Питирим Сорокиннің әлеуметтік құрылым туралы көзқарасы
XX ғасыр социологияның негізін салушылардың бірі, ірі ғалым,
Ресейде, АҚШ-та өмірін өткізген П. Сорокин болды. Оның әлеуметтік
құрылым туралы концепциясы өте маңызды, ғылыми тұрғыдан алғанда
терең концепция. П. Сорокин қазіргі кезеңдегі әлеуметтік стратификация
деп аталатын теорияның негізін салушы деуге болады. П.Сорокиннің
стратификация теориясы жалпы қоғамды әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлу
принциптерін сипаттайтын неғұрлым салмақты тұжырымдамалардың бірі
болып табылады.
П. Сорокиннің анықтамасы бойынша әлеуметтік стратификация
дегеніміз адамдардың жиынтығын иерархиялық рангаларға, топтарға бөлу.
Топтарды жоғарғы, орта не болмаса төмен деңгейлерге бөлу
стратификацияның негізгі талабы. Осы бөлудің негіздері - құқықты,
жауапкершілікті және міндетті әр мөлшерде бөлу. Әлеуметтік
құндылықтарды бір топтың иеленуі, ал екіншісі одан тыс қалуы, әр
топтың әртөрлі билігі, ықпалы, беделі.
Сонымен П. Сорокин топтарды ажыратуда, жіктеуде құқық,
жауапкершілік, міндет, билік, ықпал сияқты көрсеткіштердің,
белгілердің өте маңызды роль атқаратындығын төсіндіреді. Қоғамдағы
адамдардың топтарын ол өшке бөледі. Бірінші топты ол элементарлық
яғни, қарапайым топ деп атайды. Бұл топты ажырату критериі бірақ
қана белгі болады. Мысалы, бір көшенің не бір өйдің адамдары. Бұл
топтың белгісі олардың қонысы, мекен-жайы. Топтардың одан гөрі
көрделісін кумулятивтік топтар деп атаған. Бұл топтың айырмашылығы,
белгілері біреу емес, бірнеше. Осындай топтардың ішінде таптар аса
маңызды орын алады. Таптың көптеген белгілері бар – кәсіби,
идеологиялық, психологиялық, т. б. ‡шінші топтардың типін П. Сорокин
көрделі конгломеративтік топтар деп атаған. Бұл топ элементарлық
және кумулятивтік топтардың қосындысы, бірақ та өте өлкен топтар,
олардың көптеген белгілері болады. Мысалы, бір елдің халқы, бөкіл
адамзат, т. б. Осы айтылған топтар жабық не ашық топтар, не
болмаса аралық топтар болулары мөмкін. Жабық топтар дегеніміз адам
туғаннан жататын тобы, ол оның ұлты, нәсілі, жынысы, жасы. Ондай
белгілер адамның өзіне байланысты емес. Ашық топтарға кіретін
адамдардың қасиеттері өздеріне байланысты. Мысалы, әртөрлі, әр
бағыттағы партиялар, творчестволық не спорттық қоғамдар, т. б. ұйымдар,
қозғалыстар. Аралық топтар деп П. Сорокин материалдық тұрмысы,
мемлекеттігі, мекен-жайы, тілі, т. б. қасиеттері, белгілері ортақ топтарды
айтқан.
П. Сорокин қоғамда стратификацияның үш түрі бар екендігін
баяндайды. Олар: экономикалық, саяси, кәсіби стратификациялар.
Экономикалық стратификацияның негізі материалдық байлық, не
кедейшілік. Саяси стратификацияның негізі билік, басқарушылық, не
болмаса олардың жоқтығы. Кәсіби стратификацияның негізі мәртебелі,
/лауазымды/ не мәртебесіз /лауазымсыз/ еңбек, мәртебелі /лауазымды/
болашағы бар, не болмаса болашағы аз, не болмаса жоқ мамандықтар.
Экономикалық стратификацияны қарастырғанда П. Сорокин қоғамның
экономикалық статусындағы екі өзгеріске тоқталады. Олардың бірі -
экономикалық тұрмыс, екіншісі - қоғамдағы экономикалық
стратификацияның көтерілу, не төмендеу мәселесі. Осы өзгерістерді, яғни
экономикалық стратификациялауды П. Сорокин флуктация деген
терминмен белгілеген. Флуктация дегеніміз топтың экономикалық
статусының өзгерістері. Бірақ та флуктация дегеніміз заңдылық емес,
бағытсыз өзгерістер. Елдердің материалдық тұрмысы, табысы, байлығы
өзгеріп отырады, яғни флуктацияға ұшырайды. Ұлттың, отбасының,
нақтылы елдің дамуында ешқандайда заңдылық жоқ, тек флуктация
орын алады. Олардың дамуында тек қана прогреске, баюға, не болмаса
кері кетуге, кедейшілікке алынған заңдылық, бағыт орын алады деп
айтуға біздің ешқандай негіз жоқ екенін П. Сорокин көрсетеді.
Саяси стратификацияны да П. Сорокин осы бағытта зерттеген. Оның
ойы бойынша саяси теңсіздік, саяси стратификация еш уақытта
жойылмайтын құбылыс. Әр дәуірдегі, әр елдердегі саяси
стратификацияны зерттей келіп П. Сорокин мынадай қорытындыларға
келеді. Біріншіден, тарихтың әр кезеңдерінде, әр елдерде саяси
стратификацияның биіктігі, деңгейі өзгеріп отырады. Екіншіден, бұл
өзгерістерде не бір қалыпқа келтіру, не стратификацияға жоғары көтеру
тенденциясы байқалмайды. Үшіншіден, саяси басқарудың бір
формасынан екінші формасына көшуде ешқандай тұрақтылық
байқалмайды. Мысалы, монархиядан республикаға, диктатурадан
демократияға, көшу процесі тұрғылықты, заңды құбылыс емес. Саяси
стартификацияның келбеті, экономикалық стратификациямен
салыстырғанда, жылдамырақ өзгереді, оның өзгеру көлемі кеңірек.
Төртіншіден, кез келген елде, қоғамда екі көш өнемі тартыс, көрес
жағдайында. Олардың бірі саяси стратификацияны азайтуға бағытталған,
екінші көш оған жол берушілер көші, яғни саяси теңсіздікті көшейтуді
талап ететіндер. Кәсіби стратификация қоғамда екі формада орын алады.
Біріншісі, кәсіби мамандықтардың иерархиясы, яғни мамндықтар
аралығындағы стратификация, екіншісі-әрбір кәсіби мамандықтың өз
ішіндегі
айырмашылықтар,
страталар.
П.
Сорокин
осы
кәсіби
мамандықтардың ішінен мәртебесі, лауазымы жоғары мамандықтарды
бөліп қарайды, бұл мамндықтарды игерген адамдардың білімі, жалпы
интеллектісі жоғары екендігін көрсетеді.
Прогрестік бағыттағы дамып жатқан елдерде ашық қоғам орныққан.
Ал осы процесс бәсең болса, ондай қоғамдарды жабық қоғам дейді. П.
Сорокиннің осындай концепцияларынан шыға отырып, қазіргі батыс
социологтары ашық және жабық қоғам деген идеологияны әрі қарай
дамытуда. Жалпы П. Сорокиннің көзқарасы бойынша қоғамдағы өте қатал
әлеуметтік стратификация төбінде жақсылыққа әкелмейді, төменгі
топтардың арасында наразылықты көшейте төседі. Төменгі страталардың
жоғарыға қарай көтерілуіне жол ашылуы қажет. Ал жоғары страталарда
беделін төсірген адамдардың, топтардың төмен құлай төсуін әбден
қажетті деп түсіну қажет. Питирим Сорокин кез келген ұйымдасқан
әлеуметтік топ әлеуметтік тұрғыдан әрқашан стратификацияланған деп
есептейді. “Жазық” болатын және онда барлық мүшелері тең дәрежелі
болатын бірде-бір тұрақты әлеуметтік топ болмаған және болмайды да.
Жіктелмеген, мүшелері шынайы тең дәрежелі болатын қоғам - ол қиял,
адамзат тарихында әлі болып көрмеген нәрсе”. Питирим Сорокиннің
стратификациялық
теориясының
негізгі
қағидасы
әлеуметтік
стратификациялардың нақты ипостастары көп және әр алуан болса да,
олардың барлық санқырлылығы негізгі үш нысанға: экономикалық, саяси
және кәсіптік стратификацияға келіп тірелуінде. Әдетте, бұл үш нысан тығыз
байланысқан, жоғары топқа қандай да бір қатысы бар адамдар бұл қабатқа,
әдетте, басқа өлшемдер бойынша да қатысты болады және керісінше.
Осыны
басшылыққа
ала
отырып,
П.Сорокин
әлеуметтік
стратификацияның әрбір нысанын жеке-жеке талдауды ұсынады және
оларды былай анықтайды:
1. Егер де қандай да бір қоғам мүшелерінің экономикалық мәртебесі тең
емес, олардың арасында байлығы барлар да, жоқтар да болатын болса, онда
мұндай қоғам қандай принциптермен, коммунистік немесе капиталистік
принциптермен
құрылғанына
қарамастан,
экономикалық
тұрғыдан
жіктелуімен сипатталады.
Егер де қандай да бір топтың шегінде беделі мен рөлі, атағы мен
мәртебесі мағынасында иерархиялық әр түрлі дәрежелер болатын болса,
онда бұл осы топтың өзінің конституциясында немесе декларациясында
жариялағанына тәуелсіз саяси жіктелгенін білдіреді.
Егер қандай да бір қоғамның мүшелері өз қызметінің, айналысатын
шаруаларының түрі бойынша әр түрлі топтарға бөлінген болса, ал кейбір
кәсіптер осы ретте басқалармен салыстырғанда неғұрлым беделді болып
саналатын және қандай да бір кәсіби топтың мүшелері әр түрлі дәрежедегі
жетекшілерге және бағыныштыларға бөлінетін болса, онда мұндай топ
бастықтары сайланатынына немесе тағайындалатынына, оларға лауазымдар
мұраға қалатынына немесе жеке қасиеттерімен келетініне қарамастан, кәсіби
жіктеледі. П.Сорокин өзінің теориясының көмегімен мынадай сұрақтарға
жауап табуға тырысады: “әлеуметтік ғимараттың биіктігі қандай”,
“әлеуметтік конустың табанынан төбесіне дейінгі қашықтық қандай”, “оның
беткейлері тік пе, көлбеу ме”. Бұл сұрақтардың жауаптары әлеуметтік
стратификацияны сандық бағалауға - “әлеуметтік ғимараттың” сыртқы
көрінісін бағалауға көмектеседі. Оның ішкі құрылымы, оның тұтастығы -
сапалық талдау пәні, ол үшін “ғимараттың ішіне кіріп, оның ішкі
құрылыстарын: қатардың сипаты мен орналасуын, бір қабаттан екінші
қабатқа жеткізетін лифтілер мен баспалдақтарды және басқа да бір қабаттан
бір қабатқа көтерілу және түсуге арналған құрылғыларды зерделеу қажет”.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік икемділік механизмдерін зерттеумен айналысу
қажет.
П.Сорокиннің жазған ғылыми еңбектері өте көп, кітаптары
мазмұнды, көлемді. Осы тақырыпқа байланысты оның мынадай
еңбектерін оқуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |