38
болған жəне абсолюттік. Табиғи құндылықтар - бұл адамның күші мен жан
дүниесінің қабілеттілігінің құндылықтары: ақыл-ой, сезім, күш-жігер, яғни
ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы,
сезімнің тазалығы, естің
сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы. Жүре пайда болған құндылықтар -
бұл адамның интеллектуалды жəне адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында
меңгерген
құндылықтар, яғни əдептілік, сыпайылық, сыйластық
жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық жəне т.б.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын,
ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор
құндылықтар. Абсолюттік (мəңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға
рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мəңгілік
жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи жəне жүре
пайда болған
құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар
тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады. Мəңгілік
жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар ақиқат, дұрыс əрекет, ішкі
тыныштық, сүйіспеншілік жəне қиянат жасамау адамның ұлтына нəсіліне,
тұратын ортасына жəне уақытпен өзгермейтін тұлғаның үйлесімді дамуының
нəтижесі ретінде қарастырылады. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара
тəуелді,
бір-біріне етеңе сіңіп, адам руханияты мен мəдениетінің біріңғай
негізін құрайды. Қарым-қатынаста ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам
ойы, сөзі, ісі өзін-өзі танудың адами тұлғаның аксиологиялық аспектілеріне
сəйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі тиіс [15].
Сондықтан да, қазіргі білім берудің мақсаты əлемдік сапа деңгейіндегі
жаңа инновациялық білім кеңістігін кұру жəне жаңа ғасыр жастарының білім
мен біліктілігін,
дағдысы мен шеберлігін, адамгершілік қадір-қасиеттерін,
дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, жағымды мінез-
құлық нормаларын абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар, яғни рухани-
адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру - үлкен қажеттілік екендігі
сөзсіз. Сол себепті бүгінгі оқыту үдерісінде педагогикалық қарым-қатынаста
жеткіншектердің өзін-өзі тануы,
өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі басқаруы жəне
өзін-өзі іске асыруы əлеуметтенуіндегі стратегиялық бағыттардың бірі деп
саналады.
Педагогика тарихында педагогикалық қарым-қатынас мəдениетінің
мазмұны əлеуметтік бейімделу, орта жəне
оның коммуникативтік
сапалығымен байланысты. Педагогтар мен білімалушылардың қарым-
қатынасы бұл педагогикалық оқу-тəрбие міндеттерін шешуге бағытталған
барлық
құқықтық, рухани қарым-қатынас жүйесімен қамтамасыз етілген
өзара əрекет. Педагог білімалушылармен қарым-қатынаста өзінің санасында
қатысушының ішкі жан дүниесін дəл ұғуға, сезімдерін түсінуге,
қылықтарының себебін анықтауда адамгершілік ұстанымдар арқылы жүзеге
асыра алады. Мұндай өзара қарым-қатынастағы адамгершілік ұстанымдар
педагогтың тəжірибесі, білімі,
көш бастаушылығы, құқығы, педагогтың
беделі үлкен роль атқарады.
Педагогикалық қарым-қатынас мəселелері туралы
да
өткен