Summary
Bezlyudnaya V.V. – Associate Professor, PhD students of Pavlo Tychyna Uman State Pedagogical University, UKRAINE
Foreign language education in higher pedagogical educational institutions of Ukrainе
(1948-1979 years of XX-th century)
The article deals with the formation process of foreign language education in higher educational institutions of Ukrainе
from 1948-1979 years of the twentieth century. The author draws attention to the fact that this period is marked by the
creation and reorganization of the network of educational institutions, which made the contributions in training future foreign
language teachers.
Keywords: foreign language teachers training, foreign language, higher educational institutions, pedagogical іnstitut,
curricula.
ӘОЖ:37.01:39
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ
Жанабаева Р.А.
–
Абай атындағы ҚазҰПУ,
жалпы университеттік педагогика кафедрасының п.ғ.д.,профессоры
Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы Абай шығармаларында жақсы
көрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ол халық ауызекі шығармаларының рөлін өте жоғары
бағалаған. Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін бала жастан меңгерген, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде өте ұтымды
пайдаланған.
Тірек сөздер: адалдық, әділдік, еңбекшілдік, талапкерлік, татулық.
Абай біріншіден, «қазақ ертегілері мен аңыздарын, өлеңдері мен жырларын, мақал-мәтелдері мен
жұмбақтарын бала кезден естіп, бойына сіңіріп өсті және ұдайы қалың елдің ішінде, өмір бойы фольклор-
лық дәстүр арасында болды. Небір әдемі айтыстардың, шешендер мен билер дауының куәгері болды, жез
таңдай әншілер мен бал бармақ күйшілерді тыңдады, яғни халық творчествосын өле-өлгенше көзімен
көріп, фольклор шығармаларын соңғы демі біткенше естіді. Екіншіден, сол кезде әр түрлі мақсаттармен
һәм түрлі себептермен жарық көрген фольклорлық жинақтар мен ауыз әдебиеті үлгілерін оқыды, оларға
айтарлықтай көңіл аударып отырды. Үшіншіден, араб, парсы, түркі қисса-хикаяттарды, дастандарды,
тәмсіл-мысалдарды оқыды, ал олардың дені фольклорлық екені аян. Төртіншіден, орыс және европа
халықтарының классикалық әдебиетімен қатар фольклорлық үлгілермен де жақсы таныс болды, тіпті
олардың кейбіреулерін қазақшаға аударды.
Бесіншіден, Абай өз бетінше орысша білім алып, ғылымның пайдалы екенін түсінгендігінің арқасында
ел ішінен қолөнер бұйымдарын жасатып, Семей музейіне тапсыртады, маңайындағы ақын-жазушыларға
халық арасына кең тараған жырларды қайта жырлауды, олардың хатқа түсіруді жүктейді» деген
С.Қасқабасовтың ой тұжырымы Абайдың ата мұра дәстүрін жоғары бағалағанын, өз Отанына, туған елі-
не деген сүйіспеншіліктің, патриоттық интернационалистік сана-сезімнің жоғары болғанын дәлелдейді.
Абай өзінің еңбегінде халықтың ауызекі шығармаларын көркем өнердің шебері, эстетика өкілі ойшыл
ақын ретінде пайдаланады.
Ол өзінің қарасөздерінде (отыз тоғызыншы т.б.) және «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны
туралы» атты еңбегінде мақалға талдау береді. Мақалдарды халықтың өмірімен және тарихымен тығыз
байланыста алып қарайды және қоғамдық мәні тұрғысынан бағалайды. Мақал-мәтелдерді талдау бары-
сында адамгершілік, ұлтжандылық, ынтымақтастық, татулық, әділдік, еңбекшілдік, адалдық, талапкерлік,
талаптанушылық, ел тарихы мәселелеріне аса назар аударады, оларды зұлымдық, сұрқиялық, екіжүзділік,
барымташылық тәрізді жағымсыз мінез-құлықтармен салыстырмалы түрде қарастырады.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
225
Мысалы, «Үшінші сөзінде» «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы», «Күл төбенің басын-
да күнде кеңес», «Би екеу болса, дау төртеу болады» деген мақалдарды негізге ала отырып сол кездегі
сайлау мен сот, билік тәртіптерін сынға алады, ертеден келе жатқан бұл сөздерді ескеру қажеттігін
ескертеді және биліктің әділ еместігін әшкерелейді.
«Он үшінші», «Отыз алтыншы» сөздерінде жастарды имандылыққа шақырады. Қазақтың «Құдай-
тағаланың кешпес күнәсі жоқ», «Ұят кімде болса, иман сонда» деген мақалдарын келтіре отырып,
олардың мазмұнын дұрыс түсіндіруге талпынады.
«Бесінші», «Жиырма тоғызыншы», «Отыз тоғызыншы» сөздерде мақалдарды тірек ете отырып, сол
кездегі қоғамның көлеңкелі жақтарын, адамдардың жағымсыз қылықтар мен мінездерін сынға алады.
Біраз мақалдардың өмірге сай емес екендігін, кейбірінің (мысалы, «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат»,
«Малдының беті – жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы
елді, еріккенде қолда», «Берген жерде бұзар», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ») қара халықты еңбекке
баулудың орнына енжарлыққа, жалқаулыққа шақырылатынын ескертеді.
«Жиырма тоғызыншы сөзде» Абай қазақ мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ
түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар» - деп мақал-мәтелдердің адам өміріндегі
міндетін көрсетеді, адамға, қоғамға, өмірге практикалық тұрғыдан пайдасы бар, кісілерді жоғары адамгер-
шілікке баулитын мақалдарды ғана пайдалану қажеттігін ескертеді. Пайдасыз мақалдардың әлеуметтік
және гуманистік көзқарасты қалыптастырудағы тиімсіз екендігін дәлелдеуге талпынады.
«Әуелі «Жарлы болсаң арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы
жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, - ол ар кететұғын, іс емес, тыныш
жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі».
Осы мақалды талдау арқылы Абай әлеуметтік мәселені көтереді. Арлы болу – адал еңбек ету, еңбектің
еш түрінен қашпау, тіленбей, өз еңбегіңмен күнелту деп түсіндіреді.
«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ» деген ең барып тұрған
құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпен өмір өткізгенше малды не
жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой» деп Абай біреуден сұрағанша, аянбай еңбек ету
керек, мал бағып, жер жыртып, егіншілік кәсіп жасауға шақырады.
Абай сондай-ақ «Атың шықпаса, жер өрте», «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол», «Алтын көрсе
періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» деген мақалдарда ешқандай
адамгершілік сипат жоқ екенін, дүниеқұмарлық, зұлымдық әрекеттердің ешқашанда да абырой әкелмей-
тінін ескертеді.
Абайдың «Отыз тоғызыншы сөзіндегі» («Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер», «Ағайынның
азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі
келеді», «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған бәлеге жолығар») мақалдары арқылы халықты гуманис-
тік көзқарасқа шақырады, елдегі тыныштық, ынтымаққа, татулыққа, отан-сүйгіштікке, елжан-дылыққа
байланысты дегенді айтады.
Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген зерттеу еңбегінде Абай бала-
ларды құнды тарихи деректермен таныстыра келіп: «...қазақтарды арабтан шыққан дейтін ел арасындағы
қате шежірелерді ғылыми негізді жоққа шығарып, қазақтардың көне моңғол тайпаларымен туыс екенін
дәлелдеу үшін тарихи еңбектерді қараумен қатар қазақтың тілін, әдет ғұрпын, тарихи аңыздары мен
мақал-мәтелдерін пайдаланған. Сонымен бірге Шыңғыс тауы туралы тарихи аңызды, үш жүздің пайда
болуы мен Алаша хан туралы шежірені, Шыңғыс хан мен Жошының билеген кезеңдерін баян ете
отырып, «Ондағы «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би», «Жылан жылы жылыс болды, жылқы
жылы ұрыс болды», «Қой жылы зеңгер тоғыс болды», «Самарқанның сар жолы, Бұлайдың тар жолы»
деген мақалдарға түсініктермені Шыңғыс ханмен, оның жорық-сапарымен байланыстырады. Абайдың
бұл арадағы мақсаты – жастарға қазақтың арғы тегін, қайдан шыққанын түсіндіру, «Жеті атасын білмеген
ұл - жетесіз» дегізбей, оларды өз руын, шыққан тегін білуге баулу.
Балалар мен жастардың ұлттық патриотизмін қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. Оның
«Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық-ай» т.б. өлеңдеріндегі туған жер табиғаты-
ның әсем көріністері, адамдардың күнделікті тыныс-тіршілігі, іс-әрекеттер, балалардың Отанға, елге,
туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады, патриоттық сана-сезімінің оянуына әсер етеді.
Абай адамдардың сыртқы сұлулығының ішкі жан дүниесімен үйлесімділікте болуын қалайды.
Өзінің өлеңдерінде қазақ қыздарының нәзік жанын, ибалы қасиеттерін, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын,
сұлу мүсінін, адамгершілік ар-ождан тазалығын, бүкіл болмысын тамаша бір теңеулермен:
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
226
Қақталған ақ күмістей кей маңдайлы,
Аласы аз қара көзден нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қолаң қара шашы бар жібек талды,
Торғындай толқындырып көз таңдайды ... - деп әсерлі жырлап, олардың мәртебесін көтеріп, жүрек
сезімін өлеңге қосты. Осылайша әдемі кейіптеумен бірге:
Бұлардың кейбірінің мінездері
Ешнәрсе көрмегенсіп, бұлтақтаған.
Кейбірі жайдары, ашық боламын деп,
Орынсыз адамдармен жыртақтаған!
- деп қыз-келіншектерге мұндай одағай мінездің әркімге ұнай
бермейтінін де ескертуді ұмытпайды.
Өлең - сөздің патшасы, сөз – сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы
– деп Абай жастарға жыршылық, ақындық табиғи дарын, таланттың
ісі, тапқырлықтың белгісі деп, өлеңге талап, талғам қажет екенін ескертеді.
Абайдың араб пен парсы батырлық жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақын-
дарын, ат-Табари, Рабғузи, Рашид-әд-Дин, Захиреддин Бабыр, Әбілғазы Баһадур ханның тарихи еңбек-
терін жетік меңгеруі, оның гуманистік, интернационалистік көзқараста болғанын дәлелдейді.
Исламныңараб, парсы,түрік тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Өзінің табиғи
қабілетінің арқасында, өздігінен араб, парсы тілдерін меңгереді.
Абай Шығыстың ұлы ақындары Фирдауси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науаи, Сәйхали поэзиясын
жақсы меңгерді, оларды үлгі тұтты. Олардың «адамның табиғатын тереңнен ұғатын ерекше қасиеттері,
яки адамның адамшылыққа деген сүйспеншілік қасиеттері күллі Абай поэзиясынан көрініс тапқан.
Барлық Шығыс ойшылдары секілді ақынның «Адам бол» дейтін үндеуі өріс алатын, оның бүкіл твор-
чествосының өзегіне айналған, адамды адамгершілік тұрғысынан жетілдіруге, сол арқылы қоғамды сын-
дарлы кейіпке жеткізуге ниет ететін ақындық негізгі мұрат бұл тұрғыда оның ежелгі алып ой өкілдерімен
рухани туыстығына куәлік береді. Сонымен бірге ақынның небір шұрайлы философиялық көреген ой-
лары да негізінен Шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел кемеңгер пікірлерін творчестволық
айрықша шеберлікпен игергендігіне байланысты екендігі де даусыз».
Абайдың гумандық дүниетанымына орыс мәдениеті мен қоғамдық-философиялық ой жүйесінің әсері
мол болды.
Абайдың Семейге жер аударылған саяси тұтқындармен достығы Н.П. Михаэлис, С.С. Гросс, оның
ақындық, философиялық шығармашылығына, дүниетанымына ерекше әсер етті.
Абай Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс бола білді. Оны ақынның туындылары
дәлелдейді. Сонымен қатар ол Спенсердің «тәжірибелерін», Льюистің «Позитивтік философиясын»,
Дрепердің «Еуропа ақыл-ойының даум тарихы» атты туындылары мен Милльдің Бекльдің және тағы
басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Ақынның Байрон, Гете, Шиллер, Мицкевич және
орыс ақын жазушыларының (Пушкин, Лермонтов, Тургенев т.б.) шығармаларын да қазақшаға аударғаны
белгілі.
Батыстың өркениеті мен философиясы, тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани тұрғыдан
жетілуіне елеулі рөл атқарды.
Сонымен, ағартушылар қазақ халқының тарихы мен тіршілігінде ең күрделі мәселелеріне көңіл бөл-
ген, елдің өткендегі өмірін тарихи тұрғыдан түсінуге тырысқан, сол дәуірдегі құбылыстар мен оқиға-
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
227
ларды әлеуметтік тұрғыдан қарастырған, халықты елін, жерін, Отанын сақтауға, мәдениетін аялай білуге,
жоғары адамгершілікке шақырған.
Бұның бәрі олардың идеясын, ой-пікірі мен ақыл-өсиетіннің өміршеңдігін, жаңашылдығын көрсетеді.
Олар әсіресе бүгінгі қоғамның жаңаруы, демократиялануы процесінде еліміздің егемендік алып, тарих
қайта құрылып жатқан кезде жеткіншек ұрпақтың адамгершілік-патриоттық санасын, рухани қасиеттерін,
талғамын қалыптастыруда маңызды рөл атқара түсетіні сөзсіз.
1.Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы, 2 т. – Алматы, 1977. – 177 б.
2.Қазақ фолклористикасының тарихы: (революцияға дейінгі кезең). – Алматы: Ғылым, 1988. – 200 б.
Резюме
Жанабаева Р.А. - д.п.н., проф. Казахский национальный педагогический университет им. Абая
Произведение Абая патриотические влияние
С данной статье исследуется отражение идеи национального патриотизма в творчестве великого поэта Абая
Кунанбаева. Путем побробного анализа конкретных произведении поэта(слова назидания, стихи)выявлены такие
национальные особенности как национальный дух, доброта, храбрость, смелость, любовь к своему народу, и тем
самым дана оценка вкладу поэта в формирование и развитие национального патриотизма
Ключевые слова: честность, справедливость, патриотизм, трудолюбивость, настройчевость, мирный.
Summary
Zhanabaeva R.A. – d.p.n.,prof,Kazakh National Pedagogical University named after Abai
Patriotic readings of works by careful
With this article we investigate the reflection of the idea of national patriotism in the poet Abay. By pobrobnogo analysis
of specific work of the poet (the words of edification. Verses revealed such national features as the national spirit, kindness,
bravery, courage, love for his people. And thus assessed the contribution of the poet s formation and development of national
patriotism.
Key words:honesty, justice, patriotism, industrious, perseverance, peaceful.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
228
ЖАЛПЫ БIЛIМ БЕРЕТIН МЕКТЕП
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА
УДК 620.2 (075.8)
ҚҰЗЫРЕТТІ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Байзакова Е.М. – п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ,
Теориялық және тәжірбиелік физика кафедрасының доценті. e-mail:
bayzakova.63@mail.ru
Өміржанова Ж.М. – т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
механика кафедрасының доценті. e-mail:
jadraom77@mail.ru
Саудабаева Д.Е. – Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы, магистр.
e-mail:
madam.shayn@mail.ru
Мақалада әлемдік білім беру жүйесіне негізделген басым бағыттары қарастырылған. Шетелдегі бейіндік мектеп
білім беру мекемесінің жеке түрі ретінде қарастырылған. Болашақ 12 жылдық мектеп қандай болу керек және оның
ерекшеліктері көрсетілген. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторларлар сипатталған.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру арқылы өмірлік құзыреттілігімен өзін-өзі бағалау жолдары
көрсетілген.
Педагогтардың жұмыс жүйесі арқылы оқушыларды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеудің басқару-
шылық әрекет құру жолдары анықталған.
Сондай-ақ, білім сапасын арттыру жолдары қарастырылған. Мектептік білім беру жүйесінде жасау мүмкін емес
болып келетін, оқушының әлеуметтік бағдарланған қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жаңа, және өзінің мәні
бойынша инновациялық шарттар көрсетілген. Білім беру жүйесіне қойылатын талаптардың жоғары деңгейін көрсете
отырып оның жаңа парадигмасы жасалған.
Тірек сөздер: бейіндік оқыту; тұлғаны қалыптастыру, қолданбалы және бейіндік пәндер, таңдау курстары, кәсіби
қабілеті, парадигма.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа парадигмасын жасауды
қажет етеді. Өйткені, өмір сүріп келген жүйе үнемі даму үстінде болып отырған қоғамның сұраныстарына
жауап бере алмайды. Жалпы білім беретін орта мектептің білім беру мазмұны оқушылар мен ата-
аналардың сұраныстарын қанағаттандыра алмады. Білім деңгейлері арасындағы сабақтастық үзіліп,
жалпы орта білім беру мен жоғары білім жеке құрылымдар ретінде өмір сүрді, бұл жағдай өз кезегінде
мектеп бітірушілерді жоғары оқу орнында білім алу үшін қосымша даярлау тәрізді артық жүйенің ресми
емес түрде пайда болуына алып келді. Кәсіби бағдарлау жұмыстары өз мәнінде нәтижесін бере алмай
отыр. Мұның бәрі мектеп бітірушілерде өзінің болашағын жоспарлауда таңдауының бұлдырлығын ту-
дырды. Сондықтан, осы мәселеге мемлекеттік деңгейде үлкен мән беріліп, білім саласын жүйелі реформа-
лау, түбегейлі өзгерістер енгізу қолға алынды. Қалыптасқан жағдайдан шығудың бір шешімі - білім
берудің 12 жылдық моделіне көшу.
2012-2014 жылдарына қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика және технологиялық
бағыттар бойынша "Бейіндік мектеп" бейіндік оқыту бағдарламасы дайындалып және сынақтан өткізу
жоспарланып, оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша эксперименттік алаң үшін оқулықтар мен оқу әдіс-
темелік құралдар сараптамадан өтіп, 2014 жылы 1, 5, 11-сыныптардың, 2015 жылы 2, 6, 12-сыныптар-
дың, 2016 жылы 3, 4, 7-сыныптардың, 2017 жылы 8, 9, 10-сыныптардың оқушылары үшін оқытудың 12
жылдық моделінің бағдарламасы бойынша балама оқулықтармен оқытудың 12 жылдық моделіне дәйекті
көшу көзделген. [1, 72 б.]
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан
туындап отырған мәселе. Қазіргі кездегі 12 жылдық мектепке есептелінген белгілі бір халықтардың білім
беру стандарты қалыптасқан. Осыған байланысты, Еуропалық кеңестің 1992 жылғы декларациясына
сәйкес 12 жылдық білім беру кеңістігіндегі 169 елде жүзеге асырылуда.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне
дайындығын мазмұнды жаңа мектеп қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселен алдың-
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
229
ғы қатарлы дамыған елдердің Финляндия, Қытай, АҚШ 12 жылдық білім беруге көшуіндегі нақты
қадамдары еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу қажеттілігін дәйектейді. Біз бүгінгі күні
осындай әлемдік білім беру жүйесіне негізделген басым бағыттарды қарастырып отырмыз.
Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания және т.б. елдерде 7 сыныпқа дейін барлық оқушылар бірдей
білім алады, содан кейін оқушы ары карайғы жолын таңдайды. Әрбір оқушыға негізгі мектепте білімін
жалғастыруға екі нұсқа ұсынылады: академиялық - болашақта жоғары оқу орындарында оқуға жол аша-
ды, кәсіптік - қолданбалы және бейіндік пәндерді камтитын оқу жоспарымен оқытады.
Германияда бейіндік мектеп білім беру мекемесінің жеке түрі - гимназия болып табылады. Білім беру
бейіндер саны үшеу: тіл, әдебиет, өнер; әлеуметтік ғылымдар; математика-дәл ғылымдар-технология.
Таңдау курстары көп болуы жоғары сынып оқу шыларының жеке оқу жоспарларымен білім алуына
мүмкіндік береді. Гимназия оқушыларды тікелей жоғары оқу орындарына түсулеріне дайындайды.
Германияның заманауи гимназиясы оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға, заман талаптарына сәйкес
жоғары оқу орындарына мамандар даярлауға, жалпы білім беру мен кәсіби даярлау арасында координа-
цияны жетілдіруге жұмылдырады.
Германияда оқу шылардың негізгі мектепте оқуы 9 немесе 10 жылмен аяқталады. Орта денгейде оқи-
тын оқушылар 9 жылда негізгі мектепті аяқтаган соң ары қарай білім алуды кәсіптік мектептерде жалғас-
тырады. Үздік оқушылар тағы да (9+1) бір жыл оқып, ары қарай білім алуын 3 жылдық гимназияларда
жалғастырып университетке түсуге даярланады.
Польшадағы орта білім беруде өзінің ерекшеліктерімен дараланады. Мектептегі міндетті білім беру 8
жыл болып есептелінеді. Соңынан 4 жыл көлемінде 2 бағыт бойынша (жалпы және техникалық) оқушы-
лар білімін лицейде жалғастырады.
Финляндияда негізгі орта білім 9 жылдың көлемімен аяқталады. Ары қарай білімді жалғастыру 3 жыл
көлемінде гимназия қабырғаларында жүзеге асырылады. Бұл елде университетке оқуға түсу үшін 12
жылдық білім міндетті деп есептелінеді.
Әлемдік тәжірибе баланың 3-тен 6 жасқа дейінгі даму кезеңі мектепте оқуға дайындау үшін ең қолай-лы
жас екенін көрсетіп отыр. Осылайша, Францияда мектепке дейінгі білім беру міндетті болып табыл-майды,
бірақ 3-6 жасқа дейінгі балалардың барлығы дерлік балабақшаға барады. Мұндай жағдай Германияда,
Канадада, Венгрияда, Англияда орын алған. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың құрылымы
қазақстандық құрылымға ұқсас: бөбекжай - бір жарым жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін, балабақшалар -
3-тен 6-7 жасқа дейін. Әлемдік үрдістерді және білім беру жүйесінің 12 жылдық оқытуға көшуін ескере
отырып, балаларды мектепте оқытуға 3 жастан 6 жасқа дейін дайындауды қамтамасыз ету қажет.
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік
білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және
кәсіптік білім беруді дамытудың 2008–2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті
дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс
берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету болып
табылады [2, 16 б.].
Ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын
факторлар анықталды.
1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі. Қазіргі мектеп білім берудің тұлғалық-бағдарланған
стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі оқушыларға механикалық түрде білім беру емес,
олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне, құзыреттіліктерінің қалыптасуына баса назар
аудара отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңістігін құру.
Оқушыларды жоғары мектеп жүйесінде білім алуға даярлау, не белгілі бір кәсіптік анықтау арқылы,
жалпы орта білім алу формаларын таңдау мақсатында жоғары буынды оқытуды бағдарландыру мен
бүкіләлемдік беталыстарды ескере отырып, арнайы ұйымдастырушылық, әдістемелік жағынан жағдай
туғызу қажет.
2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау. Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20
сағаттың орнына 22 сағат, жоғарғы сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін
орындайды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау агентігінің деректері бойынша, республикада
2 миллионнан астам бала (66%) әр түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепке оқыту
кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз (алыстан жақсы көрмеу), ас қорыту, жүйке-
психикалық, тірек-қозғалыс аппаратарының зақымднуы сияқты тағы басқа аурулары ондаған есеге дейін
артып отыр. 12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесінің
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
230
нормаларын қатаң сақтау және оқу жоспары жүктемесін азайту, оқушылардың әр түрлі үйірмелерге
қатысуларына, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.
3-фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету. Дәстүрлі 11 жылдық
жалпы орта білім беру еңбек нарығының қажеттіліктеріне, оқытудың практикалық бағытына, еңбек етуге
дағдыландыруға сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды. Тек 2000-2001 оқу жылының басына
дейін ғана жалпы білім беретін мектептердің 58182 (барлық санының 28%) түлектері еңбекпен қамта-
масыз етілмей қалды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау
жұмыстары жүргізілді. Негізгі мектептен кейін көпшілік оқушылар кәсіптік мектептерде оқитын болады.
Кәсіптік мектеп (11-12 сыныптар) оқушылардың еңбек нарығына, кәсіптеріне бейімделулеріне жағдай
туғызады. Жоғары сынып оқушыларын пәндерді кәсіби тұрғыда тереңдете оқыту олардың жрғары оқу
орнына түсіп, оқуларына сапалы даярлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жасайды. Сонымен, 12 жыл-
дық мектеп оқушылардың әлеуметтік дамуына, болашақ мамандықтары бойынша қажетті дағдыларды
жинақтауына, еңбек нарығына бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуы септеседі.
4-фактор. Оқу сапасын арттыру. 12 жылдық білім беруге көшу ең алдымен оқушылардың күнделікті
оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Білім
сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптары
деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін
педагогикалық жаңашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асырылады. Деңгейлеп,
саралап оқытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, жеке ерекше-
ліктерін ескеру негізінде қалыпта-сатын дәлелді оқыту сапасын арттыру мүмкіндік туғызады.
5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.
Қазақстан Республикасының өтуі бәсекелесе алатындай түлектерді дайындауды, шетелдерде біздің аттестат-
тарымыздың танылуын қамтамасыз етеді. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы халықаралық
ынтымақтастықтың кеңеюіне, қазақстандық мектеп түлектерінің мемлекетаралық білім жобаларына белсен-
ді қатысуларына мүмкіндік туғызады.
Қазақстандық 12 жылдық орта мектептің мақсаты оқу мерзімін ұзарта отырып, ұлттық және жалпы-
адамзаттық құндылықтар аясында, оқушылардың білімділігін, біліктілігін, өзгермелі, бәсекелік ортада
табысты қызмет жасау қабілеттігін, өзін-өзі дамытуға және жүзеге асыруға бейімділігін қалыптастыру,
білім мазмұнын ізгілендіру, білім беру мен ьасқару тәсілдерін жетілдіру, білім сапасын бағалаудың
халықаралық стандарттары мен нормаларына көшу, әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп ықпалдастыру
көзделуде.
Қазақ елінде мектеп ашу, сауаттандыру ісіне талдау жасасақ, бізде, жаңа ХХІ ғасырдың басынан бастап
жас ұрпаққа білім беруді одан әрі жетілдіруді немесе 12 жылдық оқуды ұйымдастыру қажеттілігін өткен
тарих белестері дәлелдейтін сияқты.
Мукатаев А.А. Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде
оқытуды бейіндік саралаудың дамуы - зерттеу жұмысында инновациялық мектептерде оқытуды бейіндік
саралаудағы тәжірибесі қарастырылды. Осы кезеңде инновациялық мектептерде оқытуды бейіндік сара-
лаудың дамуының бірнеше тенденциясын бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, аталмыш кезеңде әлитарлық білім түсінігі қалыптасып, қабілетті және дарынды балаларға
жоғары деңгейдегі білім беру бағдарламалары арқылы тереңдетілген білім беруге жаппай әрекет
жасалды.
Екіншіден, білім, іскерлік, дағдылар қалыптастыруға бағытталған білім беруден оқытуды саралау
арқылы құзырлылықтар қалыптастыруға мән беріле бастады.
Үшіншіден, оқу жоспарларының вариативті бөлігі біртіндеп ұлғайып, оқушылардың өз таңдауы
бойынша білім алуына мүмкіндік беріле бастады [3, 58 б.].
Бейіндік оқытудың оқу жоспарын құрудың алгоритмінің әр кезеңіне тоқталып өтейік:
1-кезең – мектеп бейінін анықтау. Оны анықтау оқушылардың қабілеттері мен бейімдеріне орай өз-
дерінің және ата-аналарының сұраныстарына және оқу орнының мүмкіндіктеріне байланысты жүреді.
Бірінші кезекте нақ оқушының өзінің қызығушылығы қойылады, ал мектеп басшысының және мұғалім-
дердің міндеті – оны мектеп мүмкіндігімен сәйкестендіру болып табылады. Оқушылардың бейімі мен
қабілеті, сұраныстары мен қызығушылықтары бейіналды даярлық барысында түрлі әдістемелер арқылы
анықталуы тиіс.
2-кезеңде мектеп тиісті бейіннің мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламаларын ұсынады, әрі ол
бағдарламалардың баламалылығын қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде алдымен Базистік оқу жоспарына
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
231
сәйкес міндетті және бейіндік пәндер анықталып, мектеп ұсына алатын білім бағдарламаларының тізбесі
жасалады. Ол тізбе оқушылардың қызығушылықтарына орай толықтырылып, бағдарламалардың бала-
малы болуы ойластырылады. Ұсынылатын бағдарламалар тек бейін бағытына ғана емес, сонымен бірге
жалпы дамытуға бағдарланған болуы керек.
Үшінші кезеңде әр оқушы ұсынылған бағдарламалар ішінен өзінің сұранысына жауап беретіндерін
таңдап, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды. Одан кейінгі кезеңде оқушылардың жеке жұмыс жоспарлары
сыныптар бойынша оқу жоспарларына біріктіріледі. Тиісінше сыныптардың оқу жоспарынан мектептің
жұмыстық оқу жоспары құралады. Осылай еткенде ғана әр оқушының жеке даму траекториясы қамта-
масыз етіледі.
Бейіндік оқытуды ұйымдастыру мақсаты:
1. Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы рөлі ретінде
базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.
2. Жалпы орта білім беру жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып
оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативттік және ұйымдастырушылық
педагогикалық жағдай жасау.
3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық
және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету.
4. Жоғары кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді,
қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті
және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |