SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023
80
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ВОКАЛДЫҚ
ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КЕЙБІР
МӘСЕЛЕЛЕР
Куаншалиева Раушан Жардемовна
Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерртеу мемлекеттік университеті,
психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру факультет аспиранты,
Ғылыми жетекші - п.ғ.д., Инга Эрленовна Рахимбаева
Саратов, Ресей Федерациясы
Аннотация
. Бұл мақалада студенттердің вокалдық орындаушылық шеберлігін
қалыптастырудағы, педагог-музыканттың әдістерді қолдануын қарастырамыз. Біздің
зерттеуімізде біз педагогикалық технологиялардың бірі, жүйелі оқыту әдісін
қолданамыз.
Тірек сөздер:
вокалдық орындаушылық, кәсіби шеберлік әнші дауысы, вокалдық
және педагогикалық шеберлік.
Оқу-тәрбие процесін техникалық қамтамасыз ету, қазіргі музыка мұғалімінің
классикалық және заманауи музыканың үздік үлгілерін байланыстыра отырып білім беру,
оқушылардың әнге деген қызығушылығын артыратын сабақ процесін құруға мүмкіндік
береді.
Классикалық музыка үлгілерін заманауи музыкамен рухани байланыста біріктіре
отырып
білім беруде, музыка мұғалімнің өзі сауатты және кейбір шығармаларды өзі
орындай білгенде ғана мүмкін болады. Музыка сабағының маңызды бір бөлігі әндерді
үйрету және орындау шеберліктерін қалыптастыру болып табылады. Сонымен бірге,
музыка мұғалімнің өз орындауындағы көрсетуі көбінесе
оқушылардың әнге деген
көзқарасын және музыкалық материалды меңгеруге ынтасын қалыптастыру үшін шешуші
рөл атқарады. Ол үшін музыка мұғалімнің өзі музыкалық аспап ретінде әншілік дауыстың
қыр-сырын меңгеруі керек.
Әншілік дауыстың кәсібилілігі және дыбыстаудағы біркелкілігі дауысты
қалыптастырудағы жүйелі оқыту техниканың дұрыс таңдалуымен, дыбыс шығарудағы
әдіс-тәсілдердің
нақтылығымен, музыкалық стильдерді және жалпы орындаушылық
мәдениетті дұрыс меңгерумен жетілетін ұзақ процесс.
Орындаушылық шеберліктегі әншінің дауысы үйретілетін шығарманың көркемдік
мазмұнының байлығымен, оған тән ішкі сезім, жан-күй, дауыстың диапазоны, музыкалық-
поэтикалық мәтіннің мән-мағынасының тереңдігі арқылы ашылады.
Әншілік өнерінің жоғары деңгейіне жету, озық вокалдық шеберлікті меңгеруден
бастау алады. Сондықтан вокалдық және орындаушылық шеберлікті қалыптастыру
студенттің кәсіби дамуының құрамдас бөлігі ретінде қаралуы қажет. Бұл мақаламда вокал
пәнінің оқытушысы ретінде студенттердің вокалдық-орындаушылық
шеберлігін
қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдермен бөлісіп отырмыз. Өз тәжірибемізде
педагогикалық технологиялардың бірі жүйелеп оқыту тәсілін қолданып келеміз. Вокалдық
білім беруде жүйелепоқыту тәсілі орындаушылық дағдыларды күрделі, көп деңгейлі, көп
аспектілі құбылыс ретінде қарастырады. Жүйелеп оқыту тәсілі бізге болашақ педагог-
музыканттың орындаушылық шеберлігін түсінудегі негізгі бағыттарды синтездеу арқылы
қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жүйелеп оқыту тәсілдерін
ғалым педагог-музыканттар
Э.Б.Абдуллин, Ю.Б.Алиев, О.А.Апраксина, Л.Г. Арчажникова, Л.А. Безбородова,
В.И.Петрушин, В.Г. Ражников, Г.М.Цыпин, А.Л.Гоцдинер, Л.Л.Бочкарев, Л.А.Баренбойм,
Н.К.Бакланова, Р.Ф.Сулейманов, М.М.Берлянчик және т.б. өз тәжірибелерінде қолданып