буын дәрежедегі менеджерлер, орта мектептің оқытушысы. Төртінші тап
– орта таптың орта буыны. Олар: қатардағы банк қызметкері, тіс ауруының
дәрігері, бастауыш мектептің оқытушысы, өндірістегі цехтың бастығы.
Компанияның қатардағы қызметкері, т. б. Бесінші тап – орта таптың төменгі
буыны. Олар: автомеханик, парикмахер, бармен, мамандығы бар жұмысшы,
полиция қызметкері /қатардағы/, ірі жөк тасушы машинаның жөргізушісі,
сауда қызметкері, т. б. Алтыншы тап – төменгі таптың жоғарғысы. Бұларға
жататындар көбінесе орта мамандығы бар жұмысшылар, машина
жөргізушілер, официант, швейцар, т б. қызмет атқаратын адамдар.
Жетінші тап – төменгі таптың төмені. Бұған кірітіндер жұмысы бар,
бірақта жалақылары, американдық өлшеммен алғанда, төмен адамдар.
Олар, мысалы, ыдыс-аяқ жуушылар, өй қызметіндегі жалшылар, көше
сыпыратындар, қоқыс жинайтындар, т. б. осындай қара жұмыс істейтін
адамдар. У. Уорнер бұл жерде Американың әлеуметтік құрылымын
толық беріп отырған жоқ. Бірақ та, осы елде осындай таптар бар
екендігі, олардың шамамен алғанда осы айтылған топтардан,
мамандықтардан тұратындығының дәлелі бар сияқты. Кейбір социологтер
осы Америкада 5 таптық жөйе бар деп көрсетеді. Осы көзқарастың авторы А.
Россидес. Ал Д. Ротмэн өзінің «Неравенства и стратификация в
Соединенных Штатах» деген еңбегінде бұл елде 8 таптың бар екендігін
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: