9779
м э д е н и
м у р а
«Мэдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Қазақстан Республикасының
түңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды
с.
ББЙСЕМБАее
АГЬ-ЧХ*^
-------I
С Қ
у
І
^
«Г А П .Х А Н А І
НАУЧНАЯ БИС flMOTglfV
. . .
_
_____ __ ______
•
*!,Л' C- ‘>£»!С£М£А£ВА
“Мэдени мүра” мемлекеттік бағдарламасынын
кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы
Тасмагамбетов И. Н.,
бас редактор
Тәжин М . М .,
бас редактордың орынбасары
Ж анаханов Қ. Қ.,
жауапты хатшы
Әбділдин Ж. М.
Ә уезов М. М.
Б айпақов К. М.
Зим анов С. 3.
К әлет аев Д А .
Қ а сқабасов С. А.
Кекілбаев Ә.
Кенж ееозин М. Б.
Қ ойгелдиев М. Қ.
Қ осы баев E. М.
Қ үл-М ухам м ед М. А.
М агауин М. М.
М әм беев С. А.
Н үрпейісов Ә. К.
Н ы санбаев Ә. Н.
Р ахм адиев E. Р.
Султ анов Қ . С.
Сулейменов О. О.
Х усайы нов К. Ш.
“Әлемдік мэдениеттану ой-санасы”
сериясынын редакциялык алкасы:
М. Ә уезов
(төраға),
Е. Исмаилов, М . А қд әул ет , Т. Ә сем-
қулов, А. Ж а қ сы л ы қ о в, Қ . Қ а б д р а х м а н о в , Б. Қ а р а қ у л о в ,
Ә. Қ одар, С. Қ он ды бай \, Ә. Н ауры збаева, 3. Н ауры збаева,
Б. Н урж анов, Қ . Н урланова, Ш. Н урпейісова, Е. Турсынов
5 М Ш
su
& A 1
Әлемдік
мэдениеттану
ой-санасы
Дәстүр:
үғым мен тәсіл
Алматы, Ш «Жазушы», 2005
ББК 71.1
Ә 52
Қ азақст ан Республикасы Мэдениет, ақпарат ж эне спорт
министрлігінің багдарламасы бойынша шыгарылды
Қ Р Үлттық кітапханасы ж эне Алматы қаласының
мэдениеттанушылар форумы усынган
Қүрастырушылар:
3. Ж. Наурызбаева, Ш. Ә. Нурпейісова
Сарапшы
А. Жақсьиықов
Ә 52
“Әлемдік мэдениеттану ой-сан асы ” .
Он томдық.
3 -т о м .
Дәстүр: үғым мен тәсіл. - Алматы: Жазушы,
2005. - 504 бет.
ISBN 9965-701-88-1
“Мэдени мүра” багдарламасы шеңберінде үсынылып
отырган өлемдік мәдениеттанушылық ой-толғамдардан
түзілген бүл томға әлемге танымал мәдениеттанушылардың
маңызды еңбектері енді. XX ғасырдағы белгілі Батыс
мәдениеттанушыларының маңызды антропологиялық
еңбектері сүрыпталды.
0
4401000000-061
402
(
05)-05
ББК 71.1
ISBN 9965-701-88-1
© “Жазушы” баспасы, 2005
“ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТАНУШЫЛЫҚ ОЙ”
АНТОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮШІНШІ ТОМЫНА КІРІСПЕ
АЛҒЫ СӨЗ
Мәдениеттанушылық антологияның үшінші томында
түңғыш рет қазақ тілінде әйгілі дэстүршіл ғалым Рене Ге-
нонның (1886-1951) еңбектері жарық керіп отыр. Рене Ге-
нон, Еуропаның гуманитарлық ойының ең бірегей деген
бағытының негізін қалаушы. Кітапқа Р. Генонның өзі ғана
емес, оның шәкірттері Титус Буркхардт пен Фритьоф Шю-
онның және сондай-ақ дәстүршілдермен тақырыптас салада
еңбек еткен Серікбол Қондыбайдьщ да мақалалары еніп отыр.
Р. Генонның анықтамасы бойынша, Дәстүр — адамға
Тәңірден берілген ілім. Бұл транспенденттік ақиқат түрлі
ахуалда экзотериялық (құпия) яки діни ілімдерге, өлең
өнеріне үласа алады. Дәстүрлі қоғамдар бір-бірінен сол
дәстүрдің сақталу калпымен, дәжересімен және сол дәстүрлі
ілім, дөстүрлі ақиқатты бейнелей алатын қабілетімен ғана
дараланады.
Ш ын мәнісіндегі дәстүрлі қоғамда, мысалға, кеше ғана
откен замандағы Шығыстың кез келген оркениеті мен ор-
тағасырлық Еуропада руханият елдің бәріне ортақ еді.
Дәстүрлі қоғамның бастау козі мен мүратының асылы
транспендентгік, сокральдік ақиқат болғандықтан, оның бар
лык тіршілігі, барлық жүйесі сол ақиқатқа, дәлірек айтқан-
да аталмыш қоғамдағы қабылданған үлгілерге сэйкес куры-
лады. Өнер, қолонер киелі және қарабайыр (профандық)
деп бөлінбейді. Күнделікті күйбең тіршілікке арналған уақьгг
пен Құдайға қүлшылыққа арналған уақыт деген болініс жоқ.
Киелі ғылым, өнер, саясат, жер өндеу, соғыс-карекеттің
Қандайы болса да бір ғана ақиқаттың, бір ғана Қүдайдың
жолындағы ізденістің сала-сала жолы болып табылады.
Әлбетте, бүндай көзқарас, дөстүрді, жеке түлғаның
мүддесін қауымдық мүддеге бағындыратын қасаң жүйе,
Дәстүрлі мәдениетті коне қару. К иім -кеш ек, ы ды с-аяқ,
5
Ш и
о бастагы мөні көмескі тартқан магь}
тық мұражайы деп елестететін түс
Жалпыға бірдей дәстүрлі руханият
мен топырағынан, тамырынан айры
үғымындағы руханиеттен аулақ жа: •;
білімге жетігудің нөтижесінде калы
сының екінші қатардағы қабілеті. <1
дық, тым адамдық” “руханият” та
нияттан алыс жатқан күбылыс
ліндегі бақи түйсіктен оның дүние
летгі фәни тіршілік мүддесінен жоға{э;
түптеп келгенде бір Жаратушыны м<
Адам рухы Мәңгі Рухтың сәулесі б
жетіледі, дүниені керкейте алатын
Біздің кітап дүкендерімізде атал
кітаптары кейде философия мен эзоһ
лерден табылып қалуы мүмкін. Ал
фияға өте селкос қарайтын, оны
білімнің жойылуы нәтижесінде дү
ақиқаттың орынын басқан, болек-сг
санайтын. Сондай-ақ бүл күнде
қүбылыс та оның сынына толмайтьф
терика — адам бойындағы сезімсал
оның мүздай суық ақылына ғана қо
түнек интуициянын соқыр бүлқын:
жер бауырлаған әзәзілдің әрекеттері
нон, әдетте, дәстүр деп аталатьш қүб
салды, себебі, коп жагдайда, осы шаң
ар жағында епггеңе жоқ болып шығф
баягыда үмытылған.
Р.Генонның айтуында, Дәстүр
қалдырған мүрасы емес”, керісініі
сәулеленген мәңгі кетпес бүгінгі
бір мөнді ерекшелігі, оның “эзотер
мистикалық, жасанды “шыгыс” текі
түйсікке карама-қарсы болып кел
лизмінде. Бүл жерде әңгіме раци
логика жайында гана емес (себебі
сауатты). Бүл жерде әңгіме интелле
рационалдылықтан асқын, Дәстүрде
аталатын интеллектуалдықтың ең
нУьіз ырым, әдет-салт-
інічке мүлдем кереғар.
бүгінгі “діндарлар”
интеллигенцияньщ
дүние. Тәрбие мен
кан, адам психика-
іцще айтқан “адам-
грлі үғымдагы руха-
уханиет адам коңі-
кін, ізгілік пен әді-
Іоя білу қабілетінен,
)йьіндауынан өрістейді.
dj
|
f
інда ғана қүдіретке
і ү|н ce айналады.
мектеп окілдерінің
ерйкаға арналған сөре-
шы:
ій д
i
Р. Генон филосо-
4 i іәнісіндегі дәстүрлі
Нисі е келген, ақиреттік
4лак жатқан білімсымақ
с р рика деп аталатын
ның пікірінше, эзо-
үй(І ікке негіз болатын,
зга; салатын. Табигаты
іст іры, ал бері кетсе —
. (te нымен қатар Р. Ге-
ь иы тардан іргесін аулақ
бас ;ан ескі ережелердің
ды Бақиға апарар жол
е,
)зган замандардын
бақидың нүрымен
күп”. ! >үл мектептің жөне
ия|іь қ ” спиритуалистік,
:с тер ндегі әсіре сезімсал
;< тін биік интеллектуа-
.он^лдьшық, формальдік
р бүл тарапта да аса
кгу шизмнің таза түрі,
‘1ж гректің санасы” деп
, 6t ijj |лгісі жайында.
6
Киелілік — сокральдік метафизикасының негіздерін баян
еткенде, журектің ақиреттік сыры мен шығармашылық ойдың
буырқанысын Р. Генондай астастырған адам жоқ.
Достүршілдіктің (традиционализм) негізін қалаушы мен
оның шәкірттерінің ислам дінін қабылдауына байланысты,
Р. Генонның осы мөселе жоніндегі көзқарастарына тоқтала
кеткен жөн. Р. Генон, рухани ізденіс жолындағы адам, ошкен
дәстүр^іні ізін қуған адам, бүгінде дәурені жүріп түрған
актуальді діндердің біреуіне міндетті түрде кіріп, оның
росімдерін толық атқаруы керек екенін айтады. Себебі, эзо-
терикамен айналысқан адам коктен келген ізгі эсер мен
төменн|ен [котерілетін инфернальдік әсерлерге ашық, бейім
болады) деійді ол. Космостық Ү рық ізгі күштердің өсеріне
жабык, алі инфернальдық күштердің әсеріне аш ық түрған
біздің заманда, адам осы өзәзіл күштердің әсеріне оңай үры-
нуы мүмкін, себебі, инфернальдық күштер өздерін ізгі күш
етіп Kobceïryre бейім. Адам, актуальдік діннің аясында, сол
діннің барлық рәсімін атқарып отырғанда ғана әзәзілден
қорғана алады.
Р. Генон озінің зерттеулеріңде, ілкі христиандықтың таза,
эзотерикалық инициациялык институт болғанын, христи-
андыктыц қанат жайып әлемдік дінге айналуына байланыс
ты онын, рәсімдері экзотериялық діннің мүқтажына лайық-
талғандыгын атап корсеткен. Яғни, христиандық, о баста,
эзотериялық және экзотериялық негізді біріктірген жара-
сымды дәстүр болмаған. Орта ғасырларда христиандық, түрлі
себептермсн озінің эзотериялық институттарынан айырыла-
ды (Р. ГеИон, бүл ретте, ең әуелі әскери-рухани тамплиер-
лер орденін атайды), оның рәсімдері озінің белгілерінен айы-
рылады. Сол себепті, бүдан кейінгі жерде, эзотериялық
білімге кайыққысы келген христиандар баска дәстүрлерден
келген (мысалы, масондық) үйымдарга жүгінуге мәжбүр
болған. (Ғалымның Россиядағы мүрагерлері, католицизм
рухында тербиеленген Р. Генонныц бүндай сыни позиция-
сын оның, эзотеризд мен экзотеризмді бірдей астастырған,
инициаииялык қасиетінен айрылмаған православие дінімен
таныс болмағандығымен түсіндіргісі келеді).
Yшінп|ііден, христиандықтьщ көзге көрініп түрған осьш
дай кемістіктеріне қарамастан, Р. Генон батыс адамдары-
ныц баска діндерге отуіне карсы болган. Шыгыс пен Батыс,
Р. Генрн ^шін географиялық емес, рухани үғымдар бол-
7
ғандықтан, ол, христиандық дін ретінде батыс адамдарының
нәтіне сәйкес келеді, батыс адамдары шыгыс дөстүрлерін (ис
лам, индуизм немесе буддизм болсын) оз өресінде ойдағыдай
қабылдай алмайды деп есептеген (шьшында да, дзен-буддизм
Америка топырағына барғаннан кейін психоанализдің бір
түріне айналды, кришнаизм, батыс елдерінің қүпия қызметгері
адам санасын бағдарлап отыра алатын тоталитарлық сектаға
айналды). Р. Генон, Батыстың интеллектуалдық элитасы, оз
дінінде қала отырып, Шығыстың интеллектуалдық-рухани
элитасымен қоян-қолтық араласқа түсіп, осылайша Шыгыс -
қа шәкірт болу арқылы өз дәстүрінің эзотериялық қабілетін
қалпына келтіру керек, Батыс үшін тығырықтан шығатын
жалғыз жол осы деп есептеген.
Әйтсе де, Р. Генонның өзі исламның софылық мазха-
бын қабылдап алды, артынша оның шәкірттерінің дені де
осы дінге кірді. Ислам біздің заманның барлық шарттарын
толығымен ескеретін актуальдік дөстүр, соңғы Аян, мен бар
лык аян мен барлық діндерді жалгыз гана ақиқаттың түрлі
қайталаулары деп қарайтын доктрина (“ал-таухид”) болган-
дықтан, “каир дәруіші” (оны жүрт кейде осылай деп атай
ды) исламның осы қасиетіне қызықты Ислам өзін, Жарат-
қан Ие пайғамбарлар мен әулиелер арқылы түрлі нөсілдер
мен халықтарга сан рет жіберген, бүкіл адамзатқа ортақ ілкі
діннің соңгы аяны деп атайды. Ақиқат қай жерде айтылса
да, қандай дүга, рәсімдермен бүркенсе де, табигатында түтас-
тық жайлы қагида жатса, ислам ол дәстүрді қасиетті деп
таниды. Ислам яхуди мен христиандарды, “кітапқа жүгінген
нәсілді” қүрметтейді, сондай-ақ, П ифагор мен Платон
сияқты әлмисақ пайгамбарларды христиандар қ ү с а п “мә-
жүси” деп емес, керісінше ақиқат иесі “мувахидун” деп
таниды. Ислам білімді жоғары қояды, “галымның жазган
сиясы азапкердің қанынан қасиетті” деп уагыздайды.
Исламның осы қагидасын меңгерген Р. Генон мен оның
шәкірттері түрлі дәстүрлерді зертгеп жөне солардың барлы-
гының ортақ дәнін ажыратуды үйренді. Бүндай позицияны
біздің елімізге де үйренген пайдалы. Бір жагынан ол ислам-
ның догматқа қүрылган әсіре версияларын теріске шыгара
ды. Екінші жагынан, “ілкі” діндер - төңірі дінімен славян-
дық мәжүси діндерді қалыпқа келтіру идеясын уагыздап
жүрген интеллигенцияның дүниетанымындагы осал жерлерді
тап басып корсетеді. Бүл тақырыпқа мен өзімнің “Ілкі ис-
лам-жыраулар мұрасындағы тәңіршілдік сарындары және
ұлттық идея” атты мақаламда кеңірек тоқталғам (оқығысы
келгендерге, “Таң-Ш олпан”, 2003,1 3-4).
Генонның мекгебі Дөстүр мен оның жалқы көрінісі —
дінменен екі араға шекара қояды, о баста бүкіл адамзатқа
берілген ортақ Ілім бар деп біледі, исламщы осы ілкі дәстүрдің
қайта көрініс табуы деп, нүрлы дін, салиқа мен сабырдың
діні деп, жихадты әуелі адамның өз жанының түкпіріндегі
түнекпенен күресі деп таниды. Генон мектебінің осындай
түсінігі өсіресе біз үшін кымбат. Олар исламның ішкі сыры
мен мазмүнын батыс адамына жеткізбекке өрекет еткен.
Діннен белгілі дәрежеде алыстап кеткен біз үшін бүл мәтіндер
пайдасыз емес деп ойлаймыз.
Аталмыш авторлардың мөтіні біз үшін тағы несімен
бағалы? Жоғарыда айтқанымыздай, бүл, дәстүрлі мәде-
ниетгерді, мифология мен символизмді, мэдениеттер мен
діндердің тарихын зерттеп зерделеуге түрткі салған XX
j гасырдағы батыс ойының бірегей деген бағыты еді (әлбетте,
дөстүршілдер бірегейлік дегенді біздің өскелең заман тудырған
қабылет деп есептейді, жэне бірегей болуға ешқандай қүлық
таныпайды, оздерін дөстүрлі білімді жай ғана жеткізуші деп,
; көне ақиқатты казіргі батыс окырманының ой жүйесіне лай-
ықтаушы деп қана бағалайды). Традиционалистік, яғни,
' дәстүршілдік жазбалармен текстермен жақсы таныс оқыр-
! ман, олардьщ ойларының жаңғырығьш тіпті постмодернистік
текстерден үшырастырар еді. Яғни, дэстүршілдікті есепке
алмайынша Батыстың интеллектуалдық дамуын көзге толық
елестету мүмкін емес.
i
Дәстүршілдік, адам табиғаты жайлы өз концепциясын,
мыңжыддықтар аясындағы тарихи үласым мен немесе үдеріс
пен, яғни процесс пен бүгінгі дүниенің осы үласымдағы
; (үдерістегі) орнын белгілейтін бірегей түйінді үсынады.
; Дәстүршілдік, бүгінгі ғылым өлемдік тарих деп танитын
замананы ұлан-ғайыр циклдың, үнділер Кали-Юга, эллин-
дер “темір ғасыр” деп атаған ең соңғы кезеңі деп біледі.
1 Р. Генон мен оның шәкірттері, бейберекет өрістеген тарихи
процестердің тасасындағы темірдей логиканы ажырата білді,
соның арқасында бүгінде біздің көз алдымызда өтіп жатқан
оқиғалардьщ көбін өте дәл болжады. Яғни, дөстүрлі теория-
ларды білген бүгінгі күннің адамы тарих тағлымын саналы,
терең түйсінеді.
9
Дәстүршілдік, әлемдік тарихқа эсхатологиялық көзқа-
расты үстанғанымен, түрлі өскелең теорияларға селқос қара-
ғанымен, пессимизмді уағыздамайды. Адам — элем, болмыс
субъекті, әлемдік тарих субъекті. Өзін-өзі рухани жетілдіріп
кемелденген адам фөни дүниенің бүғауынан қүтылып қана
қоймайды, сондай-ақ, түтастай алғанда әлемдік тарихқа
ықпал да ете алады. Р. Генон, эзотериялық білімнің нүрын
сақтап әлемдік тарихтың келесі циклына қауыштыра ала
тын, сондай-ақ, Батыстың рухани, мэдени, идеологиялык
жэне саяси ахуалына зор ықпал ете алатын жаңа, шын мә-
нісінде рухани, интеллектуалдық элитаны қалыптастыруды
эмірімнің мәні деп білді. (Осы жерде дәстүршілдіктің де
барлық адамзатқа тэн алауыздықтан арьша алмағанын айга
кеткен жон. Мысалға, Р. Генонның замандасы, кэзқарасы
онымен коп жағдайда сэйкес келетін итальяндық Юлиус
Эвола христиандықты қатты сынға алды. Ол, Батыс тек
христиандықтан бас тартып, баяғы “арийлік” мэжүсилікке
қайтып барғанда ғана эркендейді деп түсінді. Ресейде ин-
теллектуалдардың бір тобы, дэстүршілдікті, оз елінің ерек
ше мессиандық ролін теориялық түрғьщан негіздеуге пай-
даланады. Басқалар, компьютерлік геймерлерді жаңа рухани-
интеллектуалдык элита деп таниды). Біздің алдымызда
елімізді рухани коркейту мақсаты түр, сол себепті, дэстүр-
шілдіктің рухани-интеллектуалдық элитаньщ калыптасуы-
на, қара бүқара халыкқа, рухани жэне саяси элитаньщ ара-
қатынасына игілікті эсер ете алатын қабілеті, мүмкіндіктері
бізді қызықтырады.
Біз, қазақ интеллигенциясы, дәстүрді сақтап кайта жан-
дандыру жайындағы теориялық дау-дамайды жақсы кореміз.
Алайда біздің, бүл дәстүрге деген ықыласымыз түрмыстық
деңгейден аспайды, сол себепті бүндай “дэстүршілдік” омірде
болсын, интеллектуалдык тартыста болсын, үнемі жеңілуте
бүйырылған. Шын мәнісіндегі казакты ң дэстүрі дегеніміз
не, ол қандай формада қайта жаратылып дами алады, ал
оның бойындағы, тіршілік нэрінен айырылған, үлтты есейт-
пей туралатып келе жатқан этпелі тарихи формалары к ан
дай? Аталмыш сүрактарға дэстүршілдікті зерделеп барып
жауап бере алар едік.
Дэстүршілдік, біздің тарихшымызды, дәстүрлі мэде-
ниетімізді зерттеуге ең лайық, ең тиімді методология. Бірін-
шіден, дэстүршілдік, біздің мэдениетімізде, бүрыннан бар
10
көптеген символдармен жүмыс істеп келе жатыр. Оның сыр-
тында, қазақ мәдениетінің дәстүрлі символдарын зертгеуде,
“профандыкң семиотикамен салыстырғанда дәстүршілдіктің
символдар теориясы анағүрлым қолайлы методика болып
табылады. Екіншіден, дөстүршілдікте, әсіресе Р. Генонның
еңбектерінде (“Царство количества и знаки времени”)
кошпенді мэдениет ғарыштық болмысты тепе-тендікте үстап
түрған қарсылық, дуальдік заңдылық, рухани принцип
ретінде бағаланады. Кошпенділікке деген осындай козқара-
стың, және адамның түрлі бітімі, түрлі табиғатына орай
қалыптанган дөстүрлі қоғамның әулетгік (касталык) жүйесін
байыптаудың негізінде Үлы Дала кошпенді халыктары ме-
татарихының концепциясын тиянақтап шығаруға болады.
Т. Әсемқүловпен бірігіп жазған “Кет-Бүғаның соңғы
жорыгы: кошпенді оркенисттің сокральдік миссиясы” атты
мақала, осы кошпенді-клиатрийлердің метатарихына кіріспе
болып табылады. (Мақаланың орысша нүсқасы “Таң-Ш ол-
пан” журналында, қазақш а тәржімасы “Алтын Орда” апта-
лық газетінде жарық корген).
Р. Генон мен оның мүрагерлеріне, қандай да бір дәстүрлі
мәдениетті Бір ғана Ақикаттың, Біртүтас Ақиқаттыц нақты
тарихи формасы деп бағалау тон (ол мэдениет азып-тозып,
жай гана этнографияның немесе туристік бизнестің объек-
тісіне айналган емес, озінің асыл үрқын, оміршендігін сак-
таган мэдениет болса, эрине). Дэстүрлі мэдениет голограм-
I ма принципімен күрылган, немесе, басқаша айтатын бол-
сак, дэстүрлі мэдениет о бастагы біртүтас магынаны білді-
ретін метафоралар мен рәміздердің тізбегі болып табыла
ды. (Т. Буркхардтың жинаққа енген шыгармасы, осы біртүтас
магынага табан тірей отырып жасалган дәстүрлі мэдениетті
зерделеудің тамаша үлгісі болып табылады). Осыган байла
нысты екі түрлі қорытынды жасауга болады. Біріншіден,
бүл, озіндік дэстүрлі мэдениет пен басқа дэстүрлердің сак-
талып калган элементтеріне арқа сүйей отырып дәстүрлі
білімнің жойылып кетксн элементтерін кайтадан қалыпқа
келтіруге болады деген соз. Екіншіден, дэстүрлі мәдениет-
тердің сақталып қалган мүліктерін музей экспонаты, немесе
жай гана фольклористика мен этнографияның объектісі деп
бағалайтын тогышар козқарас аластану керек.
Шындыгында, ғылымда сақталып келе жатқан, дэстүрлі
мэдениетті элдебір нысана деп қана қарау дагдысы пози-
11
тивистік әдістемеден тамыр тартады (бүл дағдыдан тііггі жа-
ратылыстану ғылымдары баяғыда арылып болған). Бір кара-
ганда бүндай позиция, дәстүрлі мәдениетке және оның
иелеріне деген күрмет сияқты, дәстүрлі мәдениеттің өзіндік
бағасын мойындау сияқты болып көрінуі мүмкін. Алайда,
шын мәнінде, бүл субъект (фольклорист, музыкатанушы,
этнограф галым) пен объекттің (дәстүрлі мөдениет иелері)
арасындагы боліністен туындаған “қүрмет”. Әлдебіреу, бүл
ахуалды ихтиологиямен салыстырғаны бар-тын (балық еш
каш ан ихтиолог-ғалым бола алмайды, ол тек зереттеу
объектісі гана бола алады).
Мөселе, дәстүрлі орындаушылар теориялық зертгеулер-
мен айналысса екен деген ниетте гана емес. Ихтиологияда
зертгеуші, балықтың баян еткен информациясы қаншалық-
ты дөрежеде шындыққа жанас, ол (балық) қаншалыкты дә-
режеде езінің биологиялық табиғатына сай екендігіне еш
кашан күмән келтірмейді. Алайда этнография мен фольк-
лористикада, этномузыкатануда көп нәрсе хабаршының
ниетіне, оның айтқан әңгімелерінің рас-отірігіне байланыс
ты. Дәстүрлі мэдениет зерттеушісі, тэмендегі нәрселерді,
ягни; алдында түрган адам, ауылдың әдепкі қариясы гана
ма, элде, шынында да дэстүрдің иесі ме, содан кейін, ол
адамның жеткізген мәліметі, актуальдік, ягни, оміршең
Дәстүрдің үлгісі ме. Әлде, жарым-жартылай үмытылган
себепті, кейінгі адамзаттың ойлап шыгарып толықтырган
дэстүрдің рудимент-жүрнақтары ма, әлде, дэстүр жойыльш,
оның орнында пайда болган “әдет-салттар” ма, осыларды
аны қтап алуы керек (бүндай әдет-салттардың Р. Генон
Дәстүрге қарсы қүбылыс деп багалайды).
Мәлімет пен мәліметті жеткізушілермен жүмыс істеудің
методтарында жаңаша жаңгырту керек. Дәстүр иесімін деп
жүргендердің кэне салт-сана жонінен қаншалықты сауатты
екені, кандай дэрежеде шыншьш екені, зерттеушінің мәлі-
метті түсініп, қабылдап алуы қандай дәрежеде адекватты,
осының бәрін сыни пайымдау қажет. Бізде әлі күнге дейін,
кез келген далалық материал, оны әлдебір оңірдің нақты
эмірде бар адамы берген себепті, даусыз материал ретінде
қабылданады. Сондай-ақдәстүрлі онердің үлгілерін, қасие-
тіне қарап отырып, дәреже кестесін жасау керек.
Бүл игіліктердің бойындагы ең қымбаты — Рух. Копте
ген жагдайда, тарихи-теориялық мақсат кэздеген адам гана
12
өшкен дәстүрді реконструкциялауға тырысар еді. Ал Дөс-
түршілдік (традиционализм) дөстүрлі өнердің формаларын
қолдан жасауға, қалған жүрнагын реанимациялауга үзілді-
кесілді қарсы, бүндай әрекетгердің қауіпті екенін ескертеді.
(Р. Генонның “Сандар патшалығы мен уақыт белгілері” атты
кітабында бүл мэселеге түтас тарауларды арнайды). Дөстүр
қатып қалған нөрсе емес, “Рух калаған жерінен көркейеді”.
Метафизикалық үстанымдар ғана мәңгі өзгермейді, ал сол
принциптердің сыртқы формасы тарихи, замани шарттарға
сэйкес өзгеріп отыруға мүмкін, тіпті десеңіз, өзгеріп оты-
руға тиіс. Осы томға еніп отырган Серікбол Қондыбайдың
еңбектері, төл мөдениетімізді пайымдаудағы дәстүршілдіктің
эвристикалық қүндылығын ашып көрсетеді. Р. Генонның
кейбір шығармаларымен С.Қондыбай өзінің мезгілсіз ажа-
лынан бір жыл бүрын танысты. Бүл кезенде ол өзінің басты
еңбектерін аяқтап үлгерген. Алайда, дөстүршілдік әдістеме
мен дүниетаным, оның табиғатымен біте қайнасқан, бірге
жаратылған еді. Шындығында ол өзінің бүрыннан білетінін
қайыра пайымдады, жаңа дөлелмен бекіте түсті. “Арғықа-
зақ мифологиясында” ол Жаратушы мен Жаратындының
арасындагы қатынастың айнасы сияқты “абақ” ілкі симво-
лына табан тірей отырып әлмисақтагы дейдейтүрік тілінің
метафоралар жүйесін қалыптап шыгарады. С.Қондыбай
қазіргі қазак сөздерінің праформаларын, олардьщ о бастагы
символдық магынасын қалыпқа келтіріп, осының негізінде
коне руханиет, этникалык жэне саяси тарихтың беймағлүм
қабаттарын ашып көрсетеді.
1>
Достарыңызбен бөлісу: |