Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет37/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52

 
1.  Мұқатаев А.А. Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды 
бейіндік  саралаудың  дамуы  (1992-2005  жж.);  пед.ғ.к.  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертацияның 
авторефераты. – Қарағанды, 2007 ж. 
2.  Қыпшақов  С.А.  Болашақ  педагогтарды  бейіндік  мектепте  кәсіпкерлік  іс-әрекет  негіздерін  оқытуға 
даярлау;  пед.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Қарағанды, 2010. 
3.  Профильное  обучение  в  школе:  опыт,  проблемы,  перспективы.  Материалы  республиканского  семинара-
совещания. /Под ред. М.Жадриной. – Алматы: КАО, 2005 г. 
 
Резюме 
Байзакова Е.М. – к.п.н. доцент кафедры теоритической и әкспериментальной физики КазНПУ имени Абая, 
bayzakova.63@mail.ru
 
Омиржанова Ж.М. – к. т. н., доцент кафедры механики КазНУ имени аль-Фараби, 
jadraom77@mail.ru
 
Саудабаева Д.Е. – Казахская Академия труда и социальных отношений, магистр, 
madam.shayn@mail.ru
 
 
Возможности системы 12-летнего образования в формировании  
конкурентоспособности и компетентной личности  
В статье рассматривается основные направления системы образования в мировом контексте. Охарактеризованы 
профильные  школы  за  рубежом  как  основной  тип  образовательных  учреждений.  Какой  должна  быть  школа 
будущего  12-летнего  образования  и  его  особенности.  Определена  относительная  степень  сформированности 
личностных  качеств  у  учащихся  через  самооценку  своей  жизненной  компетентности.  Охарактеризованы  факторы 
перехода  на  12-ти  летний  срок  обучения.  Определены  управленческие  действия  педагога  по  созданию  среды 
развития,  которые  можно  представить  как  систему  работы   педагога  по  воспитанию  у  школьников 
гражданственности и патриотизма.  
А также, рассмотрены пути повышения качества образования. Для формирования социально ориентированных 
качеств  личности  показаны  необходимые  новые,  инновационные  по  своей  сущности  условия,  которые  в 
традиционно функционирующей системе школьного образования создать не удается. С учетом современного уровня 
требований к системе создана новая парадигма высшего образования.  
Ключевые слова: профильное обучение, формирование личности, профессионально-прикладные и профильные 
дисциплины, курсы по выбору, профессиональные способности, парадигма. 
 
 
Summary 
Bayzakova E.М. – candidate of pedagogical sciences, associate professor of department of theoretical and experimental 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
232
 
 
physics of КаzNPU of the name of Аbai, 
bayzakova.63@mail.ru
 
Omyrzhanova ZH.M. – candidate of engineering sciences, associate professor of department of mechanics Treasury of the 
name al-Farabi, 
jadraom77@mail.ru
 
Сaudabaeva D.Е. – Kazakh Academy of labour and social relations, master's degree, 
madam.shayn@mail.ru
 
 
Possibilities of the system of 12-years-old education are in forming  
to the competitiveness and competent personality 
In the article examined basic directions of the system of education in a world context. Profile schools are described abroad 
as  a  basic  type  of  educational  establishments.  The  relative  degree  of  formed  of  personality  qualities  is  certain  at  students 
through  the  self-appraisal of  the  vital  competence. What school of  future 12-years-old education and  his  feature  must be. 
Described  factors of passing to 12-ти  summer term of educating. The administrative operating of teacher is certain  under 
creation  environments  of  development,  that  can  be  presented  as  a  system  of  work    of  teacher  on  education  for  the 
schoolchildren of patriotism.  
And also, the ways of upgrading of education are considered. For forming of the socially oriented qualities of personality 
necessary new, innovative on the essence terms that in the traditionally functioning system of school education creating is not 
succeeded are shown. Created a new paradigm of modern higher education based on the level of system requirements.  
Keywords:  specialized  education,  personality  development,  professional  -  applied  and  specialized  discipline,  elective 
courses, professional ability, paradigm. 
 
 
ӘОЖ:  78:371.38 
 
ХАЛЫҚТЫҚ МУЗЫКА ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ   
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Алиева А.Қ. 

 оқытушы,   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
e-mail: 
arai_79@mail.ru
 
 
Мақалада қазіргі замандағы қазақ халық педагогикасы халықтың ежелден қалыптасып, заман өзгерістеріне қарай 
дамып  келе  жатқан  ұжымдық  шығармашылығы  мен  педагогикалық  мәдениеті  көрініс  алады.  Онда  халықтық 
жасампаз шығармашылық тәжірибесі, азды-көпті орнықты қағидалары, мұрат-мүддесі, қоғамдық мінез-құлық ереже-
лері, ұрпақ тәрбиесі туралы көзқарастар бейнеленеді. Күні бүгінге дейін атадан балаға мирас болып беріліп отырған 
көркем  туындыларда,  ауыз  әдебиеті  үлгілерінде,  музыкалық  шығармаларда,  сәндік  қолөнерлерде,  салт-дәстүрлер 
мен  әдет-ғұрыптарда  халықтың  педагогикалық  мәдениетінің  аса  маңызды  құндылықтары  қарастырылған.  Соның 
ішінде халықтық музыкаға ерекше сипаттама берілген.  
Тірек сөздер: музыка, ұлттық, халықтық музыка, шығармашылық, педагогика, сабақ, үрдіс. 
 
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне 
кіру  мақсатында  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  құрылып  жатыр.  Осыған  орай  Қазақстан  Респуб-
ликасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «... Бізге экономикалық қоғам-
дық  жаңару  қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы  заманғы  білім  беру  жүйесі  қажет»  деп  көрсеткен  [1]. 
Сонымен  қатар,  «Дәстүрлі  мәдениетті  жаңғырту,  өз  халқынның  тарихи  тәжірибесіне  жүгіну  –  бұл  өзі 
тәуелсіздікке  ие  болған  елдің  өмірінен  орын  алатын  заңды  құбылыс»  екенін  де  айтып  өтті.  Сол  білім 
беруді дамытуды жас мамандарға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім беру-
дің    арнайы  таңдап  алынған  мазмұны  мен  нысандарын  беру  болып  табылады.  Нәтижелі  білім  алудың 
мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының қабілетін іске асыруға негізделген және оның 
оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді.  
Сондықтан  өмірге  жан-жақты  дайындалған,  еңбек  сүйгіш,  ынталы,  шығарамашылықпен  ойлайтын, 
интеллектуалдық  және  адамгершілік  тұрғысынан  бай,  жоғары  білімді  студентті  оқытып-тәрбиелеу 
қажеттігін дамыту мәселесі тұр. 
Жалпы музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәде-
ниетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұта-

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
233 
ды. Еліміз егемендік алып, өз шаңырағымызды тіктеген тұста ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді, білімі-
мізді жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу міндеті қойылды [2].  
Қазіргі заманда қазақ халық педагогикасы халықтың ежелден қалыптасып, заман өзгерістеріне қарай 
дамып  келе  жатқан  ұжымдық  шығармашылығы  мен  педагогикалық  мәдениетінде  көрініс  алады.  Онда 
халықтық жасампаз шығармашылық тәжірибесі, азды-көпті орнықты қағидалары, мұрат-мүддесі, қоғам-
дық  мінез-құлық  ережелері,  ұрпақ  тәрбиесі  туралы  көзқарастар  бейнеленеді.  Күні  бүгінге  дейін  атадан 
балаға мирас болып беріліп отырған көркем туындыларда, ауыз әдебиеті үлгілерінде, музыкалық шығар-
маларда, сәндік қолөнерлерде, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда халықтың педагогикалық мәдениеті-
нің аса маңызды құндылықтары көрініс тапқан. Соның ішінде халықтық музыканың орны ерекше.  
Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ертеден келе жатқан аса бай тарихы бар. Қазба барысында 
табылған ескерткіштер, балбал тастағы таңбалар, музыкалық аспаптар музыканың сонау көне заманнан 
халық өмірінің ажырамас бөлігі болып саналғанын дәлелдейді.  
Қазақ  халқының  ән  шығармашылығының  жанрлары  сан  алуан.  Бұл  –  музыкалық  сабақтастыққа 
берілген отбасылық – тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбек, лирикалық, тарихи әндер, әлеуметтік наразылық 
әндері, эпикалық дастандар мен аңыз әңгімелер.  
Халық  педагогикасында  музыкалық  аспаптарда  ойнауға  үйрету  әдістерінің  алуан  түрлі  болғанын, 
әйтсе де соның ішінде «естігенін еліктеп қайталау» әдісіне аса мән берілгенін, халық оны ән үйретуде де 
тиімді пайдаланғанын дәлелдейді. Бұл әдіс бүгінгі күнде де ең қолайлы, қажетті әдіс. Өйткені көп жағ-
дайда музыканын нотамен ойнап үйренген адам біреудің естіген әуенін нотасыз бірден аспапқа түсіріп 
ойнап кете алмайды. Есту қабілетіне сүйене отырып ойнау дағдысы онда шектеулі болады. Ал халықтың 
дәстүрлі әдісін меңгерген адам болса, естіген әуенін қай жерде, қай мерзімде болмасын қолма-қол аспапқа 
салып орындай береді. Қазан төңкерісіне дейін қазақ музыкасын зерттеген орыс ғалымдарының «қазақтар 
домбырада асқақ шеберлікпен ойнайды» (Г.Н. Потанин), «шағын күйлерді, ән әуендерін үлкені де, жасы 
да  домбырада  ойнай  береді,  ...  жалпы  қазақтар  жаксы  музыканттар»  (А.Эйхгорн),  «қазақтарда  әншілік, 
күйшілік  кәсіби  мұра  болып  беріледі»  (А.Янушкевич),  «қазақтарда  суырып  салып  айту  мен  шығарма-
шылық жақсы өркендеген» (А.Харузин), «қырғыз балалары қаз-қаз баса бастасымен-ақ оларды балалар 
әндерін жаттауға үйретеді» (П.Тихов) деуінің сыры да міне осында болса керек [3].  
Сонымен, түрлі жанрдағы әндер халықтың рухани дүние танымын, эмоционалдық сезімін, эстетика-лық 
көзқарастары  мен  әсемдік  жөніндегі  түсінігін  білдіре  отырып,  жастардың  музыкалық-эстетикалық  қабі-
леттерін  дамытады.  Өзінің  қарапайымдылығымен,  әуезділігімен,  сюжеттерінің  мазмұндылығымен,  өмір-
дің,  табиғаттың,  тұрмыстың  алуан  түрлі  құбылысына  сан  қилы  музыкалық  үн  қосумен,  терең  мағыналы 
поэтикалық бейнесімен қоршаған ортаға шығармашылық көзқарасын қалыптастырады. Күні бүгін де көп-
теген  халық  әндері  кәсіпқой  әншілер  мен  көркемөнерпаздардың,  жастардың  репертуарынан  берік  орын 
алып,  көпшілік  игілігіне  айналып  отырғаны,  шығармашылық  әрекетінің  қалыптасуы  соның  бірден  бір 
айғағы.  
Шығармашылық  –  ең  алдымен  адам  әрекеті.  Шығармашылықты  әрекет  түрінде  қарастыру  адам 
дамуының мүмкіндігінің шексіздігін көрсетеді және оның өзін белсенді етуге бастайды. 
Шығармашылық әрекет – тұлғаның шығармашылық міндеттерді өз бетінше шешуі: білім, білік, дағ-
дыны  жаңа жағдайға тасымалдай алуы, белгіліден жаңа мәселені көре білуі, объектінің жаңа қызметін 
байқай алуы, жаңа соны шешімдер қабылдауы. Субъектінің өзінің осы еңбегіне қанағаттануы, жағымды 
мотивация арқылы даралыққа ұмтылуы. Сол үшін шығармашылық әрекет өз кезегінде шығармашыл тұл-
ға дамытудың, оның шығармашылық қабілетін өзінің дамытуының маңызды шарты әрі нәтижесі болып 
табылады. 
Шығармашылық  –  еркін  әрекет  ретінде  сипаталады.  Өйткені  адам  өз  таңдауында  еркін.  Шығарма-
шылық әрекет интуицияның орын алып, қиялдың қанат қағуы, сезімнің жоғарылауы мен үздіксіз ізденіс-
пен сипатталады. Бұл жолда ол жеңістің қуанышын, түңілудің кермек дәмін сезу, тоқтаусыз толғаныс пен 
жалындау,  интеллектуалдық,  эмоционалдық  дарындылықтың  қуанышына  бөлену  сияқты  сезімдерді 
басынан кешеді. 
Шығармашылық  әрекет  оқушының  өз  еңбегіне  қайта  бір  ойша  оралуы  (қанағат  табуы,  оны  орын-
даудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы,  т.б.). Шығармашылық оқушының  төмендегідей 
психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой 
қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең 
түсіне  білу  және  оны  шешудің  ең  тиімді  жолын  таңдай  білу,  эмоциядағы  қалыптылық,  шыдамдылық, 
бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел буа білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция [4]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
234
 
 
Оқушының  өз  білімін  көтеру  жұмыстарын  ұйымдастыруды  әрекеттік  негізде  жүргізу  –  олардың  өз 
өмірін өзгертуге бағытталған әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың, кәсіби құзырлылығын арттыру-
дың басты кепілі. Әрекеттің бұл түрінде студент жаңалыққа жақын келіп, өзінің дамуының диалектика-
сын түсінеді, «өткен тәжірибені иемденіп», «оның құрылысын жаңартады» сол арқылы айналаны, қоғам-
дық өмірді өзгерте алатын белсенді субъектілік жағдайға енеді. Нәтижеде тұлғаны сапалық өзгерістерге 
жеткізетін оның білімдері, қабілеттері, сенімдері, ішкі мүмкіншіліктері басқаша айтсақ шығармашылық 
қабілеттің дамуы орын алады. 
Жоғарыда  талданып  кеткен  философиялық  ой-тұжырымдар  уақыт  тексерісінен  өткен,  бүгінгі  күнге 
дейін өзінің көкейтестілігін жоғалтпаған идеялар болып табылады. Бұл идеялар қазіргі білім философия-
сының негізгі ұстанымдары мен амалдарында да айқын көрініс тауып отыр. 
Зерттеу  барысында  теориялық-әдіснамалық  әдебиеттерді  талдау  арқылы  шығармашылық  қабілеттің 
байқалуы мен сапалық өзгерістерге жетуі индивидтегі биологиялық фактортлар (нышандар, қабілеттер), 
психикалық факторлар (сана, оның құрамына енетін танымдық, аффектілік), әлеуметтік факторлар (қо-
ғам, адамдардың мақсатты әрекеті) арқылы анықталатындығы, адамның шығырамашылық қабілетінің кө-
ріну дәрежесі оның өз белсенділігін туғызатын әлеуметтік жағдайларға байланысты екендігі негізделеді. 
Оқушылардың    шығармашылық  қабілетін  дамыту  көпқырлы  мәселе.  Сондықтан  зерттеу  барысында 
алынған нәтижелер оны шешудің бір ғана жолы деп есептеп, бұл бағыттағы ізденістер болашақта толы-
ғырақ  орнын  жалғастырып,  шығармашылық  қабілетті  диагностикалау  құралдары  мен  көрсеткіштерін 
жасау тұрғысында өзінің жалғасын табуы тиіс деп есептейміз. 
Қорыта айтқанда, қазақ халық музыкасы ғасырлар бойы балалар мен жастар тәрбиесін кешенді жүзеге 
асыруда елеулі рөл атқарған. Оларды өз халқының басынан кешкен тарихи оқиғаларын, елін, жерін жау-
дан қорғаған батырларының ерлік істерін, халқының күнделікті тыныс-тіршілігін, өзіндік дүниетанымын 
танып білуге бағдарлаған, жалпыадами, ұлттық құндылық, ұлттық патриотизм туралы түсінігін реттеген, 
көркемдік-эстетикалық талғамын, қабілетін жетілдіріп, моральдық-этикалық мәдениетінің негізін қалаған. 
 
1  Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан. – 2015 ж.  
2  Сүлейменова Р.Ә., Жұмалиева Г.Ғ. Музыка пәнін оқыту әдістемесі. – Астана, 2008 ж. 
3  Ұзақбаев С. Қазақ халық педагогикасы. – Алматы, 2013 ж.  
4  Ерзакович Б.Г. Песенная культура казахского народа. – Алматы, 1966 г. 
 
Резюме 
Алиева А.К. –  преподаватель, Актюбинский региональный государственный университет имени К.Жубанова 
 
Формирование творческих способностей учащихся на уроках казахской народной музыки 
В  статье  рассматривается  вопросы  формирования  творческих  способностей  учащихся  на  уроках  казахской 
народной  музыки.  Казахская  народная  музыка  уходя  своими  корнями  в  глубь  веков.  Далекие  предки  казахов, 
многочисленные  простые  племена,  обитавшие  на  степных  просторах  создали  богатый  инструментарий,  музыку, 
песни,  самобытные  музыкально-поэтические  традиции,  которые  и  были  унаследованы  современным  казахским 
народом.   
Ключевые слова: музыка, национальный, народная музыка, творчество,  педагогика,  урок, процесс. 
 
Summary 
Alieva А.K. – teacher, Aktobe Regional State University named after  K.Zhubanov 
 
The  formation of pupils’ creative abilities through Kazakh folk music 
This article considers the issues of pupils creative abilities by means of Kazakh folk music. Kazakh folk music rooted deep 
into centuries. Distant ancestors of Kazakhs, numerous pastoral  tribes, inhabited on the steppes of Central Asia created a 
reach tools, music, songs, original poetic traditions, which were inherited by the modern Kazakh people. 
Keywords: music, national, folk music,  creative, creativity,  pedagogics, lesson, process. 
 
 
 
 
 
 
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
235 
ӘОЖ 159.922.8: 159.923  
 
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА КӨРІНІС БЕРЕТІН  
ТЕМПЕРАМЕНТ ТИПТЕРІ 
 
Әліпбек А.З. – п.ғ.к., доцент м.а.,  
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 
e-mail: 
alipbek_ardak@mail.ru
 
Қойшиев Қ.Е. – п.ғ.к., аға оқытушы,  
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 
Ташкенбаева С.М. – аға оқытушы, Сырдария университеті 
 
Бұл мақалада жеткіншектердің психикалық дамуында көрініс беретін темперамент типтері жайындағы мәселелер 
қарастырылған.  Жеткіншектік  кезеңде  көрініс  беретін  жүйке  жүйесінің  қасиеттері  бойынша  типтерді  анықтауға 
тырысқан. Психологиялық әдебиеттерді талдау нәтижесінде жеткіншектердің психикалық дамуында көрініс беретін 
сангвиникалық, флегматикалық, меланхоликалық, холерикалық темпераментіндегі жеткіншек деп бөліп көрсеткен. 
Тірек  сөздер:  жеткіншек;  психикалық даму;  темперамент;  жүйке  жүйесінің қасиеттері;  сангвиник; флегматик; 
меланхолик; холерик. 
 
Елбасымыздың сөзімен айтқанда: «Жастар – ертеңгі жарқын болашақты армандап қана қоймай, оны өз 
қолдарымен  жасауға  да  белсене  қатысулары  тиіс».  Себебі,  қазіргі  таңда  бүкіл  адамзат  алдында  бұрын 
болмаған  ауқымды,  бүкіл  әлемдік  мәселелер  қойылуда.  Олардың  ішінде  бейбітшілік  пен  қарусыздану, 
қоғамдық  және  әлеуметтік  даму,  халық  ағарту  және  мәдениет  мәселелері,  денсаулық  сақтау  және  т.б. 
Адамзат  болашағы  аталған  ауқымды  мәселелермен  тікелей  байланысты  екені  сөзсіз  [1].  Сондықтан, 
жеткіншек-оқушылардың жеке қасиеттерін есепке ала отырып, оларды жан-жақты қалыптастыру – қазіргі 
таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселені кеңінен қарастыруға баланың бойындағы туа берілетін 
қасиеттердің бірі – темперамент ерекше орын алады.  
Жеткіншектік  кезең  –  жеке  тұлғаның  қалыптасу  кезеңі  болып  табылатын,  бала  жасындағы  ең  қиын 
және күрделі кезең.  
Э.Эриксонның  эпигенетикалық  концепциясына  сүйенетін  болсақ,  адам  өмірінде  сегіз  түрлі  психо-
әлеуметтік дағдарысты басынан өткізеді, оның сәтті немесе сәтсіз өтуі жеке тұлғаның әрі қарай дамуына 
әсер етеді. Дағдарыстың бесінші түрі – жеткіншектік кезеңге сәйкес келеді. Өзін-өзі идентификациялау 
мақсатында жеткіншектердің барлығы басынан өткізеді (басқа адамдарға еліктеу, олармен өздерін салыс-
тыру).  Өзін-өзі  идентификациялай  алмау  және  осыған  байланысты  барлық  қиындықтары  жеткіншектің 
эмоционалдық, әлеуметтік және кәсіби саладағы өзінің орнын таба алмауына алып келеді [2]. 
Жеткіншектік  кезеңнің  негізгі  жаңадан  қалыптасқан  қасиеттері  ретінде:  «Меннің»  ашылуы,  рефлек-
сияның пайда болуы, өзінің жеке тұлғалығын ұғынуы, идентификациялау.  
Жеткіншектік  кезеңнің  ерекше  белгілері:  іштей  мазасыздану,  ашушаңдық,  агрессивтілік,  мінез 
акцентуациясы, дербестікке ұмтылу, девиациялық және деликвенті мінез-құлық [3]. 
Табиғатта  екі  бірдей  адамды,  жеке  тұлғаны  кездестіру  қиын.  Әрбір  адамның  жеке  тұлға  ретінде 
даралық  ерекшеліктері  қайталанбайды.  Адамдар  бір-біріне  ұқсас  болып  келуі  мүмкін.  Адамдардың 
даралық-психологиялық ерекшеліктері әртүрлі болады. Осындай тұрақты және адамға туғаннан берілетін 
психологиялық қасиеттер темпераменттің қасиеті болып табылады. Демек, темпераменттің қасиеттеріне 
ең алдымен туа біткен және даралық-өзіндік психикалық қасиеттер жатады.  
Темперамент  туралы  мәселелер  –  антикалық  дәуірден  бері  ғалым-зерттеушілерді  қызықтырып  келе 
жатқан мәселе. Бұл жайында ертедегі грек медицинасының көрнекті өкілдері Гиппократ, рим дәрігерлері, 
Гален және т.б. ғалымдар.  
Темперамент  туралы  ілім  ерте  кезде  пайда  болған.  Ертедегі  грек  медицинасының  көрнекті  өкілі 
Гиппократ (б.з.д. V ғ.) және оның шәкірттерінің айтуынша, адам ағзасының жағдайы негізінен адам ағза-
сында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың сандық арақатынасына байланысты (қан, шырын, 
өт). Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше «красис» деп аталады.  
Рим  дәрігерлері  жүздеген  жылдар  кейін  жұмыс  істеген  бұл  ұғымды  латынша  temperamentum  деп 
атады, кейін келіп «темперамент» термині шықты. Римнің белгілі дәрігері б.з.д. II ғ. өмір сүрген Гален 
алғаш  рет  темпераментті  жан-жақты  жіктей  отырып,  сипаттама  берді.  Ол  темпераменттің  санын  13-ке 
дейін  жеткізді.  Кейіннен  бұл  темпераменттің  саны  төртеуге  дейін  жинақталды.  Олардың  әрқайсысы 
белгілі бір сұйық заттың басымдығына қарай сипатталды.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
236
 
 
Темпераменттің төрт типі жайлы теорияларды тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, олар мыналар: 
гуморалды, конституционалды, нейрофизиологиялық теориялар деп бөлінеді.  
Мәселен,  гуморалды  теория  –  темпераментті  адам  бойындағы  сұйықтармен  байланыстырған  (лат. 
Humor – сұйық). Бұл теорияның негізін қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ. Гуморалды теорияның 
өкілдері:  Гиппократ,  Гален,  И.Кант,  П.Ф.  Лесгафт  және  т.б.  Осы  психологиялық  тағылымды  арқау  ете 
отырып, алғашқы рет темперамент түрлеріне сипаттама берді.  
Гуморалды теорияның негізгі өкілі Гиппократтың классификациясы бойынша, ағзада сұйық заттардың 
пропорциясының басым болуына байланысты бірнеше  темперамент типтерін бөліп қарастырған: 
Біріншіден,  қанның  пропорциясы  басым  болса,  сангвиникалық  темперамент  деп  аталды  (латын  сөзі 
«сангвиус» - қан);  
Екіншіден, шырынның пропорциясы басым болса, флегматикалык темперамент деп аталады (грек сөзі 
«флегма» – сөл);  
Үшіншіден, сары өттің пропорциясы басым болса, холерикалық темперамент деп аталады  (грек сөзі 
«холэ» – сары өт);  
Төртіншіден, қара өттің пропорциясы басым болса, меланхоликалық темперамент деп аталады  (грек 
сөзі «мелайна холэ» – қара өт).  
И.Кант  гуморалды  теорияны  негізге  ала  отырып  темпераментті  адамның  сезімімен  және  әрекетімен 
байланыстырады. Сангвиник – көңілі көтеріңкі адам; меланхолик – тұйық; холерик – әрекетшіл, белсенді, 
ұстамсыз; флегматик – ұстамды, мізбақбас.  
Ал отандас ғалым П.Ф.Лесгафт темпераментті қан айналым жүйесінің ерекшелігімен және зат алмасу 
процесінің жылдамдығымен байланыстырып қарастырады.  
Конституционалды  теория  –  темпераменттің  биологиялық  негізі  ретінде  дене  құрылымын,  дене 
мүшелерінің  пішінін  және  өлшемдерін  қарастыра  отырып,  әр  адам  өз  дене  құрылымына  қарай  өзіндік 
психикалық ерекшелікке ие деп санаған.  
Конституционалды теорияның өкілдері: Э.Кречмер, У.Шелдон. 
Э.Кречмердің  типологиясы.  Ол  адам  денесінің  бөліктеріне  көптеген  зерттеулер  жүргізіп,  осының 
нәтижесінде 4 дене бітімінің типін бөліп көрсетуге мүмкіншілік берді. 
1. Лептосоматик – нәзік дене құрылысымен, биік бойымен, тегіс келген омырауымен сипатталады (тар 
иықты, қол-аяқтары ұзын және жүдеу келеді). 
2. Пикник – өте толық келген, орта және шағын бойымен, үлкен ішімен және қысқа мойынды дөнгелек 
басымен сипатталады.  
3.  Атлетик  –  күшті  дамыған  бұлшық  етімен,  мықты  дене  бітімімен,  ұзын  немесе  орта  бойлы,  кең 
иықты, тар жамбасымен ерекшеленетін адамдар.  
4. Диспластик – дене бітімі ешқандай түрсіз, дұрыс емес дене құрылымымен ерекшеленетін адамдар. 
Бұл  типтегі  адамдар  дене  бітімінің  әртүрлі  түрін  өзгерту  арқылы  сипатталады  (Мысалы,  шамадан  тыс 
бойы ұзын немесе қысқа, пропорционал емес дене бітімі).  
Жоғарыда  аталған  дене  құрылысының  типтерімен  катар  Кречмер  3  темпераменттің  түрін  ерекше 
атады, оларды ол шизотимик, иксотимик және циклотимик. 
Шизотимик  –  астеникалық  дене  бітімі  бар,  ол  тұйық,  сезімнің  өзгеруіне  бейім  келетін  қасарыспа, 
ұстанымы мен көзқарасын өзгертуге бейім емес, қоршаған ортаға өте қиын бейімделетін тип.  
Иксотимик  –  атлетикалық  дене  бітімімен  ерекшеленеді.  Бұл  салмақты,  көңіл-күйі  аз  өзгеретін,  бет 
пішіні, дене қозғалысы ұстамды, ойлаудың икемділігімен ерекшеленетін адам. 
Циклотомик  –  пикникалық  дене  бітімі  бар,  оның  эмоциясы  қуаныш  пен  қайғының  арасында,  ол 
адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайды және көзқарасында реалистік бағыт басым [4].  
Кеңестік психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М.Теплов еңбектері 
болып  табылады.  Теплов  бойынша,  темпераменттің  қасиеттеріне  психикалық  іс-әрекет  динамикасын 
сипаттайтын тұрақты психикалық қасиеттер жатады.  
Темпераменттің  индивидуальды  ерекшелігін  темпераменттің  қандай  да  бір  қасиеттерінің  даму 
деңгейімен түсіндірді.  
Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды: эмоционалды қозу, зейіннің қозуы, эмоция-
ның күші, мазасыздық, ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі, ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің 
белсенділігі, майыспалылық – регидтілік, резистенттілік, субъективтілік
Темпераменттің  табиғатын  және  физиологиялық  негіздерін  ғылыми  тұрғыдан  И.П.  Павлов  жүйке 
жүйесінің  негізгі  қасиеттері  туралы  ілімінде  түсіндіріп  берді.  И.П.  Павловтың  ілімі  бойынша,  мінез-

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
237 
құлықтың  дара  ерекшеліктері,  психикалық  іс-әрекеттің  жүру  қарқыны  жүйке  жүйесінің  қызметінің 
даралық айырмашылықтарына байланысты.  
И.П. Павлов жүйке жүйесінің үш түрлі негізгі қасиеттерін бөліп көрсетті:  
1) қозу және тежелу үрдісінің күші. Ол жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілетіне байланысты;  
2)  жүйке  жүйесінің  тепе-теңдігі,  демек,  қозудың  күшінің  тежелудің  күшіне  сәйкес  келу  дәрежесі 
(немесе оның тепе-теңдігі);  
3) жүйке жүйелерінің қозғалғыштығы, демек, қозудың тежелуге ауысу жылдамдығы және керісінше. 
Барлық  бұл  қасиеттер,  жалпы  жүйке  жүйесі  ретінде,  бір  ғана  биологиялық  қызметті  атқарады,  өз 
уақытында ағзаны қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстайды.  
И.П. Павлов жүйке жүйесінің төрт негізгі түрін ажыратты:  
1) күшті, ұстамсыз (қозудың күші басым болуы);  
2) күшті, ұстамды, қозғалғыш;  
3) күшті, ұстамды, сылбыр;  
4) әлсіз. 
И.П.  Павлов  жүйке  процесінің  күшіне  орай  және  күшті  типпен  әлсіз  типті  ажыратып,  дәстүрлі 
Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты.  
1-тип: күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;  
2-тип: күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;  
3-тип: күшті, қозуы басым – холерик;  
4-тип: әлсіз тип – меланхолик. 
И.П. Павлов барлық адамдарды төрт темпераментке, яғни мінез-құлық топтарына бөлген. Мәселен,  
Холерик-албырт.  Мінезі  өте  шапшаң,  қызба,  белсенді,  қайратты  көңілді  адамдар  жатады.  Олар  өте 
іскер, жылдам қимылдап, шаруаның бұлқан-талқанын шығарып істеп тастайды.  
Сангвиник-ширақ.  Пысық,  ұстамды,  іскер,  жайдарлы,  көпшіл,  көңілшек  адамдар  тобы.  Олар 
мақсатына жетуге жігерленіп, қайраттанып, аянбай еңбек етеді.  
Флегматик-салмақты.  Байсалды,  сбырлы,  аздап  енжарлы,  самарқау,  іс-әрекеті  баяу  жандар  тобы. 
Істеген  жұмыстары  көпке  созылады,  бірақ  нәтижелі  болады.  Мақсатына  жету  үшін  табандылық, 
төзімділік көрсете алады, бірақ жайбарақаттылық байқатады. 
Меланхолик-ынжық.  Бұған  жұмсақ  мінезді,  әлсіз,  өкпешіл,  дәрменсіз,  мұңшыл,  жасқаншақ,  жуас, 
сескеншек адамдар жатады. Өмір өзгерістеріне өте баяу, қиналып бейімделеді. Сезімталдығы өте төмен, 
тұйық мінезді көңілсіз жандар [5]. 
Психологиялық  әдебиеттерді  талдау  бізге  жеткіншектердің  психикалық  дамуында  көрініс  беретін 
темперамент типтерін анықтауға мүмкіндік берді. Мәселен,  
Сангвиник  темпераментіндегі  жеткіншек  –  қозғалғыш,  сергек,  қызыққыш  келеді.  Сангвинниктер 
негізінен  көңілді  тип.  Эмоциялық  көңіл-күйі  тұрақсыз,  өзгеріп  отырады,  сезімге  тез  беріледі.  Олардың 
сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң ашуланып, тез арада күйіп-пісіп қалады. Ашуы тез басылады, кек 
сақтамайды,  тез  ұмытып  кетеді,  сәтсіздіктерді  тез  жеңе  біледі,  ұжымда  беделді.  Ұжым  мүшелерімен 
жақсы қарым-қатынаста болады, адамдармен тез арада тіл табыса біледі. Сангвиникалық типтегі жеткін-
шектер  тез  пайда  болатын  күшті,  бірақ  тұрақсыз  эмоциялық  қозуымен  ерешеленеді.  Сангвиниктердің 
көңіл-күйі  тез  өзгеріп  отырады.  Бұл  типтегі  балалар  қозғалғыштығымен  ерекшеленеді.  Ондай  балалар 
әртүрлі  іске  тез  кіріседі,  бірақ  әр  нәрсенің  басын  бастап,  аяқсыз  қаддырады,  істі  аяғына  дейін  жеткізе 
алмайды, тез арада суып қалады, олар бір бағыттағы ұзақ, табандылықты қажет ететін іс-әрекетке бейім 
емес. Олардың ренжуі де, жылауы да тез, күлуі оңай. Сезімі тез өзгеріп отырады. 
Флегматик темпераментіндегі жеткіншек – жай пайда болатын, әлсіз және қысқа мерзімді эмоциялық 
қозуымен  ерекшеленеді.  Флегматиктің  сезімі  сырттай  әлсіз  аңғарылады.  Бұл  типтегі  жеткіншектердің 
қуануы да, қайғыруы да қиын. Флегматикалық типтегі балалар сабырлы, салмақты, мінез-құлқы әруақыт-
та да бір күйде тұрады. Флегматиктердің психикалық үрдістері жай, бір сарынды жүреді. Бұлар өте ұстам-
ды, салмақты, іс-әрекетте баяу. Істеген ісін сапалы, тындырымды орындайды. Бүл типтегі балалар сабақ-
ты жаксы оқиды, іс-әрекетте орнықты, табандылық анғартады. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик 
әр уақытта орнықты, салмақты, ретімен адамдармен араласады, көңіл-күйі тұрақты. Олар әр кез жанжал-
дан басын ала қашады. Кейбір қолайсыз жағдайларда флегматиктерде тән сылбырлық, енжарлық, жалқау-
лық  сияқты  жағымсыз  қасиеттер  қалыптасуы  мүмкін.  Қиын  тапсырмаларды  орындауда  белсенділігін 
арттырып, оларды орындауға тырысады.  
Холерик темпераментіндегі жеткіншек – тез пайда болатын күшті және тұрақты эмоциялық қозуымен 
ерекшеленеді. Холериктердің сезімі бет-пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анық байқалады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
238
 
 
Холериктер  күйіп-пісу,  тез  қозғалғыштық,  әруақытта  да  іс-әрекетке  бейім  келеді.  Оларда  психикалық 
үрдістер  тез,  жылдам  жүріп  жатады.  Холериктер  іс-әрекетке  жылдам,  қызыға,  құлшына  кіріседі.  Бұл 
типтегі  балалар  өте  белсенді.  Холерикалық  типтегі  қозу,  тежелуден  басым  келеді.  Олар  жігерлі,  қызу 
қанды,  кейде  артық  кетіп  қалады,  кейде  ашуға,  сезімге  тез  беріледі.  Ұжымда  эмоциялық  ұстамсыздық 
аңғартады және осының негізінде ұжымда кейбір жайсыз ахуал қалыптасады. Холериктердің жағымды 
жақтары – белсенділігі, іскерлігі, іс-әрекетке тез енетіндігі. Жағымсыз тұстары – ұстамсыздығы, дөрекі-
лігі, ұшқалақтығы, ашуға тез берілгіштігі. Бұл типтегі балалар белсенді. Олар іске тез кіріседі және оны 
аяғына дейін жеткізеді. Олардың біреуге ренжіп қалуы да тез. Ашуланған адамына кекті ұзақ сақтайды, 
көпке дейін ұмытпайды.  
Меланхолик  темпераментіндегі  жеткіншек  –  жай,  бірақ  күшті  және  тұрақты  эмоциялық  қозумен 
ерекшеленеді. Меланхоликтер тұрақты, ұзақ көңіл-күйге бейім тұрады, бірақ олардың сезімі сырттай әлсіз 
аңғарылады. Меланхоликалық типтегі балалар қозғалыста, іс-әрекетте баяу. Меланхолик іс-әрекетке бір-
ден кірісе алмайды, ырғалып-жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса, аяғына дейін жеткізеді. Бұл 
типтегі  балалар  тез  шаршайды,  эмоциялық  көңіл-күйі  жай  пайда  болады,  бірақ  тереңдігімен,  ерекше 
күшімен  және  ұзақтығымен  ерекшеленеді.  Меланхоликтердің  жаны  тез  жараланғыш,  көңіліне  ауыр 
алғандарын  ешуақытта  ұмытпайды,  кекті  ұзақ  сақтайды.  Бұл  типтегі  балалар  көбіне  тұйық  келеді, 
ұжыммен  және  адамдармен,  әсіресе  таныс  емес,  жаңа  адамдармен  карым-қатынас  жасауы  қиын.  Олар 
коғамдық  жұмыстарға  қатыспайды,  ондай  балалар  өзімен-өзі  болғанды  жақсы  көреді.  Сондықтан  да 
белгілі қолайлы жағдайларда, дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысында меланхоликтерге ерекше 
назар  аударған  жен.  Оларға  мұғалімдердің  тарапынан  ерекше  көңіл  бөлініп,  жағдай  жасалса,  олардың 
бойындағы құнды қасиеттерді дамытуға болады.  
Сонымен, жеткіншектік кезеңде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуында темпераменттің 
алатын  орны  зор  деуге  болады.  Оқу  мен  тәрбиені  оңтайластыру,  олардың  тиімділігін  көтеру  жолында 
әрбір  педагог  өз  оқушысының  темперамент  типін  мүмкіндігінше  нақты  анықтап  алғаны  жөн.  Өйткені, 
жеткіншектердің жетекші іс-әрекеті – қоғамдық пайдалы іс-әрекет, яғни өзі қызығып, сүйіп орындайтын 
іс-әрекеттер болып табылады. Содан кейін оларды қызықтыратын қоғамдық жұмыстар мен тапсырмалар 
беру керек. 
Осыған орай, болашақ педагог-психолог ретінде мектеп мұғалімдеріне жеткіншектердің психикалық 
дамуында көрініс беретін темперамент типтерін дамытуға байланысты мынадай кеңес беруге болады: 
1. Холериктің  оқу істерін  мейлінше жиі бақылауға  алған дұрыс. Бұл типті оқушымен қатты сөзбен, 
жекіріп қатынас жасауға тіпті болмайды. Сонымен бірге оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, 
әділ бағалануы тиіс. Холерик типіндегі балалардың арасында «Кім ұзақ уақыт сөйлемей отырады» деген 
ойын өткізуге болады. Бұл ойында балаларды дөңгелектетіп отырғызып, мұғалім өзіне уақыт белгілейді, 
бірақ онысын балаларға айтпау керек, ал уақыт неғұрлым ұзақ болса балалар жеңуге тырысып соғұрлым 
тыныш  отырады.  Алғашқыда  уақытты  10-15  минуттан  асырмау  керек.  Уақыт  өте  ойынның  уақытын 
ұзартуға болады. 
2.  Сангвиниктерді  үздіксіз  жаңа  қызғылықты,  зейін  тоқтатып,  белгілі  күш  жұмсауды  талап  ететін 
істерге қосып отыру керек. Сонымен қатар, оны ұдайы белсенді іс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбей 
жеткізіп тұру да өте қажет. Ал, сангвиник  типіндегі балалардың жағымсыз жақтары, олардың берілген 
тапсырманы аяғына дейін жеткізбеуі және тұрақсыз болып келуі. Оларды тұрақтандыру барысында олар-
ға әртүрлі тапсырмаларды жиі беріп және уақытын белгілеп тұру керек. Басында тапсырмалар оңайырақ 
болса, біртіндеп тапсырмаларды қиындату керек. 
3. Флегматик болса қызғылықты, белсенді әрекетке келіп, жұрт назарында болғанды ұнатады. Оны бір 
ісінен  екінші  ісіне  ауыстыра  бермеген  жөн.  Флегматик  типіндегі  балаларды  көбірек  қоғамдық  жұмыс-
тарға  шақыру  керек.  Сонымен  қатар,  оларды  көптеген  қызықтыратын  әдеби,  музыкалық  кештерге 
қатыстыру керек. 
4. Ал меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тіпті жай дауыс көтеру, 
әзіл-оспақтың өзі орынсыз. Онымен жіберген қате-кемшіліктері жөнінде оңаша әңгімелескен жөн. Оған 
ерекше  назар  бөліп,  әрқандай  іс-әрекетте  көрсеткен  белсенділік  ұшқыны  үшін  де  мезетінде  мақтап, 
қошеметтеп отыру керек. Сонымен қатар, «Қой аузынан шөп алмайтын» момын, меланхолик типіндегі 
балалардың арасында «Кім жүйрік?», «Кім тапқыр?» деген атпен көптеген ойындар өткізуге болады. Бұл 
ойындар  меланхолик  баланың  қызығушылығын  оятады.  Меланхолик  типіндегі  балаларға  сабақ  үстінде 
кітапты дауыстап оқыту керек, өйткені олар көбінесе мәнерсіз, жай сөйлейтін болып келеді [6].  

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
239 
Оқу-тәрбие  процесінде  жеткіншектердің  психикалық  дамуындағы  темперамент  типтерін  анықтауда 
зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін психологияның қолданбалы саласында кеңінен қолданылып жүрген 
әдіс-тәсілдерді іріктеп алуды жөн көрдік. Мәселен, жеткіншектердің психикалық дамуында темперамент 
типтерін анықтаудың әдіс-тәсілдері мыналар:  
1. Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті. 
2. Темпераментті анықтауға арналған Я.Стреляу тесті. 
3. Хейманс, Е.Вирсма сауалнамалары. 
4. Спилбергердің әдістемесі бойынша мазасыздықтың дәрежесін анықтау. 
5. Темпераменттің ерекшеліктерін анықтауға арналғаи жоспар бойынша байқау әдісі және т.б.  
1. Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті. Бұл тестті орта сынып оқушыларынан бастап ересек 
адамдарға дейін қолдануға болады. Мақсаты – баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылы-
ғын (нейротизмнің көрінісін) анықтау. 
2. Темпераментті анықтауға арналған Я.Стреляу тесті. Мақсаты – темперамент типін және жүйке процес-
терінің  тепе-теңдігін  анықтау.  Тестте  берілген  134  сұрақтарға  жауапты  талдау  арқылы  темперамент 
көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. 
3. Хейманс, Е.Вирсма сауалнамалары. Голланд психологтары Хейманс, Е.Вирсма және екі мың балаға 
сауалнама  көмегімен  зерттеу  жүргізіп,  өздерінің  типологиялық  негізіне  3  психологиялық  сипаттаманы, 
мінездің негізгі элементтері ретінде жатқызды. Мысалы, белсенділік – енжарлық іс-әрекеті, эмоционал-
дылық – эмоционалсыздық, темперальды – энергетикалық реакциясы.  
Сонымен, қорыта айтқанда, шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, 
мен  сіздердің  болашақтарыңызды  айтып  берейін»  деген  екен.  Бүгінгі  жеткіншек  –  ертеңгі  егеменді 
еліміздің азаматы. Біздің болашағымыз бүгінгі жас жеткіншектерімізге байланысты. Олай болса, болашақ 
педагог-психологтардың  психологиялық  қызмет  көрсетудегі  басты  міндеті  –  жеткіншектердің 
темперамент типтерін анықтау үшін психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды тиімді 
ұйымдастыра білу деп баса айтуға болады. 
 
1.  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2007.  
2.  Кон И.С.Психология ранней юности. – М., 1989. 
3.  Әліпбек А.З. Жеткіншектер психологиясы. – Шымкент, 2016 
4.  Жарықбаев Қ.Б. Психология. – Алматы: Білім, 2005.  
5. Жақыпов С. Жалпы психология. – Алматы, 1998.  
6.  Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. – Алматы, 2012.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет