.
Жырау
барша
жұртшылықты
бірдей
адамгершілікке,
бірлікке,
бауырластыққа
баулуды
қажет
деп
санады.
Оның
ойынша,
адам
айналасындағыларға жанашырлық,
ізгілік білдіріп,
қамқоршы болғанда,
өздеріне қажетті игіліктерді жасауды бірлесіп, ұйымдасып іс-әрекет жасағанда
ғана бақытқа бөленіп, жақсылыққа жетеді. Асан қайғы:
«Еділ бол да Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да.
Алдыңа келіп қалған соң,
қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,
32
Бұрынғыны қуыспа» [117,384],-
деген өлеңінде адамгершілік қасиеттерді дәріптеу арқылы ер-азаматтарға
әрқашанда көпшіл, кешірімді болып, достықты бағалай біл деген өсиет айтады.
Жырау өзінің толғау-жырларында жақсылық, жамандық, ғаріптік туралы
философиялық ой-толғамдарын ортаға салып, жастарды ізгі ниетті адал жан
болуға шақырады. Асанқайғы жастарды Отанын, туған жерін, елін сүюге,
қадірін түсініп-ұғынуға, ел басына күн туса, қорғай білуге үндейді. Мұндай
қабілет, қасиеттері жоқтарға:
«Көлде жүрген қоңыр қаз
Көшіп-қонып көрмеген,
Қыр қадірін не білсін!
Жер қадірін не білсін!
Қырда жүрген дуадақ
Көшсе. қона білмеген,
Су қадірін не білсін!
Қонса, көше білмеген,
Ауылдағы жамандар
Ақылыңа көнбеген,
Ел қадірін не білсін!
Жұрт қадірін не білсін!»[117,385]-
деп, өзінің наразылығын білдіреді.
Асанқайғыдан кейін өмір сүрген көрнекті ақын-жыраудың бірі-Қазтуған
жырау толғаулары арқылы жас жеткіншектерге тәлім берерлік мол мұра
қалдырған. Оның:
«Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер,
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер»[117,384]-,
деген өлең жолдарынан, бір жағынан, жыраудың туған жердің топтырағын
өле-өлгенше қастерлеп өткендігі аңғырылса, екінші жағынан, жас буынның
туған жерге деген сүйспеншілік сезімін оятып, патриоттық қасиетке баулығаны
сезіледі.
«Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!» [117,385],-
деген өлең жолдарынан жыраудың намысты бәрінен жоғары қоятындығын,
ерлерге ар, намыс үшін күресу жарасатндығын меңзеген ойын білуге болады.
Әрі батыр,әрі жыршы Доспамбет жыраудың да өлеңдерінің жастарды
ерлікке, елін, жерін шапқыншы жаулардан қорғауға шақырған жалынды үгіт-
насихат сарын анық байқалады. Оны жыраудың:
«Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес...
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес...
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес»[117,382],-
деген өлең жолдарынан айқын көреміз.
ХVІІ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде шоқтығы биік
тұлғалардың бірі–Бұқар жырау. Оның толғауларынан жас ұрпақтың бойына
адамгершілік қасиеттер дарытуға ерекше көңіл бөлінін аңғару қиын емес.
Жыраудың жақсылық пен жамандық, кәрілік туралы ойлары, туған жерге деген
33
патриоттық сезімге толы толғаулары тәлімдік мәнін әсте жоймайтыны сөзсіз.
Бұқар қалқаманұлының отабсылық қарым-қатынас, адамгершілік мәселелеріне
арналған жырларында:
«Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай бер,
Күндердің күні болғанда,
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес»[117,389], -
деп, көпті көрген жырау өз ұрпақтарына үлкендерді сыйлап, құрметтейтін
болсаң, өзінен кішілердің сый-құрметіне сен де бөленесің деген өсиет айтады.
Ол:
«Екі жақсы бас қосса,
Санат емей немене»;
«Жақсыменен жолдас болсаңыз
Айрылмасқа серт етер»[117,389] ,-
деген өлең жолдары арқылы отбасының сәні сыйластық екендігін айтып,
ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінісіп,тату-тәтті өмір сүруін уағыздайды.
Сондай-ақ,жырау жақсы мен жаманды, достық пен қастықты салыстыра келе:
«Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді...
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас,
Дос болғанмен хош болмас,
Екі жақсы дос болмас,
Дос болса, түбі бос болмас... !»[117,389],-
деп, терең пәлсапалық түйін жасап, жастарды жақсылыққа, шынайы
достыққа, адамгершілік қасиеттерді құрметтеуге шақырады. өмірден көргені
көп, тоқығаны мол дана жырау:
Айтқан сөзге түсінбес,
Кісі ақысын көп жеген,
Жаман емей немене.
Арам емей немене.
Сұрағанды бермеген,
Сыртыңдағы қулығың,
Сараң емей немене.
Амал емей немене...» [117,388],-
дей келе, жақсы мен жаманды, сараңдық пен жомарттықты. Адалдық пен
арамдақты салыстыру арқылы ізгі адамгершілік қасиеттерді дәріптейді.
Сонымен, Бұқар жыраудың тереңінен топшылап айтқан аталы ақыл-нақыл
сөздері, ой-толғаныстары жас ұрпақ тәрбиесінде өзінің тәрбиелік мән-маңызын
еш уақытта жоймайтын құнды мұра болып қала бермек.
Қандас бауырларының достығын, ауыз бірлігін жырлап, оларды татулыққа,
бірлікке, бір-біріне қол ұшын беруге.Ізетті де әділетті болуға шақырғандардың
бірі-Шал ақын. Оның шығармашылығы тәлімдік, психологиялық жағынан өз
тұрғыластырының туындыларынан көші ілгері. Ақын:
«Өзі жаман жақсыны көре алмайды,
Сыртынан ғайбат айтып, атады тас.
Мұндай жанның әдеті осы деп біл,
Өзіне дос таба алмай жинайды қас !»[117,389],-
деу арқылы өзгенің артықшылығын көре алмайтын іші тар, күншілерді
әшкерелесе:
34
«Ажарға жаман адам қарамайды,
Істерді келген, кеткен санамайды.
Басыңа іс түскенде жаман досың,
Беруге ат құйрығын жарамайды!»[117,389],-
деген шумақтарында жастарды нағыз дос пен опасыз, жалған достың
арасын ажырата білуге шақырады.
Шал ақынның өз шығармаларында бозабал жігіттерді «құр жан», «Тірі
жан», «Жігіт жан» деп үш топқа бөліп, әрқайсысына сипаттама беруі көңіл
аударарлық. Ол жігіттердің мінез-құлқының жұртқа өнеге боларлық үлгісін
ұсынады. Ақын жақсы мен жаманды сипаттай келе:
«Жақсының айтқан ақылы
Қазулы сара жолмен тең.
Жаманға айтқан ақылың
Ағып жатқан селмен тең!»[117,225],-
деп түйін жасайды.
Қоғамдағы еңбектің рөлін жоғары бағалаған ақын:
«Адамды жөн білетін дана деп біл,
Істерін жалқау жанның шала деп біл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы
Білімсіз сондай жанды бала деп біл!»[117,225],-
дейді. Жастарға адамның дәулетті өмір сүруі еңбекке байланысты. Адам
болам десең, еріншектік, жалқаулық сияқты әдеттерден аулақ бол, әрбір көрген
нәрседен ғибрат ала біл деп өсиет айтады. Ақын үнемі жастарды жас өмірін
текке өткізбей, еліне, Отанына, халқына пайдалы қызмет етуге үндеп отырған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев ,С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы
сынды қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық. ғылыми және әдеби еңбектері
арқылы халқымыздың
болашақ ұрпақ
тәрбиесіне
ғана емес,
ұлттық
интеллигенцияның ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына тигізген әсері
баршамызға мәлім.
Қазақ топрағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Шоқан
Шыңғысұлы Уәлиханов өзінің аз ғұмырында баға жетпес көптеген құнды
еңбектер қалдырды. Оның ағартушылық сипаттағы ой-пікірлері. Кейбір
ескертпелері мен болжамдары қазақ халық шығармашылығына байланысты.
Мысалы, халақтық поэтикалық өнерінде өзі жинаған өлең, мақал-мәтелдер.
Эпостар жинағынан кездестеруіге болады. Сондай-ақ табиғаттың адамгершілік-
эстетикалық тәрбиеге ықпал ететін пайдалы жақтары оның күнделіктерінде,
сапарнама ретінде жазған еңбектерінде тұжырымдалған. Ағартушы-ғалым
қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізінде құрап, оқу-білімнің
табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы
мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. «Діни бағыттағы медреселер мен ел
билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай
келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді, тек ақиқат білім
ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалуға, тұрыс құруға үйретеді.»-
деді, Шоқан еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық
35
идея басым. Шоқанның ағартушы –ғалым демократ ретінде көздеген ой-пікірі,
негізгі мақсаты- халқына қайткенде де білімберу, оқыту, дүние тануға жетелеу,
оны реформа арқылы іске асыру еді.
Ш.Уәлиханов ауызекі шығармашылықты талдап, саралау арқылы
халықтың болмысқа деген көзқарасын дәлелдеп көрсете білді. Ол әсіресе 1856
жылы жанақ ақыннан естіп, жазып алған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосының
поэтикалық көркемдік ерекшелігін жоғары бағалады. Шебер манасшылардың
орындауында «Манас» дастанын тыңдаған Ш.Уәлиханов оның көпшілікке
адмгершілік-эстетикалық жағынан қалай әсер еткеніін өз еңбегінде айтып өтеді.
Шоқан манасшылардан «Манас» эпосының шешуші. өзекті тұсы-«Көкетай
ханның өлімі және асын» жазып алды... «Ғалымның нақ осы бір үзікті дәл
сезініп жазып алуын, одан орыстіліне аударып, ауызша ақындық дәстүрдің ең
озық үлгісі-«Манас» эпосын әлемдік мәденитке таныстыруын ұлылықтың қай
қыры деп бағалалсық екен?» [118] - деп баға берді Ш.Айтматов. Бұл Шоқан
еңбегінің қай дәуірде болмасын өзінің құндылығын жоймайтынын, әрқашан
жеткіншектер тәрбиесі үшін қызмет ететінін дәлелдейді. Жазып алған
«Көкетайдың
асы»-өзінің
тарихи
шыншылдығымен,
мазмұндылғымен
(халықтың әлеуметтік тіршілігі., рухани көзқарасы, әдет-ғұрпы) қазақ
балаларын адамгершілік-эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуде таптырмайтын
үлгі.
Ағартушы ғалым қазақ халық ауызекі шығармашылығын жинақтау арқылы
халықтың балалар мен жастар тәрбиесінің әлеуметтік-тарихи тәжірибесін
әсерлі көрсете білді. «Оңтүстік Сібір губернияларының тарихына шығармалар»,
«ХVІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз-әңгімелер» атты еңбектерінде
қазақ
халқының
тарихи аңыз-әңгімелерінің
мәніне тоқталады, Абылай,
Бөгенбай, Жантай, Сырымбет, Жәнібек, Байғозы, Оразымбет, Елшібек,
Малайсары, Баян тәрізді тарихта болған батырлардың, белгілі хандар мен
билердің ісін, өмірін әңгімелейді, олар туралы қызғылықты деректер келтіреді.
Шоқанның бұл аңыз-әңгімелері өзінің мазмұндылығымен, ғылымилығымен
бағалы. ғалымның негізгі көздеген мақсаты-болашақ ұрпаққа халықтың
өткендегі
өмірінің
ақиқатын толығырақ,
тереңірек түсіндіру, көрнекті
адамдардың іс-әркекетін үлгі етіп, мән-маңызын ашып көрсету.
Ш.Уәлиханов өз еңбектерінде адамгершілік пен әсемдікті болмыстан,
жаратылыстан іздеп, адам мен табиғаттың арасындағы терең байланысты
саралайды. ұлы ғалым халқының сонау ықылым заманнан бергі шежіре
тарихын танып-білу, көнерген жылдар мен ғасырлардың белгісін көздің
қарашығындай сақтап, аялау, оған әр адамның азаматтық борышы екенін өз
үлгі-өнегесі арқылы танытты, осы сезімді жас жеткіншіктердің зердесіне құюға
талпынды. Сонымен, Шоқан өз зерттеу еңбектерінде [7,411] жинаған ауызекі
шығармашылық арқылы халықтың арман-тілегін, тұрым-қарекетін, көзқарасын
баяндады, ұмытылып бара жатқан мәдени дәстүрлерге көңіл аударып, оны
халықтың тәрбиесіне таптырмас құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланғанын
көрсетті. Олардың қай дәуір үшін де құндылығы мен маңыздылығын, әрқашан
халық үшін, жеткіншектер тәрбиесі үшін қызмет ететінін көзқарасы мен ой-
пікірлері арқылы дәлелдеді.
36
Өзінің
педагогикалық
теориясында жас жеткіншектерді тәрбиелеу
мәселесіне
ерекше
көңіл
бөлгендердің
бірі-Ы.Алтынсарин.
Оның
педагогикалық көзқарасын сөз еткенде оның ұлы ағартушы, бала жанын терең
түсінетін психолог-ұстаз екендігі мәлім. Оқушыға жылы көзқарас білдіру, ұстаз
бен шәкірт арасындағы
қарым-қатынас, ынтымақтастық ұстанымдары
Ы.Алтынсариннан бастау алады десек артық емес.
Ағартушы–педагогтың
«Қазақ
хрестоматиясына»
енгізілген
ауыз
әдебиетінен жинаған материалдардың мазмұны танымдық, адамгершілік,
өнегелік сипатта. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл,
еңбексүйгіш, өнегелі өнерлі азамат болып өсуге, зиянды іс-әрекеттерден,
жалқаулық, еріншектік, сұғанақтық сияқты жаман әдет, жат мінезден аулақ
болуға шақырды. Хрестоматияға енгізілген кейбір шығармалары жас
жеткіншектерді достық, шыншылдыққа, ұстамдылыққа, адал еңбек етуге, туған
жерін, елін сүюге, ата-ананың ақыл-кеңесін тыңдай білуге, үлкендерді сыйлап,
кішілерге көмектесуге шақырады. Аталған еңбекте халық әндері, жұмбақтар,
жаңылтпаштар, ертегілер, батырлар жыры үзінділерінің көптеген түрлерін
енгізген. Олар келешек ұрпақты тәрбиелеу құралы қызметін атқарды.
Ы.Алтынсарин И.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «... мен балаларды
жазалаудан сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең, балалардың
адамгершілік қасиетін бұзып аласың»,-десе.«Жеміс ағаштары әңгімесінде
«тәрбиеде үлкен мән бар. Ақыл-кеңесті алмасаң, анау тұрған қисық ағашқа
ұсқап өсесің» деп, әкесінің баласына берген ақыл-ғибратын келтіру арқылы
тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. Оның халықтық принцип негізінде
жазған шығармаларынан («Әй, достарым!», «Ананың сүюі», «Өрмекші,
құмырсқа, қарлығаш», «әке мен бала», «Аурудан-аяған күштірек», «Таза
бұлақ», «әдеп», «Жомарт», «Жаман жолдас» т.б
.)
[119] тәрбиенің түрлі
салаларына арналған шынайы қайнар көзі көрініс береді.
Балалар мен жеткіншектерді тәрбие беруде
ұлы ойшыл Абай
Құнанбаевтың поэтикалық шығармалары мен ғақлия сөздерінің маңызы орасан
зор. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен
салт-дәстүр үлгілерін орынды пайдалану арқылы балалар мен жеткіншектердің
сана-сезімі, мінез-құлқыларының қалыптасуына ықпал етті. Халықтың ауызекі
шығармашылығын Абай өзінің педагогикалық идеяларын таратуда, әсіресе,
адамгершілік тәрбиесін жүзеге асыруда қажетті құрал ретінде пайдаланды.
Мәселен, қарасөздерінде мақал-мәтелдерді талдау, ертегі, аңыздарға, салт-
дәстүрлерге тоқталу, адамдардың әдеп-инабатын, мәдениеттілігін сипаттау
арқылы балалар мен жастарды адамгершілікке баулып, ақыл-кеңес береді.
Абайдың еңбектері тарихи тұрғыдан қарағанда, қазақ халқының рухани
мәдениетінің жиынтығы сияқты көрінеді. Шығармашылық қызметінің мақсаты-
адам тәрбиесі болғандықтан халқының үлкенімен кішісіне, ұлы мен қызына,
әкесіне-баласына өмірлік қажет еңбекпен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге
мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл
үлгілерін жырымен да жеткізе білді.
«...Егер топтап айтар болсақ, мақал-мәтелдерді талдау барысында Абайдың
көтерген мәселелері- ынтымақтастық,
татулық, әділдік, еңбексүйгіштік,
37
адалдық, талапкерлік, талаптанушылық , ел тарихы. Бұл мәселелерді ол жеке,
жалаң түрде алмай, мақалдарды талдау барысында зұлымдық, сұрқиялық,
екіжүзділік, барымташылық тәрізді мінез-құлықтарға қарсы қоя отырып
қарастырады» [120].
Абай өз шығармаларында ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген. Ақын:
«Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап...
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап»[8,240],-
деп кейбір жастардың іс-әркетіне ренішін білдіреді.
«...Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз»[8,240],-
деп, елін, жерін сүйетін, оның келешегін ойлайтын жастардың бойында
қандай қасиеттердің болу керектігін, сонымен қатар қандай жат мінезден бойды
аулақ ұстау қажеттігін айтады. Абай адамның жақсы, жаман болуы, ақылды,
ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты дейтін көзқарасқа қарсы
шығып, адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдейді.
Ақын бұл жайында отыз жетінші сөзінің оныншы бабында «Мен егер закон
қуатты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің
тілін кесер едім,»- дейді.
«Жаман дос-көлеңке,
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт шалса,
Іздеп таба алмайсың...» [8,241],-
деген нақыл сөзінде өмірде шынайы дос табудың қажеттігін, адам балсына
жаманшылық, қауіп-қатер туғанда жаман достың ешбір көмегі жоқтығын
ұғындырады. Сонымен Абай
өлең-жырларында,
қара сөздерінде адам
мінезіндегі мақтаншақтық, ойсыздық, салғырттық т.б. жаман әдеттердің ақыл
мен ойды тоздыратынын ескерте келе, көргендіден үліг алу, жаман әдет-
дағдыдан бойды аулақ ұстау, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді
уағыздайды
ХІХ
ғасырдың
тоқсаныншы
жылдарында
жазылған
«қарасөздернің» сөйлем құрылысы да басқаша, сөздердің көлемі аз болса да,
мағынасы терең, мазмұын мол. әрқайсысы өз кезіндегі әлеуметтік өмірдің
күрделі мәселелеріне арналған. Абай
ұрығын сепкен оқу,
өнер-білім.
Адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері егеменді еліміздің рухани қазынасына
айналып отыр.
Қысқа ғұмырында халқына өшпес бай мұра қалдырған жанның бірі–
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Оның өзінен бұрынғы қазақ ойшылдарының тәлім-
тәрбие мәселелері жөніндегі ой-пікірлерін
ғылыми жағынан саралап,
кемелденддіре түсуге сіңірген еңбегі орасан зор. Ол балалар мен жастардың
адамгершілік парызы білім екенін ескертіп, оларды өзінің қарақан басының
қамы үшін емес, халқына қызмет ету үшін оқуға шақырады. Ақын өнер-білмді
38
игеру надандықтан арылтатынын, саналы, салауатты өмірге бастайтынын бар
ықыласымен ұғындыруға тырысады. Мұны:
«Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек.
Өнер-білім, адалдық, ар, намысты,
Жоятын надандық қой емсіз індет» [121,43],-
немесе
«Өнер ғой оқу деген таңдай атқан,
Оқу білсең, орынды болар мақтан.
Білімге қарсы тұрар қандай күш бар,
Бас иер талай мырза кеуде қаққан» [121,43],-
деген өлең жолдарынан айқын аңғарамыз. Оның өлеңдерінде адал
махаббат, туған елі мен жеріне,Отанына, адамға, дос-жаранға, адамзатқа деген
сүіспешілігі дараланып, шоқтығы биік тұр.
С.Торайғыровтың тәрбиенің адамды қалыптастырудағы ықпалы мен
күшіне сене отырып, оның құнды
қасиеттерін тек тәрбие арқылы
қалыптастыруға болатындағын айтады:
«Тумыстағы мінезді ешкім жеңбес,
Адамды әділ қылу қолдан келмес,
«Түзесе жаратылыс өзі түзер»
Деген сөзге, сондықтан, көңілім сенбес.
«Себебін жаратса да, адам адал
Бола алмайды» деген сөз құлаққа енбес» [121,44].
«Адам өмірі имандылықтан басталатындықтан, шығармаларында мораль,
адамгершілік мәселелері көп айтылады. өйткені адам өзінің бүкіл саналы
өмірінде атқарған іс-әркеті үшін ар алдына жауап береді. Торайғыров
пікірінше, моральдық өгейсінудің 2 түрі бар: гуманистік жатсыну және
буржуазиялық өмірдің адамгершілікке жат заңдары. Адамды қоршаған орта
өсіреді. Алайда адамды, әсіресе, дәулетті адамды бұзатын да сол орта. Ол
адамның мінез-құлқына керісінше әсер етіп, оны әділетсіздікке. Зорлық-
зомбылыққа итермейді, тек баюдың жолына түсіреді» [121,30].
Ұлы ағартушы балалар мен жастар тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында
қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы зор екендігін ерекше
ескереді, соның ішінде мақал-мәтелдерді өз туындыларында да орынды
пайдаланады. Халықты, жастарды дүниетану оқуына, өнеркәсіп үйренуге,
мәдениетке жетуге, өнерлі елдердің үлгі алуға, ілгері өрлеуге, басқа елдермен
теңесуге шақырды. өмірді өзгертуші. Адам мінезін қалыптастырушы ұлы күш
саналы тәрбие дер түйіндеді. «Ары тазаның жаны таза» деген қорытындыға
келді.
Абайдың ізін жалғастырушы, артына мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім
Құдайбердиев «... алдында өнегелі көрерің болсын дегендей, алдымда Абай
марқұм боғлан соң, содан ғибрат алып, мен де адамдықтың, адалдықтың жолын
қуғаным жөн деп басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім
жолына түстім...»[122,539],-деп ол өзінің көзқарасын білдірген. Ақиқатқа
жетудің амалы- осы заманғы оқу-өнерді игеру, жоқтың орнын толтыратын,
39
жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды бақытқа бөлейтін ғылым-білім деп
Ш.құдайбердиев:
Ойда жоқ өнер біліп жол табайын,
Жалмауға жалықпайды өз маңайын.
Мұның түбі не болар деген жан жоқ,
Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын»[122,415], -
деп сүйектен өтер ащы сөзін, ақиқат сырын айта отырып, туған халқын
бақытқа жеткізер амал іздейді. Шәкәрім әр адамда ақ жүрек, таза ақыл, адал
еңбекке деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге болады деген өз тұжырымдамасын
шығармаларында беруге тырысты. Оның ойынша, аталған қасиеттердің
барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және шынайы адамгершілікті адамның
маңызды сипаттамасы болып табылады. «...Осы үшеуінің басы қосылса, адам
жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға
қарсы жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып
қалған күшті жау нәрселер, әдеттер бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, мақтан.
Бұлардың ұшы-қиыры жоқ
жаман
әдеттер туа бермек. Шәкәрім
тұжырымдамасы бойынша:«Адамда екі түрлі мақсат бар, оның бірі- тән
масұты, бірі-жан мақсұты дейміз. қара басының қамын ойлап, өзімшілдік,
мақтан көксейтін-тән мақсұты. Адамшылық ар мен адал еңбек іздейтін – жан
мақсұты. Бастапқыны көксеген адам, зұлымдық қиянатпен болса да, мал ,
мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек,
ақ ниетпен басқа іздейтіні жоқ, ол адамды ала көруді, қиянат қылуды тіпті
ұнатпайды »[122,416]
Шәкәрім Абай үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік ізгі қасиеттерді ұран
тұтып, «Жастарға» деген өлеңінде былай дейді:
«Қой жігіттер, құн болды ойланаралық,
Білім, әдет, ақылды бойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық...
Асыл сол-ақыл, білім бойда барлық,
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық» [122,415], -.
Жастарға өтірік, өсек, ұрлық-зорлыққа құмар болма, жалқаулық, жамандық
атаулыдан бойыңды аулақ ұста, өнегелі өнерлі елдердің жастарынан үйрен,
білім ал, талаптан, өнерің мен біліміңді халық қажетіне жарат деп ақыл айтады.
Ақынның жастарға ұсынған адамгершілік жолы-адамдық пен ғылымды
меңгеру. Осы екеуі адамды қиындықтан құтқарып, надандықтан арылтады,
адамгершілікке жетелейді. Ол ойын:
«Байладым белді бекем буайын деп,
Жүректі адалдықпен жуайын деп.
Талпынған мақсат іздеп мақұрым қалмас,
Адамдық ғылым жолын қуайын деп»[122,418],-
деп түйіндейді.
40
Қазақ халқының оқу-ағарту негіздерін қалаған қазақ ойшылдарының
еңбектері ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының педагогикалық,
психологиялық көзқарастарының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізді.
Қоғамдық өмірдің және әлеуметтік дамудың айнасы баспасөз десек,
аталмыш кезеңде оянған сананы алға жетелеген көрнекті басылымдар мәдениет
рухын септі. Мерзімді басылымдар саяси санадағы құнды пікірлер мен
көзқарастар тудырудың қайнар көзі болып табылады. қоғамдық саяси және
мәдени өмірінің сан қырлы мәселелеріне халық көңілін аударатын бірден-бір
құрал
–баспасөз болып отырғандығы ертеден белгілі.
қазақ
баспасөзі
тарихының қайшылғы мол күрделі бір кезеңі-ХХ ғасырдың басы. әлемде болып
жатқан
өзгерістер
қазақ қоғамдық
ойына да
қозғау салып,
ұлттық
интеллигенциямыздың үлкен шоғырын саяси-әлеуметтік, мәдени майдан
алыңына шығарды. Отаршыл
әкімшіліктің «Түркістан уалаяты»,«Дала
уалаяты» секілді қазақ тілінде шығарған ресми газеттерімен бірге жаңа
сипаттағы еркін басылымдар дүниеге келді. «Серке» (1907), «Қазақстан» (1911-
1913), «Ешім даласы» (1913) газеттері, «Айқап» (1911-1915) журналы және
жалпы ұлттық қоғамдық-саяси және көп тиражбен тараған «Қазақ» (1913-1918)
газеті қазақ зиялыларының саяси-әлеуметтік ой-санасына түрткі салып,
заманының көкейтесті мәселелерін қозғады. Отарлық саясаттың езгісінде
отырған қазақ халқының бостандығы мен азаттығын аңсап, елі-жұртын ғылымы
мен білім өркендеген халықтар санатында көруді қалады.
ХІХ ғасырдың соңында қазақ даласында араб жазуымен «Түркістан
уалаятының газеті (1870-1883), «Дала уалаятының газеті»(1888-1902) сияқты
басылымдар шығарыла бастады. «Түкістан уалаяты» газетінің бірніші нөмірі
«Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылы 28 сәуірде
Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында жарық
көрді. Кейіннен жеке газет ретінде, айына төрт нөмірі шығарылып тұрған.
Газеттің
негізгі
бағдарламасы-үкіметтің
бұйрық-жарлықтарын,
сот
орындарының үкімдерін, сауда хабарларын,Ресей және басқа мемлекеттердің
өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық хабарларын жазып тұру болды.
Сонымен қатар мұнда қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиетіне қатысты
материалдар да жарияланды.
«Дала уалаяты» газеті 1888жылдың басынан бастап Дала генерал-
губернаторлығының орталығы Омбы қаласында аптасына бір рет шығарылып
тұрды. Бұл газеттің негігі мақсаты патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын
күшейте түсу болғанымен, сол кездегі қазақ зиялыларының халық мүддесіне
байланысты мақалалар да жарияланып отырды. Тарихи аңыз-әңгімелерден
қазақ елінің қалмақ-моңғол басқыншыларының шабуылына қарсы күресінен
деерктер беретін шығармалар, халық арасында кең тараған «Ақсақ құлан»,
«Жошы хан» аңыз әңгімесінің екі нұсқасы осы газет беттерінде жарияланған.
Мақала,хабар жазған орыстың қазақстанды зерттеген ғалымдары-Г.Н.Потанин,
П.П.Семенов-Тяньшанский, В.В.Радлов, т.б. болуымен қатар, орыс әдебиетінің
калссик жызушыларының шығармаларының аудармасы алғаш қазақ тілінде
басылуының өзі зор жаңалық, игілік бастама болды. Бұл газет бетінде басылған
орыс әдебиетінен аударылған шығармалардың әсерімен қазақ елі орыс
41
мәдениетіне қол созып, одан нәр алып үйрене бастайды. Ал, мәдениет
қайраткерлері мен ғалым саяхатшылардың еңбектерінің газет-журнал бетіне
басылуы арқасында орыс халқы да қазақ елінің рухани байлығымен таныса
бастайды.[123] Абай дамытқан орыс әдебиетінен үйрену дәстүрі де алғаш осы
газет бетінен көрініс тапты. Сол сияқты қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің
орыстың классикалық реалистік әдебиетінен аудару да осы газет бетінде
басылған шығармалардан басталады. Газет бетіне қазақтың сол кездегі
оқығандары, хат білген адамдары, оқытушылар, молдалар, қазақтың тарихын
тұрмысын,әдебиетін зерттеп жүрген орыс ғалымдары едәуір қатынасып,
хабарлар,мақалалар, өлеңдер жазып, ауыз әдебиеті нұқсаларын жіберіп
бастырып тұрған. «Дала уалаятының газеті» ресми газет болса да, қазақ
халқының сол кездегі саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық хал-жайында,
өткендегі тарихына, әдебиетіне, тұрмыс-салтына бірқатар орын берген. Ондла
қазақтың тарихы, тарихи адамдары (Әбілхайыр,Шоқан,Ыбырай) туралы,
қазақтың жазба, ауызша әдебиеті, жеке ақындары туралы, қазақ арасындағы
оқу-ағарту істері, қазақ шаруашылығының түрлі мәселелері, қазақ жері,
жаратылысы туралы бірсыпыра материал басылған. Ауыз
әдебиетінің
нұсқалары, сол кездегі ақын-жазушылардың шығармалары жарық көрген.
Араб жазуымен тараған «Қазақ» газеті (1911-1913), «Айқап» журналы
(1911-1915) шыға бастады. 1911 жылы Троицкі
қаласында шығатын
«Айқап»журналынің бірінші санында: «Айқап» деген сөз-қазақтың төл сөзі. Ол
ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен кенже қалға бүкіл қазақ халқының
өкінген бейнесі ретінде алынды. «Ай, қап!»деп санамызды соқтық. Енді ел
қатарына қосылайық деген үнді білдіреді»,[124]-деді. «Айқап» қазақтың
қоғамдық ой-пікірінің дамуына белгілі дәрежеде әсер етті. Онда қазақтың өткен
кездегіде,ХХ ғасырдың басындағы да қоғамдық-саяси өмірінің мәселелері
жазылып тұрды, мәдениет және әдебиет жайында, халық ағарту жұмысы мен
тілдің дамуы жайында, қазақ әйелінің теңдігі жайында жазылды; медицина,
агротехника мәселелеріне. ғылым-мен техниканың кейбір табыстарына, елдің
сыртқы жәнек ішкі мәселелеріне және басқа мәселелерге едәуір көңіл бөлінген.
Аталмыш газеттің беттерінде біріншіден, қазақ ауыз әдебиетінің «қобыланды
батыр», «Ер Тарғын», «қозы Көрпеш-Баян сұлу», «қыз Жібек», «Айман-
Шолпан», «Біржан сал мен Сара қыздың айтысы», «Мың бір мақал тәрізді
белгілі нұсқалары мен қазақ авторларының төл шығармалары, екіншіден,
шығыс классиктерінің немесе шығыс ауыз әдебиеті нұсқаларының тақырыбы
бойынша жазылған қиссалар, хикаялар, дастандар. Мысалы: «Ләйлі-Мәжнүн»,
«Шах-намә», «Сейфул-Мәлік», «Таћир-Зућра», «Жүсіп-Зылиха» және тағы
басқалар және үшінші діни қиссалар жарияланып отырған. Журналдың өз
оқушыларын орыс әдебиетінің аса көрнекті тұлғалары Крыловтың, Пушкиннің,
Лермонтовтың, Толстойдың, Чеховтың және басқалардың шығармаларымен,
сонымен қатар шығыс әдебиетінен Фирдаусидің бүкіл әлемге аты шыққан
«Шахнама» хикаясымен қазақ тілінде таныстыруының үлкен маңызы болды.
«...Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап»-
өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғаымен іс жүзінде Шоқан
Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай құнанбаевтың ағартушылық
42
идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің,
әдебиетінің, публицисткасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрін
жалғастырған, іглері дамытқан журнал болды»[125],-дей отырып, «Айқаптың»
шығуы ХХ ғасырдың бас кезінде болған үлкен тарихи оқиға болды.
«Қазақ» газеті 1913 жылы Орынборда шыға бастаған. қалыпты көлемде
қазақ арасына көп тарады. Мақсаты жұрт пайдасына көз болу, қазақ арасына
ғылым, өнер жайлауына басшылық еті,басқа жұрттардың халінен хабар беріп,
таныстыру болған. Сол мақсаттарды орнына келтіру үшін закондарды, бұйрық-
жарлықтарын білдіріп тұру; государственная дума мен государственный совет
жұмыстары турасында жете хабар беру;ішкі және сыртқы хабарларды жазып
тұру,қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу,күнелту,сауда,кәсіп,жер,егін-
таран,мал
шаруасы
жайынан
кеңесу,оқу,оқыту,мектеп,медресе,школа,
ғылым,өнер,тіл,әдебиет турасында жөн көрсету, адам және дәрігерлік жайынан
жазу болды.[124]
ТҰЖЫРЫМ
1 ХХ ғасырдың 30-жылдары Кеңес өкіметінін жүргізген саясатындағы
әлеуметтік және қоғамдық-саяси жағдайлар өзіндік ерекшелігімен айқындалды.
Осы кезеңде қазақ зиялылары қазақ жерінде жүргізілген саясаттың түрлі
сипаттарына куә болған. Қазақстандағы саяси-әлеуметтік және басқару
жүйесіндегі олқылықтар қазақ инттелигенциясына өзінше әсер етті.
2 Қоғамдық-саяси, оқу-ағарту саласындағы жүргізілген істердің негізінде
оқу, мектеп ісінің дамуына бағытталды. Жаппай сауат ашу үрдісінде мектеп
оқулықтарын шығару мен ағарту қызметтерінің бар мақсаты халыққа білім беру
саясатына жол табу болды.
3 Қазақ халқының ертедегі ұлы ойшылдары мен ағартушыларының
мұраларындағы құнды ағартушылық идеялар мен көзқарастарға сүйене
отырып, саяси куғын-сүргін құрбандары боғлан қазақ зиялылары олардың
құнды шығармаларынан рухани нәр алды.
4 ХХ ғасыр басындағы ой-сананың оянуына мейлінше әсер еткен
«Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттерімен «Айқап» журналы, «Қазақ»
газетінің рөлі анықталады.
5 Қазақ баспасөзі әлемде болып жатқан өзгерістер саяси қуғын-сүргін
құрбандары
болған
қазақ
зиялыларының
психологилық-педагогикалық
көзқарастарының қалыптасуында олардың ағартушылық бағыттағы үлестерін
анықтап, түсінуге мүмкіндік береді.
6 Жаңару үрдістер өткен тарихымызды объективтік тұрғыдан дұрыс
бағалауға мәдени құрылыс саласында, оның ішінде халыққа білім берудің
тарихында болған оқиғаларды зерделеуге жағдайлар туғызды.
7 Кеңес өкіметінң күштеп ұжымдастыру саясатының зардабы аштықтан
қырылу, жала жабу, сияқты оқиғалармен байланыстырып зерделейтін
көзқарастарды тоғыстыру тарих тағлым үшін аса қажет болып табылады.
|