Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
алаш

Телжан Шонанов
ХХ ғасырдың үшінші және төртінші онжылдығында
ұлт руханиятына қомақты үлес қосқан адам. 20-шы жылдардың басында жас
жеткіншектерге экологиялық
тәрбие беріп, сол тәрбие арқылы жас
өспірімдердің өз жеріне, еліне, туып-өскен Отанына сүйіспеншілігін
арттарумен қатар оларды сол «кішкене Отанын» аялап, қай кезде болса да, өз


89
Отанын қорғауға ат салысуға шақырады. Ол «Жаңа мектеп» (1925), «Мектепте
аймақтану» атты мақаласында:«Мектептеріміз бағдарламасын аймақтану
негізінде құрған болып жатыр. Аймақ деп бірулері бүтін Қазақстанды айтады.
Біреулер уезін ие губерниясын айтады. Біздіңше, қазақ мектебінде аймақ деп
бүтін қазақстанды айту керек»[187,34]. Сонымен қатар, «Аймақтану» деген
сөзді кейбіреулер орыстың «край» деген сөзінің орнына алып жүргедігін,
кейбір жазушыларымыз «крайды» «үлкен» деп аударады, крайға үлкен алына
қалса, онда біз сөзге таласпаймыз, «үлкентану» дей саламыз. Кейбіреулер
аймақтануды–болысын, уезін, иә губерниясын. Тану дейді, қысқасы ел билеу
шегіне байланыстырады,-дей келе, бұл ойға қосымайтындығын айтады және
көптеген
ғалымдардың
пікірлеріне сүйенеді. Жоғарыда көрсетілгендей,
«Аймақ» деп бүтін қазақстанды айтады және олай аталуының себебін былай
түсіндіреді: «қазақстанның табиғаты Ресейдің басқа жерінен өзгеше. Ол табиғат
әсерінен елінің кәсібі, тұрмысы өзгеше. Сондықтан қазақстан өз алдына аудан,
аймақ. Мұнан әрине, ауыл, болыс, уезд, губерния зерттелмесін деген
шықпайды, қазақстан аймақ болып иә төртінші,иә бесінші жылы өтті! Бізге де
аймақты бесінші жылы өту керек және қазақстан таибғаты, кәсібі, қоғам
тұрмысын толық қамтыған жағдайда, кез келген жерден қазақстан исі шығып
тұрса ғана аймақтану болды»[187,2],-дейді. Және де мектеп ғылымымен және
тұрмыспен қоян-қолтық араласқанда ғана «аймақтану» жөнге түсетіндігін
айтады. Сонымен қатар, мұғалімдер «аймақтану» ұйымдарын ашып, тұрған
жерлерін зерттеулері керек деген пікір айтады. Осы айтылған ой, пікір,
ұсыныстардан біз әрібір адам өз елінің нағыз Отан сүйер азаматы болу үшін,
елін, жерін және оның табиғат жағдайларын жете түсініп, оған деген
сүйіспеншігін сезіне білуінде-деп түсінеміз. Т.Шонановтың айтуы бойынша:
Отанына деген ыстық
ықыластан-нағыз патриотизм туындайтындығын
байқаймыз.
30-жылдары жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығымен бірге
Т.Шонанұлы аударма мәселесіне де арнайы көңіл бөліп, «Көркем аударма
туралы» және «Пушкин шығармаларының
аудармасы туралы» сынды
мақалалар жазып, оларды «қазақ әдебиеті» газетінде жариялаған. Алғашқы
мақаласында аударма жанрлық бірнеше зәру жайттарын саралайды. Мақалада
діни қиссалардың, кітаптардың аударылуы, сондай-ақ орыс әдебиеті өкілдері
Крылов, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Тургенев, Некрасов, Чехов, Горький
туындыларының ана тілімізге аударылу жайы мен ерекшеліктері туралы
кеңінен айтылған. Келесі мақала А.С.Пушкин шығармаларының қазақ
әдебиетіне аударылу жолдарына арналған. Автор орыс ақыны шығармларының
қазақ әдебиетіне аударылу дәстүрдің басында Абай тұрғанын айта келіп былай
дейді. «Абай аудармаларында ерекше бір жаңалық сезіледі. Ол жаңалық
Абайдан бұрынғы аудармаларымыз тарихында болған жоқ-ты. Жаңалық
дегеніміз-Пушкиннің өз ырғағын қазақ поэзиясында бұрын болмаған, түрді
сақтап аударуы. Абайдың бұл бағыты әсіресе Татьяна мен Онегин хаттарынан
көрініп тұр. Біздің ойымызша, Татьянаның алғашқы хаты, Онегиннің соңғы
хаты, Татьянаның соңғы сөзі «Евгений Онегин» операсында әндерге келіп
қалады»[188,15]. Бұдан Т.Шонановтың аудармашыларға талап коя білді және


90
аудармаға байланысты талдау жұмыстарына жасай отырып, тағы да білімді де
білікті-әдебиетші екендігін дәлелдей түседі.
Ескі мұраны игеру туралы мәселе қазақстанда, әсіресе жиырмасыншы
жылдардың
бас кезінде көтеріліп, бұл шараларға жазушылар,
қоғам
қайраткерлері, ағартушылар жаппай
қатысқаны белігілі. Бұл
үрдіске
Т.Шонанұлы да ат салысқан. Ол халық ауыз әдебиеті, оның жай-күйі, сипаты
туралы сан-салалы ой қозғап отырды. Мәселен, «қазақ халық ауыз әдебиеті»
атты орыс тілінде жазылған мақаласында бұл әдебиетті жасаушы халық
екендігін, сандаған өнер иелерінің ел арасыннан шығатынын айтқан. Фольклор
үлгілерінің ішінде эпостардан, «Ер сайын», «қамбар батыр» жырларына, лиро-
эпикалық поэмалардан «қозы Көрпеш- Баян сұлуға», «Қыз Жібек» пен «Айман-
Шолпан», ертегілер мен аңыздарға, мақал-мәтелдерге тоқталған. Т.Шонанұлы
ауыз әдебиетінің жекелеген кейбір үлгілері туралы да арнайы еңбек жазған. Бұл
салада қаламагердің «Қазақ әдебиеті» газетінің 1935 жылғы 9 мамырдағы
санында жарық көрген «Қыз Жібектің шығарушысы» атты әдеби сын мақалсын
айтуға болады. Осы аталмыш мақалсында «Қыз Жібек» жырының бізге қалай
жеткендігі туралы және оны кім шығарғандығы жөнініде көңілге қойылуы
жауап береді. Мақалада:«ауызша таратылған жырды басқа айтыушылар өзінше
өңдейді, қосады, кемітеді, өзгертеді. Жылдар зымырап, ғасырлар өткен соң, ол
жырды кім шығарғандығы солғандап, ізі тотығады. Жырға әр заманның
ақындары, айтушылары жақсылы, жаманды ат салысқан болып шығады. Соңғы
ақындарда өз табының қараблынан ол жырды өңдейді, қосады, өзгертеді.
Сондай жырдың бірі «Қыз Жібек» деуге қақымыз бар» дей келе, Телжан бұл
жырды шығарушыларды және жырды жеткізушілерді сөз етеді [189].
Зерттеуші Т.Шонанұлының ең маңызды және көлемді еңбегі-«Қазақ жері
мәселесінің тарихы» атты зерттеуі. Зерттеу 1923 жылы жазылып, 1926 жылы
қызылордада басылып шыққан. Бұл көлемді зерттеу қазақтарды қоныстандыру,
отырықшылдандыру, оларға жер бөліп беру сияқты 1920 жылдардағы ең
көкейтесті мәселелерге байланысты жазлыған дүние. ғалымның еңбегі тарих
тәжірбиесі мен бүгінгі өмірді сабақтастыруда өзекті мәнге ие болды. Автор
қазақтың көшпелілігі тарихи-табиғи жағдайға пайда болғанын, ұлтты көшпелі
деп кемсіту, олардың өмір салтын түсінбегендердің теріс ойы екенін дәлелдеуге
тырысады. Зерттеуші жер мәселесі қоғамның ежелден шешілмей келе жатқан
ең негізгі әлеуметтік және ұлттық мәселесі екенін жете ұғынады. ғалымның
түсіндіруінше «қазақ жерін көп талаған, қазақ шаруасына көп кесірі тиген-
ресми отарлау»-екендігін тілге тиек етеді. Автор қазақ жерін отарлауды екі
үлкен дәуірге бөліп көрсеткен:1.Орысқа бағынғаннан бастап ХІХ ғасырдың 80-
жылдардың басында дейін. Бұл қазақтардың, әскердің пайдасына жер алу
дәуірі.2.80-жылдардың аяғы 90-жылдардан бастап патша құлағанға дейін, «қара
шекпенділер» үшін жер алу дәуірі [190,17].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет