Дәріс тезистері – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі


бағыныңқы сыңарлары сөйлемнің грамматикалық құрылымына тәуелді болса, ондай сөз



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата23.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#103252
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
лекция синтаксиса 2

бағыныңқы сыңарлары сөйлемнің грамматикалық құрылымына тәуелді болса, ондай сөз 
тіркестері сабақтаса байланысады. Егер сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары сөйлемнің 
семантикалық құрылымына тәуелді болса, ондай сөз тіркестері салаласа байланысады.
Меңгеру формасы арқылы байланысқан сөз тіркестері салаласа да, сабақтаса да байланысуға 
қабілетті. Мысалы, Осы аңыз Әбілқайырдың құлағында шыңылдап тұр (І.Е) сөйлемі аңыз 
шыңылдап тұр, құлағында шыңылдап тұр, Әбілқайырдың құлағы, осы аңыз деген сөз 
тіркестерінен құралады Алғашқы үш сөз тіркесі сабақтаса байланысады. Егер олардың бағыныңқы 
сыңарларын (шыңылдап тұр, құлағы, құлағында) сөйлем ішінен алып тастаса, сөйлемнің 
грамматикалық құрылымына нұқсан келіп, сөйлемдік дәрежеден айырылады. Соңғы сөз 
тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сыңар осы сөзін алып тастаса, сөйлемнің грамматикалық 
құрылымына нұқсан келмейді, сөйлемдегі айтылатын ойдың семантикасы солғындайды.
 


7- дәріс. 
Сөз тіркесінің типтері 
Сөз тіркесі құрамындағы сөздер грамматикалық жақтан байланысқа түскенде, олардың жалпы 
грамматикалық, категориялық грамматикалық, қатыстық грамматикалық мағыналары өзара 
үйлесім табады. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің категориялық грамматикалық мағыналарының 
үйлесуінен сөз тіркестерінің байланысу формалары, тәсілдері анықталады. Қатыстық 
грамматикалық мағыналарының үйлесуінен синтаксистік мағыналары (жаңа грамматикалық мән) 
айқындалады. Жалпы грамматикалық мағыналарының үйлесуінен сөз тіркестерінің типтері 
айқындалады. Сөз тіркесі құрамындағы сөздерге тән грамматикалық ұғымдардың өзара 
үйлесімділігі сөз тіркесінің типтеріне тән ортақ заңдылықтарды саралайды. Сөз тіркестері зат есім 
+ етістік типті сөз тіркестері, зат есім+зат есім типті сөз тіркестері, сан есім + зат есім типті сөз 
тіркестері, сын есім + зат есім типті сөз тіркестері, есімдік + етістік типті сөз тіркестері, есімдік + 
зат есім типті сөз тіркестері, есімдік + сан есім типті сөз тіркестері, зат есім + сын есім типті сөз 
тіркестері, зат есім + модаль сөз типті сөз тіркестері, үстеу + зат есім типті сөз тіркесі, үстеу + сын 
есім типті сөз тіркесі, үстеу + сан есім типті сөз тіркесі, үстеу + модаль сөз типті сөз тіркесі, үстеу 
+ етістік типті сөз тіркесі, сан есім + етістік типті сөз тіркесі, субстантивтенген типті сөз 
тіркестері, адвербиалданған типті сөз тіркестері, адъективтенген типті сөз тіркестері, вербалданған 
типті сөз тіркестері болып бөлінеді. Зат есім + етістік типті сөз тіркестері. Сөз тіркесінің 
алғашқы сыңарының жалпы грамматикалық мағынасы зат есім, екінші сыңардың жалпы 
грамматикалық мағынасы етістік болады. Мысалы, Жанар келді, Ардақты көрдім. Есімдік + 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет