SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023
63
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану
сабақтың әсерлігін, тартымдылығын,
белсенділігін, баланың ынтасын қүшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай,
қарапайым, әрі қысқа болу керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс
түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстінде
дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным
қабілетін, логикалық ой өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын
арттыруда дидактикалық
тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін мұғалім көркем әдебиет оқып беру, алдын-
ала жұмыс жүргізу керек.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактиаклық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын
материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- “Лото”, «Домино» және тағы
басқа.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы
ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу
құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты,
тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау
қабілеттерін,
ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың
сабаққа
қызығушылығын
арттырады,
белсенділік
танытып,
бағдарламалық
материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі-сабақтың
әр кезідегі орны мен міндетін,
мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік
меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап
алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты
қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы.
Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі.
Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын
арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор. Ойын элементтерін
пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз
іс тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану
оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады. Ал мұның
өзі оқушының белсенділігін,
дербес ойлануын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын
тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар
балалардың ынтасын арттырып,
білімге қызықтырады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады.
Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында
түсінік беру, оларды қалыптастыру,
тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау
немесе тексеру сипатында болып келеді.Ойынның міндеті баланың қызығушылығын
туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: