SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 60 Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен
қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де
керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (
Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі –
олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Алдынғы қатарлы мектептердің іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың
өзіндік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың
сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар
бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін, ғылыми және техникалық әдебиеттерді
пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орындауы, графикалық жаттығу
жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыстарын
өткізуі (репродукциялы жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында
баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер,
конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән
бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен
дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар
ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей
бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның
оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»),
игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік
беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның
тартымдылығы.
Қазақ халқының ұлы ақыны
Абай Құнанбаев : «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола
ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған
ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде
қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық,
тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын
есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан оған деген
әралуан қарым-қатынасты байқауға болады. Көптеген мұғалімдер мен әдіскерлер, мұндай
ойынмен «қызықты» сипатта берілген тапсырмалар мен жаттығуларды ғана
байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды сабақтарда қолданудың
орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде
көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару байқалады. Ойын игерілген білімдер мен
дағдыларды бекітуге арналған құрал ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып
арифметика курсына арналған ойындар жүйесін жасап шығарған әдіскер
Н.В. Огаркова да
осындай ой-тұжырымға келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту
үрдісіндегі ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс-
әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, aнатомиялық,
физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму
құралы, таным көзі тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға
ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,
А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам
үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы бар. Бала ойында қандай болса,
өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады».