88
проценттен 92 процентке дейін жеткендігін, сондай-ақ бұл кезде Чуваш,
Кабардино-Балкар республикалары мен Москва облысы 1935 жылы жаппай
сауатты аудандар болды. қазақстан сияқты аймақтар да орасан зор табысқа
жетті»[183,75].
Мерзімді
баспасөз
құралдары
30-жылдары
оқу-ағарту
саласындағы кеңесшісі ретінде танылған. Осы ретте Халық ағарту комиссары
болған Т.Жүргенов 1933 жылдан бері шығып тұратын «Ауыл мұғалімі»
журналына өз мақалаларын жарялап тұрған. Оның «Мектеп мәселелері» деген
мақалсынан қазақ мектебінің болашағын ойлап, жаны ауырған азаматтық үні
айқын сезіледі. қазақстанда 7-9 жылдық мектептің дамуына жол ашылмай, 15
жыл бойы қазақ мектебі екі жылдықтан әрі өсе алмағанын айта келіп: «Егер осы
15 жылдық ішінде біздің мектеп ісі тиісті жолымен дұрыс жүргенде қазірдің
өзінде жер-жердің бәрінде де 4 жылдық түгіл, 10 жылдық мектептің
ашылғанына 5 жыл толар еді. бірақ әлі күнге дейін 10 жылдық қазақ мектебі
Алматыдан басқа жер де жоқ. Бар болғанда биылғы жылы оның да біра-ақ қазақ
класы бар... Голощекин бас болған ескі басшылар көп қателік істеді. қазақ
халқын өмір бойы мәдениетін екі жылдық мектептің өресіне асып отыратын
қылып тұқыртып қойған. қазақ мектебінің бойы екі жылдықтан әрі аспасын деу
– қазақ халқы хат танып қана қойсын, одан әрі бармасын дегенмен бірдей»
[184,38].-деп ашына жазды.
Т.Жүргенов 30-жылдары сауатсыздықты жою науқанына қатысып, оқу-
ағарту ісінің олқылықтары бар кейбір мәселелеріне көңіл бөле келе:«Егер
бұрын сауатсыз халық 33 % болса, қазір 1934 жылдық өзінде-ақ сауатты халық
92 % болды. ...Бәрімізге де белгілі, Америка мәдениетті мемлекет болып
есептеледі. Соның өзінде соңғы 60 жылдың ішінде халықтың сауаты 15
процент-ақ артқан. Ал, бізде айналдырған 15 жылдың ішінде-59 процент
көтеріліп отыр»[185,4],-деп еліміздегі сауаттылыққа өзінің сипаттамасын
береді. 1933 жылы «Мектептің түр кемшіліктерін кетіру үшін күрес»[186,29]
еңбегінде мектептегі оқушыларға берілетін сабақтың сапасын, мектептің күн
тәртібіне, оқушылардың іс-әрекетіне өз ұсынысын айтып, мектепонда қызмет
жасайтын мұғалімдердің сапасына көңіл бөледі. Т.Жүргеновтің мемлекеттегі
мектеп, мәдениет, оқу
мәселелеріне көңіл бөлгені оның 1935
жылы
Қазақстандық
тоғызыншы кеңестер съезінде сөйлеген сөзінде айқын
байқалады. Бірінші кезекке мектеп мәселесін қойған Т.Жүргенов кластардағы
оқушылардың санының аздығын айта келе, кемшіліктердің себебін ашып
береді: «Қазақстанның өзгешеліктері есепке алынбаған. қалаға бір түрлі мектеп
керек болса, отырықшы аудандарға екінші түрлі, көшпелі аудандар жағдайына
үйлесімді үшінші түрлі мектеп керек.»,-дей келе, осы кемшілікті жою
шараларын көрсетеді: «Бірінші шара «-интернаттық мектептер ашу. Екінші
шара-жоғарғы мектептер оқушылар даярлайтын курстар ашу. үшінші шара-орта
мектептер ашу [176,210].
Достарыңызбен бөлісу: