SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 82 2. Тыныс алу яғни ән айту тынысы – дауысты дыбыстың қалыптасуының негізі, дыбыс
үнінің күшін, ұзақтығын, түсін анықтайтын энергетикалық жүйе. Мұғалім өз тәжірибесіне
сүйене отырып, жаңа әншілік әліппесін меңгере бастаған әншіге тыныс алуға дұрыс
тәрбиелеуде меңгерудің ықтимал нұсқаларын ұсынады, онда вокалдық қатпарлар астында
қалыпты және біркелкі ауа қысымы қамтамасыз етіледі. Дегенмен, тыныс алу жүйесінің
жұмысы рефлексивтілікпен сипатталады. Сондықтан тыныс алу процесінің ән айтуға
бейімделуі табылған реакцияларды, түйсіктерді дәйекті және ұзақ біріктіруді және әртүрлі
кедергі келтіретін бұлшықет қыспаларын алып тастауды талап етеді.
3. Дыбыспен жұмыс жасауда студент вокал мұғалімнің жетекшілігімен өз дауысының
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін зерттеуге дағдыландыру керек және зерттеу дағдысын
қалыптастыру арқылы өзінің дауыс аппаратын, резонациясын тиімді пайдаланудың
жолдарын іздейді, дауыс аппаратының барлық бөліктерінің жұмысын үйлестіруге,
дыбыстарды қалыптастыруға жұмыс жасайды, дұрыс дыбыс шығару механизмдерін
меңгереді.
4. Артикуляция бойынша жұмыс жасауда вокалдық өнерде шеберлікке жету үшін өз
дауысының дыбыстық мүмкіндіктерін меңгеруді ғана емес, музыканың табиғатын, түрлі
сезім реңктерін жеткізе білудің маңызды шартын білу керек және мәтінді анық әрі дұрыс
айту маңызды шарт болып табылады.
5. Дауыс гигиенасы және дауыс жаттығуына ерекше мән бөлгенде ғана вокалдық-
орындаушылық шеберлік қалыптасады.
Бірінші сабақтан бастап болашақ музыка мұғалімін қалыптастырушы вокалист
бірқатар вокалдық ережелерді сақтауы керек:
- ыңғайлы диапазонда және динамикада жұмыс істеу;
- дыбыстық және динамикалық диапазонды біртіндеп кеңейту;
- дауысқа ауырлық түсірмеу,
- Вокал сабағы күн сайын және жүйелі болуы керек[4].
Жоғарыда айтылған әдістемелік ұсыныстардан соң вокалдық- орындаушылық
шеберлігінің құрамдас бөліктерін зерттеу негізінде зерттелетін құбылыстың анықтамасын
беруді жөн санадық. Студенттің вокалдық және орындаушылық шеберлігі – бұл оның
жетілдірілуі оның құрамдас элементтерінің, атап айтқанда: мотивациялық-еріктік,
операциялық-технологиялық, реттеуші-психологиялық, жеке шығармашылық әрекетімен
қамтамасыз етілетін вокалдық әрекеттің белгілі бір деңгейінің дамуына байланысты.
Құрамдас элементтердің қалыптасуы оның кәсіби шеберлігінің қалыптасуы мен дамуын
да анықтайды [5, 262 б.]. Мақаламыздағы шағын зерттеулерді қорытындылай келе,
студенттердің вокалдық және орындаушылық шеберлігін қалыптастыруда әр сабақ
жоспарлы және жүйелеп оқыту тәсілдерін кешенді қолданғанда ғана іс нәтижеге
жететінің байқап отырмыз.