Дәріс тезистері – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі


- дәріс. Құрмалас сөйлемнің лингвистикалық сипаты. Жалғаулықты



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата23.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#103252
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
лекция синтаксиса 2

12 - дәріс. Құрмалас сөйлемнің лингвистикалық сипаты. Жалғаулықты 
салалас, Жалғаулықсыз салалас құрмаластар
Жай сөйлемдерде бір ғана предикативтi орталық болса, құрмалас сөйлемдер кемiнде 
екі предикативтiк орталыққа негiзделедi. Құрмалас сөйлем компоненттерi арасында жай 
сөйлемдердегiдей тиянақталған интонация болмайды. Жай сөйлем жалаң ойды бiлдiрсе, 
құрмалас сөйлем күрделi ойды бiлдiредi. Құрмалас сөйлемге анықтама беруде жоғарыда 
аталған структуралық және сематикалық белгiлерi ескерiледi. 
Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бiр-бiрiне байланысты екi немесе одан 
көп жай сөйлемдерден құралып, күрделi ойды бiлдiретiн сөйлемдi айтамыз. 
Салалас құрмалас сөйлемдер жасалу жолына қарай: жалғаулықсыз, жалғаулықты болып бөлінеді.
Жалғаулықсыз салалас құрмаластардың байланысу тәсілдері мынадай: 
1. Құрамындағы жай сөйлемдер мағыналарының өзара іліктес, байланысты болуы арқылы; 2. 
Интонация тұтастығы арқылы; 3. Компоненттердің бәріне қатысты ортақ мүшенің болуы арқылы; 
4. Белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы; 5. Бірінші компонентте 


айтылған сөздің екіншіде есімдікпен қайталануы арқылы; 6. Компонент баяндауыштарының 
бірыңғай жақтық, шақтық тұлғада айтылуы арқылы.  
Жалғаулықсыз (Іргелес) салалас құрмаластардың мағыналық түрлеріне қарай былайша 
топтастырылады: 1. Мезгілдік іргелес салалас; 2. Қарсылықты іргелес салалас; 3. Себептік 
іргелес салалас; 4. Шарттық іргелес салалас; 5. Теңдік қатынасты іргелес салалас; 6.
Айқындауышты қатынасты іргелес салалас; 7. Объектілік қатынасты іргелес салалас; 8. Телінбе 
компонентті іргелес салалас; 9. Ауыспалы іргелес салалас.
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсіліне мынадай: 1. Себептестік 
қатынасты білдіретін жалғаулықтар арқылы; 2. Мезгілдестік қатынасты білдіретін жалғаулықтар 
арқылы; 3. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар арқылы; 4. Кезектестік қатынасты 
білдіретін жалғаулықтар арқылы; 5. Талғаулық қатынасты білдіретін жалғаулықтар арқылы; 6. 
Бірдейлестік қатынасты білдіретін жалғаулықтар арқылы; 7. Бейтараптық қатынасты білдіретін 
жалғаулықтар арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет