Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы


Тезистерді мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата06.06.2023
өлшемі0,61 Mb.
#99028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
эссе жинағы

Тезистерді мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады? 
Жүйелі ақпарат,идеяларды нақтылайтын деректер болып, автор оларды 
қандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен қатар өзінің хабарламасымен 
қандай нәтижеге жеткісі келетінін көре білсе – тезистерді ойды мағыналы 
баяндауға айналдыру қажет. 
Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі 
композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. 
Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және 
мінсіз (өзіндік) болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке 
тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертп т.б. 
болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. 
Егерде эссенің жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады. 
Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған 
мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді
жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін 
құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты 
мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әртүрлі айқындау құралдары
қолданылады. 
Қорытынды бөлімде әдеттегідей қорытынды жасалады, жазылған 
мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-
күй мен сезімді анықтайды.



Ал, баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе 
индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және 
қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл арқылы 
жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады. 
Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі 
тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни 
мағыналық байланыстылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің 
дұрыстығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі 
туындайды. Екінші нұсқа бойынша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, 
кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден 
сөзге дейін талданады, сараланады. Баян-аудың жатықтығына, ойдың 
логикалық сабақтастығына, байланысына назар аудару керек. 
Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы, 
тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді. 
Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі 
заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті 
кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын 
бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану 
барысында мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді 
қиындатады. 
Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме?
Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға 
оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу,ең соңында адамдардың пікірін 
білу. 
Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет