Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары


Сәкен ( Сәдуақас,1894-1938) Сейфуллин



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
алаш

Сәкен
(
Сәдуақас,1894-1938) Сейфуллин
– Қазақстан мәдениетінің өсуіне,
оқу-білімге, халық ағарту жұмыстарына белсене араласып, үлкен үлес қосқан
педагог-қайраткер. Ол 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысының Жаңарақа
ауданында шағын дәулетті, орта шаруаның отбасында туды. Сәкеннің ата-
анасы ауыл арасында қадірлі, меймандос, адал ниетті, ақ жарқын, сонымен
бірге өнерлі кісілер болған. Сәкеннің өзі де әкесінің аң аулағыш саятшы,
сауыққой, домбырашы, шешесінің халық өлең-жырларын көп білетін, сөзге
шебер адамдар болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме-
ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді. Бастапқыда
ауыл молдасынан оқып, тез-ақ хат танып кетеді. Баласының оқуға алғырлығын,
зейінділігін, ой-талабының күштілігін байқаған Сейфолла Сәкенге орысша
білім бергісі келеді. Осы мақсатпен 1905 жылы оны Успенск (Нілді) мыс


44
зауытындағы мектептке береді. Сәкен мұнда үш жылдай оқиды. Онан кейін
Ақмоладағы бастауыш орыс мектебінде (приходская школаға) түседі. Мұны
бітірген соң, үш кластық училищеде оқиды. Сәкеннің жастайынан екі тілде
бірдей білім алуы, оның орыс әдебиетінің молынан танысуына мүмкіндік
береді.1913 жылы Сәкен Омбы қаласына барып, оқытушылар семинариясына
түседі. Семинарияны ол үш жылдан кейін, 1916 жылы бітіріп шығады.
Сәкеннің ақындық, жазушылық талабы ерте кезден байқалады. Ол –Успенск
пен Ақмолада оқып жүрген кезінде-ақ өлең шығара бастайды. Омбы қаласында
оқып жүрген кезінде студенттердің «Бірлік» атты әдеби үйірмесіне қатыса
жүріп, өзінің алғашқы өлеңдер жинағын құрастырады. Бұл жинақ 1914 жылы
«өткен күндер» деген атпен қазан қаласында басылып шығады. Бұл кітап
Сәкеннің ақындық талабының зор екендігін жалпы жұршылыққа танытады. Бұл
өлеңдер жинағына енген өлеңдердің әлеуметтік-қоғамдық мазмұын, көркемдік-
эстетикалық
ерекшелігі, 
оның
аламаттық
позициясын, 
пәлсафалық
дүниетанымын анық көрсетеді. Сәкен оқытушылар семинариясын бітірісімен,
Ақмола төңірегіндегі бір ауылдық мектепке мұғалім болып орналасады. Бұл
(1916) патша өкіметінің майдан жұмысына қазақтың солдат алу жөнінде
жарлық шығарып,халықтың оған қарсы наразылғы ұлт-азаттық күресіне
ұласқан уақыт болатын. қазақ қоғамының атптық жігі айқын ашылып, халық
ашық күреске шыққан бұл шақта Сәкен түгелдей еңбекші бұқара жағында
болады. ұлт-азаттық күресіне қолынан келген жәрдемін береді. Көтеріліске
қатысушылармен байланыс жасап, оларға ауыл арасынан күш-көмек жинау
ісіне көмектеседі. Көтерілісті қолдаған бірнеше өлеңдерін жазады.
1917 жылы ақпан революциясы тұсында Сәкен Ақмола қаласына келіп,
алғашқы Совдептерді құру ісіне араласады. «Тіршілік» атты бұқаралық
бағыттағы газетті ұйымдастырып, оның бетіне халықтың қас дұшпандары-ел
жуандарын, оларды жақтаушыларды әшкерелейді. Осы қалада Сәкен Кеңес
үкіметін орнатушылардың алдыңғы сапында болады. Ол Ақмола уездік
Совдепінің президиум мүшесі, оның халық ағарту жөніндегі комиссары болып
қызмет істейді. «Сәкеннің «оқу-білім адамның азығы, өмірдің сәні.Сауатсыз
надан-қор болған адам» деген түсінікте болғаны Ақмола совдепінің халық
ағарту комиссариатына басшылық еткенді ең әуелі мұғалімдерге жағдай жасау,
курстар арқылы ағартушылар дайындап жаңа мектептер жатқанда орыс-қазақ
мектебінде сабақ беруі тек революциялық істің жалғасы ғана емес, өзінің
арман-тілегінің нақты орындалуы еді»[126]. Сәкен 1918 жылы Коммунистік
партияның қатарына өтеді. Осы жылы жазда контрреволюцияшыл күштердің
әлегімен Ақмоладағы Кеңес өкіметі уақытша сәтсіздікке ұшырайды. 1919 жылы
С.Сейфуллин Омбыдағы Колчак түрмесінен жолдастарының көмегімен қашып
шығып, жасырын атпен бетпақдаланы басып өтіп, Түркістан жаққа барып,
ондағы Кеңес өкіметінің жұмысына қатысады. Сәкен айдауда, куғында жүрген
кезінде да өлең жазуын тоқтатпай, өзінің халық үшін, оның жарқын келешегі
үшін күреске бел буып «Жас қазақ марсельезасы» өлеңі қазақ жастарының сол
кездегі революциялық гимнінен айналды[127].
1920 жылы Орынбор қаласында қзақтың халық ағарту институты
ұйымдастырып, сол кезде
қазақ өлкесін зерттеу
қоғамының
жұмыс


45
А.Байтұрсынов, 
М.Дулатовтармен 
бірге 
С.Сейфуллин 
жұмыс 
істеді.
Педагогикалық орындар мен ұлт мектептеріне арнап оқулықтар мен оқу-
әдістемелік құралдар жасауда да белсене ат салысқан. 1920 жылы С.Сейфуллин
Ақмолаға келіп, жаңа құрылған совет өкіметінің оқу ағарту. баспасөз жұмысын
басқарады. Сол жылы ол Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Президиум
мүшесі болып сайланады. қоғамдық қызметпен қатар, жазушылық, еңбегі өрлеу
үстінде болған Сәкен сол 1920 жылы «қызыл сұңқарлар» атты әйгілі пьесасын
жазады. Сонымен бірге оның кеңес тақырбына жазған көптеген өлеңдері осы
кезде жарық көрді. 1922 жылы С.Сейфуллин қазақстан Халық ағарту
комиссарының орынбасары болды. сол жылы советтердің ІІІ съезінде қазақстан
Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалады. Одан кейін
«Еңбекші қазақ»(қазіргі «Егемен қазақстан») газетінің редакторы болды.
Жауапты редактор болуы С.Сейфуллиннің қайраткерлігін еселей түсті. Халық
Комиссарлар кеңесі төрағасының нақты бағдарламасы 1922 жылы «Зор міндет»
деген мақаласында оқу-ағарту ісінің қаншалықты мәнді екенін былай
түсіндіреді. «Бұрын патша заманында қазақ мектеп, медресе ћәм школ ашпақ
болса, патша үкіметінен тіленіп, сұранып неше жыл жүріп, зырығып, тілегін
көбіне ала алмай қалушы еді. Енді Кеңес үкіметі қазақ сияқты бұрынғы
құлдықта жүріп, оқу оқи алмаған, өнер-білім ала алмаған халыққа кең қылып
оқу –білім қақпасын ашып отыр»[126],-түбегейлі тұжырымдай келе, «Қазақ
халқына ең әуелі оқу керек, оқу керек, оқу керек! Оқыса көзі. Көкірегіңнің көзі
ашылады. Көзі ашылса, айтпай-ақ, ымдамай-ақ, нұсқамай-ақ өзі көреді.
Оқымаған адам, оқымаған халық –надан, қараңғы, соқыр. Оқусыз –қазақтың
болашақтағы күні
қараң...енді жиырма жылдың
ішінде
қазақ өнерлі
халықтардың қатарына кіруі керек! қазаққа оқу бұрын бір мәртебе керек болса,
енді 
мың
мәртебе 
керек»[126],-деп 
ел-жұртты 
оқу-білімге
үндейді,
жұмылдырады. Бар бірліктің өзегі оқуда деп білді.
С.Сейфуллин 1922 жылы Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің
төрағалығына сайланып, үкімет басшылығына келеді. Бұл оның өзінің
мемлекеттік қызметіндегі соңғы және мәртебелі биік ерекше жауапты
лауазымы болды. үкімет басшылғына келген кезекте қазаққа «қазақ» атын
қайтару идеясын көтерумен қатар, ана тілінің аясын кеңейту мәселелерін
мемлпекеттік деңгейге шығарды. қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, ұлттың
мүддесін қорғау, халыққа пайда келтіру негізінде 1923 жылы «Еңбекші қазақ»
газетінде «қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген мақала жариялап орыс
тарихнамасында қырғыз болып аталып келген қақ халқының өз атауын алуына
үлкен үлес қосты. Осы көкейтесті мәселені Орталық Атқару Комитетінің
бюросына ұсынып, арнайы Декрет қабылдатқан. 1923 жылы «Еңбекші қазақ»
газетінде «Кеңсе істерін жүргізу керек» деген мақала жазып, үлкен саяси
әлеуметтік мәні бар ойын сол кезде ортаға салған. «Істі қазақшаға аударуды
ауылдан, болыстан, ауданнан бастау керек. Волостной исполкомдарда істі қазақ
тілінде жүргізу үшін уездерде соларға кісілер даярлап жіберетін курстар
ашылу керек. Ауылдан, ауданнан қаладағы мекемелерге қағаз жазғанда ылғи
қазақ тілінде жазып отыруы керек...»[128],- деп қазақ тілін үйрену мен жүзеге


46
асыру мәселесін көтереді. өз кезегінде қазіргі ХХІ ғасырда егеменді қазақстан
елінде бұл мәселе әлі жалғасын табуда.
1922-1924 жылдар РСФСР мен басқа ұлт республикаларының жоғары оқу
орныдарына Қазақстаннан адамдарды оқуға түсірді. ұлт кадрларын даярлау
үшін оның бұл бастамасы уақытында маңызды мәселе болып есептелді. 1924
жылдан 1937 жылға дейін республикамыздың
көптеген мәдени-ағарту
мекемелерінде жауапты қызметтер атқарады. Жоғары оқу орындарында қазақ
әдебиеті тарихынан лекциялар оқиды. «Әдебиет майданы» журналының
редакторы міндетін атқарады. Жиырмасыншы жылдарда Сәкеннің «Асау
тұлпар»(1922), «Домбыра»(1924), «Экспресс»(1926) атты өлеңдер жинағы,
оның өз өміріне байланысты жазылған. «Тар жол, тайғақ кешу»(1922) атты
романы жарық көрді. Бұдан кейінгі жылдарда ол «Жер қазғандар»(1928),
«Бандыны
қуған 
Хамит» 
повестері 
мен 
көптеген
әңгімелерін,
«Советстан»(1927), «Қызыл ат»(1933), «Көкшетау»(1929), «Маузер»(1928)
поэмаларын жазды. Бүкіл Ресейлік Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, қазақ
халық ағарту комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың төрағасы
қызметтерін қоса атқарған С.Сейфуллин мектептке дейінгі мекемелер, орта
мектеп және жоғары оқу орындарының жұмысын жақсарту, оқу материалдық
базалар құру мен нығайту, оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын жақсарту
мәселелерімен айналысты. Оның Қызылорда Халық ағарту институтының
ректоры(1927),Ташкенттегі
қазақ
жоғары педагогикалық
институтының
ректоры(1928),Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы
Алматы 
мемлекеттік 
университетінің)
доценті 
(1929-1937),Қазақтың
коммунистік журналистика институтының профессоры(1934) болып істеген
жұмыстары педагогика ғылымдарына қосқан үлкен үлестерінің бірі саласы
болып 
табылады. 
Ол
қазақ 
әдебиетінің
мектептерге, 
педагогикалық
институтттарға арналған: «Әдебиеттану оқу кітабы» (1932), «Көркем әдебиет»
(1934), «Қазақ әдебиеті» (1932) атты жаңа оқулықтарының авторы ретінде де
Қазақстанның педагогика ғылымына елеулі үлес қосты. 1933 жылы құрылған
қазақтың ұлт мәдениетінің ғылыми-зерттеу институтының игілікті істеріне
С.Сейфуллин қатысып, өзі еңбектерін шығарған.
«1924 жылы қазақ зилялары «ел астанасына қайсы қала лайық» деген пікір
төңірегінде ой жарыстырғаны бар. Себебі, Орынбор орыстың ортасы. қазаққа
жаңа астана керек. С.Меңдешевтің тобы Ақтөбені меңзеген. Аймауытовтар
Ақмешіттің қолдаған. А.Жұмабаевтар Ташкентте тұрсақ қайтеді деп тоқтайды.
Сонда С.Сейфуллин: «Ақмоланың ақ дәнінен өнген ақ бидайдан асқан нан
көрмедім, Ақмоланың баласы қажымұқаннан асқан балуан көрмедім» түбі
астана болуға Ақмола лайық деген екен»[129]. Қараңыз айналып 70 жыл
өткенде сол Ақмоланы айбынды Астанаға айналды. Бұл сол кезде
С.Сейфуллиннің тілегі болған.
С.Сейфуллинн өзі ағартушы. Кәсібі мұғалім болса, екіншіден елді,
халықты сауаттандырмай, мәдениетінің көкжиегіне қол іліктірмей ештеңе
тындыруға болмайытын, бұрынғыдай жайлаудан қыстауға, қыстаудан жайлауға
көшіп, мал өсімімен отыратын заман өтіп, өндірістің тетігін білетін дәуір келе
жатқанын, ал оған қол жеткізу үшін өнерлі, білімді болу міндетті екенін ХХ


47
ғасырдың басында-ақ Ресей қол астына қараған бұратаналардың бәрі түсінген
болатын. әдеби мұра төңірегінде түрлі пікірлер, айтыс-тартыстар ушығап
тұрған 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдардың бастапқы кезеңінде
қазақ ауыз әдебиетінің, жеке ақындардың мұраларының жиналуына, жарыққа
шығып баспа бетін көруіне, зерттелуіне және уақыттың өз жүктеген істерді
атқаруға шамасының келгенінше үлес қосуды азаматтың арының ісі деп
білгендердің бірі болды. Осы асыл мұраларымыздың кейбір үлгілерінің шығу
тарихына, мазмұнына, жеке дарын иелерінің шығармаларының көркемдік
ерекшелігіне айрықша назар аударып, оларды елдің
дәстүр-салтымен,
халықтың басынан өткерген әр алуан кезеңдерімен сабақтастыра, тарихқа
қатыстыра зерттеп, баға беріп, жинақтар құрастырып, ғылыми еңбектер мен
оқулықтар жазып қазақ әдебиеттану ғылымының өркендеуіне ықпалын тигізді.
Сондай-ақ 30-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары халықтың рухани
байлығы болып саналатын ауыз әдебиетінің ел арасынан жиналып, баспа
жүзінде халыққа белгілі болуына, оларды зерттеп бағалауға да өз үлесін қосты.
Көптеген мақалаларында, жасаған баяндамаларында әдеби мұраны жинау,
зерттеуді басты міндет етіп көтерген С.Сейфуллин 1934 жылы қазақстан
жазушылардың бірінші құрылтайында әдеби мұраны жоғары бағалап, оған
ерекше тоқтап, жинау, бастыру, зерттеу кезек күттірмейтін іс деп өз пікірін
білдірген. қазақ әдебиеті мен өнерінің 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндігі
Қазақстанның идеялық өміріндегі үлкен оқиға болды. С.Сейфуллин онкүндікті
өткізу комиссиясының мүшесі және оған қатысушылардың бірі болды. қазақ
әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігі қазақ халқының мәдениетінің
гүлденіп, көркейгендігінің айқын айғағы болды. қазақ совет әдебиетінің өсіп,
өркендеуіне сіңірген аса көрнекті еңбегі үшін жазушы С.Сейфуллин Еңбек
қызыл Ту орденімен марапатталған.
Сұрапыл саясаттың незінде 1938 жылы қазақ зиялыларын «халық жауы,
тап жауы», «ұлтшыл-фашистер», «алашорда төбеттері мен күшіктері» деп
атады. өкіметке қарсы жасырын ұйым ашып, көтеріліске шақырған деген
айыптар тағылғандардың
ішінде
қазақ
зиялысы С.Сейфуллин туралы:
««Управлением государственной безопасности НКВД Казахской ССР вскрыта
и 
ликвидирована 
широко 
разветвленная 
антисоветская 
организация.
Антисоветская националистическая организация широко развернула работу по
формированию подпольных районных и областных филиалов организации,
вовлечение 
в 
них 
контрреволюционных 
националистических 
кадров:
алашордынцев, 
бывших 
карателей, 
басмачей, 
активных 
участников
повстанческого движение, мулл, баев и прочий антисоветский элемент... Одним
из активных участников этой организации являлся обвиняемый Сейфуллин
Сәкен-писатель»[126],- деп түйіндеген.
С.Сейфуллиннге кеңеске қарсы ұлтшыл,террористік-төңкерісшіл және
астыртын-диверсиялық ұйымның белсенді мүшесі болған, әдебиет саласында
кеңеске қарсы зиянкестік жұмыстармен айналысқан, белсенділік көрсетіп,
ұйымның қатарыан жаңа адамдар тартқан т.б. сияқты айыптаулар тағылған.
Қажырлы қайраткер С.Сейфуллин 1938 жылдыңы 25 ақпанында КСРО Жоғары


48
сотының үкімімен атылып кетті. 1957 жылы КСРО Жоғары сотының әскери
коллегиясымен ақталды.
Қазақ елінің өзгелермен терезесі тең болу мәселесі экономикалық өсіп-
өткендеуге тікелей байланысты екенін түсінген С.Сейфуллин назарынан оқу-
ағарту саласын естен шығармады.Ел сүюдің,халықты қадірлеудің ең төте жолы
осы жақта жатқанын өзінің ұлтжандылғымен ұқты, іс атқарды, сөйтіп жалпы
қазақ халқының мәдениетін қалыптастырып өркендетуге ерекше үлес қосты.
Қазақтың жазушысы,қазақ әдебиетінің қалыптастырушылардың бірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет