ЖАНҰЯ
- 244 -
Табарани)
«Әйел жүкті кезінде күндіз саим (ораза тұтқанның)
,
түнде қаим (ғибадат еткеннің)
және Аллаһтан қорқатын
мүджаһидтің сауабын алады. Ауру күшейген кезде
оған берілетін сауаптың көптігін ешкім біле алмайды.
Сәбидің әр емгенінде бір жан тірілткендей сауап алады.»
(Әбушшәйһ)
СӘБИГЕ ЕСІМ ҚОЮ
Сұрақ: Жақында келіншегім босанған еді. Туылған
сәбидің есімін қою жолдарын түсіндірсеңіздер,
қандай
талаптары бар? Жалпы бала туылғанда қандай амалдар жасау
керек?
Жауап: Балаға қойылатын немесе бұрын қойылған аттың
мағыналарын дінімізге және әдет-ғұрыптарымызға сай
келе ме, келмей ме соны білу керек.
Сай келмесе, жаман
мағыналы болса оны өзгерту керек. Хадис шәрифте
«Есімі
жаман болған адам оны әдемі атқа ауыстырсын» деп
бұйырылған. (Бәриқа)
Хазреті Айша анамыз «Расулуллаһ
жаман есімдерді өзгертетін еді» деген. (Тирмизи) Кәпірдің
есімін қоюдан да аулақ болу керек.
Хазреті Имам Раббани
«Бір мұсылман кәпірдің есімін алудан арыстаннан қашқандай
қашу керек. Ондай есімдер және ол есімдердің иелері
Аллаһтың дұшпандары» деп бұйырған. (Мәктубат Раббани)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Балаға әдемі ат қою,
Достарыңызбен бөлісу: