қоғамда әлеуметтік стратификация төменгі дәрежеде өтеді. Ал аралық деп
аталатын қоғамда әлеуметтік стратификация көлемді орын алады.
Қазіргі
қоғам - өте терең стартификацияланған қоғам. Бұл нарықтық қоғам, бұл
қоғамда көптеген страталар бар, оның арасындағы экономикалық, саяси,
кәсіби стратификациялар маңызды рөл атқарады.
Адамдарды страталарға,
топтарға бөлетін белгілерді Т. Парсонс үшке бөледі. Бірінші топқа
жататын белгілер: адамның өзіне байланысты емес белгілер, адам осы
белгілермен дүниеге келеді, олар табиғи белгілер. Мысалы,
адамдардың
жасы, жынысы, ұлты, туыстық т.б. жақтары. Екінші топқа жататын
белгілер адамның өзіне байланысты. Ол адамдардың кәсібі, мамандығы
бойынша бөлінеді. Мысалы, инженер, дәрігер, оқытушы, артист,
бизнесмен, т.б. мамандықтар бойынша адамдар топтарға бөлінеді.
Осындай бөлінуді П. Сорокин және оның шәкірті Т.
Парсонс кәсіби
стратификация
деп
аталған.
Страталарға
бөлудің
белгілерінің,
көрсеткіштерінің үшінші тобы меншік, материалдық және рухани
құндылықтар, әлеуметтік тәртіп,
ерекше құқық, т. б. Бұл жерде Т.
Парсонс критерилердің арасын аса көп нақтылай қарамайды. Т.
Парсонстың бұл мәселелер туралы көзқарастары оның «Система
современных обществ» деген кітабында /орыс тілінде Мәскеуде 1998
шыққын/ кеңінен қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: