Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына 2 рет шығады



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата15.03.2017
өлшемі10,8 Mb.
#9917
1   2   3   4

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ 

БЕРУ 

— 

ТӘЖІРИБЕДЕ



ҚР Заңының “Халықтың көшіп-қонуы 

туралы” 55 бабында көрсетілгендей әркім 

ҚР-нан  тыс  мемлекетке  шығуға  және 

қайта  келуге  құқылы.  ҚР  азаматы  ҚР-

нан тыс елге тұрақты тұру үшін құжаттар 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  28 

наурыз  2012  жылғы  №361  қаулысының 

талаптарына сәйкес жинақталады. 

ҚР-нан тыс елге тұрақты тұруға шығу 

үшін жеке тұлға ішкі істер бөліміне өтініш 

білдіреді. 

1. Өтініш.

 2. Жеке куәлік, ҚР-ның төлқұжаты, 16 

жасқа толмаған балаларының туу туралы 

куәліктері.

3. 


Әскери 

бөлімнің 

есебінен 

шыққандығы туралы және әскери билетін 

тапсырғандығы туралы анықтама. 

ҚР-нан  тыс  елге  тұрақты  тұруға 

шығып  жатқан  тұлға  жас  шамасына 

қарамастан  Қазақстан  Республикасының 

төлқұжатымен құжаттану керек. 

Тыс елге тұрақты тұруға рұқсат алған 

тұлға  ҚР-ның  жеке  куәлігін  жергілікті 

ішкі істер бөліміндегі миграция бөліміне 

тапсырып кетуі тиіс. 

Еңбекші көшіп келуші

Еңбекші  көшіп  келуші  “Халықтың 

көші-қоны 

туралы” 

Қазақстан 

Республикасының  Заңы  43-1  бабының 

талаптарына  сәйкес  келуі  тиіс.  Ол 

талаптар  төмендегі  ережеге  сай  болу 

керек:


1. Қазақстан Республикасында кемінде 

үш  ай  мерзімге  визасыз  болу  мүмкіндігі 

бар иммигранттар. 

2. Кәмелет жасына толған азамат болу 

керек. 

3. Жеке кіріс салығы бойынша алдын 



ала төлемді төлегені туралы түбіртек. 

4. Сотталмағандығы жөнінде. 

5.  Жұмысқа  жарамдылығы  жөнінде 

медициналық анықтамасы. 

6.  Медициналық  сақтандыру  қағазы 

болу керек. 

Еңбек иммигрантының рұқсат мерзімі 

аяқталғаннан кейін келесі рұқсат қағазын 

алу аралығы күнтізбелік күннің 30 күнінен 

кем болмауы керек. Осылай еңбек шартын 

бірнеше  рет  создыра  алады.  Еңбекші 

көшіп  келуші  ҚР-да  тұруға  рұқсаты  12 

айдан аспау керек. Осыдан кейін еңбекші 

көшіп  келуші  ҚР-ның  аумағынан  шығып 

келіп  қайтадан  рұқсат  қағазын  алуға 

болады. Рұқсат қағаз алу үшін арада отыз 

күн өту керек. 

Еңбекші  көшіп  келуші  өтініш 

білдірген  кезде  бастапқы  рұқсат  немесе 

оны  ұзарту,  сондай-ақ  бас  тарту  өтініш 

білдірген  күннен  бастап  бір  жұмыс  күні 

ішінде рәсімделеді.

Қарапайым  рұқсат  түрі  бір  жұмыс 

берушінің 

қажеттіліктерін 

орындау 


үшін  үйін  жөндеу,  бау-бақшаға  қарау, 

аспазшылық,  т.б  үй  жұмыс  түрлерін 

жасайтын  еңбекші  көшіп  келушіге 

беріледі. Бір жұмыс беруші-жеке тұлғаның 

үй  шаруашылығында  үй  жұмыскерлері 

ретінде  жұмыстар  орындау  (қызметтер 

көрсету)  бойынша  еңбек  шарттарын 

бір  уақытта  бестен  астам  еңбекші 

көшіп    келушімен  жұмыс  жасасуға  жол 

берілмейді. 



Н.ТӨЛЕГЕНОВ, 

АIIб-нің Көші-қон полиция 

тобының аға инспекторы, полиция 

майоры. 

Құқықтық ақпарат

Қазақстан 

Республикасынан тыс 

елге тұрақты тұруға 

шығу үшін жинақталатын 

құжаттар


Дөңгелек үстел

Отбасы және дәстүр

ҚАРМАҚШЫ

таңы


4

11 ақпан, 2015 жыл

3180

138

Құттықтаймыз!

”МЕН ӨМІРДІ  ЖЫРЛАУ  

ҮШІН  КЕЛГЕНМІН“

Жуырда Алматы қаласында қазақтың ақиық 

ақыны  Мұқағали  Мақатаевтың  өлеңдерін 

мәнерлеп оқу және ақынның өлеңдеріне арналып 

жазылған әндерді орындауда мектеп оқушылары 

арасында  VІІ  республикалық  «Жыр лайды 

жүрек» байқауы болып өтті.

Міне,  еліміздің  барлық  аймақтарынан 

қатысқан  794  талапкерлермен  бірге  біздің 

де    ауданымыздың  жас  тұрғыны,  Дүр  Оңғар 

ауылындағы  №107  орта  мектептің  10  сынып 

оқушысы  Сағдат  Ералиев  пен  №250  мектеп-

лицейінің 5 сынып оқушысы  Сұңқар Айдынұлы  

байқаудың «Көркемсөз» номинациясы бойынша 

өз  бақтарын  сынып,  әділқазылар  шешімімен  І 

дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, байқау барысында олардың 

жетекшілері  аудандық  оқушылар  үйінің 

директоры  Нұршат  Наурызбаева  мен    №107 

мектеп  директорының  ғылыми-әдістемелік 

жұмыстар  жөніндегі  орынбасары  Шыңғыс 

Бекеновтер де  Алғыс хаттармен марапатталды. 

Сағдат  бұған  дейін  де  аудандық,  облыстық 

өнер байқауларына қатысып, жүлделі орындарға 

ие болып жүрген дарынды жас. Ол алдағы уақытта 

өзінің  болашағын  өнермен  байланыстырғысы 

келетін болса, Сұңқар сабақта үздік, өлең жазуға 

құштарлығымен  танылып  келе  жатқан  балғын 

дарын. 


Осы ретте  дарынды жастардың талаптарын 

құптай отырып, олардың шығармашылықтарына 

жеміс тілейміз.

Н.ӘБІЛАХАТҰЛЫ.

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»  ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ



Мекен-жайым  -  Жер  менің.

Жерде  жүрген  ақын  деген

  пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт  бер  

тек  аздаған,

Мен  өмірді  жырлау  үшін  

келгенмін!

Қазақ      поэзиясының      қай таланбас 

сөз  зергерінің  бірі,  ұлы  ақын   Мұқағали  

Мақатаев тың        дүниеге    келгеніне  

84    жыл    толуына    орай    №80  мектеп-

гимназиясында  «Мен    өмірді    жырлау  

үшін    келгенмін»    тақырыбында    4-9  

сынып  оқушылары арасында  Мұқағали  

оқулары    болып    өтті.  «Жырлары  

сыңғырындай 

 

бұлақтың» 



кітап  

көрмесіне    ақынның    шығармалары, 

баспасөз    беттеріне    жарияланған 

және    ғаламтордан    алынған    деректер  

қойылды.     

Мұқағали  оқуларының  мақсаты: 

оқушыларға  ақын    шығармаларын  

насихаттау,  поэзия    әлеміне,  сөз  

өнеріне баулу, мәнерлеп  оқу  дағдысын  

қалыптастыру.     

Шарада  мектеп    кітапханашысы  

Мұқағали    біздің    қуанышымыз, 

мақтанышымыз      сырға    толы    мөлдір  

жырлары    бүгінде    өз    бағасын    алып, 

туған  халқының  қажетіне  жарап, рухани  

азығына  айналып  отырғанын  атап  өтті. 

Келесі  «Қазақ    жырының    құдіреті» 

бөлімінде ақынның  өлеңдерін  мәнерлеп  

жатқа  айтқан  және  балауса  өлең-  жыр  

арнаған  Шадырова Назым, Асылханова 

Арайлым, 

Көшербаева 

 

Айгүл,  


Амангелдиева 

Мархабат, 

Айбекова 

Ұлжан,  Елубаева  Мереке,    Бекмұратова  

Мерейім,  Шортанбаев    Нұрбақыт, 

Өмірәлиева    Сымбат,  Ойнарбекова 

Әдемі,  Бегімбай  Аружан,  Жүндібаева 

Назерке, Күзембаева  Жұлдыздар Мақтау  

қағаздарымен  марапатталды.

Ақынның    ғұмырлы    поэзиясы  

бүгінде    көкте      қалықтап,    әсем    әнге  

айналды.  Республикалық    «Жырлайды  

жүрек»    атты    М.Мақатаевтың    өлең-

деріне    жазылған    әндерден    балалар  

арасында өткен  байқаудың «Эстрадалық  

вокал»    номинациясы    бойынша    1  

дәрежелі  дипломант  иегері Көлімбетова 

Замира  ақынның  «Туған    өлке»  өлеңіне  

жазылған  әнді  орындады. 

Б.ЖАРЫЛҚАСЫНОВА,                                                                             

мектеп  кітапханашысы.  

М.ҚАРЖАУБАЕВА,                                                                                                    

тәлімгер. 

Мұқағали оқулары

Қатерлі  ісік  бүкіл  әлемдегі 

өлім-жітімнің  басты  себептерінің 

бірі.  2005  жылдан  бері  қатерлі 

ісікке 

қарсы 


халықаралық 

қоғамдастықтың  ұйымдастыруымен 

жыл  сайын  Дүниежүзілік  қатерлі 

ісікке  қарсы  күрес  күні  атап  өтіліп 

келеді.  Бұл  күннің  мақсаты  - 

қоғамдағы  адамдардың  назарын 

осы  бір  жаһандық  мәселеге  аудару 

және  онкологиялық  аурулардың 

қаншалықты 

қауіпті 


екендігін 

түсіндіру.

ДДСҰ  ақпараты  бойынша  жыл 

сайын  қатерлі  ісікке  бүкіл  әлем 

бойынша 10 миллион адам шалдықса, 

6 миллион адам  қайтыс болады. 2020 

жылға дейінгі болжамға байланысты  

аурушаңдық    деңгейі  15  миллионға, 

ал  өлім  дәрежесі    10  миллионға 

жетеді екен.

Осы  уақытқа  дейін  аталған 

аурумен  Қармақшы  ауданыңда  452 

адам тіркелінген. 2014 жылы 106 адам 

тіркеуге алынып, ауру салдарынан 66 

адам қайтыс болды.

2012-2016  жыл  аралығында  

Елбасымыздың 

бастамаларымен  

үлкен 

жұмыстар 



атқарылмақ. 

Солардың  бірі  «скрининг».  Жалпы 

сөзбен  айтқанда,  «скрининг»-  бұл  

қауіпті  жасқа  жеткен  азаматтарды 

қатерлі  ісік  ауруларына  байланысты 

алдын  ала  зерттеп  қадағалау.  Осы 

уақытқа  дейін  аурудың  алдын 

алуға  байланысты  6  скринингтік 

бағдарламамыз бар. Олар:

*жатыр мойыны

                         (30,35,40,45,50,55,60);

* сүт безі (50,52,54,56,58,60);

* өңеш және асқазан 

 (50,52,54,56,58,60);

* қуық асты безі (50,54,58,62,66);

* бауыр  (бауыр циррозына 

 шалдыққандар);

*тоқ  ішек  (50,52,54,56,58,60,62,

64,66,68,70  жастағылар)  ауруларына 

қарсы тексеруден өтулері қажет. 

Скрининг  бағдарламасы  бұл 

ауруды  зерттеуде  алдыңғы  орынды 

алады.  Неліктен?  Өйткені,  қатерлі 

ісік  саласында  бұл  кеселді  ертерек 

анықтау  сапалы  емдеуге  қол 

жеткізеді.  Соңдықтан әр адам  алдын 

ала  тексеріліп  тұруы  қажет.  Бұл  өз 

денсаулығыңыз үшін маңызды. 



А.ЛЯН,

дәрігер-онколог.

М.ШҮЛТІКОВА, 

медбике.                                                                                                   

АУДАНДЫҚ 

ЕМХАНАДА ОНКҮНДІК ӨТТІ

Дүние

жүзілік қат

ер

лі

 ісікк

е қарсы күре

с күні аясында

Сізді  37  деген  мүшел  жасқа  толуыңызбен  шын 

жүректен  құттықтаймыз.  Сізге  әлемдегі  барлық 

жақсылықты,  ең  алдымен  мықты  денсаулық,  ұзақ 

өмір  тілейміз.  Жүзіңізден  күлкі,  өміріңізден  мән, 

көңіліңізден сән кетпесін.



Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.

Бала-шаға қызығына кенеліп

Ортамызда аман-есен жүріңіз.

Ізгі ниетпен құттықтаушы жиендері Нұрсұлтан, 

Ақгүлім, Нұрперзент, Қарлығаш, Әсел, Жанель, 

Арсен, Айару, балалары Бауыржан, Жансая, 

Жасмин.

Жастар көшесі, №60 үйдің тұрғыны

Үкібаева Жанарға!

Құрметті Гүлжазира! Өзіңді ақпан айындағы туған 

күніңмен  шын  жүректен  құттықтаймыз.  Жанарың 

әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, жүрегің 

жаздай  жайнап,  көңілің  көктемдей  жадырасын. 

Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш 

бақыт сыйласын.

Денсаулығың әркез мықты болсын деп,

Тек жүрегің қуанышқа толсын деп.

Ақ тілекті бір өзіңе арнаймыз,

Бақыт құсы мәңгілікке қонсын деп.

Тілек білдіруші қызметтес достары.

Мырзағалиева көшесі, №3 үйдің тұрғыны

Маханова Гүлжазираға!

Жақында  Т.Салқынбайұлы  атындағы  әуез  мектебінде  2014  жылы  бітірген  түлектермен 

кездесу болып өтті.

Әуез мектебін өткен жылы бітірген кейбір түлектер қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы 

Қазанғап атындағы  музыка колледжінде студент атанып, кәсіби білім алуда. Олар өнер жолының 

алғашқы баспалдақтары туралы айтса, әуез мектебі баян класының мұғалімі Б.Серғазиеваның 

оқушысы  Жансая  Пірназарова,  домбыра  класының  мұғалімі  Р.Табынбаеваның  оқушысы 

Айжан  Тойбазарова,  фортепиано  класының  мұғалімі  Қ.Науанованың  оқушысы  Жаңагүл 

Аязбекова, мұғалім Н.Бижановтың оқушысы Азат Ысқақтар қазақ, шетел композиторларының 

шығармаларын орындап, құлақ құрышын қандырды.

Студенттерге өз лебізін білдірген мектеп директоры Талғат Қуаңбаев кешті қорытындылады. 

Бағдагүл МӘДЕНОВА,

әуез мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

СТУДЕНТТЕР МЕН 

ОҚУШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

Көмекбаев  ауылдық  клубы  қыз мет-

керлерінің  ұйымдастыруымен  Мәуліт  айы 

мерекесіне орай жақында  «Ақназар-Кедей» 

атындағы  ауылдық  мешіт  үйінде  «Дін-

имандылық  айнасы»  тақы рыбын да  ауыл 

имамы  Мырза  Әли  Хожамен  кездесу  кеші 

болып өтті.

Кездесу  Мәуліт  мерекесі  жайлы  кең 

көлемде мағлұмат айту мен Пайғам бары мыз-

дың  (с.ғ.с)    құрметіне  арнап  құран  бағыш-

таудан бастау алды.

Кеште 

ауылдық 


клуб 

директоры 

Қ.Балшынов  жамағатты    мерекемен  құт-

тықтап, «Алла - тағаланың жердегі үйі - Ме-

шіт  тің» болашақ ұрпақ алдындағы рөлі ерек

-

ше екендігіне тоқталып өтті.



Кеш    ауылдық  клуб  қызметкері  Ләйла 

Хай ролланың  жүргізуіндегі  «Мәуліт»  ме-

реке сі  жайлы  сұрақ-жауап  алмасу,    «Сә-

лем десу»  жайындағы  кең  көлемде  түсінік 

қалыптастыру, 

«Діни 


экстремизм» 

тақырыбындағы пікір алмасулар, Мұхаммед 

Пай ғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі ғибратты 

ғұ мыры нан сайыс секілді бөлімдер бойынша 

ұй ым дастырылды.  Мешіт  имамы  барлық 

сұ р ақ тарға  тез  әрі  дұрыс  жауап  берген  

қатысушыларға  естелік сыйлықтар ұсынды.

Ауыл  кітапханашысы    Г.Қыпшақбаева 

діни  тақырыптағы  кітаптар  көрмесін  ұйым-

дастырып,  әрбір  кітаптың  мазмұнын  ашып 

айтып берді.

Ауыл  қариялары  Жұмахан  Жетесов, 

Әлиакбар Сұлтанов, Серікбай Шамшатовтар 

жас тарға  дін  турасындағы  әңгімелерін 

өрбітті. 

Шара  соңында    ауыл    қариясы,  қажы 

Жұма хан ата бата беріп,  құран оқылды.

Н.БАЙЖАНОВА,

Көмекбаев ауылдық клуб үйі  әдіскері.

Дін мен діл

АУЫЛ 

ИМАМЫМЕН КЕЗДЕСУ

Жақында 


Жаңақорған 

кен тін


 

де    аймағымыздың 

бар   лық  ау дан дарының  2000-

2001  жылдары  туылған 

бал ғын  қазақ  күресі  ше-

бер лерімен  бірге  қар мақ-

шы лықтар  да    бақтарын 

сынаған  облыстық  жарыста 

46  келі  салмақ  дәрежесі 

бойынша  өткен  белдесулер 

қорытындысымен 

Ерасыл 


Зейнуллаев І орынды,  38 келі 

салмақ  дәрежесі  бойынша 

өткен  белдесулерде  Дәулет 

Тұрғанов жүлделі ІІ орынды 

иемденді.

Енді  Ерасыл  ағымдағы 

жылдың  наурыз  айында 

Ақтөбе  қаласында  жас өс-

пірімдер  арасында  өтетін 

Қазақстан  Республикасының  

чемпионатына қатысады.

Сонымен  қатар,  Шиелі 

шаһарында  1998-1999  жыл  -

дары  туылған    ұлдар  мен 

қыздар 

арасында 



қа зақ 

күресі нен  облыстық  бірін-

шілік өт кізілді.

Осы  жарысқа  қатысқан 

жер лестеріміз,  яғни  ұлдар  

ара сында  64  келі  салмақта  

Жасұлан  Бердібеков  пен 

қыздар  арасында  48  және 

57  келі  салмақ  дәрежелері 

бойынша  бақ  сынасқан 

Ақерке  Жұмадинова  мен 

Нәбира  Сламбековалар  өз 

салмақтарында 

жеңімпаз 

атанса,  64  келі  салмақ 

дәрежесі  бойынша  белдесу 

өткізген  Батырхан  Есімов 

ІІ  орынға,  ал  57  келіде  өнер 

көрсеткен  Әлжан  Аманкелді  

жүлделі ІІІ орынға көтерілді. 

Аталмыш  жарыста  же-

ңім     паз  атанған  жер лес-

те рі міз 

ал дағы 


уақытта 

Тараз 


қала сында 

қазақ 


кү ресі нен  өт кізілетін  Қа-

зақ стан 

Рес публика сы-

ның  чем пионатына    қа-

тысу  ға  жолдама  алса,  ша-

ғын  футболдан    Қазалы 

кентінің 

азаматы 


Серік 

Сансызбаевты  еске  алуға 

арналған  облыстық  жарыста  

біздің  жерлестеріміз  додаға 

қатысқан 12 команда  арасын-

да ІV орынды иемденді. 



Нұр ЖАН.

ЖАРЫСТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Бір  отбасының  тірегі,  арқа  сүйер 

азаматы,  аяулы  да  ардақты  асыл  әкесі, 

біздің  қимас  досымыз  Міржақыпов 

Қылышбектің 18 ақпан туған күні еді. 

Тірі  болса  55  жасқа  толар  еді-ау.  Амал 

қанша.  Арамыздан  ерте  ажырап  кете 

берді. Досымыздың жатқан жері жайлы, 

топырағы  торқа  болсын  деп  туған 

күнінде  еске  аламыз.  Бауырымыздай 

болып  кеткен  досымыздың  қайтқанына 

5  жыл  болса  да  біз  оны  ұмыта  алар 

емеспіз. Артында отын өшірмей отырған 

зайыбы  мен  бала-шағасы  Қылышбек 

көрмеген қуанышқа жетсін деп тілейміз.

Еске алушы жанұялық достары.

55-КЕ ТОЛАР ЕДІ

Ағылшын  тілін  барлық  сынып  деңгейіндегі  оқушыларға 

үйретемін.  ҰБТ-ге  дайындаймын.  Изықұлова  Руза.  Хабарласу 

телефоны:  8-705-449-37-55.  Астана  бизнес  орталығы,  I  қабат  4 

бутик.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Сұйытылған газ бағасының арзандатылуына байланысты 2015 

жылдың 6 ақпанынан бастап Қармақшы ауданы тұрғындарына 1 кг 

сұйытылған газ бағасы 88,50 теңге болып бекітілді.

Үлкен баллон бағасы-1770 теңге;

Кіші баллон бағасы-885 теңге.



“Байқоңыргаз” ЖШС.

“АЙБОЛҒАН” САУНАСЫ

Рүстембеков  көшесі,  №3  “а”  мекен-жайдағы  “Айболған” 

саунасына от жағушы, бармен керек. Саунада құрғақ, ылғалды пар 

бар.  Шаштаразы  жалға  беріледі.  Бағасы  20000  теңге.  Хабарласу 



телефондары: 8-701-314-29-00, 8-724-37-2-30-25.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТЕМІН

Осыдан  екі  жыл  бұрын  жол  апатынан  қаза 

болған  құрдасымыз,  қимас  досымыз  Қасымов 

Болатбек  Жұмағалиұлының  1  ақпан  туған 

күні  еді.  Бар  балалық  күндерімізді,  қызық, 

қуанышымызды  бірге  бөліскен  ардақтымызды 

сағынамыз,  іздейміз.  Отбасындағы  ойсыраған 

орнына қарап, көңіліміз құлазиды.

Пейішке кірер дейді жақсы жандар,

Күн өтер, талай-талай атар таңдар.

Болатбек, жатқан жерің жайлы болсын,

Жарқылдап айналаңда тұрсын шамдар.

Сағына еске алушы құрдастары.

ДОСЫМЫЗДЫ ЕСКЕ 

АЛАМЫЗ

Тағы да газдың арзандағанын хабарлаймыз. Кіші 

баллон бағасы-670 теңге;

Үлкен баллон бағасы-1340 теңге.



Хабарласу телефоны: 6-10-40.

“Тұрангаз” ЖШС.

ТҰРҒЫНДАР 

НАЗАРЫНА!

Тайшық  би  көшесі,  (Наурыз  көшесі  жағынан) 

№5  үй  сатылады.  2000  жылы  салынған.  Барлығы  9 

бөлмелі. Бір жерден жылытылады. Су үйге кіргізілген. 

Ас бөлмеден, жуынатын бөлмеден септикке қосылған. 

3  бөлмелі  времянкасы  бар.  Монша  мен  гараж  2014 

жылы  салынған.  Су  жүйесі  жаңадан  жүргізілген, 

құдығы да бар. Бағасы келісім бойынша. Хабарласу 



телефондары: 8-705-677-10-75, 8-701-960-91-53.

САТЫЛАДЫ

№26 мектеп ұжымы осы мектептің мұғалімдері Жайықбаева Нәбираға 

аяулы сіңлісі, Байтілеева Фаридаға қайын сіңлісі Сәуленің қайтыс болуына 

байланысты қай ғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Аудандық “Қармақшы таңы” газеті редакциясы ұжымы редакция 

қызметкері Бекмағанбетова Айнұрға ардақты әкесі Тілегеннің қайтыс 

болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

  Жуырда  Ақмола  облысы,  Шучье 

қаласында  мектеп  оқушылары  арасында 

жылдағы  дәстүрмен  Х  республикалық 

«Зерде»    пәндік  ғылыми-шығармашылық 

байқауы болып өтті. 

Байқауға  еліміздің  барлық  аймақтарынан 

350-ден астам талапкер қатысып, олар өздері 

таңдаған пәндері бойынша  сайысқа түсті.

Нәтижесінде  осы  байқауға  қатысқан 

талапкерлердің  1-7  сынып  оқушылары 

арасында  математика пәні бойынша  зерттеу 

жүргізген Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта 

мектептің  оқытушысы  Рахат  Төлепованың 

үкілеген  шәкірті  Дулат  Мақсатовтың  «9  са-

ны ның  танымдық  ерекшелігі»  тақырыбында 

ғы лыми-шығармашылық жобасы әділқазылар 

ше ші мімен үздік деп бағаланып, байқаудың ІІ 

дәрежелі дипломымен марапатталды.

Дулат  №107  орта  мектептің  4  сынып 

оқушысы. 

Сынып 


жетекшісі 

Рахат 


Төлепованың  айтуынша,  шәкірті  оқуда  озат, 

математика пәнін сүйіп оқиды. Және сыныпта  

қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласады. 

Болашағынан  көп  үміт  күттіретін  дарынды 

оқушы.

Осы орайда,  жас та болса Дулатты ғылым 



жолындағы  алғашқы  жеңісімен  құттықтай 

отырып, талабына сәттілік тілейміз.



Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ. 

«ЗЕРДЕ» 


БАЙҚАУЫНЫҢ 

ЖЕҢІМПАЗЫ

Жуырда  Қуаңдария  ауылындағы 

№14 


«Шолпан» 

балабақшасында 

білім  алуға  қажетті  жағдайлар  жасай 

отырып,  бүлдіршіндерді  дамыта  оқыту 

мен  тәрбиелеудің  мазмұнын  жаңарту 

және  тәрбие  беру    сапасын  арттыру, 

сонымен қатар білім беру және тәрбиелеу 

жұмыстарында  жаңа  педогогикалық-

психологиялық  технологияларды  қол-

дану  мақсатында      балабақша  педагог-

психологы  Бибінұр  Қалмаханованың 

ұйымдастыруымен 

ата-аналар 

мен  


білім  беру  және  балабақша  мекемелері 

қызметкерлері  арасында  «Балабақша 

тәрбиенің  ұйытқысы»  тақырыбында 

тренинг болып өтті.

Тренингті  балабақша  меңгерушісі 

Шыныкүл 


Саймағанбетова 

ашып, 


іс-шараның 

өткізілу 

мақсатымен 

таныстырды.

Тренингте 

педагог-психолог 

Бибінұр 

Қалмаханова 

тақырып 

бойынша  хабарлама  жасады.    Атқарған 

жұмыстарын  слайд  арқылы  көрсетіп, 

балалармен  сергіту  сабағын  өткізді. 

Сондай-ақ, 

қатысушылар 

арасында 

«Әділдік»  тақырыбында    тест  өткізіп,  

түрлі  сұрақтар  арқылы  ойындар  ойнап,  

ата-ана,  балабақша  тәрбиеленушілері 

мен  тәрбиешілердің  қатысуларымен 

көріністер көрсетті.

Шара 

барысында 



№186 

орта 


мектеп 

директорының 

орынбасары 

Ләйлә  Құлманова,  ауылдық  клуб 

үйінің  меңгерушісі  Зәмира  Қамбарова,  

кітапханашы 

Эльмира 

Еңсебай, 

тәрбиешілер  Жайна  Қисықова  мен  ата-

ана  Ұлпан  Бөлекеева  және  басқалар 

өздерінің  ұсыныстары  мен  пікірлерін 

білдіріп, ойларын саралады.

Қызықты  да  тәрбиелік  мәні    зор 

болып 


өткен 

шараны 


балабақша 

меңгерушісі  Шыныкүл  Саймағанбетова 

қорытындылады.

Ақкенже БАЙҚАДАМОВА,

балабақша әдіскері.

БАЛАБАҚША –ТӘРБИЕ ҰЙЫТҚЫСЫ



Оқырмандар  хаттарынан

Жуырда  аудандық  мәден-

иет  үйінде  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығына  байланысты  биден, 

әннен,  «Бұрымды  ару-2015» 

ауданның кент, ауылдық округтері 

жастары  арасында  байқау  болып 

өтті.


Шараның 

«Биле, 


өнер 

шарықта»  атты  би  жарысы 

көркемөнерпаздар  үйірмелерінің 

жұмысына  бағыт-бағдар  бере 

отырып 

жастар 


арасында 

би 


мәдениетіне 

деген 


қызығушылығын 

арттыру, 

жастарға  би  өнерінің  қыр-

сырын  үйрету,  салауатты  өмір 

салтын  қалыптастыру,  би  жанры 

арқылы  би  ырғақтарын  дәріптеу, 

сахна  мәдениетіне  тәрбиелеу 

мақсатында ұйымдастырылды. 

Сайыста 10-16 жас пен 17-25 

жас  аралығындағы  жастар  2  топ 

болып өз өнерлерін көрсетті. Онда 

І  орынды  «Балауса»  (Ақжар),  ІІ 

орынды  «Қызғалдақ»  (Төребай 

би),  ІІІ  орынды  «Гауһар  тас» 

(Төретам)  топтары  жеңіп  алса, 

«№26  мектеп»  (№26  мектеп), 

«Ерке 

наз» 


(Тұрмағамбет), 

«Балауса»  (Қармақшы)  топтары 

Алғыс хатқа ие болды.

Жарыстың  «Виват,  Побе-

да»  атты  турында  14  пен  30 

жас  аралығындағы  жас тар  тек 

әскери  әндерді  ға на  орындап,  өз 

өнерлерін көрсетті. Оның мақсаты 

жастардың 

шығармашылық 

мүмкіндіктерін  ашу,  танылмай 

жүрген  таланттыларды  табу, 

Ұлы  Отан  соғысында  ерлік 

көрсеткен  аға  буын  өкілдерінің 

жарқын  бейнесін  еске  түсіру 

болып  табылды.  Онда  І  орынды 

дүроңғарлық  Азамат  Әлтаев,  ІІ 

орынды  ІІІ  интернационалдық 

Руслан  Рызманов,  ІІІ  орынды 

ақайлық  Азамат  Әли  мен 

тұрмағамбеттік 

Нұрбол 


Ақбаевтар  жеңіп  алды.  Ал, 

Әділет  Смаилов  пен  Арайлым 

Махамбетжановалар 

Алғыс 


хатпен марапатталды.

Шараның  соңғы  «Бұрымды 

ару-2015»  атты  бөлімінде  қос 

бұрым  қазақ  қызының  көркі 

екендігін  кеңінен  насихаттау 

мақсатында жарысқа 18 бен 25 жас 

аралығындағы  бұрымды  қыздар 

қатысты.  Онда  өз  өнерлерін 

көрсеткен бұрымды ару Арайлым 

Аманкелді  (Қармақшы),  Гүлнұр 

Әбдісалықова  (Ақай),  Байсұлу 

Қалдыбекова  (Тұрмағамбет)  мен 

Айгүл Әбішовалар (Төретам) об-

лыстық байқауға жолдама ал ды.

Шарада  қазылық  жасаған 

аудандық мәдениет және тілдерді 

дамыту бөлімінің маманы Гауһар 

Сермағамбетова, 

аудандық 

мәдениет үйінің әдіскері Несібелі 

Нұралиева, аудандық «Қармақшы 

таңы» газетінің тілшісі Алтыншаш 

Кетебайлар  әр  өткен  турларда 

жастардың  өнерлерін  жеке-жеке 

бағалап, жүлдегерлерге аудандық 

мәдениет  үйінің  Дипломдары 

мен  Алғыс  хаттарын  және  топты 

жарып,  озып  шыққан  І  орын 

иелеріне  облыстық  байқауға 

жолдама берді.

Шара 

соңында 


аудан 

көркемөнерпаздары  әннен  шашу 

шашып,  көрермендер  көтеріңкі 

көңіл күйде тарқасты.



А.ЖАБАҒИЕВА.

ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет