246
Қызыл жебе
– А, Наташенька, шефке алған шәкіртіңнің табысы қалай? Не
оқып отырсыңдар?
– Пушкинді, папа, – деді Наташа жарқылдап.
Приходько қабағы түйіліп, тұнжырап қалды.
– Құдай заңын оқыт оған демеп пе едім?
Закон Божий, ол
сабақтан өзің де нашар үлгеріп жүрсің, Наташенька. Жақсы емес.
– Мейлі, папа, үйретейін. Өзім де үйренейін. Міне, қазір
отырайық, – деп Наташа Закон Божий кітабын іздеп бәйек бола
қалды. – Бір тілек айтсам, орындайсың ба, папа?
Орындасаң,
айтқаныңның бәрін-бәрін істейін.
– Ол не, айта ғой, қызым, – деді Приходько Наташаның
ықыласына риза болғандай қабағы ашылып.
– Тұрардың әкесін каторгаға айдатпай-ақ қойшы. Осында
бола берсін, сонда Тұрар да бізбен бірге болады. Екеуміз Закон
Божий оқимыз. Жарай ма, папа?
Періште бейнелі нәзік
қыз папасының бұғы мойнынан
құшақтап, оның сақал басқан топырақ түстес бетіне мөлие
қарады. Әкесі қызының қолын мойнынан босатып:
– Қызым, мұндай әңгімеге араласпа. Бұл бала-шаға
араласатын іс емес. Тұрардың әкесі сотталған адам. Оған менің
пәрменім жүрмейді. Мен әлгінде оған жолығып қайттым.
Тұрарды өзіммен бірге ала кетемін деп жоғары жаққа арыз
бермекші. Онысынан түк те шықпайды. Өйткені жасы он төртке
жетпеген баланың ссылкаға айдалушының соңынан ілесуіне заң
жоқ. Бірақ әкесі кетсе де, Тұрар біздің үйде тұра береді. Солай
ма, Тұрарка? Мүмкін, оқуға түсіп кетерсің. Саған құдай әкеңнің
жолын бермесін. Құдай жолын қалап ал. Қор болмайсың. Оқып,
адам болып,
патшаға адал қызмет етсең, бәлкім, кейін әкеңді
айдаудан босаттырып аларсың. Сен өте зерек баласың. Әйтпесе,
сені үйге кіргізбес те едім. Ал құдай берген қабілетті қор етпеу
керек. Аздап сауатың ашылған соң, егер айтқанымды бұлжытпай
орындап жүрсең, Духовная семинарияға түсіремін. Сонда жабайы
басурмандарды шын құдай жолына бастайтын сен боласың.
Әне, адасқан әкеңе сонда қол ұшын бере аласың. Әкеңді жақсы
көретінің рас болатын болса, оған көмектесіп, оны шыңыраудан
шығарып алудың бірден-бір жолы осы. Ойлан. Мен саған шын