Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


Жағдаяттық деңгейдегі белсенділік



Pdf көрінісі
бет64/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95
Байланысты:
11 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

2.Жағдаяттық деңгейдегі белсенділік.
 
Бұл деңгейдегі оқушылар көңіл-күй 
ықпалына тәуелді. Оларды сабақтың жаңашылдығы, сабақ беру әдіс-тәсілдерінің 
өзгешелігі қызықтырады. Сабақ кезінде мұндай оқушылар жұмыстың жаңа түріне оңай 
кіріседі, ал қиыншылық көрсе, сабаққа деген қызығушылығы күрт төмендеп кетеді.
Оқушыларға қатысты педагогтің тактикасы олардың көңіл күй белсенділігін құптау 
керек. Бұл топ басқаларға қарағанда жауап жоспарын, алгоритмді, тірек сигналдарын 
пайдалана білуді қажет етеді. 
3.Орындаушылық деңгейдегі белсенділік.
 
Бұл деңгейдегі оқушылар үнемі үй 
тапсырмасын орындап келеді. Кез келген жұмысқа дайын тұрады. Оқытушы жаңа 
тақырыпты түсіндіруде осы оқушыларға сүйенеді. Олар тұрақтылықпен ерекшеленеді. 
Олардың білімдері берік. Дегенмен оқушыларды тірек, сүйеніш ретінде пайдалану 
педагогикалық қателік деп саналуы керек. Егер материал өте жеңіл болса, оқытушы 
үлгірімі төмен оқушыларға ғана көңіл бөлсе, бұл оқушылар сабақта іші пысып отырады. 
Сондықтан осы деңгейдегі оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру өзекті 
мәселе болып саналады. Оларға проблемалық, ізденіс және эвристикалық жағдаяттар 
ұсынуға болады. Түрлі пікірталастарға, дебаттар, сот отырыстарына т.б. енгізуге болады.
4.Шығармашылық деңгейдегі белсенділік.
 
Бұл деңгейдегі оқушыларға дәстүрден 
тыс шешімді қажет ететін ізденіс тапсырмаларын беру ұсынылады. Олар құбылыстың 
мәнін, олардың өзара байланысын түсінуге талпынады. Түрлі проблемалардың шешімінің 
жаңа жолдарын табуға тырысады. 
Шығармашылық қабілетті әртүрлі оқушылар көрсете алатынын педагогтер 
ұмытпауы тиіс. Мұны ескере отырып оқытушы кез келген міндеттерді қабылдауында 
және интерпретациясындағы дәстүрден тыс қабілеттерін көрсету үшін жағдай жасауы 
керек.белсенділігі әртүрлі деңгейдегі оқушылары бар топпен сабақты қалай 
ұйымдастырып жүргізуге болатынына тоқталайық. Осындай сабақтың құрылымы үш 
негізгі моделді қарастырады:
-
өзара оқу әрекеттері іске асырылады: педагогтың оқушыларды әрбір жеке топпен 
біртіндеп жүргізілген жұмысы; 
-
сабақ оқудың міндеттеріне байланысты сол немесе басқа топтың оқу қызметіне 
кірістіруді болжайтын мозаика түріндегі өзара әрекетте құрылуы мүмкін; 
-
сабақ белсенді - рөлдік болуы мүмкін, өзара оқу әрекетінде басқаларды оқыту үшін 
басты рөл белсенділігі жоғары деңгейдегі оқушыларға беріледі. 
Мұғалімдерге тағы бір кеңес: Оқушыға жаңа ойын, тапсырма, жаттығу, жағдаят 
ұсынбас бұрын, ең алдымен, өзіңізге- өзіңіз сынатып алыңыз. Сонда, бір жағынан, 
шарттың дұрыс- бұрыстығы көрінеді, екінші жағынан, бақылау жұмысының, берілген 
жағдайдың шығармашылық түзету жолы анықталады. 
Кез келген педагогикалық технология оқушылардың белсенділігін арттыру 
құралдарына ие, кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеяны және нәтиженің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет