Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет39/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52

Түйіндеме 
Додуева С.Ж. – ФГБНУ Институты "білім беруді дамыту стратегиясы Ресей білім академиясының" білім және 
ғылым Министрлігінің, РФ, Мәскеу қ., филология ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкері,  зерттеу 
Орталығының инновациялық қызмет білім ИСРО РАК 
 
Қабілеттілік мектепке дейінгі білім беру ұйымының жаңалығы ретінде сипаттамасы қабілетін дамыту 
Бұл мақалада қажеттілігін негіздеген арттыру жетіспей мектепке дейінгі білім беру ұйымының новшествам, орны 
мен рөлі талдау сыртқы ортаның мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ББМДҰ) бағдарламаны әзірлеу 
кезінде. Анықталды оның негізгі міндеттері мыналар талдау өзгерістер сипаттамаларын әлеуметтік тапсырыс. 
Сипаттамалары жетіспей ББМДҰ – новшествам қамтиды инновациялық процестің іздеу жаңалықтарын туралы 
шешім  қабылданғанға  дейін  оларды  енгізу  немесе  олардан  бас  тартылғандығы.  Ол  байланысты  сезімталдығы 
ББМДҰ-ның қарай дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ сезімталдығы жеке проблемалары. 
Түйінсөздер:қабілеттілік инновациялық қызметті енгізуге дайын инновациялық қызметтің  ББМДҰ-талдау, білім 
беру  қызметінің,  сыртқы  орта,  мектепке  дейінгі  білім  беру,  мектепке  дейінгі  білім  беретін  ұйым,  әлеуметтік 
тапсырыс.  
 
Summary 
Dodueva S.ZH.  – FEDERAL state scientific institution "Institute of education development strategy of the Russian Academy 
of education" of the Ministry of education and science of the Russian Federation, Moscow, candidate of philological Sciences, 
senior researcher of the research Center for innovation in education, ISRO, RAO 
 
The susceptibility of pre-school educational institution for innovation as a characteristic ability to develop 
In  the  article  the  necessity  of  increasing  the  susceptibility  of  pre-school  educational  organizations  for  innovations,  the 
place and role of the analysis of the external environment of preschool educational organizations (hereinafter – Doo) when 
developing programs of development. Identifies its main tasks, including the analysis of changes in the characteristics of the 
social order. 
Characteristics of susceptibility to the innovations of the Dоо covers the stages of the innovation process from the search 
of innovations before deciding on their implementation or cancel them. It is associated with the sensitivity of the Dоо to the 
possibilities of development, as well as sensitivity to their own problems. 
Key  words:  receptivity  to  innovation,  a  willingness  to  implement  innovative  activities  of  the  Dоо,  the  analysis  of 
educational activities, external environment, primary education, preschool education organization, social order. 
 
ӘОЖ 159.922:159.923  
 
ДЕВИАНТТЫ ЖЕТКІНШЕКТЕР ТҰЛҒАСЫНЫҢ ДАМУЫНДА ӨЗІНДІК  
САНА-СЕЗІМДЕРДІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Әліпбек А.З. – п.ғ.к., доцент м.а., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 
e-mail: 
alipbek_ardak@mail.ru
 
Ташкенбаева С.М. – аға оқытушы, Сырдария университеті 
 
Мақалада  девиантты  жеткіншектер  тұлғасының  дамуында  өзіндік  сана-сезімдердің  маңызы  жайында  қарасты-
рылған. Сонымен қатар, жеткіншектік кезеңде көрініс беретін девиантты мінез-құлықтың типтері мен факторлары 
анықталады. Девиантты жеткіншектердің тұлғалық дамуы өзіндік сана-сезімдердің өзгерісімен байланысты болады, 
яғни баланың басқаларға деген қатынасы, қызығушылықтары, идеалдары өзгеріске ұшырайтыны айқындалған.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
246
 
 
Тірек сөздер: девиация; девиантты мінез-құлық; жеткіншек; тұлға; даму; өзіндік сана-сезім; делинквентті мінез-
құлық; криминалды мінез-құлық. 
 
Мемлекетіміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі – адами 
ресурстарды дамытуда ең алдымен оның әлеуметтік капиталының қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік 
функцияларды жүзеге асыратын факторларды белгілеген:  
- девиантты және деликвентті балалармен жұмысты күшейтуді жоспарлау;  
- отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта және тұтас қоғам құру;  
- Арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім ұйымдарына баса назар аудару;  
- кәмелетке толмағандарды дағдарыс жағдайынан шығуға және өмірін орнықтыруға, баланы отбасы-
мен қосуға көмек көрсету мен отбасын әрі қарай сүйемелдеу [1].  
Қазіргі  уақытта  қоғамда  өзекті  де  және  күрделі  мәселелердің  бірі  –  «қиын,  девиантты  мінез-құлықты 
балалар»  мәселесі.  Соңғы  уақытта  оқушылар  арасындағы  нашақорлық,  алкогольді  пайдалану,  құрбыла-
рына  зорлық-зомбылық  көрсету,  ұрлық  сияқты  аморалды  іс-әрекеттер  өте  жиі  кездеседі.  «Бүгінгі  Қазақ-
стан»  статистика  ақпараттық  агенттігінің  деректері  бойынша,  2012  жылы  Қазақстанда  кәмелет  жасына 
толмағандар 1612 ауыр және 91 аса ауыр қылмыстар жасаған, оның ішінде 61 адам өлтіру, 167 қарақшылық 
шабуыл, 754 тонау оқиғалары бар. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері жылына 12-15%-ға өсуде. 
Осы жағдайдың бәрі мектеп жүйесінде псмәселеге байланысты тәрбие жұмысын нығайтуды талап етеді. 
Девиантты мінез-құлық – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айта-
ды. Ол – ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Девиация бірнеше типтен тұрады: 
- девиантты мінез-құлық;  
- делинквентті мінез-құлық;  
- криминалды мінез-құлық.  
1.  Девиантты  мінез-құлықтың  көрсеткіштеріне:  агрессия,  демонстрация,  оқудан,  еңбектен  бет  бұру, 
үйден  кету,  алкоголизм,  наркомания,  қоғамға  жат  қылықтар,  жыныстық  жат  мінез-құлық,  суицид  т.б. 
жатады.  
2.  Делинквентті  мінез-құлық.  Ол  заң  бұзушылықпен  ерекшеленеді.  Оның  мынадай  типтері  бар: 
Агрессивті-зорлаушылық  мінез-құлық.  Бұл  жеке  тұлғаға  көрсетілетін  дөрекілік,  төбелес,  күйдіріп-жан-
дыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерден көрініс береді. Ашкөздік мінез-құлық: ұсақ ұрлықтар, қорқытып-
үркіту,  автокөлік  ұрлау  т.б.  жалпы  материалдық  пайдакүнемдікке  байланысты  жат  мінез-құлық.  Наша 
сату және тарату.  
3.  Криминалды  мінез-құлық  –  заң  бұзушылық  болып  табылады.  Балалар  сот  үкімі  арқылы  жасаған 
қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. 
Девиантты жеткіншектер тұлғасының өзіндік сана-сезімдерін дамыту бойынша бірқатар Қазақстандық 
ғалым-педагогтар зерттеген: А.Жұмабаев, Қ.А. Жүкенов, А.М. Қарабаева, А.Қ. Каримов, А.В. Лысенко, 
И.Ф. Казаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Г.А. Уманов. Бұл зерттеушілер девиантты 
жеткіншектер  тұлғасының  өзіндік  сана-сезімдерін  дамытуда  әлеуметтік  педагогикалық  факторлардың 
әсер ететіндігін зерттеді.  
Девиацияның негізгі бес факторы белгіленеді:  
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және 
анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:  
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, наша-
қорлық  заттарды  пайдалануы,  темекі  тартуы,  ананың  физикалық,  психикалық  т.б.  сырқаттары  себеп 
болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің 
зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер. 
2. Психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, 
адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, 
токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері; 
3. Физиологиялық факторлар: сөйлеу дефектілері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.  
4.  Психологиялық  факторлар.  Бұған  баладағы  психопатологиялар  мен  мінездегі  кейбір  қасиеттердің 
басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврасте-
нияда  т.б.  көрінеді.  Акцентуациялық  сипаттағы  мінезді  балалар  өте  ашушаң,  дөрекі  болады.  Оларға 
міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбие-
лік жұмыстар жүргізу керек.  

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
247 
5. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшілік-
тердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке 
дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар [2]. 
Психология-педагогика  саласында  «Девиантты  мінез-құлық»  терминін  жастық  категориямен,  оның 
ішінде жеткіншектік кезеңмен байланыстырады. Жеткіншектік кезеңдегі жас ерекшеліктерінің сипаттама-
ларын  ескерсек,  осы  кезеңдегі  жеткіншектер  дербес  өмірге  кірудің  алғашқы  кезеңдерін  басынан  өткізе 
бастайды.  
Девиантты  мінез-құлықтың  пайда  болуы  мен  салдары  оның  тұлға  ретінде  дамуына  қатты  әсер  етуі 
мүмкін.  
Девиацияны  зерттеуші  көптеген  ғалымдар  девиантты  мінез-құлықтың  пайда  болу  факторларын 
түсіндіреді: 
- жанұяда берекенің болмауы;  
- ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;  
- тәрбие берудегі кемшіліктер;  
- өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;  
- өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе 
алмауы;  
- сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды 
дамыта алмау;  
- психоактивті заттарды жиі пайдалануы;  
- агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;  
- мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;  
- жеткіншектердің бос уақытының проблемалары [3]. 
Жас  ұрпақтың  жаңа  психологиялық  мүмкіндіктерін  қалыптастыруға  бағыттау,  баланың  психикалық 
дамуы,  оны  ілгері  дамыту,  мақсатқа  бағдарлай  ұйымдастыру,  өзіндік  санасы  және  өзін-өзі  тәрбиелеу 
үрдісін  ұйымдастыруға  кең  өрісті  жағдай  туғызады.  Сондықтан  біздің  зерттеуімізде  жеткіншектердің 
өзіндік сана-сезімдері мәселесінің ерекшеліктерін қарастыру мақсат етілген.  
Жеткіншектердің өзіндік сана-сезімдері механизмдерінің ерекшеліктерін қойылған міндеттерге сәйкес 
реттей білу психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жүйелі қатынас бағытымен жүргізуді талап етеді.  
Баланың жеткіншектік кезеңге аяқ басуы – оның тұлғалық дамуында өзіндік сана-сезімдердің айрық-
ша  орын  алуымен  мәнді.  Жеткіншекте  ересек  адамның  позициясы  қалыптаса  бастайды  оған  ересектік 
сезімнің  дамуы  және  жеткіншектің  ересектігін  басқа  адамдардың  тануы  негіз  болады.  Бұл  позиция  – 
жеткіншектің өміріндегі объективтік жағдайына әлі сай келмесе де, оның пайда болуы жеткіншектің өз 
айналасындағы  ересектер  дүниесімен,  олардың  игіліктері  дүниесімен  жаңа  қатынастарға  субъективті 
тұрғыдан аяқ басқанын білдіреді.  
Девиантты  жеткіншектер  тұлғасының  дамуындағы  маңызды  сәттердің  бірі  –  оның  өзіндік  сана-
сезімнің,  өзін  тұлға  ретінде  тану  қажеттілігінің  қалыптасуы.  Жеткіншектік  кезеңде  балада  өзіне,  өзінің 
ішкі  жан-дүниесіне,  дербес  тұлғалық  сапаларына  және  басқа  құрбыларымен  өзін  салыстыруға  деген 
қажеттілік туындайды. Ол өзіне мән беріп, өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға тырысады. Өзін-
дік санаға деген қажеттілік өмірден, тәжірибелік іс-әрекеттен туындап, ересектер тобының талаптарымен 
анықталады.  Жеткіншектің  өз  мүмкіндіктерін  бағалау  қажеттілігі  оның  ұжымда  өз  орнын  табуға  деген 
әрекеттің негізінде туындайды.  
Өзіндік  сана  –  күрделі  психологиялық  құрылым,  ол  ерекше  компоненттер  ретінде  қарастырылады. 
В.С. Мерлиннің анықтауы бойынша, өзіндік сана:  
Біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды; 
Екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «Менін» ұғынуды; 
Үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды; 
Төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды [4]. 
Жеткіншектің  өзіндік  санасының  ең  бастапқы  негізін  үлкендер  (ата-анасы,  мұғалімдері)  тарапынан 
берілетін  ой-пікірлер  құрайды.  Жеткіншек  алғашында  өзіне  басқа  адамдар  тарапынан  қарауға  бейім 
келеді. Біртіндеп ол өзіндік тұлғасын дербес талдауға және бағалауға ұмтылады. Алайда, жеткіншек өзін-
дік  тұлғалық  ерекшеліктерін  дұрыс  талдауға  жеткілікті  түрде  қабілетті  болмағандықтан,  өзі  туралы  өз 
пікірі  мен  басқа  адамдар  тарапынан  берілетін  бағалаудың  арасында  туындайтын  қарама-қайшылықтың 
негізінде кикілжің пайда болуы мүмкін. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
248
 
 
Жеткіншектердің тұлғалық дамуы өзіндік сана-сезімдердің өзгерісімен байланысты болады, яғни бала-
ның басқаларға деген қатынасы, қызығушылықтары, идеалдары өзгеріске ұшырайды. Ерте жеткін-шектік 
кезеңде (10-11 жас) мінез-құлықтың жағымсыз сапаларын бағалау жүзеге асады. Екінші кезеңде (12-13 
жас) өзіне және басқаларға деген теріс қатынас сақталады, сыртқы орта бағалауына тәуелді болады. Осы 
жастың соңғы кезеңінде (14-15) «оперативтік өзін-өзі бағалау» жүзеге асады.  
Оқу-тәрбие жұмысында мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса 
маңызды болып табылады.  
Біріншіден, мектеп жоспарында мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың барлығы үшін жүр-
гізілетін іс-шаралар белгіленген болуы керек. 
Екіншіден, әрбір мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс жоспары-
ның болуы.  
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-құлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кез-
десіп  жүр.  Мектеп  тәжірибесінде  мұндай  оқушыларды  «Мінез-құлқында  ауықулары  бар  оқушылар», 
«Қиын  тәрбиеленуші»,  «Қиын  балалар»  деп  атайды.  «Мұндай  оқушыларға  қандай  балаларды  жатқыза-
мыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім тала-
бын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері 
қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке 
ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.  
Девиантты жеткіншек-оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады:  
Біріншісі – тән кемтарлығы және жан-жарақаты бар оқушылар;  
Екіншісі – отбасында, мектепте тәрбиеленуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері 
факторлардың,  әлеуметтік  жағдайдың  әсері  болған  және  өтпелі  кезеңнің  күрделілігінен  мінезі  дұрыс 
қалыптаспаған оқушылар.  
Жеткіншек  жастағы  оқушылардың  девиантты  мінез-құлқының  пайда  болу  себептерін  психологтар 
отбасында  дұрыс  тәрбие  бермеудің  салдарынан  болатындығын  анықтап,  оларды  бірнеше  түрге  бөліп 
қарастырады: 
- отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы; 
- баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы;  
- қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі; шектен тыс қамқорлық т.б. 
Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен оқушы ешқандай күш жұмсамай көзга түскісі келіп тұра-
ды. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе алмайды (отбасының еркесі). Үлкендердің эмоциялық қақпай-
лауы  («золушка»  –  «өгей  қыз»).  Адамгершілік,  жауапкершіліктің  шектен  тыс  жоғары  болуы  баланы 
балалық қуанышпен айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі. 
Девиантты жеткіншек-оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруымыз керек. Мысалы, 
белгілі психолог К.К. Платоновтың көқарасы бойынша «жеке адамның психологиялық құрылымы» төрт 
бліктен тұрады: 
Біріншіден, оның темперамент, жыныс, жас ерекшеліктері, яғни биологиялық қасиеттері; 
Екіншіден,  оның  даму  барысында  дербес  ерекшеліктері,  яғни  ес,  ерлік,  түйсіну,  қабылдау,  эмоция 
және ойлау т.б.қасиеттері жатады; 
Үшіншіден, баланың әлеуметтік тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі; 
Төртіншіден, оның жалпы адамгершілік қасиеттері – жеке адамның бағыттылығы [5]. 
Б.С. Волков, Н.В. Волкова мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды мынадай топтарға бөледі: 
а) сезім әрекетіне бой алдырғыш (эмоционалды) оқушылар (жылауық, кекшіл, т.б.); 
б) агрессивті; 
в) қыңыр, қырсық; 
г) ұялшақ; 
д) тынымсыз, белсенді бала [6].  
Қорыта  айтқанда,  девиантты  жеткіншектер  тұлғасының  дамуында  өзіндік  сана-сезімдердің  маңызы 
туралы мәселе – қазіргі қоғам талабы тұрғысында өзінің көкейкестілігімен құнды. Олай болса, бұл мәселе 
күрделі  болғандықтан,  оның  көптеген  салаларын  қамтып  шығу  мүмкін  емес  және  оны  оқу-тәрбие 
үрдісінде одан әрі жетілдіруді қажет етеді. 
 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
249 
1.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жарлығы.  Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі 
Стратегиялық даму жоспары туралы. Астана: Ақорда, 2010 ж. – 1 ақпан.  
2.  Г.О.Берекполова.  Девиантты  мінез-құлықты  оқушылармен  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру:  Әдістемелік 
құрал. – Өскемен, 2014. – 68 б. 
3. Акажанова А.Т. Девиантология: Оқу құралы. – Алматы: Нұр-пресс, 2009. – 126 б. 
4. Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986. – 254 с. 
5. Платонов К.К. Избранные психологические труды: В 2 т. – М., 1996.  
6. Волков Б.С., Волкова Н.В. Психология подростков. – М., 2004. 
 
Резюме 
Алипбек А.З. – к.п.н., и.о. доцент, Южно-Казахстанский государственный педагогический институт.  
Ташкенбаева С.М. – старший преподаватель, Университет Сырдария 
 
Важность самосознания личностного развития девиантных подростков 
В  этой  статье  рассматриваются  вопросы  развития  самосознания  личности  подростков.  А  также  определяются 
типы  и  факторы  девиантного  поведения  проявляющиеся  в  подростковом  возрасте.  В  связи  с  изменением 
самосознания  в  личностном  развитии  девиантных  подростков,  то  есть  в  общении  детей  с  другими,  наблюдается 
изменение интересов, идеалов. 
Ключевые  слова:  девиация;  девиантное  поведение;  подросток;  личность;  развитие;  самосознания; 
делинквентное поведение; криминальное поведение. 
 
Summary 
Alipbek A.Z. – Ph.D.,  associate professor, South Kazakhstan State Pedagogical institute 
Tashkenbayeva S.M. – Senior Lecturer, University Syrdariya 
 
Importance of consciousness of personal development of deviant teenagers 
In this article questions of development of consciousness of the identity of teenagers are considered. And also the types 
and factors of deviant behavior which are shown at teenage age are defined. Due to the change of consciousness in personal 
development of deviant teenagers, that is in communication of children with others, change of interests, ideals is observed. 
Key  words:  deviation;  deviant  behavior;  teenager;  personality;  development;  consciousness;  delinkventny  behavior; 
criminal behavior. 
 
 
ӘОЖ.372.87  
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН  
МУЗЫКА САБАҒЫНДА  ДАМЫТУ 
 
Бакирова З.Ә. 

 магистр-оқытушы  
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, zakira.bakirova@mail.ru 
Беркинбаева Г.О

 магистр-оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,  
e-mail: g_u_l_n_a_z_k_e_n@mail.ru 
 
Музыка  –  адамзаттың  рухани  азығы,  жан  серігі.  Баланың  бойында  музыкалық  қабілет  жас  кезінен  басталады. 
Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп шыға-
ды. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу - музыкалық тәрбие беру жұмы-
сындағы міндеттердің бірі. Баланың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты – музыканы қабыл-
дай  білуге  қалыптастыру  болып  табылады.  Музыканы  дұрыс  қабылдай  білуге  тәрбиелей  отырып,  бірте–бірте 
музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастыруға болады. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, 
сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.  
Музыка адам өмірінің жан серігі, музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет, 
оның тілі кім-кімге де түсінікті. Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті – шәкірттерін музыка өнерінің 
сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка өнеріне дүниетанымын қалып-
тастыруда, халық қазынасын, халық тағылымын халық музыкасын тыңдатудың үлкен маңызы бар. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
250
 
 
Тірек  сөздер:  музыка,  оқушы,  ырғақ,  қарым-қатынас,  әуен,  саз,  музыкалық  мәдениет,  эстетикалық  талғам, 
ұлттық музыка, музыка мұғалімі. 
 
Музыканы қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, 
бастапқы  нүктесі  ретінде  қарастырылады,  яғни  музыка  тыңдау,  ән  айту.  Баланың  бойында  музыкалық 
қабілет жас кезінен басталады [1]. Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз 
алдына  елестетуді  біршама  меңгеріп  шығады.  Оның  бойында  музыкаға  деген  өзіндік  ой  саналық  және 
сезімдік тұрғыдағы қарым-қатынас қалыптасады.  Сонымен бірге әуен – саз, өлшем – ырғақ жүйесін есту 
тәжірибесі  қалыптасып,  есте  сақтап  қалу  қабілеті  де  жинақталады.  Баланы  музыка  тыңдауға,  тыңдай 
отырып  оны  сапалы  түрде  қабылдауға  баулу  музыкалық  тәрбие  беру  жұмысындағы  міндеттердің  бірі. 
Өйткені,  ол  оқушының  музыкалық  мәдениеттілігін  қалыптастырудың  алғы  шарты  болып  табылады. 
Музыканы  дұрыс  қабылдай  білуге  тәрбиелей  отырып,  бірте-бірте  музыканы  тыңдай  білу  мәдениетін 
қалыптастырған жөн. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, сабақтың барлық кезеңінде 
жүзеге асырылады. Ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң орындау керек, сондықтан орындау бары-
сында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аударған жөн. Оқушылардың музыкаға деген тиянақты 
ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау) 
қалыптастырумен  қатар,  ортақ  табысқа  қуана  білу,  эстетикалық  талғам  –  сезімдерін  дамытуға  тәрбие-
лейді.  Арнайы  зерттеулер  мен  іс-тәжірибелердің  көрсетуі  бойынша  төменгі  сынып  оқушыларының 
музыкаға деген қызығушылығы бар ынтасымен дамып жетіледі. Оқушының эмоциялық әсерін, музыка-
лық есту қабілетін, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет.  Музыка адам өмірінің жан 
серігі, музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет, оның тілі кім-кімге 
де түсінікті. Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті – шәкірттерін музыка өнерінің сарқыл-
мас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу. Осы негізде айтылған «Гимнастика денені қалай 
түзесе,  музыка  да  адам  жанын  солай  түзейді»  деген  қанатты  сөз  оқушылардың  эстетикалық,  рухани 
байлығын кеңейтіп, қанаттандыру керек екенін дәлелдейді. 
Сонымен қандай бағдарламамен жұмыс істеп жүрміз, не үйретіп жатырмыз, қандай әндер айтып жүр 
деген ой келеді. Сонымен «Елімай» бағдарламасы көптеген мәселелер өнер танымдық зерттеу деңгейінде 
шешілмегендіктен дәстүрлі, көркем мәдениетті, оның ішінде музыкалық мәдениетті де оқыту күрделене 
түседі [2].  
Мұның өзі сайып келгенде метадологиялық тұрғыдан объективті қиындықтар туғызады. Осы мәселені 
зерттеу  мақсатымен  бұрынғы  өткен  ойшылдарымыз  әл-Фарабидің,  Абайдың,  Шоқанның,  Ыбырайдың, 
зерттеушілер  Марғұланның,  Ақышевтың,  Қоңырбаевтың,  Ерзаковичтің,  Сарыбаевтың,  Бердібаевтың 
музыка  танымдылық  еңбектерімен  Жарықбаевтың  педагогикалық  ізденістеріне  ден  қойдық.  Тұтастай 
алғандағы  музыка  мәдениетінің  негізіне  көз  жүгірте  отырып  қазақтың  халықтық  және  кәсіби  музыка 
өнерінің  мән  –  маңызын  табиғаттың  даму  заңдылықтарын  жан-жақты  зерттеу  нәтижесі  Қазақстан  жағ-
дайында музыка мұғалімін кәсіби даярлау барысындағы бастапқы теориялық пайымдауларды қайтадан 
ой елегінен өткізуге итермеледі. 
1.  Ұлттық музыка шығармалары өздерін қоршап тұрған этно-мәдени контексттен тысқары талданады, 
оның  шешімін  табу  өнердің  педагогика  саласының  ғана  емес  сонымен  бірге  этнография,  фольклор, 
музыкалық психология және тағы басқа салаларында білімдар болуды талап етеді. 
2.  Музыкалық  терминалогияны  зерттеу  музыка  мұғалімінің  кәсіби  даярлығын  арттырудың  қажетті 
бөлімі. Қазақтың музыкалық терминалогиясы ықпалдық қуаты зор құрал. Ол поэтикалық образдар мен 
суреттерді  қалыптастыруға  қатысады.  Образдық  –  эмоциялық  әлеміне  неғұрлым  терең  бойлауға  ықпал 
етеді.  Онсыз  музыкалық  төзімдік,  қиындық  компоненттерін  және  оның  дамуының  тарихи  процесін 
түйсіну мүмкін емес. 
3.  Музыканы көркем мәдениеттің ажырамас бір бөлігі ретінде яки оның өнердің күллі салаларымен 
жүйелі байланысын үзбей оқып үйрену қажет.   
Халық тағылымы арқылы музыкалық өнер – балаларды тәрбиелеу құралы. Халық музыкасы сезімді, 
көңіл-күйді оятады, ал көңіл-күй психологиялық күйді тұрақтатады. Психологиялық күй адам санасында 
өмірге  деген  белгілі  дәрежелі  қатынасты  бекітеді.  Музыка  өмір  қозғалысында  даму  динамикасында 
шындықты бейнелейді. Музыканың мазмұны сезім, эмоциялық көңіл-күй болып табылады. Бүкіл өмірін-
де сақталып қалатындай музыканың адамдарға әсері ерте жастан қалыптасуы тиіс. Музыкалық іс-әрекет-
тердің  барлық  нысандары  ол  балалардың  музыкалық  тәжірибесі  белсенді  түрде  музыканы  қабылдауы, 
олардың  шығармашылық  қабілеттерін  білімдері  мен  дағдылары  –  осылардың  барлығы  да  оқушының 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
251 
музыкалық  мәдениетінің  баюындағы  алғы  шарттар.  Кең  мағынада  халықтық  педагогика,  халықтық 
тәрбие, халықтық  музыка  арқылы музыкалық қабілетті дамыту, бұл адамның  бойында рухани қажетті-
ліктерді,  оның  адамгершілік  түсініктерін,  зерделілігін,  идеялық  –  эмоцианалдық  тәрбиені  дамыту  және 
тіршілік құбылыстарының эстетикалық бағасын қалыптастыру. Осы тұрғыдағы халық музыкасын дамыту 
ол – адамды тәрбиелеу дегенмен парапар. Тар мағынада музыкалық тәрбие беру – бұл музыканы қабыл-
дауда қабілеттілікті дамыту, ол әр түрлі формадағы музыкалық іс-әрекет арқылы жүзеге асады, осыдан 
адам бойында музыкалық мәдениеттілік қалыптасады. Рухани дүниетанымын дамыту және пән әдістеме-
сін үйрету дегеніміз ол балалармен музыкалық тұрғыдан жұмыс жасайтын, мақсат-міндеттерін, мазмұны, 
нысандары мен әдіс-тәсілдерді үйрететін пән. Ол  музыканың өмірмен байланысын ұлттық мәдениеттің 
ерекшеліктерін, әдебиет пен халық ауыз әдебиетін, бейнелеу өнері мен тарихтың байланысын сол аймақ-
тың, халықтың тұрмысы мен салт-дәстүрінің байланысын оқып үйрететін пән [3].  
Қорыта айтқанда, мектептегі барлық пәндер сияқты, музыка сабағы да оқушыларды азаматтық рухта 
тәрбиелеп,  олардың  дүниетанымын  дамытып,  ой-өрісін  кеңейтеді,  сонымен  қатар  музыка  саласында 
білімін жетілдіруді қажет етеді. Алайда музыка жай сабақ емес, өнер сабағы болғандықтан, оның өзіндік 
ерекшеліктері және атқаратын міндеттері бар. Атап айтқанда, оқушылардың дүниетанымы, өмірге деген 
көзқарасы  музыкалық  шығармаларды  тыңдау  немесе  орындау  кезінде  алған  әсерлену  сезімі  арқылы 
тәрбиеленеді.  Сондықтан  музыка  және  өмір  деген  ұғым  әр  сабақтың  ең  өзекті  мәселесі  болып  отыруы 
шарт. Олай болса, оқұшының сабақта қолданған барлық әдістері осы түйінді мәселені ашуға бағытталуы 
тиіс. Ал ән айту, музыка  тыңдау дағдыларын үйрену музыканың сұлулығын,  әсем сазын терең түсініп, 
одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді. Демек, музыка сабағында сезім мен саналылық, 
көркемдік пен шеберлік шыңдау бірігіп, тұтасып кетуі тиіс. Сонымен қатар оқытушы сабақта жұмыстың 
ұжымдық, топтық, әрі жеке түрлерін алмастыра білуі тиіс. 
Тыңдалатын музыкалық шығармалар және үйретілетін әндер  негізінде бірінші сынып оқушыларына 
музыка саласындағы ең қарапайым, әрі жалпылама түсініктер беріледі. Мысалы, музыкадағы төрт алып 
(ән, би, күй, марш) өмірмен тығыз байланысты, сондықтан ол адамның көңіл-күйін, ойлаған ойын бейне-
лейді,  бізді  қоршаған  табиғат  көріністері  мен  құбылыстарын  суреттейді.  Осыған  байланысты  музыка 
көңілді, қайғылы, ойнақы, баяу, жылдам, ойлы, салтанатты болып келеді. 
Музыкалық  шығарма  әртүрлі  дыбыстардан  құралып  жазылады.  Ал  дыбыстардың  түрі  өте  көп: 
жоғары,  төмен,  жуан,  жіңішке,  ұзақ,  қысқа,  жылдам,  баяу,  біртіндеп  бәсеңдейтін  немесе  біртіндеп 
күшейетін, т.б. Сонымен  қатар музыкада ырғақ, саз, әуен, жылдамдық деген  болады. Міне, осылардың 
бәрі музыка  тіліне жатады. Бірінші сыныпта оқушылар оларды ажырата білуі тиіс. Музыка сабағының 
барлық  жүйелері  бір-бірімен  тақырыптық  желі  бойынша  тығыз  байланыста  болып  келетіні  белгілі. 
Осыған байланысты оқытушы әрбір жаңа әнді үйреткен кезде, сабақтың негізгі тақырыбынан ауытқымай, 
қайта оны тереңдете, өрбіте түсуді мақсат еткені жөн. Түрлі ой салу, бағыт беру, іздендіру, көрнекі құрал-
дарды пайдалану сияқты, балалардың ынтасын арттырып, қызықтыратын тиімді әдістерді көптеп қолдан-
са, ол оқушылардың санасы мен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Сонда олар зерек, ойшыл, аңғарымпаз 
болады.  Бұл  олардың  басқа  сабақтарды  да  жақсы  үлгеруіне  себін  тигізеді.  Қазақ  музыкасы  –  ислам 
дүниесіне жақын болғандықтан, оның концептуалдық жанры – күй, жыр және айтыс. Жалпы қорыта келе 
айтқанда,  оқушылардың  музыка  өнеріне  дүниетанымын  қалыптастыруда,  халық  қазынасын,  халық 
тағылымын  халық  музыкасын  тыңдатудың  үлкен  маңызы  бар.  Ал  балалардың  қаншалықты  музыканы 
қабылдай алу дәрежесі мұғалімнің шеберлігіне және сабақта әдістемелерді дұрыс қолдана білуіне байла-
нысты.  Оқушылар  музыканы  қоршаған  ортаны,  өмір  мен  адамның  сезімін  бейнелейтін  құралы  ретінде 
түсінеді [4].  
 
1.  Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. – Алматы, 1995. – 120 б 
2.  Әбенбаев С. Ш. Сынып жетекші. – Алматы: Дарын, 2004. – 44-66 бб. 
3.  Сейташев К. Б. Тәрбие теориясы. – Алматы: Мектеп, 1986. -130-136 бб. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет