Бейімбет Майлин
өз заманының өзекті мәселелеріне
дер кезінде үн қосып, ағарту ісін дұрыс қоюға ат салысқан. «Әдебиеттегі
керекті жанрдың бірі қара сөз болса, сол бізде көшеулеп өріс ала алмай келді.
Оңай өлең жазып әдеттенгендерге қара сөз жазу ауыр көрінеді. Бірақ
оқушылардың тілегі күннен күнге өсіп, көркем шығарманы керексінді.
Оқушыларымыздың бұл тілегін елемеу бізге үлкен күнә еді...»[169,49 б],-өз
заманында өзектлігі жоғары талаптарын ескерген Б.Майлиннің ақындық
қызметі 1912 жылы жазылған «Мұсылмандық белгісінен» басталады. Мұнда
ауылдағы дүмше қожа-молдалар әжуаланған. Ел ішінде әділетсіздіктен туындап
жатқан келеңсіз құбылыстарға наразылық білдірген Б.Майлин 1916 жылғы ұлт-
азаттық қозғалысы туралы өз шығармаларында халықтық сипатқа ие болды.
Бұрынғы өмірі кедейлікке, жоқшылықта өткен Мырқымбайдың енді ел
қатарына қосылғанын «Мырқымбайда» (1927) ауыл өміріндегі оң өзгерістер
көрініс табады. Жазушының
прозалық
шығармасының
бастауы болған
«Шұғаның белгісі» (1915) махаббат трагедиясын толғайтын шығарма болды.
Мұнда феодалдық қоғамда әйелдің бас бостандығы мен махаббат қалауы аяққа
басылғаны туралы баяндалады.
Б.Майлин-балалар
қаламгері,
өйткені
олардың
қай-қайсысы
да
жеткіншектерге түсінікті, жасөспірім қауымға өмір шындығын танытады,
оларға өмір сабағын, тіршілік тәлімін дарытып, көркем сөз сұлулығымен
сусындатады. Балаларға арналған шығармалары көптігінен оны балалар
қаламгері деп таныған. «Қағыңғыр» атты өлеңінде 13-14 жастағы тілазар
баланың бейнесін суреттейді. Баланың өр мінезін бір жүйеге қалыптастырып,
қойылған талапты орындап отыруды дағдыға айналдыру қағидасын ұстанған
Б.Майлин баланы жөнге келтіріп, ақылға көндірудің жолын іздестіреді. Белгілі
мақсатты көздейтін талап мен оның іске асуын қадағалайтын күшіт бақылау
екенін жазушы былай дейді:
«Болмасын бай ұлындай салдыр-салақ,
Жүр едім қайтейін деп сені сабап.
Сенсіз де доп ойнауға бала жетер,
Бүгіннен қалмай барып оқу сабақ!»[170,415]
82
Ойын қызығына беріліп кеткен баланың қабілеті және таланты ендігі
жерде еңбек арқылы көрінетінін Б.Майлин өлеңінде берілетін тәрбиелік әсері
осындай. Ал 1926 жылы жазылған «Оқиды ұлан» атты өлеңінде оқу мен
білімнің маңызы мен мәнін сол кезде былай деп жырлаған:
Оқыса, білім бұлағы,
Біліменен шығады,
Оқыса, елдің ұланы,
Білім алып мен шықсам,
Қайнаған күш, іскер боп,
Тұрмыстың орнар жұмағы!»[170,106],-
Жаңа тұрмыс құрады.
деп, қазақ елінде оқуға талпынған жастың елді ағарту жұмысын дүниеге
бақыт орнату, тұрмысты жұмақ етумен тең етіп көрсетеді. 1922 жылы «Қазақ
туралы» өлеңінде ауылдың әр алуан әлеуметтік топтарын «сахнаға» шығарып
бағалайды. Б.Майлин бұл өлеңінде мұғалімдер мен шала мұғалімдердің жан
сырларын «Школына учитель боп бір байдың, Ох божым-ай қарыным бір тойса
екен»[171,12],-деп
шала
мұғалім
туралы
айтады.
Кәсібі
«орысша»
болғандықтан олардың мектебін школ деп алады да. ал жан бағуы «қазақша
болғандықтан животын қарын деп алады.
1922 жылы Б.Майлиннің «Өтірікке бәйге» атты ертегі-дастаны қазақ
балалар әдебиетінің асыл қорына айналған шырғамалардың бірі болды.
Дастанның мазмұнында ханның ерігіп, өтірікке бәйге жариялауы, тазша
баланың жеңіске жетуі сипатталған. Балаларға арналған екінші бір дастаны
«Кемпірдің ертегісі» деген поэмасында 1916 қанды оқиғасы туралы балаларға
үлкен саяси маңызы бар тарихи мәселені өте қызықты баяндайды. Мұғалім
бола жүріп бала психологиясын жақсы білген Бейімбет балалардың қай нәрсеге
де әуесқой болатынын ескеріп, алдымен балалар өздері қызығатын мәселенің
айналасын қамтиды. Б.Майлиннің сол кезде жазған еңбектері туралы Елбасы
Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Би-ағаңның әңгімелерін, повестерін, ой көзімен
оқыған адам қазан революциясынан кейін қазақ санасында, қазақ мінезінде,
қазақ
психологиясында
қандайлық
катаклизм
болғанын
анық
көреді...»[172,227],- деп баға береді.
Қазақ тілінде революциядан кейін шыққан газет-журналдар сан жағынан
көп болғанымен, қазақ елінің экономикасынан, саяси жайларынан, тарихынан,
әдебиетінің және мәдени өмірінен толып жатқан бай, әрі құнды деректер береді.
Б.Майлин «Айқап» газетінде көптеген мақалалар жазған. Мақалаларында қыз
ұзату тойы, әсіресе өлімге ас беру әдет-ғұрпының өмірде пайдасыз екендігін,
бұл әдет-ғұрыпты орындау үшін елдің көптеген шығынға бататынын айта келіп,
оның орнына халыққа пайдалы жұмысында, мектеп-медресе салу ісіне қаражат
шығару керектігін жазған[173,5.] Жұрттың сауатын ашу мәселесі күн тәртбіне
қойылғанда Б.Майлин өзінің публицистикасына арқай етті. «қарабалықта оқу
жайы», «Мектептегі біздің бір жұмыс», «Оқу жолында бірнеше сөз».
«Көкшетау уездік оқу бөлімінен», «Мектеп оқыутшылар кәсібі», «Мешітке
дегенді мектепке жұмсау», «Оқу жайы, «Оқу ісіміз» және тағы басқа да
мақалаларында мектеп жұмысын жақсарту, оқу сапасын арттыру, мұғалімдерге
білім дәрежесін жетілдіру, мектеп үйлері не көңіл бөлу, оқулықтар шығару, бай
балаларын аластап, кедей шаруа балаларын оқыту сияқты келелі мәселелерді
көтерді. Б.Майлин сауат ашу бағытында тәрбиелік және үгіт-насихаттық рөл
83
атқарған мектептер мен мұғалімдер де назарынан тыс қалмаған. Елде жаңа
мектеп салудың
маңызын насихаттау, балаларды оқытып тәрбиелеу,
сауатсыздықты жоюдың мақсатын түсіндіру, бұл салада мұлғалімнің абыройлы
да құрметті еңбегін көрсету, үлгі-өнеге етуді баяндайды. «Жырып жегендер»
атты мақаласында: «Сөз оқытушылар туралы. Оқытушылар елдегі мықты
қазығымыз. қазақ қараңғы дейміз. Бірақ қазақ өздігінен оқымысты болмайды.
Оны оқытатын, оған білім беретін-елдегі мұғалімдер, кеңес үкіметі, ел
мұғалімдеріне орынды жоғарыдан беріп жүр»[174,179],-деп сынай келе,
мұғалімнің атқаратын қызметі мен оның қоғамдағы орнына былай баға береді:
«Мектеп кімге тән, мұғалім еңбегі кім үшін болу керек. Мұғалім еңбегін қай
жолмен сіңіру керек? Міне, бұл мәселелер-мұғалімдердің бас саусағындай біліп
отыратын мәселелері. Мұны білмесе мұғалім дұрыс қызмет атқарған болмайды.
Бір жұмысты істегенде, сол жұмыстың кімнің пайдасына істелетіндігін
адамның біліп отыруы керек...Елдің сана-сезімі оянып, досы мен қасын,
пайдасы мен зиянын айырарлық болып келеді. Мынау саған пайдалы деген істі
істеуден ел қашпайды, соны істете білу ғана керек... Ел өздігінен істемейді.
Елге басшы, жетекші керек. Міне, осы жетекші елдегі мұғалімдер болуы керек.
Мұғалімдер елдің қай жұмысында болса да жетекші болып отыруы
керек...»[174,181
Б.Майлиннің
1926
жылы
Еңбекші
қазақ
газетінде
«Мәдениетміздің негізгі белгілерінің бірі –өткен заманның мәдениетін тауыса
зерттеу. Ескі замандардан қалған мәдениет белгілерін, мәдениет мұраларын
қорғап аман сақтау. Мәдениет мұраларын аман сақтау ғылым үшін керек нәрсе.
ғылым бұл мұралар арқасында әлде қашан болып жоғалған мәдениеттің
құрылысын, жолын зерттеп оңай жол табады...»[135,111],-деп мәдениетті
зерттеу мәселесіне ден
қояды. Халықтың ғасырлар бойы айналған
қазақстандағы ескерткіштер мен мәдениет сәулет өнері үлгілері жайында айта
келіп, бұларды осы қалыпында, болашаққа жеткізу, күтіп ұстау жайында
кеңінен толғанады. Халықты еркін де әлемге шығару, озық жұрттар санатына
қосу, өнер-біліммен қаруландыру Б.Майлиннің аңсаған арманы мен ынтыға
іздеген өмір нысанасы болған. 30-жылдары жаппай сауатсыздықты жою ісіне
белсене араласып, шала сауаттыларға арнап бірнеше оқулықтар шығарған.
Б.Майлинның осы кезеңдегі оқулықтар, деректі жазумен айлаысқан қызметі –
танымынан тыс жатқан қаламгерлік өрісі. Ол көркем шығармалар жазып,
ондағын кітаптар шығарумен бірге, халық үшін аса қажетті оқулықтар түзуге,
күнтізбелер жасауға ат салысқан. Еңбекші бұқара шару үшін Б.Майлин 1928
жылы Қызылордада «1929 жылдың шаруа календары», 1930 жылдың шаруа
календарын І.Жансүгіровпен бірлесіп құрастырған. Бұл календарьларда кезінде
алғашқы бесжылдықты мерзімінен бұрын орындау мақсатында кедей-
шаруалардың сана-сезімін оятуға, көкірек-көзін ашуға арналған. Календарь
жинақта тұрмысқа қажетті кеңестермен қатар, қазақ шаруассының әлі де болса,
киім кию, тамақ ішу, үй ішін, дастархан басын таза ұстау орайында
салақтықтан алрыла алмай келе жатқандығына байланысты авторлар
мазмұнында бұған ерешке мән берген. Оқу-ағарту мәселесін алға қою
мақсатында 1930
жылы Алматыдағы
қазақ
баспасыннан «Күш. Шала
сауаттылар үшін оқу кітабы» деген оқулығын шығарады. «Қазақстан өлкесі
84
ежелгі мәдениеттен кенже қалған елдің бірі, еуропалықтардың жүзден 44 %
сауатты болып отырғанда, қазақ еңбекшілерінің жүзден 10 % ғана сауатты
болып отыр. Мұның себебі-қазақ елінде мектептердің бұрын болмағандығы,
қазақ
елінің
бытыраңқылығы, көшпелілігі»[175,6],-деп
қазақ
жеріндегі
сауаттылықты сипаттай келе: «Жалпы міндетті оқуға кіріскенде кездеспей
тұрған кедергілер көп. Мектеп жеткіліксіз, мұғалім аз, ел бытыраңқы. Бірақ
үкімет болып, ел болып белсеніп кіріссе, бұл қиындықтардың бәрін де жоюға
болады»[175,6 б ],-деген «бірлік түбі –тірлік деген мақалаға келіп саяды. Бұл
еңбек тарихи-танымдық оқулық ретінде бағаланады. Онад негізінен кеңестік
қоғамның жетістіктері жарнамаланып, қалың бұқараның сауатын ашу, жаңа
қоғамдық қатынастарды, соңы салт-сананы насихаттау мақсатын көздейді.
«Жаңаша оқу, жаз» (1931) атты еңбегі де сол кездегі үкіметтің оқу-ағарту
саясатындағы реформаларға арналды. Суретті әліппе ретінде жазылған бұл
еңбекте қазақстан жері туралы танымдық мысалында жазылған. «Техникаға
жетіл» деген бір бөлімінде Б.Майлин: «Бәріміз де маман. Істің қожайыны
болуымыз керек. Техника білімін жетік білуіміз керек. Тұрмыс бізге осы жолды
көрсетіп отыр»[176,15] дегені қазіргі ХХІ ғасырда өз маңызын тауып отыр.
1935 жылы Алматыда Б.Майлиннің Ғ.Мүсірепов, Ә.Сытдықовпен бірігіп
жазған «Сауаттандырғыш» («Сауатсыздар әліппесі») деген кітапша шығады.
Кітапта «Әліппе бөлімі». «Оқу материалдары», «Арифметика» деген үш
бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім «Ат» сөзімен және аттың суретімен ашылған.
Екінші «Оқу материалдары» бөлімі түгелдей мысалдардан шағын әңгіме, өлең-
жыр, корреспонденция, мақалалардан түзелген. Бұларда үйрету, білімдік,
дидактикалық мән-мағынаға қоса, өмір танытқыштық, тағылымдық жағынан
сипат алады. Аталмыш еңбек латын әріптерімен отызыншы жылдары бүкіл
кеңес елінде өріс алған халыққа қара таныту науқанына байланысты жазылған.
«Әдебиет тану оқу құралы» (1932) І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Ә.Мәметова
төртеуі құрастырған әдебиет хрестоматиясы шықты. Оқу құралы әдеби
шығарманы насихаттауммен бірге көркем әдебиетті түсіну-түйсіну-түсіндіру
ниетін көздейді. әр шығарма соңындағы сұрақтар оқушыны әдебиетке тартудың
әдісі ретінде берілген[177,129]
Достарыңызбен бөлісу: |