Сонымен,
грамматикалық бастауышы жоқ, субект мәнi арнаулы септiк не тәуелдiк жалғаулы
сөздер арқылы логикалық ыңғайда байқалатын немесе мүлдем көрiнбейтiн бiр негiздi сөйлем
түрiн жанама жақты сөйлем деймiз.
Мүшеленбейтін сөйлемдер.
Мүшеленбейтін сөйлемдер
екіге бөлінеді:
сөз сөйлем және
атаулы сөйлем. Ғалым Т.Сайрамбаев: «Біз осы кезге дейін ...
сөйлем түрлерінің барлығы бастауыштық баяндауыштық құрамда
жасалады деген пікірмен
келеміз. Шындығында солай ма? Негізінде осы сөйлем түрлерінің қалыптасуы әлі де сөз бола
беретіні анық. Сол сияқты осы сөйлемдер тобын қазіргі кезде де толық сақталады деп айта аламыз
ба? Өйткені соңғы кезде тіл тілдерде, әсіресе орыс тілінде кейбір түркологиялық зерттеулерде
сөйлемнің жаңа түрі сөз-сөйлем айтыла бастады», - дейді [1, 143 Сайрамбаев Т. Сөз сөйлемнен сөз
сөйлемге дейін // ҚазҰУ хабаршысы.- 2007.№ 3 (102) -142-146]. Сөз-сөйлем сөйлеу тілінің басты
ерекшеліктері негізінде зерттеушілердің назарына ілікті. Адамдар
тіл арқылы қарым-қатынас
жасағанда өздерінің ішкі психологиясына, ойына, болып жатқан ситуацияға сай тілдік бірліктерді
икемдейді. Сөз-сөйлемдер белгілі бір ситуацияның адам психологиясына әсері тұрғысында тілдегі
артық элементтердің түсіріліп сөйлемнің ықшамдалып қолданылуы болып табылады. Сөз сөйлем
интонациялық құбылысқа бай келетін күрделі сөз тіркесінен бастап жеке дыбысқа дейін жететін,
құрамсыз, структурасында ешбір айқындық жоқ ал, қызметі жағынан толық сөйлем бола алатын
белгілі бір ойды білдіре алатын негіз, форма құрылым жағынан белгілі тұлғасы жоқ сөйлемдердің
бір түрі. Сөз-сөйлемдер диалогты сөйлемдердің құрылымында келетін жауап репликаларымен
ұқсас келеді. Олардың ұқсастығы – тек сөйлеу үстінде танылуы. Сөз сөйлемдер жеке тұрғанда
емес, тек тілдік қатынас үстінде танылады. Сөз-сөйлемнің басты айырмашылығы – сөйлеушіге тән
эмоционалдылық. Сөз-сөйлем сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ
нақты ситуация жағдайын
хабарлаудан қалыптасады. Ситуациялық жағдай екі жаққа да белгілі бір дәрежеде эмоция
тудырады. Мысалы,
Аттан! Аттан! немесе
Шапты! Шапты! дегенде жаудың келгендігі туралы
хабар берілііп тұр. Хабар жай ғана емес эмоционалдық сипатта беріледі. Хабардың берілуі де,
эмоционалдық сипаты де интонация арқылы айқындалады. Сөз-сөйлемдерді эксплицитті сөз
сөйлем, имплицитті сөз-сөйлем деп екіге бөлуге болады.
Атаулы сөйлемдерде бастауыш
баяндауыш болып құралатын предикативтік қатынас болмағанымен предикативтіктің өзі бар. Бұл
сөйлемде тиянақты пікірді білдіреді, ол ойды, оқиғаны болмысқа шақ, жақ тұрғысынан
қарастырып білдіреді. Атаулы сөйлемдерге тиянақты синтаксистік
форма беретін - интонация,
контекст. Сөйлемге тән интонация алып, атаулы сөйлем дара, тиянақты форма алады. Атаулы
сөйлемдерде жақтық көрсеткіш болмайды. Сонымен, атаулы деп
табиғат құбылысындағы іс-
әрекеттердің, адамдардың ұжымдық қатынасын көрсететін мекен атауларының, табиғи
болмыстағы мекен мәнді атаулардың сөйлеу процесіне сәйкестігін танытатын сөйлемдердің түрін
атаймыз. Оларды мынадай мағыналық топтарға жіктеуге болады: Табиғат құбылысындағы іс-
әрекеттің сөйлеу процесіне сәйкестігін көрсететін атаулы сөйлемдер:
Түн. Мидай дала. Қаптаған
бұлт. Азынаған жел. Дауыл. т.б. Адамдардың ұжымдық қатынасын
көрсететін мекен атаулары
арқылы ондағы іс-әрекеттің сөйлеу сәтіне қатысы бар екенін көрсететін атаулық сөйлемдер:
Алматы. Вогзал іші.т.б. Табиғи болмыстағы мекен мәнді атаулардың сөйлеу әрекетіне қатысын
білдіретін атаулы сөйлемдер:
Орман. Теңіз. т.б. Жануарлар мен жәндіктердің сөйлеу сәтіне
байланысын көрсететін атаулы сөйлемдер:
Жайылған мал. Ұлыған қасқыр. т.б.
Достарыңызбен бөлісу: