Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет68/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   95
Байланысты:
11 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
61 
«Ойын»
ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен 
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-
әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады: 
-ойын-сауық; 
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық: 
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану); 
-коррекциялық (өзін-өзі түзету); 
-әлеуметтендіру
 
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты 
функциялары анықталуда. 
Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар 
өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. 
(1сурет) 
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде 
ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, 
бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен 
туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының 
мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. 
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар 
баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері 
арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін 
байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол 
ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім 
түрлерін де дамытады. 
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын және 
еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу-
білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл балалардың бірін-бірі 
дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ал ойын-баланың дамуын 
арттырады.
Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай 
компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары, ойын 
түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық өзара 
байланыстар. Ойынды пайдалану әдістемесінің құрылымын блок-сызба түрінде көрсетуге 
болады. (2-сурет) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет