құрмалас сөйлемдердің құрамындағы сабақтаса байланысудың тәсіліне қарай; Есімше тұлғалы, Көсемше тұлғалы, Шартты рай тұлғалы, Төл сөз тұлғалы.
15 - дәріс. Қазақ пунктауациясы, оны қоюда басшылыққа алынатын ұстанымдар. Қазақ пунктуациясының негiзгi қызметi – тiлдiң iшкi заңдылықтарына сүйенiп, сөйлеудi (речь)
сөйлемдерге, сөйлемдердi белгiлi бiр бөлiктерге бөлiп, ажыратып жазу және оларды дұрыс,
мәнерлеп, нақышына келтiрiп оқуға, сонымен бiрге жазылған ойды я оның бөлшектерiн дұрыс
түсiнуге мүмкiндiк жасау.
Тыныс белгiсiн қоюда басшылыққа алынатын принциптерi: 1.
Грамматикалық принцип. Тыныс белгiлерiн грамаматикалық ережелер негiзiнде қою.
2.
Мағыналық принцип. Сөйлемнiң тыныс белгiсiн синтаксистiк категориялар мен
синтаксистiк тұлғалардың мағынасына негiздей қою.
3.
Интонациялық принцип. Сөйлемнiң тыныс белгiсiн синтаксистiк категориялармен
синтаксистiк тұлғалардың сазына, нақышына келтiрiп айтылуына және естiлуiне қарай қою.
Қазiргi заманда тiлдерде кездесетiн тыныс белгiлерiне тән тағы бiр қасиет – олардың
интернационалдығы. Тыныс белгiлерi – түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары
жағынан да тiлдердiң басым көпшiлiгiнде бiркелкi болып келдi. Қазақ тiлiнiң пунктауциясы
кенжелеп туып, кеш дамыды. Қазан революциясына дейiн белгiлi бiр жүйеге келтiрiлген,
көпшiлiкке танылған пунктуациялық заң-ережелер болған жоқ. Ол уақыт үшiн пунктуациялық
ережелердiң болмауының өзi де табиғи нәрсе едi. Өйткенi тыныс белгiсi баспасөз үшiн керек.
Республикамызда баспасөздiң дамуы , оның бүкiл халық игiлiгiне айналып, оқушылар санының
артуы, жазу мәдениетiнiң, сауаттылықтың шешушi бiр саласы болып табылатын пунктуация
мәселесiн ғылыми негiзде қалыптастырып реттеу мiндетiн қойды
Тыныс белгiлерiнiң түрлерi мен қызметтерi Тiлiмiздегi тыныс белгiлерi сан жағынан онша көп болмағандарымен мағыналары, қолданылатын
орындары жағынан алуан түрлi болып келедi. Тыныс белгілерінің қызыметін сөйлем соңында