Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы


Keywords: The level of understanding, principle, primary school



Pdf көрінісі
бет41/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52

Keywords: The level of understanding, principle, primary school. 
 
 
ӘОЖ. 372.65.943 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ 
 
Бакирова З.Ә. 

 магистр-оқытушы   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, zakira.bakirova@mail.ru 
Беркинбаева Г.О. 

 магистр-оқытушы,  
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіguzi86@mail.ru 
Болашақ бастауыш сынып мамандарын даярлаудағы маңызды саланың бірі - тіл дамыту теориясы мен әдістемесі 
курсы.  Оның  жоғары  оқу  орындарында  басты  мақсаты  -  студенттерге  ана  тілінің  лингводидактикалық  және 
психофизиологиялық негіздерді терең ұғындыру. Балалармен ұйымдастырылатын жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерін 
қолдана  білуге  даярлау.  Курсты  оқу  процесінде  әдістемелік  ойларды,  шынайы  педогогикалық  ситуацияны  дұрыс 
бағалай білу қабілеті, теориялық білімдерін түрлі жағдайларда қолдана алу қабілеттері қалыптасады.  
Мектепте тілді оқыту ісінде ана тілі пәнінің үлесі орасан зор. Ана тілі пәні бойынша оқушыларды өмірге баулу 
жөніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық қызметіне, коммунакативтік (байланыс, қатынас құралы ретінде) және 
экспрессивтік (әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметіне қарай жүзеге асырылады. Олай болса, ана тілі пәні бала-
ларды ауызша да, жазбаша да толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетіндей етіп шығаруды түпкілікті нысана етіп 
ұстанады. 
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту граммактика мен оқу сабақтарындағы жұмыстармен шектелмей-
ді. Бұл  барлық пәндерді оқыту барысында, тіпті мектептегі оқу тәрбие жұмысының өн бойында үздіксіз жүргізіліп 
отыратын жұмыс. 
Тірек  сөздер:  мектеп,  мұғалім,  ана  тілі,  тіл  дамыту,  тіл  дамыту  теориясы,  сөздік  қор,  сөйлеу,  әдеби  тіл,  тіл 
мәдениеті, қабілет, тексеру, түзету. 
 
Бастауыш сынып мамандарын даярлаудағы маңызды саланың бірі тіл дамыту теориясы мен әдістемесі 
курсы болып табылады. Оның жоғары оқу орындарында басты мақсат студенттерге ана тілінің лингво-
дидактикалық және психофизиологиялық негіздерді терең ұғындыру және балалармен ұйымдастырыла-

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
257 
тын жұмысты тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге даярлау. Курсты оқу процесінде әдістемелік ойларды, 
шынайы педогогикалық ситуацияныдұрыс бағалай білу қабілеті, теориялық білімдерін түрлі жағдайларда 
қолдануы қалыптасады.  
Мектепте  тілді  оқыту  ісінде  ана  тілі  пәнінің  үлесі  орасан  зор.  Ана  тілі  пәні  бойынша  оқушыларды 
өмірге баулу жөніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық қызметіне, комунакативтік (байланыс, қатынас 
құралы ретінде) және экспрессивтік (әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметіне қарай жүзеге асырылады. 
Олай болса, ана тілі пәні балаларды ауызша да, жазбаша да толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетін-
дей етіп шығаруды түпкілікті нысана етіп ұстанады. Тіл дамыту жұмыстары  деп баланың  тілді қарым-
қатынас  құралы  ретінде  өз  тәжірибесінде  пайдалана  білуге,  үйретуге  бағытталған  жалпы  іс-әрекет  деп 
ұғынамыз да, ал тіл ұстарту деп белгілі бір тілдік заңдылықтар мен ережелердің немесе лингвистикалық, 
стилистикалық сөз өнері теорисының өз тәжірибесінде қолдана білуге үйрету жұмыстары деп түсінеміз. 
Сондықтан тіл дамыту кешені мынадай жүйе мен салалардан тұрады:  
-  сөздік қорын молайту, сөздік жұмысы ; 
-  тілдің грамматикалық құрылысын игеріп, оны өз практикасында қолдана білуге баулу; 
-  стиль, стилистикалық ұғым мен дағды беру, стилистикалық тілдік құралдарды үйрету; 
-  тіл синонимдерімен жұмыс; 
-  тілдің көркемдегіш және бейнелегіш құралдарын үйрету; 
-  сөйлеу, айту дағдыларын жетілдіру; 
-  жазбаша тілін дамыту; 
-  әдеби тіл нормасынан мәлімет беру;  
-  тіл мәдениетін қалыптастыру 
-  тіл ұстарту. 
Бүлдіршіндер  алғаш  мектеп  табалдырығын  аттаған  кезде  басталатын  сауат  ашу  және  тіл  дамыту  - 
қазақ тілі бағдарламасы салаларының негізгі құрамның бөлігі. Сауат ашу және тіл дамыту кезеңіндегі оқу 
жұмысының мақсаты - оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға үйрету, ойлау 
қабілетін, сөйлеу тілін дамыту. 
Бұл  кезеңде  жүргізілетін  жұмыс  түрлері  оқушылардың  тілін  байытып,  жалпы  білімін  кеңейту 
мақсатына ұштастырылады. 
Сауат  ашу  және  тіл  дамыту  жұмыстары  бірнеше  кезеңнен  тұрады.  Әр  кезеңнің  өз  мақсаты,  соған 
сәйкес  жүргізілетін  жұмыс  түрлері  болады.  Сауат  ашу  әуелі  дайындық  кезеңнен  басталады.  Дайындық 
кезеңінде  мұғалім  жеке  баланы  танып,  білу  мақсатында  жұмыс  түрін  ойластыру  керек.  Осы  кезеңде 
дыбыстар  мен  әріптерді  меңгертуге  байланысты  орындалатын  жұмыс  түрлеріне  жаттықтыру,  даярлау, 
үйрету жұмыстары да жүргізіледі. Сауат ашудан кейін ғана оқушылар жазуға дағдыланады. Балалардың 
мектепке келіп түскен кездегі психологияның дене ерекшеліктері жөнінде мағлұматтарға сүйене отырып, 
мазмұндама  мен  шығарманы  бірінші  сыныптан  бастауға  мүмкіндік  бар.  Бастауыш  сынып  оқушылары 
мазмұндама мен шығарма жазу барысында мынадай дағдыларға бейімделеді: 
1.  Оқушылар  оқылған  мәтінді  қабылдап,  сол  қабылдағандарын  өз  сөздерімен  жазып,  белгілеуге 
дағдыланады. 
Бұл  дағдыны  меңгермей,  шығарма  жазуға  көше  алмайды.  Осы  жұмыстың  барысында  бірқатар  сөз 
тіркесі  мен  сөйлемдер,  бейнелі  сөздер  автоматты  түрде  оқушылардың  есінде  қалады.  Шығарма  жазбас 
бұрын мазмұндама арқылы бірқатар процестерге жаттығу қажет.        
2.  Шығармада  ұсынылатын  тақырыпты  түсініп,  оның  жігін  ажырата  алу  дағдысы.  Мысалы:  "Біз 
ағашты қалай отырғыздық?" тақырыбы бойынша өздерінің ағаш отырғызғанда не істегендерін әңгімелеу 
керектігін ажырататындай болу керек; 
3.  Шығарма  жазу  үшін  материал  жинау  дағдысы,  яғни  материал  жинау  барысында  балалардың  кей 
біреуі  үй  ішінен  сұрауы  мүмкін.  Бастауыш  сынып  балалары  бақылай  білуге,  кітаппен  жұмыс  жасауға, 
суреттерді қарап, қабылдай білуге жаттықтырылып, бұл жаттығулар бірте-бірте дағдыға айналдырылуы 
қажет.    
4. Жинаған материалдарын жүйелей алу дағдысы. Бұл дағдыға бастауыш сынып оқушылары алғашқы 
кезде мазмұндама арқылы үйретіледі. Қиындықты жеңу үшін балалар алдымен дайын мәтіннің жүйесін 
байқап дағдыланады яғни қандайда бір мәтіннің белгілі бір жүйемен құрастырылатынын ұғады, білген-
көргендерін  әңгіме  етіп  құрастырғанда  оны  жүйелеп  алуға  дағдыланады.  Егер  бұған  дағдыланбаса, 
жинаған  материалдарын  қалай  жазуды  білмей,еш  нәрсе  жазбай  отырып  қалады,  шығарма  жазуға 
қызықтырудың орнына керісінше әсер етеді. Олардың шығармаға деген ынтасын кемітеді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
258
 
 
5.  Оқушылардың  өз  ойын  дұрыс  білдіру  деген  -  шығарма  яки  мазмұндама  жазғанда  белгілі  тілдік 
норманы сақтау, әдеби тілдің ең керек элементің пайдалана білу, сөйлемдерінің бір-бірімен байланысып, 
тілі жатып келуі. Ал, ойын түсінікті білдіру дегеніміз - оқушының ойы дәл анық, көкейге қонымды болуы.                
Шығарма мен мазмұндама жазу барысында балалар көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрене-
ді.  Олар  арқылы  балалардың  лексикалық  қоры  байып,  тілдері  ұстарады.  Дайындық  жұмыстар  көбіне 
грамматикадан өтіледі, материалға сай оқу сабақтары да жүргізіледі. 
6.  Оқушының  жазғандарын  тексеру,  түзету,  жақсарту  дағдысы.  Бұл  дағдыға  үйретуде  де  көптеген 
қиындықтар  кездеседі.  Оқушылар  шығарма  мазмұндама  жазғанда  көбінесе  мұғалімге  бірінші  болып 
тапсыруға асығады да, жазғандарын қайта оқымайды, сөйтіп, жазған жұмыстарының бірде-бір сөзін, не 
тыныс  белгісін,  не  әріп  қатесін  түзетпестен  тапсырады.  Бұл  жөнінде  мұғалімнің  ескерткен  сөзі  де  әсер 
етпейді.  
Бұл дағдыға балаларды үйрету қанша қиын болғанымен, олар жазғандарына сын көзімен қарап, түрлі 
себептермен жіберган қателерін батыл түзету дағдысын бастауыш сыныптарда үйренуге тиіс. 
7. Оқушының әңгімесін белгілі бір тұлғада (бастауыш пен баяндауыштың бір шақтың тұлғада келуі) 
баяндай білу дағдысы.         
Міне, шығарма, мазмұндама жұмыстарында берілетін дағдылардың бастылары осылар.       
Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынандай мақсаттарды көздейді. 
1.  Оқушылардың  байқағыштық,  ойлау  қабілеттері  мен  тілін,  дүниетанымын  дамыту,  әр  нәрсені 
салыстыра талдап, салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету.                 
2.  Оқушыларға қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылар 
беру. 
3  Оқушыларды  ана  тілін  сүюге,  оның  алтын  қорын  білуге  және  оны  сезініп,  құрметтей  білуге 
тәрбиелеу. 
4.  Оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай 
да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну.      
5. Оқушылардың іскерлік кабілетін арттыру. Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысыңда мұғалім 
белгілі бір әдістемелік талаптарға сүйенеді. Ол талаптар мынандай: 
-  Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалын берілген  тақырыптағы 
негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеуі қажет. 
-  Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы. 
-  Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс. 
-  Оқушылар  сөзді,  айтатын  ойын  дәлме-дәл,  анық  білдіретіндей  етіп  іріктеп,  тандап  қолданғаны 
дұрыс. 
-  Басында  артық  сөз,  қыстырма  сөз  қолдану,  бір  сөздің  бірнеше  рет  қайталануы  сияқты  кемшілік-
терге жол бермеу шарасы жасалуы тиіс.       
-  Оқушы жазба жұмысыңда сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сөйлем 
өткен шақта екінші сөйлем келер шақта тұрмау керек. 
-  Оқушылардың жазба жұмыстарында кейде жергілікті ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер орын 
алады. Мұңдай қателерден сақ болу жағы есте болуы керек. 
-
  Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдысын оқушылар міндетті түрде меңгеруі керек. 
 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармалары  мен  мазмұндамаларында  бұл  көрсетілгендердің 
бірден  түгел  орындалуын  талап  етуге  болмайды.  Бірақ  жазба  жұмыстарын  жүргізген  кезден  бастап-ақ 
бірте-бірте оқушылар жоғарыда көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.                    
Бастауыш  сынып  оқушыларының  тілін  дамыту  граммактика  мен  оқу  сабақтарындағы  жұмыстармен 
шектелмейді. Бұл барлық пәндерді оқыту барысында, тіпті мектептегі оқу тәрбие жұмысының өн бойын-
да үздіксіз жүргізіліп отыратын жұмыс. Сондықтан мұндай күрделі мәселелердің барлық проблемаларын 
бір жолғы зерттеу жұмысында жан жақты талдап шығу мүмкін де емес.  
Қорыта айтқанда, жеке пәннің әр сабақтарында тіл дамыту жұмыстары  жүйелі түрде  дұрыс ұйымдас-
тырылған жағдайда балалардың сөздік қоры молайып, тіл орамдылығы артып,  оқушылардың тұлғалық 
ерекшелігі  дамиды. 
 
1.  Құлмағамбетова  Б.,  Исанова  А.,  Исинғарина  М.,  Көккөзова  М.,  Құрманғалиева  Р.,  Айтжанова  П.  /  Қазақ 
тілін оқыту әдістемесі. Алматы:“Білім”, 2000.  78 б. 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
259 
2.  Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. – Алматы, 1997. 
3.  Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. – Алматы, 1978. 
4.  Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. – Алматы, 1996. 
5.  Жапбаров  А.  Оқушылардың  ауызекі  сөйлеу  икемділіктері  мен  дағдыларын  қалыптастыру  әдістемесі.  
Алматы, 2002. 
6.  Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Астана, 2007. 
7.  Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. – Алматы, 1997.  
 
Резюме 
Бакирова  З. А. – магистр-преподаватель,   Международный казахско-турецкий университет имени Х.А. Яссави,  
e-mail:   zakira.bakirova@mail.ru 
Беркинбаева Г.О. – магистр-преподаватель,  
Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана, e-mail:   
guzi86@mail.ru
 
 
Развитие языка обучающихся начальных классов 
 Обучение в начальной школе является одним из наиболее важней промышленности в процессе развития теории 
языка и методики. Основная цель высших учебных заведений  - освоениелингводидактические и физиологические 
основы родного языка. Организация обучения - научиться использовать эффективные методы работы с детьми. Идея 
обучении является умение правильно оценить ситуацию, способность применять теоретические знания в различных 
формах. 
Знание  родного  языка  играет  важную  роль  в  начальнойшколе.  Развития  языка  в  общественной  жизни,  ее 
коммуникативный  (как  средства  связи)  и  выразительный  (как  соединительная  основа)  функций  осуществляют 
главную задачу преподавания предмета родной речи. Таким образом, предмет родная речьреализуетразвития устной 
и письменной грамотностьу детей. 
Учащиеся  начальной  школы  на  уроках  чтенияне  ограничиваютсяработой  над  грамматикой  и  развитиемречи. 
Воспитательная работа осуществляется непрерывно по всем предметом вначальной школе. 
Ключевые  слова:  школа,  учитель,  родной  язык,  развитие  языка,  развитие  теории  языка,  лексики,  языка, 
литературного языка, культуры, язык и способности, проверка и коррекция. 
Summary 
Bakirova Z.A. –  Lecturer  M.A., Kh.Yasavi International Kazakh-Turkish University, e-mail:  zakira.bakirova@mail.ru 
Berkinbaeva G.O. – Lecturer  M.A., Kazakh Ablai khan University of International Relations and World Languages, e-mail:   
guzi86@mail.ru
 
 
The development of primary school children language 
Education in primary school is one of the most important industry in the development of the theory and methodologyof 
language. The main goal of higher education institutions islinguadidactic development and physiological basis of the native 
language. Organization of training is to learn the usage effective methods of working with children. The idea of learning is the 
ability to properly assess the situation, the ability to apply theoretical knowledge in various forms. 
Knowledge of the mother tongue plays an important role in primary school. The development of language in public life, 
its communicative (as a means of communication) and expressive (as connecting base) functions perform the main task of 
teaching the subject of native speech. Thus, the object implements the native speech of oral and written literacy in children. 
Elementary  school  students  in  the  reading  lessons  are  not  limited  to  work  on  grammar  and  language  development. 
Educational work is carried out continuously in all subjects in elementary school. 
Keywords:  school,  teacher,  mother  tongue,  language  development,  the  development  of  the  theory  of  language, 
vocabulary, language, literary language, culture, language and the ability of checking and correction. 
 
 
ӘОЖ 370.72. 
 
ОТБАСЫЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
Жумадуллаева А.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.  
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, e-mail:  
juma033@mail.ru
 
Мейрбекова Г.П. – Phd доктор  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
260
 
 
e-mail:  
guma0711@mail.ru
 
Беркинбаева Г.О. – магистр-оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
e-mail: g_u_l_n_a_z_k_e_n@mail.ru 
 
Қазақ  халқында  балаға  отбасылық  ұлттық  тәрбие  беру  ана  құрсағынан  басталады.  Адамды  дүниеге  келуінен 
бастап ол  дүниеге шығарып  салумен аяқталатын өмірі  барысында, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер  негізінде іс-
әрекет  пен  қарым-қатынас  жасау  арқылы  тұрақты  және  үздіксіз  жүзеге  асырылып  отырады.  Ол  дегеніміз  бесікке 
салу,  шілдехана  тойы,  тұсау  кесу,  ұлдың  мұсылман  болуы  секілді  баланың  дүниеге  келген  алғашқы  жылдарында 
және өмірінің соңғы күндеріне дейінгі жасалатын ұлттық тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бала бойына дарыту. 
Осы  іс-әрекеттердің  мәнін  балаға  түсіндіре  отырып  оның  қатысуымен  орындалуы  оған  үлкен  әсер  беріп,  бойына 
берік және нық сіңеді.  
Қазақтың отбасылық тәрбиесінің мақсаты – «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат пен «абыройлы» қыз тәрбиелеу.   
Әрбір  келер  ұрпақ  өзіне  дейінгі  ағаларының  жасаған  қателіктерін  түгел  ескеріп,  соның  төңірегінде  мүлдем 
қателік жасамай, сүрген өміріне өзі де, өзгені де өкіндірмей өсіп-өнсе, қанеки! 
Тірек сөздер: отбасы, білім, ұлттық білім, әдеп-ғұрып, мақалдар, ұлағатты сөздер, өзін-өзі ұстау және мәдениет. 
 
Өзгені тұрмақ, күніге құлағына құйып отырған ата-анасының айтқанына көнбей, айдауына жүрмейтін 
баланың қатары қаншама. Тіпті, соңғы бес-он жылда ержеткен жастарымыз өзіне қатыссыз, қызықтыр-
майтын нәрсеге құлақ аспай, елемеуге дейін жеткен жоқ па!? Ар мен ұятты, абырой және иманды деген 
сөздер  мен  қасиеттерді  ұстану  түгілі  оның  түсінігін  жетік  меңгермеген  «болашақ  ұрпағымыздың» 
болашағы неде? Кейбір жастарымыз жүгенсіздік пен жігіттіктің, мейірімсіздік пен мәрттіктің, озбырлық 
пен  батырлық  секілді  қасиеттердің  орындарын  ауыстырып  алып,  бір-бірінің  баламасындай  қабылдап 
алған.  Осының  нәтижесі  -  көпшіліктің  арасында  ауызын  жимай,  арсыздығын  көрсетіп,  аузынан  ақ  ит 
кіріп, көк ит шығып жатқан ұрпақ. Оны көрген ата-әжелеріміздің «төбе шаштары тік тұрып», «дүние не 
болып бара жатыр?» деген сұрақ қоюда. Осындай теріс қылықтарды көрсетіп,  адамшылдыққа жатпайтын 
қасиетті бойына сіңдіріп өскен ұрпақтың ертең отау құрып, үй болып, бала тәрбиелейтінін ойланғанда, 
мынау індеттен халқымыздың жуық арада арыла қоймайтынын, яғни көргенсіз ұрпақтан халқымыздың 
әлі талай қасірет шегетінін сезіп, оны көз алдымызға елестеткенде шошынасын [1].  
Ата-ана тәрбиесін алмаған немесе алғысы келмеген, өзінің бойын өзі қалыптастырған, керегін алып 
қажетсіз деп санағанын ысырып тастаған, бойына адамшылдық қасиеттерді дарытудан алшақ болған, ата-
анасының жақсылығын білмеген, үйреткенін өзінің өмір тәжірибесінде іске асырмаған және осылардың 
нәтижесінде әлеуметтік өмірде қалыптасқан баршаға ортақ  ақылақ (мораль) талаптарын бұзып өмір сүре-
тін  адамдарды «көргенсіз» деп атайды.  «Атасын көріп, қызыңды бер, анасын көріп, қызын ал», - деген 
мақалды меңзеп тұрғаны: - «Атасы жақсы болса, ұлы көргенді, анасы жақсы болса, қызы көргенді» деген 
ой. Біздің  қазақ халқымызда  адам баласына, оның ішінде жастарға берген бағасында «көргенсіз» деген 
ең ауыр айып, ең жаман баға болып саналады. Ол адамшылдық оң  сипат пен қасиеттерден, әдептілік пен 
ізеттен жұрдай  дегенді білдіреді. Бұл сөз  әлгі жетесіз, әдепсіз, ізеттен жұрдай жанның  жеке басына ғана 
емес, оның ата-анасына, яғни әдептілік пен инабат үлгісін көрсетуге тиісті адамдарға да қатысты тағыла-
тын  кінә.  Осыны  әр  отбасының  ата-анасы,  тәрбие  берушісі  ескеріп,  жауапкершілікпен  қарағаны  бола-
шағымыздың жақсы болуының басты кепілі. Қазақтың  «Ата-бабаңа, ата-анаңа, еліңе сөз келтірме» деген 
тілегінде «көргенсіз болма», «көргенсіздің баласы» деген сөзді айтқызба деген талап жатыр. Осы талапты 
ата-аналар  өз  балалары  алдына  қойып  тәрбие  берсе,  жоғарыда  айтылған  жағдайлар  басымызға  тумай-
тыны сөзсіз [2]. 
Көргенділік  -  күнделікті  іс-әрекет  жасауда,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынаста  әдеп  шеңберінен 
шықпауды, адамның көңіліне келетін сөздер айтпауды немесе қолайсыз, теріс іс-әрекет жасап, тұрпайы 
мінез көрсетпеуді, абайсыз немесе білместіктен  жасаған басқаның кемшілігін  бетіне баспауды, басқаның 
бойындағы  табиғи  мініне  назар  аудармауды  білдіреді.  Егер  сен  құрбы  немесе  жолдасының  қателігін 
көріп,  көпшілік  ортасында  оны  көрсетуге  не  бағалауға  жол  берсең,  сен  мұны  оған  көмектесуді  ойлап, 
жақсы ниетпен істеген күннің өзінде, адамға сенің жасаған бұл іс-әрекетің қолайсыз әсер етеді де жанын 
жаралайтындай ауыр тиеді. Өзің де ыңғайсыз жағдайға түсесің. 
Көргенділік  –  тәрбиеліктің  көрсеткіші.  Сол  себепті  көргенді  ата-ана  басқалармен  жасаған  қарым-
қатынасында оларды сыйлайды, құрметпен қарайды, кішіпейіл, сыпайы, кешірімді болады. Ұсақ-түйекке 
бола  керілдесіп,  керісіп  жатқанды  бойына  мін,  теріс  қылық  санайды.  Көргенді  ата-ананың    өзіне  де, 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
261 
қоғамға да, ел-жұртқа да тигізетін зор пайдасы. Мұндай ата-ана балаларын әдептілікке, адамгершілікке 
тәрбиелейді. Көргенді адам ұрпағын да көргенділікке үйретеді. «Ұяда не көрсе, ұшқанда, соны алады», - 
деп, тәрбие мәселесін бетімен жібермейді. Көргенді ата-ананың барлық іс-қимылы көргенді ұрпақ тәрбие-
леуге арналған үлгілі болуы, ол үшін ұдайы және өте мол күш-қайрат жұмсауы міндеттілік деп қабылда-
нып  түсіндіріледі.  Үлгілі  ата-ананың  балаға  көрсетер  тәртібі  де  үлгілі,  берер  тәрбиесіде  үлгіліліктің 
негізінде жасалады. Ата-ана өз баласының болашағын ойлауда оған тәрбие берумен қатар оның тәртібіне 
де қатты назар аударғаны жөн [3]. 
Тәртіп  –  адамдардың  қоғамдағы  келісімді  іс-қимылын  реттейтін  тетік,  соны  іске  қосу  ережелерінің 
сөзсіз орындалуы мен барысын қадағалайтын қоғамдық құрал.  Тәртіп – әдептіліктің бір түрі. Ол адамның 
жеке және қоғамдық өмірінде, күнделікті тұрмыс пен рухани тіршілігінде, ұжымдық, қоғамдық істерінде 
ерекше  маңызды.  Адам  баласының  басына  туындайтын  пәлекеттің  көбісі  тәртіпсіздіктен  туындайды. 
Алғашында  тәртіпті  босаңсытып  алып,  қайтіп  оны  қолға  алып,  жолға  қоя  алмай  жатқанның  негізінде 
туындаған тәртіпсіздіктен қандай бейберекет істер мен қайғылы оқиғалар туындағаны баршамызға аян.  
Тәртіптің  жүзеге  асыру  тәсілдері:  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  қоғамдық  талаптар  мен  мемлекеттік 
талаптар. 
Қандай қоғам болса да, ол тәртіпті қажет етеді және оған мүдделі болады. Сондықтан қалай болғанда 
да  қоғамда  тәртіп  орнату  баршамызға  тиісті  дүние.  Отбасыны,  қоғамды,  мемлекет  арасын  құраушы 
бөлшектерді  тұтастыру арқылы  ұстап тұратын нәрсе – тәртіп. Ал тәртіп болмаған жағдайда, олар бір-
бірінен ыдырап кетіп, шырқы бұзылады. 
 
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР 
Тәрбиелі – тәртіптің құлы, 
Тәртіпті – елдің ұлы. 
 
Тәртіп көрген адам бала күнінен 
Өнерімен қуандырар түбінде. 
 
Ашу – дұшпан, ақыл – дос, 
Ақылыңа ақыл қос. 
 
Таяқтау оңай – тәрбиелеу қиын. 
 
Балақан өсіру – балапан ұшыру емес. 
 
Көрінген таудың алыстығы жоқ. 
 
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы [4]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет