деген кітабы өлкен маңызды ғылыми еңбек. Жақын арада (2000ж)
Мәскеуде үш томдық «Социология» деген еңбек басылды. Оның екінші
томы «Социальная структура и стратификация» деп аталады. Бұл еңбектің
авторлары В. И.Добреньков, А. И. Кравченко. Әлеуметтік құрылымды
зерттеу
мақсатында, әлеуметтік стратификация теориясының медологиясы
мен методикасын қолдана отырып Ресей социологтары көптеген өзекті,
әлеуметтік мәселелерді зерттеуде. Қазіргі кезеңде Ресейде әлеуметтік
құрылым мәселесі және әлеуметтік стратификациялау жөнінде
басылымдар, зертеулер баршылық.
Қазіргі Қазақстан Республикасында әлеуметтік стратификациясымен
біраз зерттеушілер айналысады. Олардың ішінде М. Әженов пен Д.
Бейсенбаевтың «Социальная стратификация в
Республике Казахстан»
(Алматы,
1997),
М.
Садырованың
«Социально-профессиональная
мобильность интеллигенции» (Алматы, 1999), С. Золотухинның «Проблемы
социальной мобильности переходного периода» (Алматы, 2000), К. Сагадиев
пен Б. Бектурганованың «Средний класс – тест на современность» (Алматы,
1998) деген кітаптары. Мысалы, М.С.Әженов пен Д.Э.Бейсенбаевтың
“Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік стратификация” атты кітабында
әлеуметтік стратификацияның әр түрлі
теориялары қамтылады, кеңестік
дәуірден кейінгі Қазақстандағы жіктелу мәселелері қарастырылады, рес-
публикада соңғы жылдарда жүріп жатқан стратификациялық процестер
талданады.“Қазіргі Қазақстандағы жүріп жатқан стратификациялық процесте
қандай да бір этносқа жату ешқандай рөл атқармайды. Қазақстан қоғамында
тереңдеп жатқан жіктелудің басты белгілері - бұл табыс пен билік. Білім
беру, мәдениет, кәсіптерге келер болсақ, олар әзірше бұл стратификациялық
процесте ерекше рөл атқармайды”.
Әлеуметтік стратификация процесі, әсіресе қазіргі біздің қоғамымыз
бастан кешіріп отырған күрделі өзгерістер кезеңінде айрықша күрделі және
сан қырлы; әлеуметтік құрылымның даму қарқыны кей кездері оны зерттеу
қарқынынан озық келеді. Егер де біздің қоғамымыздың қазіргі жай-күйін
және оның әлеуметтік стратификациясы жүйесі дамуының негізгі үрдістерін
жалпы
сипаттауға тырысар болсақ, онда оны былай көрсетуге болады:
халықтың қарқынды жіктелуі мен реттелуі, жаппай төмендеп бара жатқан
икемділік.
Тоталитарлық дәуірден кейінгі қоғамның әлеуметтік құрылымы әр түрлі
әлеуметтік факторлардың ықпалымен қалыптасады: барлық әлеуметтік-
экономикалық, саяси, мәдени, білім беру инстиуттарының қоғамдық нысаны
және де бірінші кезекте меншік пен билік институттары өзгереді.
Терең қоғамдық төңкеріс және әлеуметтік құрылымды жасақтайтын
әлеуметтік негіздер мен реттеуіштердің түрлену процесі жүреді. Әлеуметтік
құрылымның негізгі құрамдас бөліктері - топтар мен қауымдастықтардың
табиғаты өзгереді, олар меншік пен билік субъектілері ретінде қайта қалпына
келтіріледі.
Әлеуметтік страталарды толтыру механизмдерінің өзі өзгереді,
ұрпақтар
сабақтастығы немесе отбасылық-демографиялық факторлар негізінде
қолданыста болатын бұрынғы әлеуметтік ұдайы өндіру механизмдерінің
орнына ұлттық және оңтайлы экономикалардың өзгеру процестеріне
“енгізілген”, атап айтқанда, кәсіпкерлік пен жалдау шарттарының өзгеруі
механизмдері келеді.
Әлем қауымдастығы әлеуметтік құрылымның үш түрін біледі:
1. Орта таптың күшті топтары ұстап тұрған демократиялық нарықтық
қоғам. Онда әлеуметтік топтардың бөлінісі орталық бөлігі дамыған (орта
топтар), жоғары тап (бай элита) пен кедейлер тобы полюстері онша үлкен
емес ромбты елестетеді.
2. Нашар дамыған, бірақ нарықтық экономикаға
аяқ тіреген әлеуметтік
құрылым үлгісі. Эйфель мұнарасын еске түсіретін пирамида түрінде (кедей
топтар орналасқан кең ауқымды үлкен табан).
3. Бұрынғы социалистік елдердің жіктелу моделі табаны аса үлкен
үшбұрышты еске түсіреді, оның көп ауданын “еңбекшілер” қабаты, ал
төбесін - “билік адамдары” алып жатыр. Орта тап іс жүзінде жоқ.
Біздің бүгінгі қазақстандық қоғамымызға келер болсақ, оның
стратификациялық жүйесі, көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, екінші
үлгі нысанына ие - бүйір жақтары ойыңқы пирамида. Бұл пирамиданың
төбесінде негізінен ірі бизнесмендерден, сондай-ақ көрнекті саяси және
мемлекет қайраткерлерінен тұратын жоғары тап орналасқан.
Кәсіпкерлік болса, қызметтің бір түрі
ретінде - тек заңды ғана емес, аса
жауапты шаруа ретінде өзін ақтап отыр. Бизнесмендер өз кәсіптерінің
рейтингтері бойынша спортшылар мен эстрада артистерін едәуір артқа
тастап, неғұрлым құрметті және танымал адамдарға айналуда. Бизнестің
банктер, қаржы компаниялары, жарнама агенттіктері және т.б. сияқты
түрлері көркейіп келеді.
Соңғы жылдары елімізде, әр түрлі
сарапшылардың пікірі бойынша,
жалпы халықтың 3%-дан 10%-ға дейін құрайтын меншік иелерінің жоғарғы
тобы (әлеуметтік пирамиданың ұшы) қалыптасты. Қоғамда әлеуметтік түп те
(пирамиданың табаны) пайда болды, олардың тіршілік деңгейі кедейліктен де
төмен. Eнді ғана орнап келе жатқан нарықтық экономика үшін қалыпты
жағдай болатын мүліктік теңсіздіктердің тереңдеуі, бағалардың босатылуы
қоғамның едәуір бөлігінің кедейленуіне әкелді, экономистердің есептеулері
бойынша халықтың 70%-дан 85%-ға дейінгі
бөлігін кедейлік деңгейіне
немесе ол деңгейден төмен қоюға болады.
Біздің ойымызша, ғылыми және техникалық интеллигенция өкілдерінің
әрқайсысы, сондай-ақ өнеркәсіптің құлдырауы мен ауыл шаруашылығының
күйзелуіне байланысты жұмысшылар мен ауылшаруашылық жұмыскерлері
кедейлік жағдайды бастан кешуде.
Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік пирамидасының орта тұсы әлі
мардымсыз. Осы орынды иеленуі тиіс орта тапты жасақтау енді ғана
басталып келеді.
Қазақстандық орта тап негізінен жеке адамдық жолмен емес, топтық тік
икемділік жолымен жасақталатын болады және әлеуметтік пирамиданың
орта бөлігі
қоғамның бизнеске, кәсіптік еңбекке және мансапқа бет бұрған
әлеуметтік топ өкілдерімен біртіндеп толығады.
Бұл ретте орта тапты жасақтау бүгінгі қоғамның мынадай топтарының:
кәсіпкерлердің, менеджерлердің, жоғары білікті жұмысшылардың, өндірістік
шаруалардың, фермерлердің есебінен жүретін болады.
Егер де даму процесі батыстық қоғамдар сияқты, әрине, өз
ерекшеліктерімен жүретін болса, онда экономикалық құрылымдағы
өзгерістердің салдарынан орта тап ескі әлеуметтік топтар мен таптарды жұта
бастайды да, шешуші қоғамдық күшке, азаматтық қоғам дамуының өзіндік
кепіліне айналады
Достарыңызбен бөлісу: