эгоизм ұғымдары қатар жүреді.
Қарым-қатынастағы ізгілік - əдеп санаты, адамның қоғамдық жəне жеке
өміріндегі құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мəнін
бейнелейді. Жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым-
қатынастары, жақсылық, қайырымдылық, əділеттілік жəне т.б. Ізгілікке
қарама-қарсы ұғым - зұлымдық.
Қарым-қатынастағы үстемділік - доминанта (латын тілінен енген сөз)
- үстемдік ету. Өзекті қажеттілікпен немесе зейіннің үстемділігімен адамның
миында өктемдік ететін қозу ошағы. Мидың көршілес аумағындағы əлсіз
қозуларды тартып күшеюге қабілeттілігі. Доминанта түсінігін жəне оның
қасиетін академик А.А.Ухтомский ғылымға 1923 жылы енгізген.
Бүгінгі таңда жоғарғы сынып оқушыларының төменгі сынып
оқушыларына үстемділік көрсетуінен оқушыларда оқудағы проблемалары:
оқу үлгерімінің төмендігі, білім алуға деген қызығушылықтың төмендігі;
психологиялық проблемалары: өзіне сенімсіздік, өзін төмен санауы,
тұйықталу, өз-өзіне қол жұмсау т.б. жаһандық мəселеге айналып дабыл
қағылуда. Бұл өзекті проблемалар қазіргі таңда мектептерде ерекше көрініс
бергені байқалды.
Альтруизм (қамқорлық) - адамның белгілі бір жағдайлардағы
жекелеген іс-əрекеттерінен де көрінеді, сондай-ақ жалпы саналы
құндылықтың өмірлік ұстанымын білдіруі мүмкін. Соңғы жағдайда
альтруизм адам өмірінің мəніне айналады. Шектен шыққан түрі (бəрін
кешіру, құрбан болғыштық), яғни жеке тұлғаның жағымсыз мінезіне
айналады. Жалпы алғанда, альтруизм адамгершіліктің əлеуметтік-
психологиялық көрінісі ретінде аса маңызды рөл атқарады.
Қарым-қатынастағы эгоизм - (өзімшілдік) латын тілінен енген сөз.
Бірінші жағдайда адамды қоғам мен басқа адамдарға қатынасы тұрғысынан
сипаттайтын өмірлік принцип пен моральдық қасиет. Ол басқалардың
мүддесімен санаспайтын, тек өз мүддесін ғана көздейтін адамның жеке
басының теріс қасиетін бейнелейді. Екінші жағдайда субъектінің құндылық
бағдары; өмірлік қарекетінде өз қамын, өз қажетсінулерін басқа адамдар мен
əлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем санау. Адам бойында
өзімшілдіктің белең алуы, тұлғаны, индивидті тəрбиелеуде кеткен
кемшіліктерінен болады. Отбасындағы тəрбиенің бағдары бала өзін тым
жоғары санауынан, яғни эгоцентризміне бағытталса, онда бала да
мүдделерін, қажетсінулерін ғана негізге алатын мінез-құлық қалыптаса
бастайды. Есейе келе мұндай мінез-құлық арқылы өзін ғана жақсы көрушілік,
өзінен басқаның күйініш-сүйінішіне немқұрайдылық танытады.