34
Қазіргі ақпараттық қоғам мүшесінің ақпараттық мəдениетін
адамның кəсіби жəне жалпы мəдениетінің, осылармен ортақ кате-
гориялармен (ойлау, жүріс-тұрыс, қарым-қатынас жасау, қызмет
мəдениеті) байланысқан жəне мəндері 1-кестеде
келтірілген бірнеше
өзара байланысты құрамдық элементтерден тұратын, біршама
бүтіндей ішкі жүйесі ретінде қарастыруға болады.
1-кесте. Ақпараттық қоғам мүшесінің ақпараттық мəдениетінің
құрылымы.
Ақпараттық мəдениеттің құрамдары
Аты
Мəні
Аксиологиялық
Адамның ақпараттық қызметінің адамгершілік
құндылықтарын жеке тұлға деңгейінде қабылдау
Қатынасқыштық-
этикалық
Информатика мен ақпараттық технологиялар
саласында қарым-қатынас пен ынтымақтастық
мəдениеті, телеқатынастардың мүмкіндіктерін
тұлғааралық жəне ұжымдық əрекеттестігі үшін
пайдалану, ақпараттық
қатыстар саласындағы
өнегелі тəртіп
Танымдық-
интеллектуалдық
Ақпаратық технологиялар саласындағы
құзырлылық пен еркін хабардар болу, ойлаудың
оралымдылығы мен бейімділілігі
Болжамдық
Ақпараттық қызметтің мүмкін болар салдарын
алдынала білу, үздіксіз жаңаратын ақпараттық
жағдайларға кəсіби-əлеуметтік бейімделу
Қолданбалылық
Кəсіби есептерді
барынша тиімді шешу
үшін ақпараттық-технологиялық мүмкіндіктерді
пайдалану
Құқықтық
Ақпаратық қатыстарды реттеудің негізгі
нормаларын біліп орындау, ақпараттық құралдары
көмегімен жасалынған əрекеттерге жаупкершілікті
мойындау
Эргономикалық
Ақпараттық-кəсіби қызметте еңбекті
ұйымдастырудың ғылыми қағидаларын, денсаулық
үшін
қауіпсіздігін, физиологиялылық пен
жабдықталғындылықты іске асыру
Кестеден көрінгендей ақпараттық мəдениет ұғымына əр
түрлі мағына беруге болады: оны ақпараттық технологиялар мен
35
құралдарды қызметте пайдалану икемдігі арқылы түсінуге болаты-
ны сияқты, олардың қолдану салдарын болжау мен бақылау арқылы
да түсінуге болады.
Адамдардың көбінің ақпараттық мəдениеті ақпараттық қоғамның
білім саласы аясында қалыптасады. Қазіргі кездегі білімнің, оның
барлық түрлеріне ақпараттық жəне
телекомуникациялық техно-
логияларды қолданбай, мүмкін еместігі кездейсоқ емес. Бүгінде
ақпараттық технологиялар оқылмайтын немесе пайдаланылмай-
тын университет, академия не институтты іс жүзінде табу мүмкін
емес. Оның үстіне, осыған ұқсас технологиялардың білімдегі
негізгі қолдану саласы оқу үдерісі болған болатын, болып қалады
да. Ақпараттық құралдар ақпараттық технологиялардың өзін оқыту
мақсатында
қолданылатыны сияқты, білімнің басқа салаларын
оқытуда да қолданылады.
Ақпараттық технологияларды қоғам өміріне ендірудің «білім»
бағытының бар екендігі туралы айтуға болады. Осы бағыттарға жа-
татындар:
1. Ақпараттық қоғам жағдайында білімнің мазмұны мен функция-
сын, педагогикалық қызметтің түрлері мен əдістерін өзгерту;
2.
Ақпараттық технологиялары мен ақпараттандыру құрал-
дарының шығармашылық қабілеттілік пен кəсіби бағдар-
лылықты дамытуға оң əсері;
3. Ақпараттық технологиялардың тəрбиелік ықпалы;
4. Білім саласында мультимедиа-технологияларын пайдаланудың
мүмкіндіктерінің пайда болуы;
5. Ақпараттық қоғам жағдайында үздіксіз
білімді ары қарай да-
мыту;
6. Оқыту құралдарының электрондық моделдерін жаппай пайда-
лану мен дамыту;
7. Дамыта оқытуды қоғамның ақпараттық ресурстары негізінде
қалыптаса бастауы;
8. Қосымша білім саласына ақпараттық жəне қатынастық техно-
логияларды ендіріу;
9. Ақпараттық қоғамда оқытудың дəстүрлі жəне инновациялық
тəсілдерінің мүмкіндіктерін үйлестіру;
10.
Оқу үдерісінің барлық түрлерінде жұмыс істеуі үшін
оқытушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру;
11. Оқу орындарын басқару мен педагогикалық еңбек сапасын
бағалаудың жаңа тəсілдерінің тууы;
36
12.
Ақпараттық қоғамда білім қызметтерін жаһандандыру мен
біріктіру.
Қазіргі дүниеде барлығы өзара байланысты.
Білімді
ақпараттандыру мен ақпараттық қоғамның дамуы тығыз байла-
нысты екендігі айқын бола бастады. Бір жағынан, ақпараттық
қоғамның қалыптасуы білім қызметінің барлық саласына
ақпараттық технологиялардың ену үдерістеріне елеулі əсер етсе,
екінші жағынан, білімді ақпараттандыру қоғам мүшелерінің
ақпараттық мəдениетін қалыптастыра отырып, оны ақпараттан-
дыруға мүмкіндік жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: