6. Саяси, әлеуметтік, діни, т. б. көзқарастар. Әрине, бұл құбылыстардың
жеке адамдарды, топтарды ажыратуда маңызы бар екендігі сөзсіз.
Мысалы, саяси бағыт, саяси партияларға кіру не кірмеу, белгілі бір
идеологияны жақтау, не оған қарсы шығу, саяси оппозицияда болу, не
оған қарсы шығу, не болмаса осының бәріне бейтарап қарау – осының
бәрі жеке адамның, не топтың статусын, таптық орнын белгілеуге әсер
етеді. Сол сияқты топтардың дінге қатынасы. Бұл қатынас әлеуметтік
жіктеуге тікелей әсерін тигізбейді, бірақта кейбір діндердің ішінде
иерархиялық топтарға бөлінуіне жол береді.
Осы критерилер қоғамды тапқа не старталарға бөлу үшін
пайдаланылады. Көпшілік социологтар қазіргі заманның қоғамы өш
тапқа бөлінеді деген түйінге келіп отыр. Олар: бай, орта, кедей деген
таптар. Әрине бұл бөгін ғана ашылған жаңалық емес. Бұл таптар
көптеген страталардан, яғни топтардан тұрады, оларды бір бірінен
ажырату жоғарыда айтылған белгілер арқылы жөріп отыруы керек.
Бірақ та осы өлкен топтардың, яғни таптардың өзіндік мәселелері де аз
емес. Мысалы, осы таптардың арасындағы қатынастар, ара қатынастар.
Марксистік концепция бойынша таптар болған жерде тап көресі де
бар, таптар бірімен бірі ымырашылдыққа келе алмайды. Сондықтан да,
таптық қоғамда тап күресі заңды процесс деп қаралады. Ал қазіргі
кезеңдегі Батыс социологтары тап көресі заңды құбылыс емес деп
қарайды. Нарықтық қоғамда, жеке меншіктің, оның ішінде
корпоративтік меншіктің орын алған кезеңінде таптардың арасында
бірлестік күшейе түседі, таптар өзара келісімге келіп қоғамның
дамуына кедергі жасамайды. Бірақ та бұл жағдай таптар арасындағы
барлық келіспеушілікті жояды деген сөз емес. Американдық социолог Р.
Парк әлеуметтік дистанция деген концепцияны бір кезде ұсынған екен. Бұл
концепция бойынша адамдар бір бірімен жақсы қатынаста
болғандықтан бірігеді, бір страта, не бір тап құрады. Ал бірін-бірі
жақтырмайтын топтар белгілі бір дистанция ұстайды, қашықтықта
тұрады. Бұл концепция негізінде психологиялық белгілер жатыр, мысалы,
бір біріне жақсы қарау, не болмаса жақтырмау. Тапқа, страталарға
бөлуде осындай белгілердің, құбылыстардың орын алуын жоққа шығарға
болмайды. Бағынышты адам өзінің бастығын жек көруі мүмкін, кедей
адам бай адамды жақтырмайды, т. б. осындай психологиялық, әлеуметтік
факторлар топқа бөлуде белгілі бір рөл атқарады. Бірақ та, бұл
факторларды топқа, страталарға бөлудің негізі деп айту онша дұрыс
емес.
Достарыңызбен бөлісу: