список используемой литературы:
1. Кастельс М. Информационная эпоха: экономика, общество и культура. – М.: Blackwell, 2000. – 608 с.
2. Митрофанова А. Субъект в эпоху тотальной коммуникации. –
3. Исаев Исаев А.Н., Шишко О.В. Медиа культура, политика и социум: материалы международного симпозиу-
ма «Pro&Contra” // Электронные библиотеки. – 2001. – Т.4 – Вып.3.
4. Бурдье П. Социальное пространство и символическая власть. – www.soc.pu.ru/materials/ golovin/reader/
brandes/derj_pr.htm
5. Шрадер Х. Глобализация, (де)цивилизация и мораль. – http://www.soc.pu.ru:8101/ publications/
jssa/1998/2/6schrad.html
Castells M. Materials for an exploratory theory of network society. – Brit. J. of. Soc., 2000, N 51, – p.5-24
6. Ю.А.Кимелев, Н.А.Полякова. Материалы для исследовательской теории сетевого общества http://christsocio.
info/content/view/142/72
Алмагамбетов Б.Б.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының
2 курс магистранты
ҚазаҚстан республикасыныҢ ӘлеуметтІк – демографиялыҚ
ЖаҒдайы ЖӘне оҒан миграциялыҚ процестердІҢ ӘсерІ
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында жүріп жатқан саяси жүйені қайта құрудағы
демографиялық процестер қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Елімізде түбірлі өзгерістер
жүріп жатыр.
Соған орай, Республика халқының жағдайы да қоғамдық өмір мен қоғамдық санадағы
өзгерістерге сәйкес жаңа деңгейге көтерілуге тиіс. Қоғамдық дамудағы бейбітшілік пен
тұрақтылық, мемлекет пен жеке тұлғаның қауіпсіздігі, Қазақстанның барлық тұрғындарының
береке байлығын артыру, жеке ұрпақтың денсаулығын жақсарту мен лайықты білім беру.
Айналадағы ортаның тазалығы, сондай – ақ дербес демографиялық саясат жүргізу тәрізді басым
бағыттар халық мүддесіне толық сәйкес келіп, жауап беретіндей болуға тиіс.
Егеменді жас мемлекетіміздің өзге өркениеттерден үйренетіні де, өзімізге жақын жақтарын
жатырқамай қабылдайтыны да табиғи нәрсе. Дамыған елдердің қандай демографиялық саясат
жүргізгенін, біздің еліміздегі демографиялық қал – ахуал туралы не айтатынын назарда ұстау
абзал болмақ.
Өркениетті елдерде демография мәселесі әлеуметтік – экономикалық саясаттың құрамдас
бөлігі ретінде және жалпы ішкі саясаттың негізгі өзегі болып қалуда. Бұл елдерде бала тууының
193
шектелуі және жеке отбасы көлемінің шағын болуы кең етек алғаны соншалықты, тіпті оларға
халық саны кеміп кету қауіпі төніп тұр. Демографиялық популяция Еуропаның көптеген
елдеріне тән. Ал, бұрынғы Кеңес өкіметінің құрамына енген елдерден Ресей, Украина, Беларусь
және Балтық жағалауындағы мемлекеттер алда тұр. Бұл елдердегі экономикалық дағдарыстың
нәтижесінде мемлекеттің отбасына деген көмегі жарамсыз және оның тиімділігі қазір жоқтың
қасы. Ал, дамыған елдерде әр отбасына бала қажетінше туылып, оның саналы өсіп, тәрбиеленуі
үшін ата – аналарға берілетін көмек соншалықты мол. Мұндай саясатсыз халық санының
кемушілігі, өлгендер туғандардан артып кеткендіктен, бүгіннен-ақ басталып кеткен болар еді.
Әлбетте байлық бар жерде бала аз. Ол да өзінше бір парадокс.
Қазақстан үшін табиғи өсу – өнуден гөрі жасанды көші – қон мәселесін шешуде зәрулік
бір 10 – 15 жылдай уақытқа басым болмақ. Сол себептен дамыған елдерде миграция мәселесін
қалай шешеді деген сауалға жауап беру маңыздырақ шығар.
Бұл тұрғыдан сөз етсек, отандас бауырлары біздің қазақтар сияқты жер шарының түкпір-
түкпіріне тарап кеткен Германияның, Израильдың, Латвия мен Эстонияның репатриациялық са-
ясатын білу керек. Сонымен қатар, кезінде қазіргі тұрғын халқы шеттен көшіп келушілер есебіне
қалыптасқан Америка, Канада, Аргентина, ЮАР, Австралия, Жаңа зеландия сияқты елдердің
өткендегі көші – қонды ыңғайлы мекен – жайларға орнықтыру тәжірибесін өзімізге тиімді етіп
қабылдау қажет-ақ.
Сол сияқты өз елдерінен қиын кезеңдерде жыраққа көшіп кеткен, басқа елдерде мигрант
ретінде жүрген өз диаспорасымен байланыс жасауға тырысқа және одан материалдық – моральдық
жағынан көп пайда тауып отырған Қытай, Корея, Мексика сияқты елдерден үйренетініміз мол.
Бұрын тұтас бір мемлекеттің құрамында болып, кейіннен тәуелсіздікке қол жеткізген ТМД
елдерінің миграцияға байланысты жаңа жағдайлары біздің елді де айналып өтпеуі мүмкін.
Өзбекстан, Қызғызстан, Түркменстан елдерінің өзіндік демографиялық саясат ұстануы әсіресе
, азаматтық қақтығыс болған Тәжікстаннан мигрант – келімсектердің кенеттен қопарыла көше
бастауы, тіптен мүлде көшіп кетуі – бізге сабақ.
Азамат соғысы мен ұлтаралық қақтығыс жүріп жатқан Кавказдағы жас мемлекеттер Азер-
байжан, Армения,сонымен қатар, Тәжікстан мен Молдава олардан соғыс босқындарын қабылдап
жатқан Ресейдің осы елдердің ішкі ісіне бұрынғы өктем метрополия ретінде дөрекі күшпен және
құйтырқы саясатпен араласуы бізді де ойлантпай қоймайды. Демография жағынан осалдығы көп
Қазақстанның халық санының асып төгіліп жатқан Қытаймен көрші болуы, шағын Ирландияның
бұрынғы отаршыл алпауыт Англиямен іргелес жатуы және оның табанының астында қалу,
кішкентай Кувейттің үлкен Ирактан Қорғансыз болуы, кезінде иесіз Мексиканың солтүстік
жағын Американың зорлықпен тартып алуы, осының барлығының өмірлік тағылымы көп.
Ал енді халқының саны тым көп және шапшаң өсіп келе жатқан, содан барып өз жеріне өзінің
халқын сыйдыра алмай жатқан елдер қатары да біртіндеп көбейіп келе жатыр. Мысалы, ұлы
көршіміз Қытай, оңтүстігіміздегі Үндістан, қиырдағы Бангладеш, бүйірдегі Өзбекстан, Бұлар да
бала санын әсіресе, Қытайға зорлап шектеу, стерилизация, аборт, таблетка, спираль сияқты кон-
трацептивтер арқылы күшпен енгізілуде, тіптен біздер сияқты өсімтал, бірақ саны аз, ал тұрған
жері кең, Кең – Тибет, монғол, дүнген, ұйғыр, аз қазағымыз бен қырғыздар адамгершілікке жат,
нағыз неомаль түстік жолмен баланы шектеу күштеп телінуде. Бұл да болса әр қазақты ойланды-
руы тиіс. Сондай-ақ жерінің кеңдігінен оны толық игеруеге жан саны мен жұмыс қолы жетіспей
жатқан, халқы әлі де болса аз Канада, австралия, Исландия, Ангола, Германия, Аляска және
Окенания аралдарының жағдайы демографиялық ахуалы жағынан біздің Қазақстанға біршама
ұқсас. Әлемдік кеңістіктегі осы мысалдар біздің жас мемлекетіміз үшін геосаясатта болсын,
демосаясатта болсын, алыс стратегиялық тұрғыдан болсын немесе жақын тактикалық қадамда
болсын қатты ескерілетін жағдайлар.
Өтпелі кезең жағдайында біздің үкіметіміз демографиялық саясатты қалыптастыру
үстінде. Кейінгі жылдардағы экономикалық әлеуметтік өзгерістер тұтас проблемалар тізбегін
туындатқаны мәлім. Олар Қазақстан қоғамының демографиялық тұрақтылығына едәуір дәрежеде
қауіп төндіріп отыр.
194
Дүниедегі ең алып суперконтинент Еуразияның орталығында тұрып, өзіміздің кең
географиялық орнымызды ғана емес, шағын демографиялық салмағымызды да ескереген жөн.
Географиямызға әлі де болса демографиямыздың сай келе алмай жатуы қазақтың баяғыдан
тағдыр – талайында бар құбылыс.
Бұл ауыр тарихи қарама – қайшылықты өз бетімен жақын арада өшіре қоюы қиын. Екі
бүйірден бірдей қысып, Ресей мен Қытай тұр.
Ресей үш ғасырдан бері Қазақстанға жақын әрі күшті ел ретінде саяси ықпал етіп келді.
Сонымен қатар, Ресей жағынан пәрменді миграциялық экспенсия ұйымдасқан түрде ашық
жүргізілді. Оның ақыры аз қоныстанған қазақ елінің этнодемографиялық келбетінің қатты
өзгеріске ұшырауына әкеліп соқты. Уақыт өткен сайын Ресей тарапынан демографиялық
ықпал күшейе түсті. Соның нәтижесінде Қазақстан өзінің этнодемографиялық ерекшеліктерін
жоғалтты десе де болады. Ал, бұрынығы Қазақ Кеңестік Республикасы Ресей құрамындағы
территория деңгейіне дейін төмендеді. Бірақ заңды тұрғыдан алғанда Кеңестер мемлекетінің
Одақтас Республикаларының бірі болып саналатын. Кеңестер одағы тарихынан соң Қазақстанда
айрықша этнодемографиялық ахуал қалыптасты. Оның себебі – жас тәуелсіз мемлекет әлі де
болса Ресейден біржола ажырап кете алған жоқ.
Қазіргі кездегі демографиялық және миграциялық процестер Қазақстанның бұрынғы
кезеңдегі этнодемографиялық келбетінің қайтадан қалыптасуына жағдай жасап отыр. Бұл
жағдай біртұтас және көпұлтты мемлекеттерге тән нәрсе және ондай елдерге мемлекеттің негізгі
тірегі байырғы ұлт болып табылады. Демограф ғалымдарының болжамы бойынша 2010 жылы
Қазақстандағы қазақтардың үлесі 65% болмақ, ал қазақ елімізді мекендейтін түркі тілдес халықтар
ел тұрғындарының 3/4 жеткен. Ал, орыс ұлтының өкілдеріне келер болсақ, олар 2010 жылы ел
тұрғындарының 20% құрайды, 2020 жылдарға қарай орыстардың Республикамыздағы саны 15%
дейін төмендейді деген болжам бар. Сөйтіп, алыс болашақта олар азшылыққа ұшырайды және
үлкен қалалар мен Қазақстанның солтүстігінде ғана қалады.
Барлық қоғамдық ғылымдардың ішінде демография ғылымының ең құнды әрі ұғымды
жағы – оның дәл болжам айта алуында. Халықтың жастық құрамын, некелік жағдайын, баланы
отбасында қанша мөлшерде туып, өсіруге ерлі зайыптылар ретінде ата-аналардың қаншалықты
құлқы барлығын және ол жақын арада қалай өзгеруі мүмкін екенін қадағалап отырған демо-
графия үшін алдағы 7-8 жылға болжам айту еш қиындық туғызбайды. Одан да ұзақ мерзімге
15-20 жылға да болжам айтудың демография үшін еш қиыншылығы жоқ. Демография ғылымы
үшін дәл болжамның шегі 30-40 жылға деп есептеледі. Өйткені, бұл бір ұрпақтың түгендей
дерлік орын алмастыратын мерзімі. Демек, болжамдар демографияда барлық басқа да зерттеу-
лер сияқты, ұрпақтардың өсіп-өніп, есейіп, үйленіп, жаңа ұрпақтын өмірге келуі мен, сөйтіп,
жас ұрпақтар өмірінің жаңа циклі қайта басталуымен есептеледі. Әрине демогрофтар тарих
заңдылықтарын жақсы білу арқылы 50-100, тіптен 200 жылға дейін сенімді болжам жасай ала-
ды. Бірақ ондай болжамдар көбінесе жалпылама айтылады да, ұзақ мерзімді болғандықтан,
бүгінгі күннің қажеттілігі болмағандықтан тез ұмытылады.
Дәл осындай ұзақ мерзімді, стратегиялық маңызы бар болжамдарды қазақ халқының,
Қазақстан Республикасының түркі әлемінің тіпті адамзат баласының сандық жағынан өсу
мүмкіндігі туралы демограф ғалымдарымыз өз еңбектерінде жеткілікті түрде жариялап келеді.
Сонымен қатар, жақын кезеңдерге арналған болжамдар да баршылық. Осының барлығы
мемлекеттік саяси шешім қабылдануына әсер ететін маңызды жұмыстар.
Ұзақ, орта және қысқа мерзімді демографиялық болжамдардан стратегиялық және
тактикалық шешім қабылданды.
Бұл тұрғыдан мемлекет тарапынан арнайы қолданған демографиялық саясатты тиімді
жүргізу үшін стратегиялық бағдарламаның қажеті бар ма? Деген сауалға сұралғандардың 66 пай-
ызы қолдаған. Ал 18 пайызы мүлдем қажет емес деген. 16 пайызы жауап беруге қиналған. Өзіңіз
көріп отырғандай маңызы бар шешімдерді қабылдауда арнайы стратегиялық бағдарламалар
қажет болып отыр.
195
Қоғамдық ғылымдар жақсы дамыған елдерде мысалы, Америкада, Жапонияда, Германи-
яда, Израильде демографиялық болжам басқа болжамдардан әрдайым алдын ала жүргізіледі.
Ең бірінші демографиялық болжам, содан кейін барып, экология, экономика, әлеуметтік бол-
жамдар жасалынады. Өйткені қоғамдағы ең бірінші және негізгі тұлға адам. Содан кейін ғана
оның қоршаған ортасы, өмір сүру қарекеті және күнкөріс жолдарына байланысты мәселелер
қарастырылады. Ал, бұрынғы жоспарлы экономикамызда бәрі керісінше болған, бірінші
экономикалық жоспар, екінші ұйымдастыру тіршілігі, содан кейін барып қоршаған орта, ең
соңында ғана адамның жеке басының мәселесі болатын. Өркениетті елдерде демографиялық
факторларды бірінші ескеріп, қалғанын соған қарай ойланып шешеді.
Қазақстан Республикасының қарапайым тұрғындарының бірі ретінде біздерді улы меже
– 2000 жыл қатты қызықтыратын және сол кездегі еліміздің демографиялық жағдайын білуге
асықтық. Осы ұлы меже – тек XX ғасыр мен XXI ғасыр арсында ғана емес, екінші мыңжылдықта
келесі қоғамдық үшінші мыңжылдыққа аяқ басу кезеңі болып отыр. Осы ғаламат XX ғасырдың
өзінде өмір сүріп, сөйтіп аяқталуына жақындаған сайын, бұдан бұрын жасалған демографиялық
болжамдардың қаншалықты орындалғанын білуге асықтық және оны білдік те. Қалай болғанда
да, жалпы қазақтың демографиялық қиын, шұбалаң жолдарын бүгінгі шырбалаңдармен қоса
бағдарға алатын алыс көкжиекке дейін біршама көз жеткізе алдық. Осының бәрі демография
атты құдіретті күшті ғылым арқылы және соған сүйенген белсенді саясат негізінде ғана, сондай-
ақ табанды және қыруар еңбектің күшімен ғана болғаны анық. Бұрынғы өткен санақтан Кеңестік
бесжылдықтармен байланыстырылып, соған негіз болатындай етіп жүргізілді. Санақсыз еш
өркениетті ел болмаса керек. Тарихында бірде – бір санақ жүргізбеген ел – Ауғанстан ғана
екен. Оның өзі де азамат соғысының кесірінен алғашқы санағын бастай алмай қалды. БҰҰ мен
ЮНЕСКО бірігіп алда «0» – ге аяқталатын жылдары немесе соған жақын жылдары бар елдер-
ге халық санағын жүргізу міндетін жүктеген. Олар алда Бүкіләлемдік халық санағының бір
құрамдас бөлігі ретінде жүргізілген. Елімізде бірінші бүкіл Қазақстанның халық санағы 1999
жылы жүргізілгені мәлім. Аталған санақтың маңыздылығы сонда, ол еліміздегі демогрофиялық
процестің шынайы санағын айқындап берді және болашақта мемлекетіміз жүргізетін саяси –
әлеуметтік, эканомикалық, демографиялық саясатқа бағдарлық қызмет атқарады. Осылайша
дербес мемлекетімізде халық санағын жүргізу дәстүрін қалыптастыратын алғашқы қадам жа-
салды. Ол адам жалғасын тауып, әрбір он жыл сайын бүкіл халықтық санақ жүргізу жоспарына
сай үстіміздегі жылдың ақпан наурыз айларында Жалпы ұлттық халық санағы өтті.
Ол санақтың алғашқы нәтижелері де бұхаралық ақпарат құралдарында жарияланды, бірақ
толық нәтижесі осы жылдың күз айларында беріледі деп жоспарлануда.
Дүниедегі ең дамыған алдыңғы қатарлы мемлекет АҚШ 1876 жылы тәуілсіздік ала салы-
сымен, 1880 жылдан бастап осы уақытқа дейін бірде – бір рет арасын үзбей 22 рет мемлекеттік
халық санағын жүргізіп келе жатқан дәстүрлі ел. Осының бәрі оның өзіндік демографиялық да-
муын қатты қадағалап, мемелекет ретінде ішкі және сыртқы миграциялық процесстерді реттеп
отыруға және бұл салада әрдайым өзіндік ұлттық тұрғыдан берік және дәйекті саясат жүргізуіне
септігін тигізіп келгені анық.
Қазіргі кезеңнің жетілген есептеу техникасын пайдаланып санаудың, жаңаша есеп – қисаптың
соңғы жетістіктерін қолданып, адамдарды демографиялық тіркеу арқылы оның негізгі белгілері
– жасы мен жынысы, ұлты мен некесі, тілі мен діні, кәсібі мен нәсілі, отбасылық жағдайы мен
жеке басы, азаматтылығы тұрақтылығы мен уақытшалығы, денсаулығы мен мекен – жайы ту-
ралы көрсеткіштері бойынша әр адамның туғаннан бастап, өлгенге дейінгі тіршілігін тұрақты
есепке алып, біртұтас мемлекеттік реестр құру қажеттігі туындап отыр ондай жағдайда біздер
өз мемлекеттіміздегі өзгерістерді жыл сайын ғана емес, ай сайын қадағалап отыруға мүмкіндік
аламыз.
Демографиялық саясат пен халық санағының есеп – қисабын жүргізуде шет елдік
өркениет пен олардың озық тәжірибелерінен біздер қаншама үйренгенімізбен, біздер үшін өнер
жалғасындағы ең құнды, баға жетпес өнегелі мұраты өз тарихымыз бен салт-дәстүрімізден,
әдет-ғұрпымызды білген жөн.Бабаларымыздың отбасын сақтап, ұрпақтар қамын ойлап, олардың
196
болашағын қалауда жинаған мол тәжірибесіне сүйенгеніміз абзал. Өз тарихымызды саралағанда
қазақ халқының қиын демографиялық тіршілікте өзін біржола құрып кетуден сақтап, соны қайта
өсіру арқылы жаңаша түлек, бүгінге аман жеткізген, қатері мол болса да, маңызға бай ата – ана-
лар тәжірибесін алдын-ала қортып алумыз керек.
Демографиялық саясатты тарих тағылымымен байланыстырып жүргізудің маңызы зор.
Біздер қазіргі және нақтылы көкей кесті мәселелерді қозғай отырып, өткеннен сабақ алуымыз-
ды жадымыздан шығармауымыз қажет.Қазақ халқының күрделі демографиялық өмірбаяны он-
дай тағылымдарға бай.Демографиялық дамудың даналығы да санда.Ол өткеннің қатесін өзі- ақ
түзеуге тырысады, ал саясат тек соған дер кезінде көмекке келе білуі керек.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолына бет бұрған алғашқы жылдарда әлуметтік-
эканомикалық және саяси өзгерістер кезеңін басынан өткерді. Қазіргі уақытта Қазақстанға нақты
жоспарланған демографиялық саясат қажеттілігі туындады.
Соңғы жылдары кең етек алған миграциялық процесстерді реттеу мемлекеттік саясаттың
құрамдас бөліктерінің маңызды саласының біріне айналуға тиіс. Олай болжаған жағдайда жас
мемелекетіміздің даму жолында бірқатар кедергілердің пайда болуы мүмкін
Орыс ұлтының Қазақстаннан көптеп қоныс аударуына байланысты Ресейдің саяси,
экономикалық тұрғыдағы ықпалы әлсірей бастайды деген болжамдар жасалуда.
Бірақ Ресей ұзақ жылдар бойы Қазақстандағы этнодемографиялық салмағын сақтап қалуға
тырысатыны анық. Сондай-ақ, Қазақстанмен іргелес жатқан ірі мемлекет Қытай жағынан болуы
мүмкін миграциялық экспенцияны да әрдайым естен шығармаған жөн. Қытайлар өзінің тарихи
отанынан алыста жатқан Солтүстік Америка жағалауына дейін жетіп, орныға бастағаны белгілі.
Қиыр Шығыс пен Оңтүстік Шығыс елдері де Қытай жағынан басталған миграциялық тасқынға
тосқауыл қоя алмай отыр. Қытай мен Қазақстан арасындағы тығыз экономикалық байланыстар
және Қытай тарапынан құйылып отырған күшті донорлық инвестиция аса зор миграциялық
толқынды да ала келеді.
Қытай жағынан келетін миграциялық ағымға үлкен тосқауыл болатын шекара мәселесі. Ол
онды – солды өтуге ерік бермейтіндей берік болуға тиіс. Әйтпесе, Қазақстан Қытайдан келетін
босқындар тасқынның астында қалуы мүкін. Бұл өз кезегінде Қытай мен Қазақстан арасындағы
қарым – қатынасты шиеленістіруге апарады. Демограф ғалымдардың айтуынша бұндай
жағдайға жол беруге болмайды. ''Қытайлардың Қазақстанда миллиондап орнығуын еліміздегі
этнодемографиялық жағдайды асқындырып жіберуі әбден мүмкін. Ал, қазақтарға келер болсақ,
өз елінде азшылыққа ұшырап, оның зардабын тартып отыр.
Белгілі қазақ демографы М.Татимовтың пікірінше, Қытайлар таяудағы 25 жылда
Қазақстанға қарай жаппай көшу қаупін туғызбайды. Қытайлардың қазақстанға қарай ағылуы
негізінен жалдамалы жұмыс кұшінің келуімен байланысты болады. Бірақ оны Қазақстан жағы
реттеп, бақылап отырады. Дегенмен, Қытай жағынан болуы мүмкін иммиграциялық экспенсия-
ны жоққа шығаруға болмайды. Қазақстанға солтүстіктен емес, оңтүстіктен келетін миграция
толқынын бақылап, реттеп отыру кезек күттірмес істердің бірі болуға шарт. Ол Қазақстанның
ұлттық мүддесі мен ұлттық қауіпсіздігіне тікелей байланысты мәселе.
1991 жылдан бастап алыс және жақын шетелдерден қазақтардың өз тарихи отанына ора-
ла басталуы миграциядағы жаңа құбылыс болды. ТМД елдері мен алыс шет жұрттардағы
қазақтардың саны 4,5 млн. шамасында.
Тарихи отанына келген оралмандардың алғашқы легінің тағдыры тәуелсіздігіміздің алғашқы
жылдарында оңай болған жоқ. Көптеген репатрианттар азаматтық алу, жұмысқа тұру,баспана
проблемаларына жолықты. Тек, кейінгі жылдардағы үкіметіміз жүргізіп отырған саясаттың
арқасында оралмандарды квота бойынша қабылдау, орналастыру және жұмыспен қамтамасыз
ету жолға қойыла бастады.Репатрианттар жергілікті жағдайға бейімделу барысында көптпген
қиыншылықтарға кездесіп отыр. Оған менталитет ерекшеліктері, тілдік тосқауыл және т.б
жатқызуға болады.
Ішкі миграцияның ерекше түрінің бірі-экологиялық миграция. Сонымен қатар, бұрынғы
өндірісі дамыған қалалардағы экономикалық кризис. Кентау, Жаңатас, Қаратау сиақты қалалардан
197
басқа жаққа жаппай көшу әлі де жалғасып келеді. Экономикалық кризис әсіресе, ауыл халқына
ауыр тиді. Ауыл жастары жұмыссыздық салдарынан қалаға ағылуда. Егер қалалар ауылдан кел-
ген мигрантарды сіңіре алмаса, ірі қалаларда маргиналдардың саны көбейе түспек. Ауылдан кел-
ген мигранттар көбінесе бір – біріне жақын жүреді, тығыз араласып, қарым қатынас жасайды.
Олардың қаладағы тұрмыс тіршілігі де ауылдағы өмір салтынан көп өзгермейді. Нәтижесінде
реурбанизация процесі жүреді.
Республикамызда кейінгі жылдары экономикалық ілгерілеу басталды. Ол ауыл халқының
әл – ауқатын көтеругеде септігін тигізуде. Республика Президенті 2003 – 2005 жылдарды ''Ауыл
жылы'' деп атап ауылды көтеруге үш қатарынан үлкен көңіл бөлінді. Бұл кейінгі жылдары
күйзеліске ұшыраған ауыл шаруашылығы мен ауылдардағы қордаланған әлеуметтік мәселелерді
шешуге бағытталған батыл қадам болмақшы.
Соңғы уақыттары Қазақстан халықаралық масштабта тағы бір проблемамен бетпе – бет келіп
отыр. Ол – жасырын миграция мәселесі. Иммигранттардың бір бөлігі Қазақстанда түпкілікті
орнығу үшін елімізде заңсыз қалып қояды. Олар түрлі айла тәсілдерді қолданады: Қазақстан
азаматтарымен жалған некеге тұруы, ақылы негіздегі жоғары оқу орындарына түседі, біріккен
кәсіпорындар құрады. Қазақстан үшін елімізге заңсыз енген транзиттік мигранттар едәуір
қиыншылықтар тудыруда. Алыс шетелдерден Ресейге бет алған транзиттік мигранттардың ба-
сым бөлігі Қазақстанда қалып қоюға тырысады. Шри Ланка, Пәкістан, Ауғанстаннан келген
мигранттарды құқық қорғау орындарының қызметкерлері бірнеше рет елден аластатты.
Соңғы жылдары Республика территориясы арқылы наркотикалық заттарды алып өтпек
болған жүздеген адам ұсталған. Аталған мигранттардың тобы еліміздегі саяси тұрақтылық пен
тәртіпке қауіп төндіруі мүмкін.
Миграциялық процестердің реттелуі мен тұрақталуы саяси және экономикалық реформаларға
байланысты. Сонымен қатар, Республика халқының өмір суру деңгейі мен сапасының артуы,
этникалық топтардың және адам құқығын қорғау – республикамыздағы тұрақтылықтың негізі
болмақ. Сондықтан, Қазақстан Республикасына нақты негізделіп, жоспарланған миграциялық
саясат қажет. Сол арқылы тәуелсіз жас мемлекетіміз нығайып, кемелдене түседі. Миграциялық
процестердің бақылаусыз қалуы мен ретсіздік пен қоғамдағы тұрақсыздыққа әкеліп, ұлттық
мемлекетімізді әлсіретуі мүмкін.
Республикадағы миграциялық процесті бағалап, болашақтағы өзгерістердің мүмкіндігіне
ғылыми болжам жасау – мемлекетіміздің ішкі саясат саласындағы тактикалық және стратегиялық
міндеттерді айқындауға жол ашып, олардың орындалуына мүмкіндік тудырар еді.
пайдаланған әдедиеттер:
1. Закон Республики Казахстан от 26 июня 1998 г. № 233-1 «О национальной безопасности Республики Казах-
стан» \\ Казахстанская правда.-1998. – №165. – С.2.
2. Садовская Е.Ю. Трудовая миграция как средство адаптации к экономическому кризису в Казахстане. Алма-
Ата, Галым, 2001. – 216 с.
3. «Әлеуметтану» еларалық ғылыми-сараптамалық журнал. № 1(2), 54-бет. Типография «ТОО Эксимпро-К», 2010 ж.
Атаев Олжас Асилханович
КазНУ им. аль-Фараби
магистрант 1 курса специальности социальная работа
Достарыңызбен бөлісу: |