Үтiр. Үтiр – тыныс белгiлерi iшiндегi функцияға ең бай белгi. Бұл жай сөйлемдерде сөйлемдегi
сөздердi немесе сөз тiркестерiн бiр-бiрiнен бөлу үшiн де қолданылады. Үтiрдiң қолданылатын
орындары мен атқаратын қызметтерi мынадай:
а) құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердi бiр-
бiрiнен бөлiп көрсету үшiн қолданылады.
ә) сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерiн бiр-бiрiнен бөлiп
тұрады.
б) қаратпа сөздi сөйлемнiң басқа мүшелерiнен бөлiп тұрады.
в) қыстырма сөздi сөйлемнiң
басқа мүшелерiнен бөлiп тұрады.
г) одағай сөздi сөйлемнiң басқа мүшелерiнен бөлу үшiн
қолданылады.
д) сiлтеу, мақұлдау, келiспеу мәнiнде айтылатын кейбiр оқшау сөздерден кейiн
қойылады.
е) оңашаланған мүшенi, сөйлемнiң басқа мүшелерiнен бөлiп тұру үшiн қолданылады.
ж) хабарлы сөйлем түрiнде айтылған төл сөзден кейiн, автор сөзiнiң алдында қойылады.
Нүктелi
үтiр. Нүктелi үтiр – хабарлы сөйлемдерден кейiн қойылатын нүкте мен үтiрдiң аралығындағы
тыныс белгiсi. Мұның мәнi, дәрежесi нүктеден төменiрек те, үтiрден жоғарырақ. Бұл – аралары
үтiрмен бөлiнген сөйлемнiң күрделiрек бөлшектерi арасында да, мағыналары өзара байланысты,
ортақ немесе бiрыңғай тұлғалы мүшесi (әсiресе баяндауышы) бар талдап, санамалап, пункттеп
баяндау түрiнде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады.
Нүктелi үтiр тек жай сөйлемдер арасында ғана емес, сонымен қатар мағыналары өзара жақын,
ұласа айтылған құрмалас сөйлемдер арасында да қойылады. Мысалы: Кiмдi-кiм өзiн сынаудан
қорықса, оның әлсiздiгi; кiмде-кiм өз мiнiн көре алмаса, оның саяздығы (Ә.Әбiшев).
Достарыңызбен бөлісу: