2.2 Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
еңбектері.
ХХІ ғасырда тәуелсіз мемлекетіміздің егеменді ел болып отырғанда, қазақ
жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген қазақ азаматтарының қайта
оралуы мен жандануы халқымыздың сана-сезімін бір сілкіндіріп, рухани
өмірінде серпін бергені ақиқат. Міне, сондықтан да біртуар
қазақ
зиялыларымыздың ХХ ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген қазақ
зиялыларының еңбектері мен туындыларын жан-жақты терең зерттеу, олардың
әрқайсысын халық
арасында насихаттау-бүгінгі күн тәртібінде тұрған
көкейкесті мәселе болып табылады. Саяси куғынға ұшыраған қазақ зиялылары
өздерінің білімділігі мен ізденістері нәтижесінде қазақ халқының әлеуметтік,
оқу-ағарту тақырыбындағы еңбектерін туындауы сол кездің саясат пен қазақ
халқының болашағына үміт артар шаралары негізінде жарық көріп отырған.
С.Сейфуллиннің педагогикалық көзқарастары оның шығармаларында
жарқын көрініс табады. Оның педагогикалық идеялары мен ағартушылық
ойлары өмірге деген саяси-қоғамдық көзқарасынан туып, қалыптасқан. Ол бұл
жағынан алғашқы ағартушы-демокарттар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсариннің
тікелей мұрагері, солардың ісін жалғастырушы ретінде көрінеді. Оның көркем
туындылары ағартушылық идеялармен оқу-тәрбие мәселесімен орын алған.
С.Сейфуллин бұқара қараңғылықтан, езушіліктен алып шығудың тікелей жолы
халықтың сауатын ашып, оларға білім беру деп түсінді. Ол өзінің күш-жігерін,
творчествалық еңбегін халықтың білімін,мәдениетін көтеруге, жастарға білім,
тәрбие беруге жұмсады. Сол уақыттағы оқып алудың қажеттігін ол өзінің
көптеген өлеңдерінде бейнеледі. Жастарды оқуға, білім алуға шақырып қана
қоймай, оларды өзі тікелей оқытып, тәрбиеледі де. ол оқу мен тәрбиенің өзара
тікелей байланысты екенін түсіне білген. Ол сол кездегі алдыңғы қатарлы
тәжірибелі мұғалімдердің пікірлерін негізге ала отырып, оқу мен тәрбие
мәселелерінде баланың жеке басын сыйлау, баланы өз күшіне сендіре білу,
оқушыларды меңгерте білу өте керекті және ең басты нәрсе деп түсінген.
Қазақ совет әдебиетінің негізін салған С.Сейфуллин рухани дамудың
барлық саласында айрықша үлес қосуы көп қырлы талант екеніне дәлел. Оның
қазақ әдеибетінің тарихын зерттеуі, ескі әдебиет, фольклор нұсқаларын жинап
бастырып, ғылыми талдау жүргізуі қазақ әдебиеттану ғылымының өркендету
сатысында да С.Сейфуллин есімінің оқшаулана айқын тұрғанын көрсетеді.
Мысалы «Қазақ әдебиеті туралы хат» деген мақаласында былай деп жазады:
«Өте-мөте керек болып отырған мағлұматтар Ақан серінің өлең-күйлері, Жаяу
Мұсаның өлеңдері, Маңмаңгердің Ыбырайының өлеңдері, Балуан Шолақ, Мәди
тәрізділердің өлеңдері. Бұлармен қатар ел аузында жатқа айтылып жүрген
түрліше
өлең-жыр,
әңгімелер,
қазақтың әндерінің,
күйлерінің әңгіме,
тарихтары. Осылардың бәрі қазақтың тарихына, мәдениет, әдебиет тарихына
керек мағлұматтар болады»[153,108]. С.Сейфуллиннің ғылыми қайраткерлігі
ауыз әдебиетінің үлгілері мен жекелеген ақындардың мұраларын жазып алып,
жариялануынан бастау алады. Алдымен халық мұрасын жинақтауға кірісткенде
алдына қойған мақсаттары: біріншіден, іс-түзсіз жоғалып кетуден сақтау,
хаттап, қағазға түсіру; екіншіден, талғап-таразылап, ой елегінен өткізіп, уақыт
71
кәдесіне жарайтындарын тасқа бастырып, жарыққа шығару; үшіншіден, заман
талабы мен өскелең өмірге алған тартқан қажеттіліктерді өтеу, яғни мектептер
мен жоғары оқу орындарын хрестоматия-оқулықтармен, қазақ әдебиетінің
тарихын баяндайтын еңбектермен қамтамасыз ету еді[154,6]. Яғни ақынның
жас кезінен өнер саңлақтарын тудырған, сұлулығы «мылқауға тіл бітірген»,
ақындарға
шабыт
берген
Көкшені
аралап,
ақын-әншілеріне,
өнер
қайраткерлеріне қатысты деректерді жинай жүріп, зерттеп насихаттау үшін ел
арасында айтылып жүрген аңыз-әңгімелерді, ертегілерді көптеп жазып алып
отырған. 30 жылдары көне мұраларды, жеке ақындар шығармаларын жинағанда
мындай жолдарды пайдалаған:1.Қазақтың
біраз жерін аралап, көнекөз
қариялардан естіп, өзі жазып алады;2.Елден естігендерін жадында сақтаған;
3.Біржан сал, Ақан Сері, Балуан Шолақ ұрпақтарымен кездесіп, балаларымен
жүздесіп, біраз деректер алған;4.Жамбылды, Кененді, Иман Жүсіпті көп
тыңдаған; 5.Ә.Диваевтан көптеген керекті материалдар алған;6.1929 жылдан
бастап студенттер арқылы жинастырған;7.1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне
«Ашық хат» жазып көпшіліктің көмегіне сүйенген[154,6]. Бұл баяндаулар оның
халық мұрасын жинақтаудағы қызметін, еселі еңбегін танытады
Халық
тарихына, халық
мұрасына деген ықыласын, оны көздің
қарашығындай сақтап жоғалтпауға, жинастыру ісіне белесенділігн осылайша
танытқан Сәкен соны өзі бас боп жүзеге асырады. Көне тарихқа көз жіберу
арқылы халықтың өткен өмірін өзіне танытуды жөн деп білген. «Көкшетау»
поэмасы осы мақсатта дүниеге келген. Поэмада Біржан, Ақан, Ыбырай, Балуан
Шолақ тұлғасын, олардың кең тараған әсем әндерін әсерлі суреттей отырып,
өнерпаз бейнесін жасауы Сәкеннің өнерге деген құштарлық сезімінің, қоғамдық
әлеуметтік идеялармен ұштасқан парасатын дәледейді.
Ана сүті мен ата қасиетінен дарыған өнер нәрі ұшқан ұя, өскен орта
қалыптастырған тағылыммен жетіле түсуі Сәкеннің болашақ творчествосының
қайнар көзі екенін байқататын құбылыстар. Жасынан жан құштарлығын
туғызған саятылық, серілік, табиғат сұлулығын тамашалау, сзеім сырларына
жетелеу арқылы қаламгерлік қасиетіне әсерін тигізбей қоймайды. Табиғат
туралы лирикасында «Көкшетау», «Аққудың айрылуы» поэмалары мен ән-
күйге, жалпы өнерге арналған өлеңдерінде осы сипат айқын көрінді.
Мерзімді басылымдар саяси санадағы құнды пікірлер және көзқарастар
тудырудың қайнар көзі болып табылады. қоғамдық саяси және мәдени өмірінің
сан қырлы мәселелеріне халық көңілін аударатын бірден-бір құрал-баспасөз
болып
отырғандығы
ертеден
белгілі.
Осы
ретте
С.Сейфуллиннің
мысалдарындағы құнды ой-пікірлердің ұлт өмірінің көкейтесті міндеттерін
айқындаудың маңызы зор. Ол Ақмолада уездік атқару комитетінің төрағасы
қызметінде болғанда қазаннан әріп алдырып, қазақ баспаханасын жасақтап.
«Тіршілік» атты газет шығаруды ұйымдастырды. Газетте Кеңес үкіметін
нығайту, қалыңмалды жою, әйелдерге теңдік беру, жастарды оқытып, оларға
білім беру ұранын көтерді. «Тіршілік» газеті ел ішінде ықпалды болған, онда
жергілікті қазақ еңбекшілері өздерінің мұң-мұқтажын көп жазып тұрған.
қазақстан Автономиялық республика болып құрылуына байланысты «ұшқын»
газетінің орнына «Еңбек туы» газеті шығарылды. С.Сейфуллин осы екі газетте
72
де өзінің публицистикалық қызметін тоқтатпай, олардың беттерінде сол кездегі
саяси, экономикалық және халық ағарту салалары бойынша мәселелерді өз
мақалаларында кеңінен көтеріп отырған. «қазақ жұмыскер кедейлері газет,
журнал оқулары керек», «Қазақ халқының төмен табының азаматтарына»,
«Баспасөз майданында», «Қазақстан баспасөздері», «Баспасөзді күшейту
жұмысы», «Оқушы жастарға үлгі» және т.б. мақалаларының маңызы мен
мақсаты орынды ой-пікірлерге толы. Мысалы: «Баспасөз майданында» атты
мақаласында: баспасөздің рухани байлық, рухани азық екенін, оны оқытудың
қажеттігін, пайдасын былай түсіндіреді:«Газет, журнал оқымаған адам – соқыр,
мүгедек...Газет, журнал, кітап оқымайтын адам-өмірін босқа өткізген, қайнаған
топтың арасында мең-зең болып, қақтығып, адасып қалған пенде...Адамзатқа
екі түрлі ас керек: біреуі-тәніне, біреуі-рухына. Рухына керектің үлкені газет,
журнал, кітап оқу. Газет, журнал, кітап оқыған адамның білімі, дүниеге,
тұрмысқа көзқарасы бірте-бірте кеңейе бермек, маңайында болып жатқан
істердің не екенін, маңайында сапырылысып, әрекет қылып жатқан адамдардың
кім екенін ћәм өзінің кім екенін білмек»[154,7].
«Қазақ халқының төмен табының азаматтарына» және «Газетке не жазу
керек?» атты мақалаларында ол жұртты баспасөзге қатыстыру, газетке не
мәселе жазу керек, оны қалай жазу керектігі туралы ақыл-кеңес береді:«Енді
газет, журналды оқып, ойланып, газет-журналға өз мұң-мұқтажын ерінбей
жазып, аянбай іске кірісетін уақыт жетті. Рас, алғашқы уақытта газетке аөз
жазғандардың сөздері әдемі, шебер, сұлу болмаса да одан ұялмау керек. «Туа
мүйіз бітпейді, жүре мүйіз бітеді»-деген. «Сеніңдер, енді қорғаламаңдар!
Именбеңдер, еңбекшіл халық тобының мұң-мұқтажын мына «Еңбекші қазақ»
газетіне дамылсыз жазып тұрыңдар. әр кемшілік. Мұң-мұқтаждарына «Еңбекші
қазақ» газетінің жүзінен жауап, кеңес, нұсқа, баяндама аласыңдар. «Еңбекші
қазақ» газеті сендердікі». С.Сейфуллин еңбектерінің ішінде сол тұстағы қазақ
тілінің өмір саласында қолданылу жайын анықтайтын көптеген фактілерді
былай сипаттайды:«Тағы да түрлі мекемелердің істерін көңілдегідей жүргізіп
кететін қазақ еңбекшілерінен шыққан адам аз болғандықтан, Қазақстан үкіметі
керекті қызмет қылатын адамдар даярлауға түрлі курстар, түрлі мектептер
ашып жатыр. Мәселен:1.баспа өнерінің курсы;2.салық, қазына, ақша істерін
жүргізетір адамдарды шығаратын курстар; 3 кооперация ұйымдарының істерін
жүргізетін курстар;4.мұғалімер даярлайтын институт ћәм техникумдар,
курстар;5.адам дәрігерлерін шығаратын техникумдар;6.мал дәрігерлерін ћәм
жер бігіштерін шығаратын техникум;7.әскер бастықтарын шығаратын
школа;8.милиция бастықтарын шығаратын курс;9.сот істерін басқаратын
адамдарды шығаратын курс. Бұл оқу ісі 1923 жылдан бастап көтермелеп,
жүргізіп келеді»[153,163].
Арманы-оқу-ағарту мәселесі болған С.Сейфуллин «Әр қазақтың жадында
оқу болсын!» деген мақаласында алдыңғы ойын сабақтай түсті. «Бұрынғы
уақыттай өнер-білмсіз-ақ далада хайуан тәрізді күн өткізіп жүре беретін заман
өтті. қазақ халқына ең әуелі оқу керек, оқу керек! Оқусыз, өнер-білімсіз, екінші
түрмен тіршілік қылу бек қиын» деп жазады да ендігі сөзін іс басындағы
қызметкерлерге арнайды: «Елдің атқа мінген бастықтары оқу ісіне қарамай
73
кетсе, ел балалары оқусыз жүрсе, атқа мінген ел адамдарының мойнына
қазақтың кейінгі келешек жас буынның мың лағнаты артылады. Көңілінде
азырақ адамдықтың саңлауы бар әр қазақтың баласы енді бұдан былай жадынан
оқу ісін тастамау керек. қазаққа оқу бұрын бір мәртебе керек болса, енді мың
мәртебе керек болады. қазақ алдағы болшағын ойлауы керек»[128,221],-деп
ұйымдасып, бірлесіп оқу ісін жөнге салу жайына тоқталады.
Қазақ совет балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті
жазушысы. Оның «Маузер» (1929), «Бандыны қуған Хамит»(1922), «Бұлшық
ет»(1923),
«Балалар»(1925),
«Келіншектің
бесік
жыры»(1926),
«Пионерлер»(1929), «Октябрь күні»(1929), «Біз комсомол»(1935), «Ананың
хаты»(1925), «Інішегіме» (1925), «Анаға хат»(1926) сиқяты жазылған өлең-
әңгімелері
Кеңес
өкіметінің
алғашқы
жылдарынан
бастап-ақ
өзінің
жаңашылдығымен балалардың
сүйіп оқитын шығармаларына айналды.
С.Сейфуллин өзінің «Інішегіме» атты өлеңінде жасөспірімгге үлкен ой
тастайды, білім-ғылымды мңгеруге үндей. Ақын қараңғы үйге шырақ болып
жануға шақырады.
Біз қараңғы үйде отырмыз қарағым.
Басқа жұртта жап-жарық қып шырағын,
Солардай боп біз де жарық көрейік,
Сендер де кеп шырақ бақшы, шырағым, [153,163 б],-
деген өлең жолдарынан ақынның тереңіне бойлату, биік өрісі, елін
мәдениетке жеткізіп, жас қауымды оқып білім алуға үгіттеген. Оның мақсаты
оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып,
эстетикалық, рухани бағдар беру, әсемдікті сезінулерін бірте-бірте дамыта
отырып жүзеге асыру болып табылды.
С.Сейфуллиннің бұл шығармалары-балалар әдебиетінің қайта дамыған
жаңа дәуірінің беташары болды. өзінің «Бұлшық ет» деген өлеңінде еңбек еткен
адамның еңбегінің табысын сүйсіне жырлайды. Соны жас өспірімдерге үлгі
етіп ұсынады.
Боянған түрлі шырайлы
Көк темір құрыш болатпен,
Сұлу емес сырлы бет.
Асусыз асқар тау кешкен.
Ширатылған түйіндей,
Тас қопарып, жер үңгіп,
Шын сұлу күшті бұлшық ет.
Шыңырау қазып. Жер тескен...[154,126].
Қайда жүрсе де біздің елде еңбек еткен адам сыйлы да болды, құрметке де
бөленді.Отанын да, халқын да сүйсіндіріп, әрқашан даңққа бөлеп отырғанын
жас өспірімдерге үлгі-өнеге етіп көрсетті. Еңбекке жаңа көзқарас 20-шы
жылдар әдебиетінің бет алысы болды. осыған орай мектептерде еңбек тәрбиесін
қолға алу кеңес педагогикасының басты міндетін айналды. Ол кездегі
политехникалық оқудың міндеті балаларды өндіріс пен ауыл шарушылық ісіне
негізделген еңбектіңтүрлі салаларымен таныстырып, үйретіп отыру көзделген
еді. С.Сейфуллин «қалаушылар жыры өлеңінде:
Қолда қалақ, шот аяқ,
Сұрғылт балшық үстіміз
Жігерлі сұр қалаушы-
Жігерлі сұр түстіміз.[155,126].
74
Жас өспірімдердің еңбекпен айналысуы, сондай-ақ олардың әр түрлі ауыл
шаруашылық жұмыстарына тікелей араласып кетуі балалардың ой-өрісін
кеңейтеді. Оларды жат мінезділіктен арылтып, саналы да тәртіпті адам болуға
икемдейді. Сонымен қатар еңбек балаларды әр нәрсені білуге талаптандырып,
қазіргі материалдық дүние жөнінде ұғым береді. Сондықтан С.Сейфуллин
еңбек еткен азаматтардың құлшына кіріскен ерлік істеріне сүйсініп, балалар
мен жасөспірімдердің рухын көтеретіндей дәрежеде суреттейді:
Шаттық, қызыл еңбекте,
Іс істейміз сүйсіне.
Темір қалақ үн қосар,
Күшті қолдың биіне.
Көкке өрлетіп қалаумен,
Қызыл қышты тізілту...[155,126].
Бұл өлеңде балаларды еңбекке тәрбиелеу, соған баулумен қатар, барлық
игі жұмыстар жастардың өздері де белсене ат салысуы керектігі айтылған.
С.Сейфуллин өз шығармаларында жеңіс жолында әлеуметтік құрылыстың
алғашық даму кезеңдерін әңгімелей отырып, балалар әдебиетіне жаңа тақырып,
жаңа мазмұн, жаңа идея енгізді. Балалардың жауапкершілігі, патриоттық
рухын, жасөспірімдердің Отанға деген сүйіспешлігі мен халқына адал қызмет
етуге бағыштады.
1922 жылы шыққан «Өткен күндер» жинағына енген шығармаларда надан
байларды сынап, жас ұрпақты ғылым, білім үйренумен тоқталса, кейінгі
жинақтарында оқу-ағарту, мәдениет тақырыбында болды. Мәселен, «1922
жылы шыққан «Асау тұлпар» өлеңдер жинағында ескі дүниені жоққа шығарып
қана қоймай, жастардың жаңаға, жақсылыққа ұмтылуға шақырады.
Қазақ әдебиеті тарихында өзінің әйгілі мемуарлық романы «Тар жол, тайға
кешу» әңгімесінде жалынды ақын, қайсар С.Сейфуллин өз бейнесі осы күнгі
жастарды тәрбиелеуде да ерекше орын алады. «Мақсұт: 1916-17-18-19
жылдардағы тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің Қазақстандағы өзім көрген,
өзім білген оқиғаларынан баспа жүзінде әйтеуір іс қалдыру болды. Бұл кітапқа
«Қызыл Қазақстанда» жазылған мақалаларымның «Тар жол, тайғақ кешу»
деген атын қойдым. «ұлы өзгеріс», «ұлы өткел», «ұлы асу» деген аттар ойыма
келіп еді. Көзбен көргендерім кітапта көбірек айтылған соң, «Тар жол, тайғақ
кешу» деген атты лайықтырақ таптым. Бұл атты, жалпы, суретті мағынада
алдым. Газеттерден мағлұматтар көп кірді. өйткені мен бұл кітаптың көп
жерлері тарихи мағлұмат болуға жарар деп білдім
»[
156,5], -дейді.
«Маузер» поэмасында 1917-1922 жылдар арасындағы революциялық
күрестерде ерлік, табандылық көрсеткен қазақ еңбекшілерінің жарқын бейнесін
жасөспірімдерге әсерлі түрде суретттеп берген. Отаны, елі, өз халқының
азаттығы үшін қан майданда ауыр жараланып, әл үстінде жатқан азамат өзінің
ақтық сөзін анасына, жас жарына, баласына, еркіндік жолында күрескен
майдандас достарына арнайды. Ал «Бандыны қуғын Хамит» атты прозасында
ұлы қазан революциясының жеңісінен соң, кеңес өкіметіне қарсы іріткі салу
мақсатымен елдің үрейін, момын шаруалардың берекесін кетіріп жүрген
бандылардың қарақшылық әрекетін
әшкерелеуге арналған. 1925 жылы
75
«Аққудың айырылуы» атты еңбегі мәңгілік махаббат, этестикалық тұрғыдан
жырлаған. Орыстың ақындары Пушкин, Лермонтов, Толстой Кавказ атырабын
шығармаларына қалай арқау етсе, С.Сейфуллин де Көкшетау табиғатынан,
тарихынан, бүгінігі тынысынан, болашағынан өнеріне өріс тапқан.
1931 жылы «қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», 1932жылы І.Жансүгіров,
Ә.Мәметкеліні, «Б.Майлинмен бірігіп «Әдебиеттану оқу құралын», 1933 жылы
«Батырлар жырының» бірініші томын, 1934 жылы Ы.Алтынсариннің өлеңдер
жинағын, 1935 жылы Ө.Тұрманжановтың бірлесіп 5-класқа арналған «Көркем
әдебиет» оқулығын бастырып шығарды. 1931 жылы біріншісі «Қазақтың ескі
әдебиет нұсқалары» деген атпен хрестоматия, екнішісі «Қазақ әдебиеті. Билер
дәуірінің әдебиеті»[157,6] деп аталатын қазақ ауыз әдебиетінің тарихын
баяндауға арналған ғылыми зерттеу еңбек 1932 жылы жарық көрді. Мұнда
С.Сейфуллин алдымен қазақ халқының тарихынан қысқаша мәлімет беріп, ауыз
әдебиетін жанрына қарай жіктеп, бірнеше салаға бөліп баяндайды. Негізгі
зерттеу еңбегі 1932 жылы «Қазақ әдебиеті» деген атпен жарық көрді. Осы
еңбекке алғызсөз жазған М.Жолдыбаев: «Қазақстанда жалпы міндетті
бастауыш оқу жүргізілді, сауатсыздықты жою жұмысы ұлы қарқынға түсті,
орта дәрежелі мектептер көбейді, жоғары дәрежелі мектептер ашылды. Басты
педагогика институты ашылды. Бұл институтқа қазақ әдебиетін ауызша оқыту
жоғару дәрежелі мектепте мүмкін болмады. Инстиуттта қазақ әдебиетін оқыту
Сейфоллұлы Сәкен жолдас бұл қиындықты женгеннен қазақ әдебиеті туралы
кітап жазуға кіріскен. қазақ елінің тарихы .жоқ. Оның үстіне әдебиетінің
тарихы жоқ. Сәкен бұл қиыншылықты шеккеннен қазақ әдебиеті туралы жазды.
өлең жазуға ұста. Бірақ ақын тарихшы бола бермейді. Дегенмен жоқтық қысып,
амалсыздан Сәкен тарихшы болған. Көп еңбек сіңірген»[158,2],-дей келе,
аталған оқулық жайлы: «Кітаптың басында қазақ халқының тарихы туралы бір
дайын мәліметтер келтіріп қазақ әдебиетінің жинатарын дәуір-дәуірге жіктеп
тарихпен байланыстырып отырған. Сәкен қазақ тарихын, қазақ ауыз әдебиетін
зерттеу барысында қазақ атанып отырған түрік-монғол руларының бір кездегі
Ноғай ханның аты «Ноғайұлы» деп атап анықтаған. Сәкеннің бұл табысы
жалғыз қазақ ісінде емес, бүкіл түрік-моңғол елдері арасында талас, көтерген
табыс...»[158,2]-деп өз пікірін берген. «Көркем әдебиет»деген оқулық қазақ
оқырмандарына Абай, Сұтанмахмұтпен бірге қазан төңкерісіне дейін бірнеше
жинақ жариялап, қазақ әдебиетіне үлес қосқан белгілі дарындар жайында кең
ой толғайды. Бұл еңбек қазақ әдебиетінің тарихында болған дарындарды
педагогикалық тұрғыдан таныстырушы құрал болып табылады. С.Сейфуллин
қазақ ақындарының мұрасын тануға өзінің зор үлесін қосып қана қоймай,
әдебиет тарихын жасауға қажетті істерінің үлгісін де көрсеткен. Аталған
оқулықта автор ауыз әдебиетін үлкен екі бөлімге бөліп қарастырады. Бірінші
бөліміне: ертегілер, салт-өлең жырлары, ескілікті дін салтынан туған өлең
жырлар, мал туралы, «қадірлі» жануарлар туралы әңгіме, өлең күй жырлар,
жастық,ойын, күлкі өлең-тақпақтар, билер сөздері тәрізді ауыз әдебиетінің
түрлерін енгізеді. Екінші бөлімін батырлар жырлары мен ертедегі жырлы
әңгімелердің (лиро-эпостық) шығу тарихына, көркемдік ерекшелігіне жырдың
құрылысын зерттеуге арнайды[159,4]. Қазақ мәдениетінің тарихында үлкен
76
құбылыс болған «Қазақ әдебиеті» атты еңбегінің орны бөлек. өйткені, ол
біріншіден жоғары оқу орындарының оқу құралына зәрулігін өтеді. Екіншіден,
қазақ
ауыз
әдебиетінің
тарихын
ғылыми
жүйемен
талдап,
қазақ
фольклористикасының негізін қалады.
«Сәкеннің көркемдік көкжиегін көрсететін –«Кездеспей кеткен бір бейне»-
мәңгілік шығама, өйткені Сәкен тұлға көркемөнердің алтын қазығы болып
қағылды қазақ әдебиетіне деген сөз. Оның алдына шығу мүмкін емес, әзірге.
Ендігі жерде Сәкенді неғұрлым деректей түсу арқылы ғана ұрпақ санасынан
суытып алмауға күш салу керек»[160]
Достарыңызбен бөлісу: |