымдамаларын  әзірлеу  әлеуметтік  мәдени  институт  секілді  мұражайдың 
білім беру қызметінің маңыздылығын бекітуге негізделеді. Сонымен бірге, шетелдік және отандық зерт-
теушілер білім беру саласындағы мұражайдың төмендегідей міндеттерін бөліп шығарады [3,4,5].   
1.  Білім  алушыларды  материалдық  ортаның  құралдарын  немесе  табиғат  құбылыстарын  бақылау 
негізінде бірінші қайнар көзден ақпаратты алу қабілетін дамыту. 
2. Материалдық ортаның құралдарымен және табиғатпен тілдесу, бақылау арқылы түсінік аппаратын 
қалыптастыру. 
3. Өздігінен оқуға дағдыландыру. 
4. Оқыту үдерісінің уәждемесі, оқыту барысында «қуаныш тәжірибесін» оқушылармен иемдену.  
«Физикалық  әлемнің,  адами  жетістіктердің  құралдары  мен  көріністерін  жинау  және  көрмеге  қою, 
сондай-ақ өзінің топтамаларын адами білім мен өзара түсінікті көбейту үшін қолдану» – еліміздегі мұра-
жайлардың жалпы міндеттерін ресми мәлімдей отырып, біз қазіргі уақыттағы мұражайлық білім берудің 
маңыздығы мен мәнін белгілейміз [6]. Жоғарыда аталған ой-пікірлерге сүйене отырып, бүгінгі күні мұра-
жайдың  білім  беру  қызметіне  қатысты  келесі  үлгілердің  дамуына  жоғары  оқу  орны  оқытушыларының 
көңіл аударуы қажет: 
Бұл үлгідегі бірінші және басты үлгі үш элементтен тұратын мұражай компоненті болып табылады: 
1. Мұражайлық ескерткіш 

 мұражайды басқа білім беру мекемелерінен ажырататын басты білім беру 
құралы.  
2. Мұражай 

 қоғаммен сеніп тапсырылған мәдени мұраның жай-күйіне жауап беретін, оны сақтайтын, 
қайта қалпына келтіретін бірегей мекеме.  
3.  Пәнаралық  және  гуманистік  тәсілдерден  құралатын  білім  беру  қызметі.  Егер  оқушы  әртүрлі  оқу 
пәндерінің мазмұндары арасындағы өзара байланысты табуға үйренсе, оған мәселелерді шешу және өзі-
нің білімін біртұтастыққа байланыстыру оңай болар еді.  
Екіншіден,  қарастырылатын  үлгінің  құраушысы  меншікті  білім  болып  табылады.  Сөз  мұражай  мен 
мектеп/ЖОО  өзара  әрекет  ету  аясында  мұражай  ортасының,  осы  негізде  білім  беру  бағдарламаларын 
дайындауда және тиімді педагогикалық ойлар мен технологиялардың  бірігуі туралы болуда.  
Үшінші  құрастырушы  білім  беру  үдерісінің  негізгі  міндетіне  «бағынышты»  және  оның  тиімділігін 
күшейтуге мүмкіндік беретін білім шеңберін таңдаумен анықталады. Мұндай білімнің таратушысы таби-
ғи ғылыми мұражайда оның ғылыми қызметкері, ғалым, өнертапқыш болуы мүмкін. Көркемдік мұражай-
да  суретші,  қайта  қалпына  келтіруші,  ғылыми  қызметкер  және  т.б.  болса,  ЖОО  білім  беру  үдерісінде 
мұғалім  болып табылады.  
Осыған орай, мұражай білімі мен тәрбиесіне жаңа көзқарас тұтас алғанда ғылыми жүйелі тұжырым-
дамаға негізделуі және оқу-әдістемелік материалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.  
Мұражай  білімінің  және  тұлғаның  рухани-адамгершілік  даму  мәселесіне  жаңа  тәсілдер  тұлғаның 
рухани-адамгершілік мәдениетінің қалыптасуының тиімді тетігі болып табылатын мұражай маңыздылы-
ғының құндылығын арттыруға себепші болады. Біздің зерттеулеріміздің аясында педагогикалық кезеңнің 
пән  сабақтарында,  студенттердің  рухани-адамгершілік  қалыптасу  үдерісінде  мұражай  материалдарын 
пайдалану бойынша әдіснамалық және әдістемелік базасы ұсынылды. 
Мұражайдың, мұражай материалдарының білім беру қызметінің тұлғаға әсер етуі үш бағытта жүзеге 
асырылатыны көпшілікке мәлім:  
А) танымдық бастаманы күшейту; 
Б) дүниетанымды қалыптастыру; 
В) жалпы және гуманитарлық мәдениетті дамыту.  
Бұл  қызмет  екі  озық  қағидадан  құралады  –  танымдық  мағлұмат  алу  және  тарихты  тану.  Мұражай 
материалдарының  пайымдауына  сүйсіну  тілсіз  мағлұмат  түрі  болып  табылатын  тұлғаның  эстетикалық 
тәжірибесін қамтамасыз етеді. Көптеген зерттеушілердің (Г.Осборн және басқалар) осындай тәжірибенің 
қалыптасуын  мұражайдың  білім  беру-ағартушылық  қызметінің  маңызды  міндеті  ретінде  көретіні 
кездейсоқ емес.  
Екіншіден,  әлем  және  адам  туралы  көріністерді  кеңейтуде,  оның  дүниетанымын  қалыптастыруда 
тұлғаға мұражай материалының әсер ету мәнін қарастыра отырып, қабылдау үдерісінің зиялылық маңыз-
дылығын айрықша айтуға болады. Оқушыны/мұражайға келушіні танып білудің үздіксіз үдерісіне қатыс-
тыра отырып, мұражай материалдары олардың өмірлік тәжірибесін байытады, сондықтан мұражай әрбір 
жеке тұлғаның икемділігі мен тәжірибесінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс. Алайда аталған қызметтің 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
189 
бұл  элементтерінің  ара  қатынасы  білім  беру  үдересінің  нақты  ұйымдастырушылары  мен  қатысушы-
ларының ұстанымдарына тәуелді болады.  
Заманауи  мұражайдың  жоғары  оқу  орнымен  өзара  әрекет  ету  жоспарындағы  білім  беру  қызметін 
қамтамасыз ету үшін келесі қағидаларды сақтау қажет: 
- қоғамның барлық әлеуметтік және жас аралық топтарына мұражай топтамасына барынша ашықтық 
және қолжетімділік; 
-  өткен  дәуірдің  мұражай  ескерткіштерінде,  тарихи-мәдени  айғақтарында  сақталып  қалған  әлемнің 
суреттерін мұражай экспозицияларында іске асыру; 
-  мұражай  экспозицияларының  сұқбаттастығы  (өткен  мен  осы  шақтың,  ескеркіш  пен  келушінің, 
мұражай қызметкерінің, мұғалім/оқытушының, оқушы/студенттің  және т.б. арасындағы сұқбат).  Себебі, 
«мұражай – бұл адамзат қоғамының сан ғасырлық тарихы мен салт-дәстүрінен, өнері мен мәдениетінен, 
ғылымы  мен  білімінен  ең  қысқа  уақыт  ішінде  хабардар  ететін  ақпараттық  жылдамдыққа  ие  бірден-бір 
ғылыми танымдық орын, әрі көп қырлы тарихи қалыптасқан мәдени-әлеуметтік институт» [7,175 б.].  
Студенттермен  жұмыс  істеу  кезіндегі  жаңа  тәсілдер  тұлғаның  шығармашылық  шамасын  ашуға 
бейімделген. Осылайша, мұражай педагогикасының басым мақсаты өзін өзі тану мен өз ойын білдіруге 
апаратын шығармашылық, адамгершілік қабілеттер арқылы тұлғаның үйлесуі, ал оған жету әдісі – оның 
кең  мағынасындағы  сұхбат  болып  табылады  (мұражай  материалымен  (жәдігермен),  педагогпен  сұхбат 
және нақты мұражай материалы, сонымен қатар тұтас мұражай туралы тұлғааралық сұхбат). 
Жоғары оқу орны мұражайының жалпы міндеттері: 
 1. Отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу. 
 2.  Тәрбиеленушілер    үшін  тарихи,  көркемдік  немесе  басқа  да  құндылықтарды  көрсететін  мұражай 
заттарын, қайнар көздерін, түпнұсқаларын сақтау. 
 3. Мұражай материалдарын оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік жасау. 
 4.  Мұражайлық  заттарды  өткен  дәуірлердің  ақпараттық  және  эмоциялық  қабылдау  құралына  түр-
лендіру. 
 5.  Өз  Отанының тарихын қалпына келтіру, оқып-білу бойынша іздеу-зерттеу қызметіне, әлеуметтік 
мәдени шығармашылығына студенттерді қосуға мүмкіндік жасау. 
6. Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік жасау. 
Жоғарылатылған міндеттердің шешімі келесі қағидаларды сақтаған кезде негізге алынуы тиіс: 
 - жоғары оқу орнында оқытылатын пәндердің тереңдетілген мазмұнын және қосымша білімді құрай-
тын жоғары оқу орны мұражайының педагогтары мен ата-аналардың, оқушылардың біріккен теориялық 
және  тәжірибелік  қызметі  арқылы  жеткіліксіз  дағдыларды,  білім  мен  икемділікті  қалпына  келтіруге 
мүмкіндік туғызатын қосымшалылық.    
-  түсінік  пен  әрекеттің  тұтастығы  (А.Н.  Леонтьевпен  және  С.Л.  Рубинштейнмен  қалыптасқан), 
демек  адами  психика  еңбек,  оқу,  ойын  және  т.б.  –  белсенді  қызметтерде  көрінеді  және  қалыптасады; 
аталған қағида бағыт ретінде соңғы нәтижеге жетуді ғана емес, білім алушылардың қандай тәсілдермен 
әрекеттенгендері, қалай қол жеткізгендері, мұражай қызметінің «затына» тікелей қызығушылықты қалып-
тастыру  арқылы  олардың  уәждемелері  қандай  болғанын,  олардың  танымдық  қызметінің  қаншалықты 
өзіндік екеніне жағдай жасайды; 
- білім алушының дамуының жас және психофизикалық ерекшеліктерін есепке алуды, оның қолжетім-
ділігі жағынан  қосымша бағдардың жоғары оқу орнындағы негізгі пәндері мен бағдарламалары бойынша 
оқу-тәрбие материалдарының мазмұнын талдауды және зияткерлік, моральдық, физикалық жүктеме мен 
қолайсыздықты көрмейтін оқу мен тәрбиелеу ұйымын талап ететін оқудың қол жетімділігі; 
 - мұражай педагогикасының белсенді түрлерін пайдалану арқылы өмірмен жоғары оқу орындарын-
дағы оқыту пәндерінің  оқу және тәрбиелеу мазмұнының байланыстары. Аталған қағиданы іске асыру 
оқушының  шынайы  өмірде,  мұражай  қызметіндегі  тәжірибелік  тапсырмаларды  шешуде  жоғары  оқу 
орнында алған білімін  пайдалану үдересін ынталандырады, өмірге қажетті жеке көзқарастар  мен адам-
гершілік  сапасын  қалыптастыра  отырып,  қоршап  тұрған  болмысты  талдауға,  ал  алынған  тәжірибелік 
білімді сабақтарда пайдалануға мүмкіндік береді. 
 -  мұражайдың  даму  білім  беру  кеңістігінде  дәрісханалық,  дәрісханадан  тыс  қызметті  ұйымдастыру 
тәсілдері  мен  ұжымдық  және  жеке  үлгілерін  ұтымды  байланыстыру.  Аталған  қағиданы  іске  асыру 
тәрбиелеу,  дамыту  және  рухани-адамгершілік  сауықтыруды  ұйымдастырудың  әртүрлі  үлгілерін  пайда-
лануды, сондай-ақ тұрақты және ауыспалы сабақтардағы, кіші және үлкен топтардағы, әртүрлі жастағы 
ұжымдардағы  жұмыс  және  жеке  жұмыс  секілді  қызмет  түрлеріне  білім  алушыларды  өзара  әрекеттес-
тірудің әртүрлі тәсілдерін бағамдайды. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
190
 
 
 -  білім  алушылармен  әлеуметтік  ортада  жүріс-тұрысты  және  өмірлік  мұратты  таңдаудың  негізіне 
қызмет  ететін,  Отанға  деген  сүйіспеншілік  пен  отансүйгіштіктің,  рухани-адамгершілік  және  азаматтық 
сапаларын  қалыптастыруға  бағытталған  даму,  тәрбиелеу  және  рекреациялық  сипатта  тұлғаға  кешенді 
ықпал жасау.  
Қорытa кeлгeндe, мұражайдың дамушы-білім беру ортасы әртүрлі ғылыми салаларды білуге, жалпы 
және қосымша білім беруді ұйымдастырудың, қызметтің педагогикалық технологиялары мен әдістерінің 
үлгілері мен мазмұнын біріктіруге,  тұлға аралық байланыс дағдыларын дамытуға, студенттердің пәндік, 
пәнаралық және негізгі тұжырымдамаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұражай-
мен іске асырылатын қосымша білім білім алушылардың эмоциялық түрде мазасыздануына, жоғарғы оқу 
орны білімімен баюына және түйсінуіне мүмкіндік береді, шығармашылықтың, баланың жеке зияткерлік 
және эмоциялық аясын дамыта отырып, олардың ой-өрісін кеңейтеді, азаматтық және дербес ұстанымды 
қалыптастырады. 
 
1 Бордовская Н.В. Диалектика педагогического исследования. – СПб., 2001. – С. 486. 
2  Alexander E.P. Museums in motion: an introduction to the history and functions  museums. – Nashville, 1978. – P. 308. 
3 Вишина Г.В. Музейная педагогика как направление развития системы дополнительного образования: дис.к-та 
пед. наук: 13.00.01 / Г.В. Вишина. – Липецк, 1999. – 203 с. 
4 Knowles M.S. The Modern Practice of Audit Education; From Pedagogy to Andragogy. Chicago, 1980. 
5  Жибраев  С.К.  Қазақ  әдебиеті  сабақтарында  музей  мұрағаттарын  пайдаланудың  әдістемесі:  педагогика 
ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертацияның  авторефераты  – 
Алматы,2003. 
6 Museum education: History, Theory and Practice / Ed. N. Berry and S. Mayer Reston.  –  1989. – P. 90. 
7 Омаров Д. Мұражай - рухани-адамгершілік тәрбие орталығы// Ғылыми журнал «Қазақстанның ғылымы мен 
өмірі- Наука и жизнь Казахстана». – Астана, 2016. – №1(35). – 175-177 бб. 
 
Резюме  
Омаров Д.К. – PhD докторант, Кызылординский государственный университет им.Коркыт Ата 
 
Концептуальные подходы к использованию музейных материалов в процессе формирования духовно-
нравственной культуры будущего педагога 
В  статье  автор  констатирует,  что    модернизация  отечественного  образования  и  усиление  роли  музея  в  жизни 
современного общества обусловили необходимость профессиональной подготовки специалистов, способных решать 
педагогические задачи в условиях музейной среды и образовательного учреждения.  
Исходя  из  этого  он  раскрывает  концептуальные  подходы  по  использованию  музейных  материалов  в  процессе 
формирования  духовно-нравственной  культуры    будущего  педагога.  Автор  научно  обосновывает,  что  музей 
позволяет  обеспечить  интеграции  формального  (общего)  и  неформального  (дополнительного)  образования, 
обеспечивая комплексное решение вопросов воспитания, обучения, развития и духовно-нравственного оздоровления 
обучающихся  на  основе  создания  педагогически  целесообразно  организованной  развивающей  образовательной 
среды.  
Ключевые  слова:  духовно-нравственное  воспитание,  духовно-нравственная  культура,  музей,  музейные 
материалы, музейный экспонат, гуманистическая парадигма, историко-культурные ценности 
 
Summary 
Omarov D.К.  PhD students, Korkyt Ata Kyzylorda State University 
 
Conceptual approaches on the use of museum materials in the formation of spiritual and moral culture 
of the future teacher 
The author notes that the modernization of the national education and strengthening the role of museum in modern society 
necessitated  the  training  of  specialists  capable  of  solving  the  pedagogical  problems  in  a  museum  environment  and  the 
educational institution. 
 On this basis it reveals the conceptual approaches to the use of museum materials in the formation of spiritual and moral 
culture of the future teacher. Author Research proves that the museum allows for the integration of the formal (public) and 
non-formal (additional) education, providing a comprehensive solution to the issues of education, training, development and 
moral  improvement  of  the  students  through  the  creation  of  pedagogically  useful  to  organize  a  developing  educational 
environment 
Key  words:  spiritual  and  moral  education,  spiritual  and  moral  culture,  museum,  museum  materials,  museum  piece, 
humanistic paradigm, historical and cultural values 
 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
191 
ӘОЖ: 37.377  
 
БОЛАШАҚ  МАМАНДАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БОЛМЫСЫН 
ЭТНОПЕДАГОГИКА ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ 
 
Сейсенбаева Ж.А. 

 Абай атындағы ҚазҰПУ.  
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директордың орынбасары, 
филология ғылымдарының кандидаты,Ы. Алтынсарин атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері 
e-mail: janka-1980@mail.ru, 
Мырзагельдиева М.А. 

 Тараз инновациялық гумманитарлық университеті  
Педагогика және Психология кафедрасының 2 курс магистранты 
 
Ғылыми  мақалада  білім  алып  жатқан  болашақ  мамандардың  рухани-адамгершілік  болмысын  этнопедагогика 
құралдары арқылы дамытудың ғылыми негізі қарастырылады. Жоғары оқу орнында оқу барысында болашақ маман 
ретіндегі  студентті  еңбек  нарығының  сұраныстарына  сай  қалыптастыруда  ұлттық  құндылықтармен  толағай  білім 
нәрімен сусындата отырып, оқу үрдісін қазіргі білім беру талаптарына сәйкес жоспарлы және мақсатты ұйымдас-
тырудың ғылыми мәні ашылады. Болашақ маманның рухани – адамгершілік болмысын этнопедагогика құралдары  
арқылы дамыту жолдары анықталады.  
Түйін  сөздер:  маман,  рухани-адамгершілік,  этнопедагогика,  тәрбие,  жоғары  мектеп,  оқу  үрдісі,  ұлттық  білім, 
ұлттық  құндылықтар,  еңбек  нарығы,  әдіс,  ұлттық  болмыс,  тұлға,  салт-дәстүр,  халық  педагогикасы,  озық  тәсілдер, 
халық ауыз әдебиеті.   
 
Елімізде жүріп жатқан экономикалық өзгерістер мен әлеуметтік-мәдени өзгерістер білім беру саласын 
жаңаша  бағдарлауды,  кәсіби  қызметтің  барлық  үрдісіндегі  мамандарды  даярлау  іс-әрекетін  жаңаша 
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Жоғары оқу орнының түлегі жоғары деңгейде дамыған, коммуни-
кативті ептіліктерді меңгерген, өзгермелі ортаға бейім, алғыр, бәсекеге қабілетті тұлға болуы тиіс. Сон-
дықтан, жоғары мектепте барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық инновациялық білім 
беру  технологиялары  мен  қатар  этнопедагогикалық  білім  негізін,  оқу  іс-әрекетінің  жаңа  әдістері  мен 
тәсілдерін  белсенділікпен  қолдануда  тәрбиенің  басты  қырларын  жоғары  орынға  қою  –  маңызды  мәсе-
лелердің бірі. Жоғары оқу орнында оқу барысында болашақ маман ретіндегі студентті еңбек нарығының 
сұраныстарына сай қалыптастыруда ұлттық құндылықтармен толағай білім нәрімен сусындата отырып, 
оқу  үрдісін  қазіргі  білім  беру  талаптарына  сәйкес  жоспарлы  және  мақсатты  ұйымдастырумен  тығыз 
байланысты. Ол үшін оқыту үрдісіне жаңа және бұрын қолданылған озық тәсілдер мен бағыттарды жетіл-
діре енгізу қажет. Олардың ішінде рухани адамгершілік болмысын қалыптастыруда этнопедагогика ғы-
лымы айрықша орын алады. Оқу үрдісіне білім мен қатар тәрбие берудің ықпалын белсенді енгізу білім 
беруде дағдарыстарды жеңуге мол  мүмкіндік береді, әрі білім беру мазмұны  мен әдістерінің қоғамның 
және тұлғаның өзгермелі талаптарына сай болуын қамтамасыз етеді. Этнопедагогика құралдары арқылы 
білім  бере  отырып,    білім  алушының  бойына  ата-бабамыздан  қалған  игілікті  тәрбие  мен  адамгершілік 
құндылықтарды  білімдік тұрғыдан қалыптастыра отырып, болашақ маман иесін ғана емес, өмірге даяр, 
еліміздің ертеңін қалыптасарымыз анық.  
Қоғам жаңарған сайын адам да жаңара түседі, оның мінез-құлқы да жаңарып отырады. Ол заңды да. 
Экономикалық және әлеуметтік табыстардың түп қазығы жаһандану сипатындағы моральдық және мәде-
ниеттілік сипатында екендігі түсінікті. Білім берумен қатар, қоғамға адал, арлы мәдениеті мол адам тәр-
биелеу  оқу  орындарының  міндеті.  Осы  жолда  рухани-адамгершілік  болмысын  этнопедагогика  құрал-
дары арқылы қалыптастырудың білім беру сипатындағы  жолдарын айқындап алғанымыз жөн. Ұлттық 
тәрбиелік білім беру ғасырлар бойы жалғасқан мол халықтық мұра – тәлім-тәрбие негіздері қайта қара-
лып,  ғылыми  сипатқа  ие  болу  деген  мақсатта  болуы  тиіс.  Оның  басты  түйіні  халық  ауыз  әдебиетінің 
түрлері мен аңыз-әңгімелерінде, ертегілерінде, батырлық жырларда, ғибраты мол би-шешендердің нақыл 
сөздері мен тәрбиелік ой-пікірлерінде жатыр.  «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін 
қызмет  қылатын  болғандықтан,  тәрбиеші  баланы  сол  ұлттың  тәрбиесімен  тәрбие  қылуға  міндетті»                
[1.  56  б.],  -  деп,  кезінде  ғалым  М.Жұмабаев  айтып  өткеніндей,  ұлт  тәрбиесін  білім  алушыға  дұрыс 
деңгейде бере білсек, бүгінде белең алып жатқан жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан арылуға жол 
салған болар едік. 
Этнопедагогика ғылымының зерттеу объектісі – халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан мәде-
ниеті мен мінездерінің нормалары, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың жиынтығы, ал, оны білім беру үрдісіне 
ендіріп,  рухани  адамгершілікке  баулу  білім  бағдарламаларына  қойылатын  міндеттердің  бірі.  Этнопеда-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
192
 
 
гогикалық  мәдениет,  ұлттық  дәстүрлер,  әдет-ғұрып,  мінездердің  нормалары  өмір  тіршіліктің  өзгеруіне 
сәйкес өзгерістерге ұшырап, үздіксіз даму үстінде болды, және сол өзгерістерді қоғам сұраны-сына сай 
дамыта  отырып,  болашақ  маманның  тұлғасын  дамытуға  пайдалана  білу  керек.  Бұл,  біріншіден,  қоғам 
дамуының заңдарын білдірсе, екіншіден, белгілі бір кезеңдерде жаңаша сапаның пайда болып, әлеуметтік 
өмірдегі  жағдайларды  өзгертуге  себепші  бола  отырып,  білім  алушының  ұлттық  құндылық-тармен 
толықтырылған білім негізінің қалыптасуының бірден бір жолы.  
Этнопедагогика  ұғымын  айналымға  тұңғыш  енгізген  чуваш  ғалымы  Г.Н.  Волков.  Этнопедагогика  – 
халықтың  тәрбиелік  тәжірибесін,  оның  көзқарасын  зерттейтін  ғылым,  сонымен  қатар  тұрмыстық  педа-
гогикасы, ұлт, ру, тайпа педагогикасы туралы ғылым. Зерттеу объектісі халықтың тәлім-тәрбиесі жөнін-
дегі  ұғым  түсініктері,  дәстүрлері,  тәжірибесі  болып  табылатын  ғылым  саласы  ретіндегі  этнопедагогика 
қалыптасу,  даму  үстінде.  Әсіресе  соңғы  жылдары  оның  зерттеу  пәні,  әдістері  туралы,  халықтық  педа-
гогикалық идеяларды бүгінгі тәрбие теориясы мен практикасында жүзеге асыру жолдарының мәселелері 
туралы зерттеулер едәуір көп. Бұлардың ішінде халықтық педагогиканың пайда болуы мен дамуы, қазіргі 
жайы жан-жақты сөз етіліп, оның теориялық - әдістемелік мәселелерін анықтауға бағытталған еңбектер-
дің маңызы айтарлықтай [2].  
Көрнекі  қазақ  ғалымдары  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов  халықтық  педа-
гогиканың  тәжірибесін  зерттей  білуге  ерекше  мән  берді.  Сонымен  қатар,  этнопедагогика,  халықтық 
педагогика  мәселелеріне  қатысты  ой  түйіндерді  Г.Н.  Волков,  К.Ж.  Кожахметова,  Е.Л.  Христова,                   
З.Ә.  Әбілова,  Қ.Б.  Жарықбаев,  Ә.Табылдиев  сияқты  ғалым  зерттеушілердің  осы  мәселені  жан-жақты 
зерттеген еңбектерінен кездестіреміз. 
Ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі тым тереңнен бастала-
ды. Ұлттық тәрбие алған ұрпақтың дені сау, ақылды, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, кішіпейіл болып өседі. 
Халықтың өмірін, рухын және тілдерінен тұратын ішкі заңдары, оның ұлттық мінезін, болмысын таныту 
бүгінгі таңда жастарымыздың тәрбиесіне берер пайдасы мол. Ұлттық тәрбие берудегі негізгі тетіктерін 
айырып, білім беру үрдісіне ендіру жолын дұрыстау – бүгінгі күндегі елеулі мәселелердің бірі. Ол тетік-
терге  біріншіден  –  мемлекетшілдік  нышандарды  дамыту,  оны  ұлттық  тәрбиемен  ұштастыру,  сөйтіп, 
алдымен  отаншылдық  рухын  ояту  керектігін  айта  кету  қажет.  Ұлттың  мәңгілік  болуы  оның  уақытқа 
бағынбайтындығында  және  ұлттың  мәңгілік  болуы  халқын,  жерін,  елін  сүйетін  азаматтарды  қалыптас-
тырып, тәрбиелеуде болмақ. Сондықтан да, жаңа ғасырды жақсы қарқынмен бастап келе жатқан егеменді 
еліміздің болашағы үшін саналы да, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық сипатын жанды-рып, дамы-
ту  жолында  ұлттық  болмысты  қалыптастыру  жолын  нақтылағанымыз  жөн.  Өркениетке  қадам  басқан 
тұстағы  оның  алғышарттарының  бірі  ұлттық  тәлім-тәрбие  мен  сапалы  білім  беру  болып  табылады. 
Себебі, жастарға ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты тәрбие беру – сол өркениетке жету жолын-
дағы  мұратымыздың  кепілі.  Біз  –  жаңадан  аяғына  тұрып  келе  жатқан  дамушы  мемлекетпіз.  Егер  де, 
қазіргі  жағдайымыз  бен  күш-қуатымызды  білім-білік  пен  рухы  биік  жастарды  отаншыл  етіп  тәрбиелер 
өнегелі білім беру жолына негіздегеніміз жөн. Бұл жайында еліміздің ертеңі –  жастарымыздың өмірден 
өз орнын тауып, қарым-қабілеттерін шыңдап, әлеуетін анықтап, танытуына барынша жағдай жасау керек 
екендігі туралы Елбасы өзінің халыққа жолдауында да ашық айтқан болатын. Мұның өзі жастарды қоғам-
да белсенділігін арттыруға, олардың бойында ұлттық сана мен отаншылдық қасиеттердің дамуына, жеке 
тұлға болып қалыптасуы үшін ашылған ақ жол тәрізді, рухты демеп отыратынына септігін тигізбек. Біз 
жастарды тәрбиелегенде шынайы отаншылдарды тәрбиелеуді естен шығармағанымыз жөн, себебі, солар 
ғана  еліне  игілікті  істер  тындырып  ауқымды  үлес  қоса  алады.  Жалпы,  келешек  ұрпақтың  қамын  бүгін 
ойлау – аға ұрпақ борышы. 
Егемендік алып, тәуелсіз ел болған тұста біз тәрбие процесін ұлттар мен халықтардың, тайпалар мен 
ұлыстардың ғасырлар бойы қалыптасқан этностық белгі-қасиеттеріне, салт-санасына, дәстүрлеріне негіз-
деуге  ден  қойып,  халықтардың  өткен  тарихы  мен  салт-дәстүрлерін  жаңғыртып,  тәлім-тәрбиелік  істерін 
қазіргі  заман  талабына  сай  қайта  құруға  бет  бұруымыз  –  әлеуметтік  өмір  талабынан  туындап  отырған 
мәселе.  Бұлар  этнопедагогикалық  зерттеулерде  ұлттық  тәлім-тәрбие  істерінің  мазмұнын  тереңдетіп, 
объективті түрде шындықтың бетін ашып көрсетеді. Ал, біз қарастырып отырған ұлттық тәрбиелік білім 
беру – жаңа сипатта білім беру бағдарламасында зерттеліп келе жатқан ғылыми сала.  
Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құрал-
ған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі. Халықтың игі әдеттері дағ-
дылана  келе  әдет-ғұрыпқа,  әсерлі  әдет-ғұрыптар  салт-дәстүрлерге  айналып,  халықтың  өмірінде  қалып-
тасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн жорал-

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
193 
ғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның 
бәрі толысып, дамып, жаңарып отырады [3].  
Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан 
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс [4]. Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, 
қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі өнегелі 
іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, 
халықты  рухани  тазалығы  жағынан  алып,  қазақ  халқын  әдепті,  яғни  қайырымды,  мейірімді  халық  деп 
атауға әбден болады.  
Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана деп 
аталынады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой санасының дәрежесін көрсе-
теді. Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік 
борышты  өтеу  дәрежесіне  сай  өмірден  өз  көріністерін  байқатады.  Халықтық  педагогиканың  құрамдас 
бөліктері: әдет-ғұрып, таным, наным, ұғым, салт, сана және дәстүрлер.  
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжіри-
бесін  меңгеру  қажет.  Мәдени  құндылықтарды  жасауда  әр  халықтың  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Халық  әр-
дайым  әсемдікті  іздеді,  қолдан  жасады  және  оны  өмірде,  тұрмыста,  еңбекте  бекітуге  тырысады.  Оны 
халқымыз  үй  жиһаздарын  жасауынан  және  оны  әсемдікті  сезінудегі  тәрбие  құралы  ретінде  пайдала-
нуынан көруге болады.  
«Педагогикалық үрдіс барысы кезінде жинаған іс-тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ халқының салт-
дәстүрлерінің мынадай мүмкіндіктерін аштық.  
 Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  жастарға  ұлттық  құндылықтарды  бойына  сіңірте  отырып,  оны 
меңгерген, жас ерекшеліктеріне сай өмірде жүзеге асыра білетін шығармашылық тұлға қалыптастырудың 
кепілі.  
 Халық педагогикасы – адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене және эстетикалық тәрбиенің жүзеге асыру 
құралы.  
 Халық педагогикасының мазмұны оқу-тәрбие, тәлімдік жұмыстардың негізі бола алады»
 [5. 45 б.]. 
 - 
делінген, Ұлттық тәрбие (салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде) оқу құралында.    
Сонымен, 
болашақ  мамандардың рухани-адамгершілік болмысын этнопедагогика құралдары арқылы 
қалыптастыруда ғылыми сарапталған ғалымдардың еңбектерін пайдаланып, еліміздің ертеңіне нық қадам 
басқан  тұлға  дайындауды  мақсат  тұтуымыз  керек.  Ол  үшін  этнопедагогика  ғылымында  іргелі  білім 
құралдарын орынды пайдалана білгеніміз абзал.  
 
1.  Жұмабаев М. Шығармалар. 2, 3 Т. – Алматы: Білім, 1996. – 512 б.  
2.  Волков Г.Н. Этнопедагогика. – М.: Педагогика, 2000. – 188 с. 
3.  Әдібай Табылды. Этнопедагогикалық оқылымдар. – Алматы: Білім, 2006, 2-кітап, – 312 б. 
4.  Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесiнiң ғылыми-педагогикалық  негiздерi. – Алматы, 2001. – 298 б. 
5.  Піралиев С.Ж. Нуриев М.А. Сейсенбаева Ж.А. Оразымбетқызы Ә. Ұлттық тәрбие/салт дәстүр әдет-ғұрып 
негізінде / Оқу құралы. – Аламты: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011 ж. – 164 б.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет