Нәзір Төреқұлов (1892-1937)
қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған
ауданының қандоз елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Төреқұл оқыған, көзі
ашық, шетелдермен сауда-саттық байланыс жасап, қызмет бабымен қоқан
қаласына көшіп барады. қалада үш жыл мұсылманша оқыды, соңынан тағы үш
жылдай орыс-түзем мектебінде оқып, бітірді. Содан қаладағы сегіз жылдық
коммерциялық училищені аятайды. Жасынан зерек ол бір жылдары араб,
патсы, орыс тілдерін меңгерумен бірге шығыс әдебиетін, тарихын терең біліп
алады. Оның білімге, мәдениетке құштарлығы ел қамқоршысы боып қалыптаса
бастауына алып келді. 1914-1916 жылдары Ол Мәскеудегі коммерциялық
институтта үш жыл оқыиды. Бұл аралықта француз, неміс, ағылшын тілдерін
меңгеріп алады. Жеті тілді меңгерген ол әлем мәдениетінің қайнар бұлағынан
сусындап, оның нәрін өз бойына сіңірді. қазақ халқының біртуар азаматтары –
Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсыновтармен араласып оларды өзіне ұстаз
тұтқан.
1916 жылғы оқиғамен байланысты. Н.Төреқұлов Мәскеудегі оқуын тастап,
Беллоруссияға қара жұмысқа жегілді. 1917 жылы әуелі ақпан, соңғы Қазан
төңкерістері болған кезде Нәзір Түркістан өлкесіне қайтып оралады. 1918 жылы
Қоқан қаласында төңкеріс комитетінің хатшысы, Қоқан кеңесінде жұмыс
атқара жүріп, оның баспасөз органы «Халық газетін» шығаруға қатысқан. Кейін
Ферғана облыстық төңкеріс комитетінің төрағалығына көтерілді. Облыстық
халық ағарту бөілмінің бастығы қызметін атқара жүріп, «Жаңа шығыс»,
«Ферғана» газеттерінің редакторы болды. Түркістан республикасы ағарту
комиссариаты 1918 жылы Ферғана облыстық Кеңестер депутаттылығына
телеграмма жолдап, Н.Төреқұловты қазақ педагогика курсын ұйымдастыру
үшін тезірек жіберуді өтінді. Ташкентке келген Н.Төреқұлов қазақ курсының
оқу жоспарын, бағдарламасы мен қажетті қаражаттарды дайындап берумен
бірге, сол жылы тоғыз айлық алғашқы қазақ педагогика курсның негізін
қалады. Кейін бұл оқу орны оның
басшылығымен
қазақ
педагогика
училищесіне, 1920 жылы қазақ педагогика институтына айналды. 1919 жылы
Түркістан республикасы Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланды.
1920-1922 жылдары Түркістан Орталық
Атқару Комитетінің
төрағасы,
Түркістан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы, Туркбюро мүшесі,
Орта Азия бюро мүшесі, Халық ағарту сияқты көптеген қызметтер атқарады.
Түркістан
өлкесінде
оқу-білімге,
жергілікті
жерлерде
сауат
ашуға
жұмылдыруда шұғыл бетбұрыс басталады. Бұл істе бірініші кезектегі мәселе-
оқулықтар әзірлеу болтаны. Н.Төреқұловтың тікелей араласуымен осы оқу
кітаптары,
әдістемелік
басылымдар
шығарылады.
Мысалы:
Х.Досмұхамедұлының «Табиғаттану», «Жануарлар», С.Қожановтың «Есептану
құралы», М.Жұмабаевтың «Бастауыш мектепте ана тілі», «Педагогика»,
Қ.Кеменгерұлының «қазақ тарихы» атты кітаптары мен оқулықтары жарыққа
шыққан.
1921 жылдың 21-25 тамызында өткен Кеңестердің Бүкілтүркістандық Х
съезінде Н.Төреқұлов есепті баяндама жасап, Түркістан атқару комитеттінің
жанынан ұлттар бөлімін ашуды ұсынады. Түркістан мұсылман бюросын
басқарған кезінде Түркістан атқару комитетінің жанында қазақ, өзбек, түркімен
68
бөлімдерін ұйымдастырып, жергілікті халық мәселелеріне айрықша көңіл
бөледі. 1922 жылы Н.Төреқұлов түрік халықтарының жаңа алфавиті жөніндегі
орталық комитет мүшелгіне шақырылады және комиссия төрағасы болып
бекітіледі. Осы кезеңде Шығыс халықтарының жазуын арабшадан латын
әріпіне ауыстыру мәселесі күн тәртібінде тұрған еді. Бұл бағытта Н.Төреқұлов
білімпаздығын көрсетіп, латын алфавитіне көшу жөніндегі даулы айтыстарда,
пікірсталастарда жетекші ойлар қалыптастырады, нәтижесінде 1926 жылы
Бакуде өткен түрік танушылардың бүкілодақтық съезіне қатысып, алфавит
бойынша баяндама жасап, жаңаша жазудың ең оңай, ең тиімді жолдарын
ұсынады. 1922 жылы Н.Төреқұлов мемлекет басышылығындағы қырауар
жұмыстарға қарамастан «Төңікеріс» атты журналды ұйымдастырып, оның
алғашқы бас редакторы болды. газет үшін іс тетігін жақсы білетін кадрларды
таңдай білді. Бұл журнал 1922-1924 жылдары халық арасында кең таралады.
1922-1928 жылға дейін Н.Төреқұлов Мәскеудегі Орталық баспасөз бөлімінің
бастығы болып қызмет істейді. Баспада Орта Азия мен қазақ елінің таланттың
ұлдарының еңбектерін жарықққа шығарды. Бұл баспа 1922-1927 жылдар
аралығындағы бес жылда 59959713 дана оқулық, ғылыми-көпшілік. қоғамдық-
саяси, көркем әдебиет, ауыл шаруашылық, әдебиеті өнімдерін елуден астам ұлт
тілдерінде басып шығарады[151] Сол жылдары Мәскеуде «Жаңа әліппе», «ұлт
мәселесі және мектеп», «Жат сөздер», «Біздің Ғани» атты кітаптары жарық
көреді[152,20]. Мәскеуде «Темірқазық» атты журналын шығарады. Оның
мақалалары қазіргі таңда өте құнды еңбек толып табылады. Тұңғыш нөміріне
Н.Төреқұлов алғысөз жазды, онда журналдың елге өнер-білім беру мақсатын
көздеп отырғандығын айтқан. Журнал беттерінде жарияланған жер, ұлт
мәселесі, оқу-ағарту ісі, мемлекеттік құрылыс сияқты маңызды мәселелер
жөніндегі мақалалар арқылы халықтың саяси санасын тәрбиелейді. ғылым
бөлімінде Н.Төреқұлов «Ұлт деген не?», «Ұлт мәселесі», «Білім күні» деген
мақалалар жариялаған. Бұлар елі білімін кеңейтуге септігін тигізді. Оқу-ағарту
бөлімінде «қазақ елінде бастауыш мектептер қалайша құрыла бастауы керек»,
«Еңбек мектебі», «Мәскеудегі қазақ оқытушыларының халі» деген материалдар
жариялады. Бұларда автономия алу істің басы оқығандардың мінедті деп
бағаланды. Әсіресе, Орта Азия халықтарының әрпін латыншаға ауыстыру
жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамында атқарған еңбектері өте маңызды.
Мәскеуде Орталық баспаға жетекшілік етумен бірге халқымыздың тарихын,
тілін зерттеуде көп істер тындырады. Мәскеу қаласынан орыс, неміс, француз
тілдерінде оқыған, ғылыми конфереенцияларда тіл мәселесін жоғары көтеріп,
оны терең зерттеумен шұғылданған. Жиырмасыншы жылдарда Түркістан
өлкесінде оқу-білімге, жергілікті жерлерде сауат ашуға жұмылдыруда шұғыл
бетбұрыс басталды. Бұл істе бірінші кезектегі мәселе-оқулықтар әзірлеу
болатын.
1936 жылдар аралығында Н.Төреқұловқа Сауд Арабиясы жерінде қызмет
етумен байланысты сегіз тілді жетік меңгеруі, сыналған мемлекет қайраткері
ретінде танылған нәтижесінде оған ең жауапты міндеттер жүктеледі. 1928-1932
жылдары Н.Төреқұлов Кеңес Одағының Сауд Арабиясына бас консулы, кейін
1932-1936 жылдары өкілетті елшісі болып істейді. Қазақстаннан шыққан
69
тұңғыш дипломат Кеңес мемлекетінің сыртқы саясатын жүзеге асыруда екі ел
арасында саяси және саудар қарым-қатынасын нығайтуға көп үлес қосты. Оның
елшілік қызметін арабтар әрдайым жоғары бағалап отырған. Ол сол жердегі
халықтардың тарихын, мәдениеті жөнінде бірқатар еңбектер жазады. 1936
жылы Н.Төреқұлов елшіліктен босатылғаннан соң Мәскеуде 1934 жылы
Шығыс халықтарының тілі мен әдебиеті институтының ғылыми қызметкері,
институт проректоры болып істейді. Ол кезде бұл институт Марр атындағы тіл
және ой институты деп аталған. Бұл жерде бір жарым ішінде көптеген ғылыми
еңбектер жазып, тарихы саласындағы зерттеулерін кеңейте түседі.
Еңбектерінің маңыздылығын арттырған 1922 жылы баспадан шыққан
«Совет
өкіметінің үш жылдығы» жинағындағы «Қоқан автономиясы»,
«Ферағана мәселесі» мақалаларының тарихымыздың қайта тану үшін маңызы
үлкен. 1926 жылы Мәскеуде жарияланған «Ұлт мәселесі және мектеп» кітабы
арқылы тарихшыларға патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының ащы
шындығын батыл көрсетіп, аз ұлттардың ағарту ісін өркендету мәселесін
көтереді[152,22].
Оның
тарихқа
байланысты
осындай
еңбектері
Н.Төреқұлаовтың саясатшы, көрнекті тарихшы ғалым екендігін танытады.
Н.Төреқұлұлы 1937 жылы «Халық жауы» деген жалған жала жабылып,
ұсталып, ату жазасына кесіледі.
|