психологиялық детерминизм деп аталатын принцип жеке адамдардың
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты; 4) бұл принципті олар
еңбек этикасына байланысты деп санаған. Жалпы бұл социологтардың
теориясы теңсіздіктен туатын позитивтік және негативтік салдарларды
төсіндіруге бағытталған.
Сөйтіп, У.Уорнердің эмпирикалық тәжірибелерінен, ал теорияда - Т.
Парсонстың, Д. Мурдың және К.Дэвистің алғашқы мақалаларынан бастап
“әлеуметтік рөлді” әлеуметтанушылар жеке адамның немесе топтың
экономикалық жағдайының туындысы ретінде емес, дербес өмір сүретін
өзгермелі сипаттама ретінде қарастырады.
Қақтығыстар теориясын жақтаушылар теңсіздікті қоғамның өзін-өзі
сақтауын қамтамасыз етудің бірден-бір тәсілі деген ұғыммен келіспейді.
Олар функционалистік көзқарастардың кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай,
функционализм статус-квоны ақтауға тырысудан басқа ештеңе де емес деп
сендіреді. Олардың пікірінше, “теңсіздіктің мәні осында жатыр: ол қоғамдық
құндылықтарды (бастылары байлық пен билік) бақылайтын адамдардың
пайда көруіне мүмкіндік беретін осындай жағдайдың нәтижесі болып
табылады”.
Р. Парк пен Э.Берджестің
әлеуметтік арақашықтық тұжырымдамасы –
жоғарыда сипатталған теориялардың бәрінен мүлде өзгеше теория. Олардың
түсініктері әлеуметтанудан гөрі психологияға жақын: бір-бірін жақсы
көретін адамдар - әлеуметтік жағынан жақын адамдар; бір-бірін жек көретін
адамдар - әлеуметтік жағынан алшақтаған адамдар. Бұл ғалымдардың
теориясы әлеуметтанудан алшақ болғаны үшін сынға әділетті түрде
ұшыраған - сынаушылар оны өте-мөте психологиялық және субъективті деп
есептейді, өйткені авторлар әлеуметтік арақашықтықты “жақсы көру” мен
“жек көру” сияқты субъективті сезімдер арқылы өлшейді.
Батыс елдерінің социологтарының көпшілігі кәсіби стратификацияға
көңілді көбірек бөледі. Осы мәселе бойынша, мысалы, Дональд Дж.
Трейман 85 елде ғылыми жұмыс жүргізіп мамандық мәселесінің қоғамда
өте өлкен орын алатынын, қандай мамандықтар құнды, бағалы, ал
қайсыларының беделінің төмендегенін көрсеткен. Көпшілік социологтардың
айтуына қарағанда адамдардың, топтардың стратификациялық қатарда
орналасуы олардың әлеуметтік бағытына байланысты. Осы позицияларды
анықтау ретінде әртөрлі критерилер пайдаланылады. Социологияда осы
таптардың позициялары үш өлшем арқылы анықталады. Олар:
мамандықтың құндылығы, табыстың деңгейі және білім деңгейі. Осы
айтылған өлшемдерді социологияда әлеуметтік позицияның әлеуметтік-
экономикалық индексі деп атайды. Жоғарыда айтылғандай, топ деген
төсінік көбінесе жинақтау ролін атқарады, бірақ та Батыс
социологиясында жиі қолданылатын категория.
Достарыңызбен бөлісу: