Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана



Pdf көрінісі
бет62/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95
Байланысты:
11 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

Педагогикалық технология
– қойылған мақсаттарға сәйкес білімді, дағдыны және 
қарым-қатынасты қалыптастыру мен бақылау, құрастыру амалдарының жиыны. 
Педагогикалық технологиялар жайында айта отырып, мына жағдайларды анықтап 
алу қажет: 

Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, олардың психологиялық құрылымы


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
57 

Психологиялық материалдар, құрылымдар; 

Осы мақсаттарға жетуге бағытталған амалдар жиыны; 

Осы мақсаттарды таңдап алынған амалдар арқылы жүзеге асыратын 
оқушылардың психологиялық мінездемелері; 

Оқу-тәрбие мәселелерін жүзеге асыру барысында оқушылардың басқа 
оқушылармен 
қарым-қатынас 
жасау 
процесіндегі 
психологиялық 
мінездемелер; 

Анықталған амалдарды орындау барысында қолданылатын құралдар; 

Оқыту мен тәрбиелеудің принциптері. 
Зерттеу әдісі. 
В.Ф.Шаталовтың
сөзі бойынша, бүгінгі күні мұғалімнің қызметі білім көзі болу 
ғана емес, сондай-ақ таным үрдісін ұйымдастыру болып табылады. Мұғалім сыныпта 
оқып-білуге мүмкін болатын барлық жағдайды жасауы тиіс. Соңғы жылдардағы мектеп 
практикасы мен теориялық зерттеулер оқыту формасы ретіндегі ойын қызметі оқу 
процесін белсендендіруге ұмтылушы методиканың, дидактиканың, психология мен 
педагогиканың басты мәселелеріне толықтай жауап беретіндігін көрсетті. Ойын сәтінде 
пайда болатын шығармашыл ахуал, еркіндік, адам психикасының шығармашыл қорларын
шығаруға әсерін тигізеді, алаңдаушылық сезімін жойып, тыныш көңіл күйді орнатып,
тұлғалардың өзара қарым-қатынасын жеңілдетеді.
Психолог 
Л.Н.Славинскаяның
зерттеулері ойын үрдісінде интеллектуалды-пассивті 
бала қарапайым оқу жағдайында меңгере алмайтын көлемді оқу әрекетін орындауға 
қабілетті екендігін көрсетті. Психологтардың зерттеулері көрсеткендей егер, қандай да бір 
пәнге оқушылардың терең де тұрақты қызығушылығы қалыптасқан болса, онда оларға 
ешқандай рольдің де, жағдайдың да қажеті жоқ. Егер ондай қызығушылық болмаса және 
мұғалім оны оятқысы келсе, онда ойын мұғалімнің ең жақсы көмекшісі болуы мүмкін. 
Ойын процесінде пайда болатын қызығушылық – ол оқу процесіне емес, ойынға деген 
қызығушылық деп қорқудың қажеті жоқ. Қызығушылықтың дамуы қандай да бір 
заңдылыққа ие: құбылыстың сыртқы жағына деген қызығушылық олардың ішкі 
құрамына деген қызығушылыққа ұласады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет