Дәріс тезистері – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі


Қос нүкте. Қос нүкте мынадай орындарында қолданылады:  а)



Pdf көрінісі
бет30/31
Дата23.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#103252
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
лекция синтаксиса 2

Қос нүкте. Қос нүкте мынадай орындарында қолданылады: 
а) Соңғы жай сөйлемi алдыңғы жай сөйлемдегi пiкiрдi талдап, саралап ашып түсiндiретiн 
құрмалас сөйлемнiң жай сөйлемдерi арасына қойылады. ә) Бiрыңғай мүшелер алдында келген 
жалпылауыш сөзден кейiн қойылады. б) Төл сөзден бұрын келген автор сөзiнен кейiн 
қолданылады Көп нүкте. Көп нүкте пiкiрдiң аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнiң бiрер 
сөзiнiң түсiп қалғандығын бiлдiредi. Көп нүкте көркем шығармалардың кейiпкерлерiнiң 
сөздерiнде жиi кездесiп отырады. Оларда, негiзiнде, сөйлеушiнiң қуанғаннан немесе қысылып 
ұялғаннан сөзi аузына түспей, сөз таба алмай мүдiргенiн, сасқалақтағанын, сөз, сөйлем 
аралығында ұзақ кiдiрiс болғандығын бiлдiру үшiн қойылады.. Сызықша. Үтiр сияқты, сызықша 
да мағынаға, функцияға орасан бай тыныс белгiсi. Мұның мағынасы мен функциясы үтiрден де 
көп. Сызықша сөйлеудiң белгiсi бiр бөлшектерiн басқа бөлшектерден бөлу үшiн де, 
жақындастыру, қосу үшiн де, сөздердiң арасындағы мағыналық, синтаксистiк қатынастарды 
айқындау үшiн де қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, 
кейде дара болып келе бередi. 
а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады. Бұл орында ол бұл екi мүше 
арасында азды-көптi кiдiрiс барын бiлдiрiп, ол екеуiн сөйлемнiң басқа мүшелерiмен 
шатастырмауға жәрдемдеседi. Мысалы: Адам – ардақты ат. ә) Өзiнiң алдындағы сөздiң немесе 
сөздер тiркесiнiң мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшiн қолданылатын оңашаланған 
айқындауышты бөлу үшiн қойылады. б) Бiрыңғай мүшелерден кейiн келген жалпылауыш сөздiң 
алдынан сызықша қойылады да, соңғының жинақтауыш сөз екендiгiн, мағыналық жақтарынан 
олардың мәндестiгiн бiлдiру, қызметiн атқарады. в) Төл сөз бен автор сөзiн бiр-бiрiнен бөлiп 
тұрады г) Сызықша мезгiлдiк, мекендiк шаманы, шектi бiлдiретiн сөздер арасында қолданылады. 
Мұндай орынның кейбiреуiнде ол түсiрiлiп қалдырылған шығыс жалғауының орнына 
қолданылады және соның функциясын атқарады. Мысалы: Бiздiң бригада күнделiктi жоспарын 
150-200 проценттен кем орындап көрген емес. д) Сызықша тетелесе болған әрекеттердi бiлдiретiн 
кейбiр шарт мәндi құрмалас сөйлемдер мен жалғаулығы түсiрiлiп қалдырылған қарсы мәндi 
құрмалас сөйлемнiң компонеттерi арасында қолданылады. Бардым, - жолыға алмадым. Айтудай-ақ 
айттым, - көнбедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет