Дәріс тезистері – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі


Атаулық тіркестерге сөзжасамдық-синтаксистік қағидаға негізделген мына сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата23.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#103252
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Атаулық тіркестерге сөзжасамдық-синтаксистік қағидаға негізделген мына сөз тіркестері 
жатады: А) ықшамдау құбылысына түскен зат атауы мәнді жартылай матасу формасындағы сөз 
тіркестері; Мысалы, Алматы қаласы, Іле өзені, Парасат журналы, бір саны, он саны, жүз саны 
т.б. 
Б) ықшамдау құбылысына түскен арнау мәнді және заттық материал мәнді қабыса байланысқан 
сөз тіркестері; Мысалы, мал қора, сиыр қора, ат қора; ас үй, қонақ үй, ас бөлме, қонақ бөлме
темір пеш, ағаш қасық, алтын сағат т.б. Синтаксистік тіркестердің өзіне тән белгілері: 
біріншіден, сөз тіркесінің құрамында сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу болып, сөз тіркесі 
сын есім типті, сан есім типті, есімдік типті, етістік типті, үстеу типті т.б (үлгіде көрсетілгендей) 
сөз тіркесінің жиынтығын құрайды. Екіншіден, синтаксистік тіркестер міндетті түрде 
предикаттық, атрибуттық, адвербиалдық, обьектілік қатынаста жұмсалады. Үшіншіден, олар 
қиысу, матасу, меңгеру формасында синтетикалық тәсілге, қабысу, жанасу формасында
аналитикалық тәсілге негізделеді. Төртіншіден, олар тек синтаксистік қызмет атқарады. 
Изафеттік тіркестердің өзіне тән белгілері: біріншіден, сөз тіркесі тек зат есімдерден құралып, 
зат есім типті сөз тіркестерінің жиынтығын құрайды. Екіншіден, олар І изафет, ІІ изафет, ІІІ 
изафет болып бөлінеді. І изафетке категориалдық мағыналары үйлесім тауып, қабыса байланысқан 
сөз тіркестері жатады. ІІ изафетке ілік септік формасы жасырын тұрған зат есімді жартылай матаса 
байланысқан сөз тіркестері жатады. ІІІ изафетке ілік септік формасы ашық тұрған матаса 
байланысқан сөз тіркестері жатады.
І изафет қатаң түрде мағыналық бірлікте жұмсалады. ІІ, ІІІ изафет ілік септік формасының 
ашық, жасырын келуіне орай жылжымалы болады. Егер ілік септігі ашық болса, синтаксистік 
қатынаста, оның ішінде тек атрибуттық қатынаста ғана жұмсалады, егер ілік септігі жасырын 
тұрса, семантикалық тұтастыққа ие болады. Үшіншіден, матасу формасында синтаксистік қызмет 
атқарады, жартылай матасуда номинативті қызмет атқарады. Атаулық тіркестердің өзіне тән 
белгілері: біріншіден, атаулық тіркестердің синтагмалық байланысы атауыштық мәндегі 
синтаксистік синтагмаға да, семасиологиялық мәндегі синтаксистік синтагмаға да қатысты болып,


аралық категорияға жатады; екіншіден, атаулық тіркестер сөйлем құрылымды синтагманың 
ықшамдалуынан қабысу, жартылай матасу формасына айналады. Жартылай матаса байланысқан 
атаулық тіркестерде ілік септік жалғауының ашық жасырын қолданысы болмайды, ілік септік 
жалғауын ашық қолдануға қабілетті емес. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің бірі жалпы есім, 
бірі жалқы есім болады. Семантикалық тұтастықта жұмсалып, зат атауы мәнін білдіреді, 
құрамындағы синтаксистік байланыстың түрлерін тауып алуға болады. Тілімізде номинативті 
қызмет атқарады. Қабыса байланысқан атаулық тіркестердің құрамындағы зат есімдер 
категориалдық мағыналар арқылы байланыспайды. Әр түрлі ұғымды білдіретін зат атаулары 
арқылы байланысады. І изафет пен атаулық тіркестің қабысу формасында мынадай ерекшелік бар: 
І изафеттегі қабысу сөз тіркесіне тән синтаксистік синтагмаға сүйенеді, атаулық тіркестегі 
қабысу сөйлем құрылымды синтагмаға сүйенеді. (Ақын жігіт І изафет; мал қора - малға арналған 
қора, темір пеш- темірден жасалған пеш)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет