Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары


 Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
алаш

Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық мұралары.
2.1 Педагогика ғылымын қалыптастырудағы саяси қуғын-сүргін
құрбандары болған қазақ зиялыларының рөлі.
Тарихи тұлғаларды тірілту-тарихи тәжірибенің таңдауы мен тәсілін
саралау, тарихи ағымдардың сабақтастығын іріктеу, ұрпақтардың үндестігін
жалғастыру болып табылады. Ал тұлғалардың тарих арнасындағы орнын
айқындау- елдің беделді қайраткерлерінің өмірлік жолын бағалау мен олардың
халық өмірінің тар жолында шығармашылық еңбегімен, қайсар іс-әрекетімен,
білікті өнегесімен көзге түскен тұлғалардың ісәрекеттері айқын үлгі , ашық
сабақ болып қала бермек.
ХХ
ғасырдың 20-30 жылдары
қазақ
халқының
тарихында аса
құндылығымен және қасіретімен де мәңгі қалатыны даусыз. Себебі, Кеңес
өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты мемлекет құруға
қадам жасады. Ал оынң жемісті дамуына барныша ат салысып, ана тілінде
тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының қалыптасып дамуына, отандық
мәдениетіміздің ілгерлеуіне барынша ат салысқан бір топ қазақ зиялылары
сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді. қазақстанда 30-жылдардың
екінші жартысынан бастап, қоғамдық өмір салаындағы қателіктер мен
әкімшілік-әміршілдік басқару
әдісінің
күшеюі, жеке адамның
басына
табынудың шектен шыққан тұсында қазақ жеріндегі ағартушылық және басқа
да әлеуметтік жағдайлар саласында елімізідің бірқатар зиялы қауымы өздерінің
қызметтері мен оқу-ағарту саласындағы еңбектері арқылы қосқан үлестерінің
жарқын көрінісі болды. Ел тарихындағы зобалаң қуғын-сүргін заманының
үшінші кезеңінде, яғни 1931-1938 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандары
болған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, құдайберген
Жұбанов, Темірбек Жүргенов , Телжан Шонанов, Санжар Асфендияров, Нәзір
Төреқұлов сиқяты қазақ зиялыларының оқу-ағарту ісі педагогика ғылымын
дамытуда сіңірген еңбектері ерекше. қазақтың зиялыларының ішінде ағарту
саласында халқымыздың әдебиеті, мәдениеті, жалпы руханиятының дамуына,
сол жолда бірін-бірі толқытырып жүрген «үш алып, үш мәуелі бәйтерек» деп
танылған С.Сейфуллин, І.Жанүгіров, Б.Майлин болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет