ЕСКІЛІК КӨЛЕҢКЕСІНДЕ
I
Жаз ортасының жарық түні. Маңдайға таман көтеріліп кел-
ген ай мұңлы сәулесін мәңгілік сабырмен таратып тұр. Теңгедей
бұлты жоқ таза аспанда таласып жымыңдаған қызғылт, жасыл,
сарғыш түсті жұлдыздар тұңғиық аспанның елбіреп қараған от
көздеріндей. Түн аспаны сансыз жұлдыздай көздерімен сезімді
көңілге ым қаққандай болады. Жұлдызды аспанға анда-санда
айтылатын жер жырын, тіршілік ертегісін тыңдағысы келеді
1
.
Қоңыр сезімді сұлу аспан әсіресе Қаражалдың тоғайлы
өзегінен әңгіме күтіп, телміріп төнгендей. Қаражал жайлаудағы
елдің бір жақсы қонысы болатын. Арасынан бір созылып,
бір иіріліп аққап тоғайлы өзен жарып өтеді. Өзен жағасы көп
ауылдың жылда келіп қонатын қонысы еді.
Өзен түн тыныштығының ортасында қоңыр салқын лебіне
оранып, түс көргендей қалғиды
2
.
Бір мезгілде өлкенің орта кезіндегі бір тұмсық тастан асып,
төмен қарай құлдилап келе жатқан екі атты көрінді.
Бұлар қатар келе жатса да, араларында алдандырған әңгіме
жоқ. Аяңшыл аттың екпіні мен түн рақатына бойсұнып келе
жатқандай. Бұның бірі – аяңшыл ақжал шабдарға мінген жас
бозбала, екіншісі – шоқша сақалы бар, қылаң мінген жолда-
сы. Екі жігіт те жасыл киінген, ақжалдағы жігіт ақ көйлекті,
қара желеткелі болу керек. Қара ала болған омырауы көрінеді..
Сыртында қара барқыттан жаға салған жұқа сұр шапаны бар.
Екеуі де жұқа шапандарын желбегей салыпты. Өзек бойындағы
жақын ауылды бетіне алып келе жатқандай. Бұлар пысқырып
3
қалған аттарын шаужайлап, тізгінін жұлқа тартып, басын
төмен салғызбайды. Тасты жермен жүрмей, шалғынды жерді
бастырып, тықырын білдіргісі келмегендей болып сақтық
156
етеді
4
. Семіздікпен еріккен жарау аттары түн салқыны мен
тыныштығына қызғандай. Бастарын шұлғып, қамшы салдыр-
май ығысады
5
. Тақымнан шыққандай болып желігіп аяңдайды.
Бұлар жоғары ауылдан шығып, төменде өзек бойындағы Жақып
ауылын беттеп келе жатқан бозбалалар еді.
Шабдар мінген жігіт жартасты
6
биіктің көлеңкесінен шығып
айдың қызықтырған жарығын көргенде, тымағын бір құлағынан
басып, төмен сыпырып алып, айға қарап, кеудесін толтырып
күрсініп-күрсініп алды. Жарық айдың сәулесі бетіне түскенде,
ерекше ағарып жүдеген сұлу жігіттің пішіні анық көрінді. Ұзын
қара шашы тымақты сыпырып алғанда, салақтықтан шыққан
жарастықпен маңдайына бұйраланып түсіп тұр. Пісте мұрын
толық бетті ақ жігіт ай сәулесінің астында әрі оқыған, әрі сұлу
жүзімен шынымен-ақ ыстық сезім іздеген таулы даланың өзінше
бір геройы сияқты еді. Жол бойында бұл жігіт не күрсініп, не
бірер ауыз сөз сөйлегенде, өңі сұрланып, етіне тоңазыған діріл
кіргендей болатын
7
.
Бұл орта дәрежелі оқу бітіріп, биыл жаз елге келген Қабыш
деген жігіт еді. Қасындағы жігіт – Қабыш елде жүргенде ұдайы
қасында жүретін пысық жолдасы Жұматай.
Қабыш – Мойылды болысындағы тәуір оқыған жігіттердің
бірі болатын. Бұл ел маңайдағы өзге болыстардың ішінде көзі
қарақты азаматтары – оқығандары көп, «басты» дейтіні елдің
бірі еді. Оқығандардың ішінде Қабыш көзге толымды, көрнекті
деп саналатын. Биылғы жылы елге шығуда Қабыштың ішіне
жиған бір сыры бар-ды.
Ай астында қалқыған өзектің ішімен аяңшыл аттың екпініне
бой беріп келе жатқанда, Қабыштың денесі сергігендей болса
да, көңілде жатқан сенімсіздік, күптілік те бар
8
.
Жас жігіт алыстағы қалада жүргенде Жәмештің ұзын бой-
лы жіңішке денесі мен сұлу қара көзді қызыл жүзі есінен кет-
кен емес. Кішкене күннен балалық ұясынан алып шыққандай
ертегілі қиялы осы пішінге біржолата жабысып өскендей. Сол
нәзік сұлу пішін көп жылдық арманы, жасырын мұңы еді.
Әсіресе қалада алыста жүргенде, сұлу қыздың жүзі
сағымдана тартатын. Алыстан көксеген сезімі қар үстіне қан
тамғандай бусанған ыстық сезім еді. Бұл күйдің ерекше күшті
болатын себебі – Қабыш көп жылдай хат жазып, жауап ала
алмай, арманмен жүрген
9
. Былтырғы өткен күзде де Қабыш
157
қуанышпен қайтқан жоқ еді. Бірақ төрт-бес жылдан бергі көп
хат, көп сөзіне бір-екі ауыз жылы жауапты сонда ғана алған-
ды. Бір жылдық ұзақ сапарға бара жатқанда талып жығылған
көңілге
10
екі ауыз сөз дым әлсіз сүйеу болатынын Қабыш біліп
еді. Бірақ Жәмештен содан басқа жауап болмаған. Ол жауапты
да «көрерміз күнілгері» деп, Жұматайға ауызша ғана айтқан. Хат
жаза білсе де, сол азғана сөзді айтып хат жазуды Жәмеш өзінің
беріктігіне қиғаш істеп қалатындай болып, қағазбен айтпаған.
Бұл да Қабышқа істеген қаттылықтың бір белгісі-тін. Бірақ
алғашқы өз атына арналған жауапты естігенде, тіршілігінің
мағынасын сол күні тапқандай болып еді
11
. Содан кейін арада
бір қыс өтті. Жәмеш бұрын жастықпен өзінің даусыз бақытына
сенгендікпен паң болып тәкаппар болып, маңына үміт қылған
бозбаланы дарытпай келсе де, енді мұның алдыңғы өмірін ой-
лайтын мезгіл жетіп еді. Жұматай да, Қабыш та күнілгері өткен
сайын Жәмешке ой түсер, шырғаға келер деп үміт қылатын
12
.
Жәмешке биылғы өткен қыста ой түсуін түсті. Бірақ бұның
келешек өмірден өзіне таңдап алған орны ешбір жан күтпегендей
жат жұмыс болды. Жәмештің бүгінгі халі бұрынғыға қарағанда
көп өзгерген. Бұл күнде оның басы бос емес, ол қазір де күйеуі
келіп жатқан қалыңдық. Күйеуі Мойылдының ең басты адамы
13
;
әрі бай, әрі ертеден келе жатқан бір болыс елдің жуаны – Кенже-
хан. Биылғы жылдың жазына шейін Қабыш Жәмештің басын-
да қандай ой, не түрлі ниет барын білген жоқ-ты. Жазғытұрым
еліне келген жерде «Жәмешті Кенжехан алатын болды» де-
генде, өзін мазақ қылған сөзді естігендей болды. Басында
сене алмады. Бірақ Жәмештің Кенжеханға тиетіні рас еді. Рас
болғанда, ең ауыр жері – жас қыз елудегі шалға өз ықтиярымен
тимекші. Аға-жеңгесінің наразылығына қарамастан, достық
ойлайтын жақындарына ақылдаспастан, үлкен шешесі мен
әкесі айтқан сөз бойынша Кенжеханға ырзалығын өзі айтқан
14
,
соның тоқалы болуға бекінген.
Кенжехан бұрын да Жақып ауылының күйеуі еді. Бұның
осыдан бес жыл бұрын алған тоқалы – Қадиша осы Жақып
қажының үлкен қызы болатын.
Биылғы жыл жазға салым Қадиша қайтыс болғанда, ар-
тында бір еркек, бір әйел баласы қалған. Қадиша көзі тірісінде
Кенжеханның ерке тоқалы болған. Жуан ауылдың
15
барлық
ісін өз қолынан басқарған. Сондықтан өлерінде күйеуіне де,
158
төркініне де бір тілек айтыпты. Тілегі: «Менің төсегімді бөтен
кісінің басқанына ырза емеспін, артымда қалған жас балалар
да бар. Мен дейтін болса, менің төркінім Жәмешті менің орны-
ма берсін» деген. Апасының өлер алдында айтып кеткен сәлемі
бұл күнге шейін күйеуге тию әңгімесін анықтап ойлап алмай
жүрген Жәмешке кенеттен келіп еді
16
. Бірақ Жәмеш бұның
шешуін көпке созған жоқ. Алғаш ауылына Қадишаның өтерде
айтқан сөзімен Кенжеханның сұрата жіберген кісісі келгенде,
жас қыздың оқып жүрген ағасы Қасым
17
: «Бұл сөзді Жәмешке
айтудың қажеті жоқ, Жәмеш үшін мен жауап беремін. Алдыңғы
Қадишаның обалына қалғандарың да жетер. Кенжехан әулие
болса да Жәмеш әрі қатын үстіне, әрі шалға бармайды»
18
, – деп,
үй ішіне ұрыс салып, бермеу жағына ашық шығып еді. Бірақ
Жәмештің өзінің құлағына тиіп, өз жайын өзі ойлай бастағанда,
Қасым айтқандай өрескелдіктің ешбірін көрген жоқ. Қасымның
ара түсіп, артық сөз сөйлеп, Кенжеханның басын кеміткен
сөзінің бәріне намыстанып келіп: «Мен сол кісіге ырзамын», –
деген байлауын бір-ақ естірткен.
Сонымен аға-жеңге сияқты жеңіл-желпілердің айтқан
сөзінің бәрі бос қалып, Жәмеш Кенжеханның қалыңдығы деп
саналып еді
19
.
Қаражалға Жақып ауылы қонбай тұрып, құдалық жолында
істелетін шарттың бәрі орындалып болған. Енді осы қоныста
Жәмешті береміз деп ата-апасы хабар айтқан соң, Кенжехан
алып қайтқалы келіп жатқан.
Сол күйеуі келіп жатқан Жәмешті әлі де бұрынғыша сүйіп,
бұрынғыша сағынып қиял қылған Қабыш бүгін болымсыз бір
үмітпен іздеп келе жатыр.
Соңғы уақытта Қабыштың көңілінде қолына түспей алыс-
тап кеткен сұлуды арманмен сүюмен бірге, үлкен намыспен жек
көру де бар еді. Бір көңілде бір адамды әрі сүю, әрі жек көру
үнемі бола беретін күй емес. Қабыш дәл бүгінгі күйге шейін
Жәмештің мінезін түсіне алған жоқ. Жәмеш бұрын қол жетпес-
тей алыста сағымданып тұрған сүйгені болса, қазірде шешуі
қиын, туысы жат, дағдысы бөлек бір ауыр жұмбақ та болды.
Сүюі де бұрынғы қалпында күшті. Жәмеш өмір бойы ұсын-
са – қол жетпестей тәкаппар биік болып тұрып, сол тәкаппар
салқын күйінде Қабыштай талай жас жігітті арманда қылып
кетіп барады. Қабышта бір көрініп ұзап бара жатқан сұлуға
159
қадалып, жабысып қалған ықтиярсыздық бар. Сол хал көңілін
қара тас басқандай. Бұған қарсы шығарлық түзу ойға бұл
ауырлық жеңгізбейді
20
.
Жәмеш Мойылдының ішіндегі басқа қыздың бәрі нені ой-
лап, нені арман қылатынын көріп-біліп жүрсе де, солардың
үлгісін ұққысы келмеді. Ол қыздардың бәрінің арманы – оқыған
жігітке тию. Жас білімді жігіттерден сүйікті жар табу болса, сол
үшін ата-ананың батасын бұзып, алғалы жүрген күйеуден, ие
болып отырған мал-мүліктен – барлығынан безіп қашып жат-
са, сондағы іздегені – ылғи таза киініп, жақсы аталып жүрген
өздерімен басы тең, жасы да құрбы жігіттер болса
21
, Жәмеш
соның бәрінен аяғына бас ұрып келіп тұрған уақытта қашады.
Бұл ықтиярлы, еркін, ерке күйінде отырып, өзін-өзі қорла-
ғандай болып шалға бергізеді. Қатын үстіне тоқалдыққа бара-
ды. Барлық өмір, барлық мінезімен бүгінгі бар жастың тілек-
үміт, қиял деген таза нәрселерінің барлығын мазақ етеді.
Неге Жәмеш осындай болды? Не себепті осыған кәрі Кенже-
хан Қабыштан артық көрініп, ыстық болды?
Осы сияқты түйіндер Қабыштың қызғанып, құмарланып
сүйген көңіліне жуырда (шешілмейтін жұмбақ болған. Ол ыза
да болды. Сөйте жүріп, жабыса арман етуден де бой тарта ал-
майды
22
.
Сол күйімен жүргенде, бүгін таңертең баяғы ескі далба-
са лықпен Жақып аулына Жұматай барғанда, қыздың жең-
гесі Бибіш: «Бүгін кешке ауылдың сыртындағы тоғайдан
табылыңдар. Жолдарың болар, болмаса – оны ашып айта ал-
маймын, бірақ сол арада біздің баланы бір көріп қалуларыңа
болады. Ең болмаса Қабышты оңашада бір көріп, көңіліне бір
қо балжу түсіп кетсін, неғылса да келіп кетіңдер. Мен тоғай іші-
не ел жатқан соң, ертіп барамын», – деген. Бүгінгі түнде Қа-
быштарды Жақып ауылына қарай әкеле жатқан осы сөздер еді.
Өзектің бойын Жақып ауылы отырған оң жағамен құл ди лап
келе жатып
23
бір-екі қалтарыста қыз ауылының түндегі ноба йын
көргенде, Қабыштың көңілі ерекше қуаныш пен үлкен күдік
араласқандай болып ауырлап кетті. Қуаныш – бұл күнге шейін
бір ауыз жылы сөзбен бетпе-бет келіп сөйлеспеген тәкаппар
сүйгенін көру.
Күдігі – әлі де бойын бермей, түсін суыққа салып, будан
қашып жүрген сұлу қыз бүгінгі кеште бұны біржолата түңіл-
160
тіп, шалын мақтан етіп, бұған қыр көрсеге ме деген ескі
сенімсіздік
24
. Қалай да болса, Жәмеш жарық айлы түнде, оңаша
тоғайдың ішінде алғашқы рет Қабышпен көрісетін болса,
соның өзі де жас жігіттің бұл күнге шейін басынан атқармаған
рақаты болмақ. Жәмешке оңашада жолықпақ болып алғашқы
рет аттанып шығу – жас жігіттің өз өмірінде көп жылдан бері
қалмай келе жатқан арманы
25
.
Жол бойында бір үміт пен бір қауіп кезек жеңісіп келе
жатқандықтан, бір мезгілде Жұматайға қарап: «Япыр-ау,
Жұматай-ау, біз осы шынымен-ақ Жәмешке келеміз бе? Осы
Бибіштің алдаған, мазақтаған сөзі емес пе? Менің ақылыма
кешегі суық Жәмештің осылайша шұғыл өзгеруі мүмкін
емес сияқтанады. Мен Жәмешті біржолата жат әйел қылып
қойғандаймын. Сондықтан бүгінгі мінезі де баяғыдай жаттың
бірі сияқты. Осы да баяғыша бір жұбата салып, бір ойнай салған
сөз емес пе? Түн ішінде бізді көргісі келгені шын ба? Мына
тұрған ауыл әлі күнге бұрынғысындай суық, бұрынғысындай
дарытпайтын жат сияқты. Мені бірдеме етіп күдіксіз қылып
сендірші!» – деді
26
.
Жұматайға Қабыштың қазіргі күйі ұғымсыз емес еді.
Қабыш пен Жәмештің арасындағы сырдың бәрі түгелімен
Жұматайдың көз алдында бастан-аяқ белгілі болып өтіп келе
жатқандықтан, ол жолдасының ойында қандай толқын бол-
са да білетін. Оның үстіне, Жұматай ел жастарының арасын-
да көп жүріп, мінез-күйіне жетік болған жырынды, сезімді
жігіт болатын. Сондықтан Қабыштың сөзіне мұртынан күліп
жымиып: «Жәмеш бүгінге дейін сандалып адасудан айыққан
жоқ. Сені таңдамай, Кенжеханды алып сандырағаны рас
болса, бүгін бізге келетіні де рас. Мен білген қыз болса, бұл
бүгін пұшпағынан ілінеді. Жалғыз-ақ бұрын көріспегендігіңді
қылып төменшіктеме. Неғұрлым асқақтап, баса қимылдашы!
27
.
Ең болмаса бүгін осыны бір өкіндіріп кетеміз. Содан кейін оқ
тиген киіктей жаралы боп кете барсын. Бұл әлі күнге жастық
қызығы дегенді көрген жоқ. Өзінің теңі болған жас жігітпен
сүйісу дегеннің қаншалық қызық рақаты барын білмейді. Дақ
бүгін оңашада, түн ішінде сені көрген соң қыз екінші күйге
түседі. Осы сөзімді ұмытпа», – деді. Қабышты бұл сөз көтеріп,
сергіткендей болып:
161
– Қойшы-ей! Осылай болуға әбден қисынады. Осының тіпті
рас! – деді.
Жұматай өз біліміне сенген маман пішінмен:
– Менің таңертеңгі Бибіш сөзін естіген жерде ойлағаным
осы. Қазір көрерсің, осы сөзім рас болады. Әуелі десең
28
, сол
қыз осы күнде сені көргелі асығып отыр. Енді әңгімені қойып,
осы-арада атты қайда тастап, қай жерден тосатынымызды
29
болжап алайық, – деді.
Бұл сөздің тұсында жігіттер өзеннің сол жағына шығып,
ауылға көрінбейтін болып жіңішке тоғайдың тасасымен келе
жатыр еді.
Жұматайдың соңғы сөзінен соң екеуі де тоқтап, ағаштың
қара көлеңкесіне аттарымен жасырынып алып, селдір тоғайдың
арасынан ауылға қарап тұрып жерді болжады.
Түн әуелгісіндей тып-тыныш. Жұматайдың дәлелді сөздері
бұрынғы сенімсіздік жеңген көңілін азырақ орнықтырғандай
болса да, қазіргі жымдай қатқан сезім сағаты құмар жігіттің
көңілін қайта лүпілдетіп соққызып жіберді. Жарық айға ұзақ
тыныштықпен түн табынып тұрғанда, әлі де құрметпен
30
сүйген сұлуының жүзіне жас жігіттің қиялы да кінәлі сөздер
үшін кешірім сұрап, бас иіп табысып тұрғандай болды.
Ауылдың иті үрмейді. Күзетшінің де дыбысы жоқ. Қызарып
от та көрінбейді. Елдің ұйықтағаны рас. Қабыш өз көңілінің
балдыр күйін әдейі тереңдете сезінеді. Ендігі халді тіршілік
иесінің барлығы да әдейі тыныс алып, үндемей сабыр қылып
күткендей. Қабыштың көңіліне еріксіз діріл кірді. Жүрегі
лүпілдеп, буынынан сүлдер кетіп, Жұматайдың не бұйрығына
болса да көне бергендей
31
.
Жұматай жолдасы сияқтанып үздіккен жоқ. Оның ақылы
еш нәрсенің тұтқыны болған жоқ еді. Баяғыдай сау. Салқын
қырағы күйінде. Ол ауыл жаққа қадалып тыңдап, атты қай жер-
де тастап, өздері қай жерде отыратынын ойлап тұр. Бұлар қазір
ауылдың қасында. Байдың шеткі ақ үйлері тоғайдың арасы-
нан қарағанда жап-жақын болып көрініп тұр. Бұдан әрі атпен
жақындауға болмайды.
Сол күймен алғашқы тоқтаған орындарында біраз тұрған да,
Қабыш енді істейтін істің барлық ықтиярын сенімді жолдасы на
тапсырып, өзі бір ғана Жәмештің сұлу жүзін көз алдына әкеліп,
қара көздеріне қиялмен телміріп қадалып тұрғанда, тізгіні
11–1247
162
босап кеткен шабдар ат
32
тығылып тұрған қара көлеңкеден
шығып, ілгері жүріп кетті. Қабыш есін жиып, тізгінін жиғанша
ауылға көрінерлік алаңға еріксіз шығып қалды. Түннің жым-
жырттығына еріккен ат сулығын салдыратып шайнап, басын
төмен салып жіберіп, жер тартып, қатты пысқырып қалды
33
.
Қабыш жұлып алғандай сергіп кетіп, тізгінін жұлқып тар-
тып қалып, атын бастан қамшының сабымен салып қалды. Бұл
алғашқыға қосылған тағы бір епсіздік еді. Еркеленіп еріккен
семіз ат басына оқыс қамшы тигенде, маңындағы ағаш пен
ер-тұрманын салдыратып кейін қарай ортқып секіріп кетіп,
ішін тартып осқырып жіберді. Осының бәрі бірер-ақ секөнттің
ішінде болып
34
қалып еді. Жұматай Қабыштың аты ілгері
жүруге айналғанда-ақ жолдасының олақтығына шыдамсызда-
нып: «Өй, тарт!.. Баламысың, ауылдың қасында тұрғамыз жоқ
па?»... – дегенше, ақжал ат пысқырып, осқырып та қойды
35
.
Жасқанып секіргенде, аттың салмағымен сынған ағаштың сы-
тыры
36
да түн ортасында үлкен шудай болып естіліп қалды
37
.
Дәл осы секөнттің артынан ұйықтап жатқан ауылдың иттері
шу етіп үріп қоя берді. Иттер ауылда үргенімен қоймай, бұларға
таман жүгіріп келе жатқандай да болды. Ит даусымен күзетші
де оянып, сарылған дағдылы айғаймен
38
жым-жырт дүниені
жанғырықтырып айтақ салды. Иттер бұрынғыдан да екіленіп,
арсылдай жүгіріп келеді.
Бұл хал Қабышты қатты састырды. Енді ауыл оянып кетіп,
тысқа шығушылар да болуы мүмкін. Дабыр басылып, енді ел
ұйқыға кеткенше
39
жаздың қысқа таңы атып қалуға да болады.
Соны ойлап, басында Қабыш кейін кетіп қала тұруды қажет
көргендей болып еді, бірақ мұның ендігі қатесіне Жұматай
көнбейтін болды. Ол ақжал аттың шаужайынан ұстап алып,
бұрынғы қалың қара көлеңкенің ішінде Қабышты жасырып
қойып:
40
«Осы арада тапжылмай тұру керек. Саспа, иттер мына
тасадан көрмейді. Өзеннің бұл жағына өтпейді. Қазір басыла-
ды. Бірақ ендігәрі сақ бол!» – деп еді...
41
Қабыш үндемей бағынды. Ит басында шабалап
42
үрсе
де, өзеннің, жігіттер тұрған жағына жүгіріп шыққан жоқ.
Бұлардың тұсына көп ит келген де жоқ. Жалғыз-ақ өзгелерден
ұзап шыққан Жақып ауылының қара ала төбеті тұстарына та-
ман келіп, жаңа шыққан дыбысты іздеп тұрғандай болып, жым-
жырт түнді тындап-тыңдап алып үріп қояды. Күзетшінің айтағы
163
басында қатты үріккендей болып оқыстан шықса да, аздан соң
басылып қалды. Бірер айтағының аяғы өзіне-өзі: «Ештеңе жоқ,
жата бер!» – деген сияқты болып, иттерді шығарып салумен
ғана басылып қалды.
Сарылып, созып, әнге ұқсатып айтқан айтағы бір нәрсенің
барын сезген дауыс сияқты емес, көбінше «ұйқы келді-ау» де-
гендей
43
.
Қазірде жалғыз-ақ қара ала төбет тынышталып бола алған
жоқ. Бай ауылының қадірлейтін сақ маң төбеті «сақ» дегізген
атақ
44
үшін емес, ауыл қотанға иелік ынтасымен үргендей бо-
лады. Өзге тынышталса да, көпке шейін ол тынышталмай-
ды. Өзгеден гөрі өз міндетінің зорырақ екенін ол сезгендей.
«Жақыптың малы түгіл, адамы да менің міндетімде. Жат ой-
мен келгендерге біздің ауылда иен жатқан нәрсе жоқ», – демек
болғандай.
Қабышқа қара төбет Кенжехан мен Жақыптың әдейі
жас жігітке Жәмешті жуытпасқа арнап қойған аңдушысы
сияқтанды. Барлық осы ауылдағы Қабышқа арналған жаттық
пен қарсы көңіл қажымай үріп тұрған қара ала төбеттің дау-
сынан айқын білініп тұрғандай болды. Суық пішінді ашулы
төбет Жәмеш пен Қабыштың ортасындағы бөгет пен кедергінің
бір жерге жиылған тірі пішіні тәрізденеді
45
. Бір уақыт шыны-
мен осы төбеттен өтіп Жәмеш бүгін келсе, ондайлық өз ба-
сына келетін қатерге нәзік
46
денесімен шыдап қалған сұлуға
Қабыштың айтарлық кінәсі қалмайтын да сияқтанады. Бұл
жаңағы болған дырдудың үстінде Қабыш көңілінен жорытып
өткен үзік сезімдер еді
47
.
Аздан соң иттің үргені басылып кейін қайтқанда, Қабыш
Жұматайға қарап: «Осы ауылдың бар пішіні баяғы қалпында
қол жетпейтін биікте тұрғандай. Маған суық, жат сияқты.
Бүгінгі күн бір жылы шырай болатын шығар деп едім, мына
қара ала төбеттің үргені сол жатсынған қарсылықтың бірін
48
ай-
тып кеткен сияқтанады. Қалай ойлайсың?» – дегенде, Жұматай
жаңағы болған дырдуға титтей өзгермеген пішінмен тұрып
Қабыштың сөзіне күліп: «Қорқақсың!» – деді.
Аздан соң Қабыштың аты мен өз атын алып, әлгі тұрған
қалың қара көлеңкеге тізгіндерін қаңтарып бастарын мықтап
байлап болды да, сыбдырларын білдірмеске тырысып,
49
Қабышты қолынан жетектеп отырып, тоғайдың тасасымен
164
бұғып жүріп келіп, дәл қыз бен жеңгесі жататын Қасымның
отауының тұсына келді
50
. Бір топ ағаштың көлеңкесіне мықтап
бекініп, ауылға қадалып қарап отырып қалды.
II
Жәмештің Кенжеханға өз ықтиярымен тимек болғаны рас
еді. Қадиша өліп, Кенжехан Жәмешті сұратып кісі жіберген
күнге шейін жас қыз өзінің алдыңғы күні қалай болатынын
қадалып ойлаған жоқ-ты. Оны кішкентай күнінен үй ішінің
мінезі бір ерекше қуатпен әсер етіп, билеп алған болатын.
Бұл жағына келгенде, Жәмешке ұқсаған қыз Мойылды
болысында жоқ еді. Жәмеш барлык дүние, барлық келешек
тіршілікті, қызық пен қуанышты өзінін үлкен шешесі Мәкен
бәйбішенің ұғындыруы бойынша түсінетін.
Жәмешті әжесі кішкентай күнінен өз қолына алып, өз
ақылымен тәрбиелеп өсірген. Мәкен ауыл-ауданға әмірі толық
жүретін ақылды, еркек мінезді жуан бәйбіше
51
еді. Бұл кісі әлі
күнге дейін тұғырдан тайған жоқ.
Жәмештің ес біле бастаған күнінен дәл осы күнге шейін
үлкен бәйбішенің алдында барлық келіндері именіп, қарсы
келмей, құрдай жорғалайтын. Жәмештің өз шешесі ұлғайып,
қырықтың ішіне кіріп, кексе тартып қалса да, әлі күнге жаңа
түскен келіншектей боп енесінің алдында именіп отыратын. Бір
жұмыста енесінің ақылынан шығып, өз бетімен кетіп іс қыла
алмайтын. Сол сияқты Жәмештің әкесі Жақып та ауыл-аудан-
нан ел ортасының сөздеріне шейін түгелімен шешесіне баян
етіп, өзі істеген істерін де айтып, ақыл қосып отырушы еді.
Жақыптың үй іші мен ауылы болып түгел қадірлегендіктен, бұл
ауылға келіп кететін ел кісісі де, атқамінер ақсақал-қарасақалы
да Жақыпты жоқтамай, бәйбішемен әңгімелесіп, өздері білген
жай-жапсардың барлығын мәлімдеп отыратын. Мәкен бәйбіше
кіммен сөйлессе де, қай жайдан сөз болса да, өзі естіген сөзді
сынап, салмақтап, не ұнатып, не ұнатпаған пікірін ашық айтып
отырушы еді. Ерте күннен бұның ауылы жуан ауыл атанып, ерке
бәйбіше болып ерленіп
52
сөйлеп әдет қылғандықтан, Мәкеннің
асқақ тәкаппар сөздері көп болатын. Бұрынғы өз заманының
адамын жоқтап, бүгінгі «жақсымын» деген кісілерді көбінесе
менсінбейді
53
.
165
Ежелден бойға сіңген өзімшілдікпен біреудің не мінезін, не
істеген ісін, не басын бағалап сөйлегенде, бәйбіше, өз ауылы
мен өз ұрпағынан шыққандар болмаса, жаттың ешбір жақсы
жерін көре алмаушы еді.
Жәмештің кішкене күнінен Мәкен бәйбішенің алдында
өскенде ұғынып, бағынып, қабылдап алған үлгісінің көпшілігі
осы әжесінің үйретіндісі еді. Екеуінің ортасындағы айыр-
масы – бірі жаңа өсіп қалыптанып келе жатқан жас, бірі –
қалыптанып тоқтап қалған кәрі. Сондықтан шеше мінезінен
алған үлгі Жәмеште ашығырақ көрініп, қатаң болып білінетін.
Ұсақ мінезде әжесінен жұққан дағды бойынша біреуді темен-
дете сынау, тәкаппарлықпен бойына теңгермеу, өзінің билігіне
нық көңілмен сену Жәмештің мінезінен күнде бір көрініп
отырғандай болатын. Әсіресе бір ауылға қыдырып барып
қайтқанда, әжесіне көрген-білгенін әңгіме қылған уақытта,
қонақ күтуге олақтық, үй ішінің ретсіздігі, киім-салымның
не таза болмай, не үлгісі нашар болғандығы – барлығы да
Жәмештің алдымен сөйлейтін сөздері еді.
Бәйбіше
54
өз тұстасына қатаң бәйбішелер мен ауыл несі
болған қатындардың олақтық, білімсіздігін сөз қылса, Жәмеш
жаңа түскен келіндер мен замандас қыздардың кемшіліктерін
сондай теруші еді.
Осы әдетпен Жәмеш әжесінен алған үлгі мен содан ұғынған
сөзінен басқа бөтеннің ешбір үлгісіне бағынған жоқ. Бөтен
адамдардың «анау жақсы, мынау жақсы» деген сөзінің ешбірі
де көңіліне әсер етіп тыңдалған жоқ
55
.
Соңғы жылдарда Мойылдының ішіне тарап келе жатқан
бір жаңалық – жас қыздың күйеу таңдап, жігіттің қатын тас-
тап, сүйген қызды алып қашуы көбейген еді. Осы сияқты
оқиғаларды естігенде, Мәкен басқаларға айтумен бірге, әсіресе
Жәмешке көп өсиет сөйлеп
56
, қашатын қыздарды «бұзылған
қыз» деп «ата-анасының туысы кемдігінен» деп мінейтін.
Елге жайылып келе жатқан «жаман» салттың себепшісі
көбінше
57
осы елдегі жас «оқығандар» болғандықтан, Жәмештің
әжесі барлық оқыған дегендерді тұрақсыз, ойсыз бұзылған
адамдар деп сөйлейтін. Сол көптің ішінде өзінің немересі,
Жәмештің бірге туған ағасы
58
Қасым да бар еді. Қасым оқып,
ержетіп, мінездің шет жағасын көрсете бастағаннан-ақ, Мәкен
қолын сілтеп, тыржиып:
59
«Оқу түзеткен бала көргем жоқ.
166
Әйтеуір тірі болсын! Бұ да осы елдегі жын қуғандардың бірі.
Құмары да, тілегі де сол көрінеді. Ынта, бейілімен соған қарай
ауып кетіпті. Бізге жоқ болып, қолымыздан шығып кеткен
бала. Тек бетінен жарылғасын! Жалғыз-ақ қалай кетсе де, өз
басымен кетсе екен, өзге балама осының жыны жұқпаса екен
деп тілеймін»,– дейтін. Жәмешті қасына алып отырып осы
сөзді талай айтқан-ды. Көп жастың ішінде Қабыш та талай рет
Мәкеннің қатал сынына ілінген. Қабыштың өз басынан әзірше
көптің көзіне көрінген үлкен мін табылмаса да, нашарлау
ағайын-ауданы мен әке-шешесінің ескі кемшіліктерін кекетіп,
кемітіп сөйлеп, паңдықпен жиреніп отырушы еді.
Әжесінің қасынан ұзап шықпаған Жәмеш үй іші мен ауыл
арасында өзі естіп ұғынып жүрген сөздердің бір уақыт қарсы
жағын естіген жоқ. Бір күні бір кісінің аузынан әжең «теріс
сөйлейді, білмейді, адасады» дегенді құлағы шалған емес.
Өзі туған әке-шешесі Жәмешті әжесінің баласы қылып
қойып, әрқашан ақыл айтса: «Әжейді ренжітпе, әжеңнің сөзін
ұқ. Үнемі саған жолдас болмайды, аздан соң өліп те қалады.
Сенен басқа әйел баланың әжеңдей үйретушісі жоқ, сондықтан
сен олардан артық бол. Оларға ұқсама!» – дейтін.
Сонымен кәрі әженің ықтиярынан бір күн шет жайлап
көрмеген Жәмеш алдыңғы күнін өз бетімен ойлаған да жоқ-
ты. Ол жайдан әжесі үндемеген соң, о да үндемей, ойланбай-ақ
жүре беру керек деп түсінген-ді. Ескі сенім, ескі көзқарастар
Жәмештің ойы мен мінезіне негіз болып әсер етуден басқа
күндегі жүріс-тұрыс әдетіне де сондайлық айқын таңба салған.
Жәмештің жұрт мақтаған жақсылығы – ауыл-ауданға ие
болып, шаруа жөнін жақсы білгендігі. Көрші-қолаңшы, қатын-
қалаш, малшы-қосшыға араласа біліп орынды сөз сөйлеп,
үлкен кісіше салмақпен жүріп-тұрып, кейде үй түгіл, ауыл
иесі болып әке-шешесін жоқтатпай кететін мінездері бар. Бұл
мінез елдегі көпшіліктің түсінуінше, Жәмештің барлық жаңа
өспірім әйелдерден ерекше біткен жақсылығы сияқтанушы еді.
Мәкен бәйбішенің тәрбиесімен өскен жас қыз қатын-қалаш пен
үлкендерге бұрынғының жақсы қыздарын еске түсіргендей бо-
лушы еді.
Жәмешке ескілік үлгісі әбден жұққандықтан, кейде
киім пішіп, іс тіккенде де, өзі айтқандай, «бүгінгі қылтың-
сылтыңмен» жүрген жастарша істемей, кең қолтық, кең етек,
167
мол киімді жақсы дейтін. Өзі де бүгінгі қыздардың ұғымынша,
ескіріп қалған үлгімен тігілген киімдер киетін.
Жәмештің көшкенде жорға ат мініп, үкі таққан кәмшат бөрік
киіп, тірсек жең қамзолдың сыртынан белін қынай буынып,
шапан киетіні де, түгелімен кем болса, қырық-отыз жыл бұрын
болған бойжеткендердің үлгісі.
Ел ішінің еркесін күндегі көпшіліктен өзгеше күйде көруге
ынтық «оқығандар»
60
кейде Жәмештің осы қылықтарына,
әсіресе құмарланып, өліп түсетін. Бірақ Жәмеш бұл мінез, бұл
әдеттің барлығын сырт көрініс үшін емес, шынымен лайығы
осы деп түсінеді. Сондан Жәмеш қазіргі уақытқа шейін жас бо-
лып желігіп жүрген қыз-бозбаланы, әжесі мен екеуінің біріккен
сыны бойынша, қызықтырар қызығын көре алған жоқ
61
. Біреуі
қашады, біреуі алып қашады. Ел ішіне лаң салады. Жаманаты
әбден шығып, тамам елден қарғыс алып болған соң, дегендеріне
жетіп, бірге тұрғандарын да көріп жүр. Бірақ солар талайдан
қолына түспей жүрген армандарына жеткендей болған соң,
енді елден ерекше жүріс-тұрысы болар десе, барлығы баяғыша
көппен бірге, сол көптің бірі болып қала береді. Қашқанның
елден асып, төбесі көкке жетіп, қашпағанның қор болып жер-
де қалғанын көрген жоқ. Қашып барып күйеуге тиген қыз да
өзгелердей айтқанға көніп, айдағанға жүре беретін әншейін
ғана қатынның бірі болады. Қайта қашқанның қырсыққа
ұшырайтыны көп. Бір қашқанмен тұрмай, әлденеше қашамын
деп, ел жүзін көре алмайтындай масқара болып қалғандары да
аз емес. Қашқанның оқығанға тигені болса, оның да елден асып
қарық болғаны көрінбейді. Оқыған жігітпен ерекше тұрамын
деген қыр қызының барлығы да бойына лайығы жоқ мінез бен
әдеттер тауып алып, шошаңдап жеңілейіп, ақылсыз, мінезсіз
болып кеткен сияқты. Осы сындарды әжесімен бірге талдап,
әңгіме қылып отырып, Жәмеш нығыздана береді. Көбінің
жарастықты жақсы өміріне құмар болып ынтығудың орнына,
жиреніп, паңсына қарап, торыққандай болады
62
.
Солардың бәрінің ішінде Мәкен бәйбіше мен Жәмештің
толық ырза болып, көп уақыт әңгіме қылатын бір ғана үлгілі
өмір бар еді. Бір-ақ адамның мінезі мен өмірі «шын тілейтін
өмір» дегізіп, екеуінің бастарын шұлғытушы еді. Ол Жәмештің
биылғы өткен әпкесі Қадишаның өмірі болатын. Қадиша
Жәмештен төрт-ақ жас үлкен еді. Күйеуге тигеніне алты жыл
168
болған. Басында Кенжехан тоқалдыққа сұрағанда Қадишаның
барғысы келмеген. «Тимеймін» деп бірталай уақыт бұлқынған.
Бірақ Мәкен бәйбішенің ұғындыруы мен өсиеті бара-бара
Қадишаның үркектігін жеңді. Үйде жүрген уақытта Кенжехан
келіп кеткен сайын бұралаңдап, айныңқырап қалып жүрсе де,
Кенжехан ауылына барып орныққан соң, бір жылдай уақыт
өткенде Қадиша танымастық болып біртүрлі өзгеріп кетті.
Ең әуелі Кенжеханды қадірлей күтетін болды. Үйден шықса,
аузынан тастамай: мінездерін, сөздерін айтып әңгіме қылып
отырып, үйге келсе, көңілінің барлық тілегін айтқызбай орын-
дайтын
63
. Сол үшін Кенжехан да барлық мал-мүліктің иелігінен
шығып, басын да, дүниесін де, алдынан шықпай, Қадишаға
билететін сияқты. Қадишаның онысын Жәмешке үлгі қып
мақтағанда, Мәкеннің қайта-қайта айтатын бір жайы осы бо-
латын
64
.
Қартаң тартқан бәйбіше, жаратылысындағы момындықтан
басқа, күйеуі түгелімен Қадишаға ауып кеткен соң бұлардың
дәуреніне бөгет қыла алмайтын болып, сыртта қала берді.
Сансыз көп мал мен үлкен ауыл-ауданның даусыз иесі
Қадиша болды. Не түрлі еркелік жасағысы келсе – барлығы
да бір өзінің ықтиярында. Маңайындағы көрші ауылдары мен
Кенжеханды жағалаған бар елдің үлкен адамдарына ойына кел-
ген сөзін айтып, істегісі келген істің бәрін бөгетсіз істететін
еркелігі бар сияқты
65
. Еріккен уақытта тәуір ауылдардың қыз-
келіншектері мен кәрі-жасын түгел жиып, қыдырып жүріп ойын
жасатып, көңілін көтеретін. Сәнді киім, салтанатты жүрісті
түгелдеп
66
нағыз сері, ерке бәйбішенің дәуренін сүретін.
Кенжехан Қадишаны алғаннан кейін үйінен шыға алмайтын
болып, шықса – асығып, сағынып келетіндей болып жүрген.
Елдің үлкен кісілері мен
67
шет қонақтар келгенде, Қадиша
Кенжеханға бірауыз сөз айтқызбай күліп, қалжыңдап, еркін
жүріп, өзі күтіп шығатын. Және әрқашан Қадишаның күтімі
өзге ешбір ауылдан, ешбір елден табылмайтын жайлы күтім бо-
латын. Мәкен Жәмешке бұл жайдың мағынасын түсіндіре келіп:
«Басыңдағы үйің алтын сарай болды», – деген осы дейтін
68
.
Жәмеш әжесімен жыл сайын Қадишаның шақыртуы бойын-
ша сонда барып, бір ай, екі ай жатып қайтушы еді. Сол барғанның
бәрінде Қадишаның өмірі бұның көзіне бірқалыпты күйінен
өзгерген емес
69
. Қыс болсын, жаз болсын – барлық уақытта да
169
мезгіліне арнаулы жарастығы бар бірқалыпты жылы, жайлы
үй – Қадишаның үйі болып елестейді. Мәкен екі қызына бірдей:
«Бақ деген осы», – дейді. Әр мезгілдің өзіне арналған қамы бар.
Мезгіліне жарасатын не сәнді қоңыр күйі бар. Кенжеханның
қыс пен жазда елден босаған уақытта ермек қылатын бәйге
ат, жүйрік ит, қыран құсы болса, солардың маңында жүретін
күтушілері мен байдың сауықтағы жолдастарының барлығы
да Қадиша тіршілігінің маңындағы үнемі айнымай жүретін
қошеметшілері сияқты. Мәкен оны Кенжеханның қызығы емес,
Қадишаның сауық-салтанаты деп көтереді.
Қадишадай әпкесі сондайлық еркін тіршіліктің иесі бо-
лып тұрған шақта әжесі бір мақтаса, ауыл-ауданның үлкені
және түгел қадірлейтін Кенжехан сол әпкесінің жолдасы
болғандықтан, Жәмеш кәрі жездесін іші-сыртымен түгел
құрметтейтін болған.
Кейде ауылға қырық-елу атты жиынның ортасында тамам ел
жуандары дегендерді аузына қаратып, қалың топтың қадірлісі
болып Кенжехан келе жатқанда, Жәмеш әпкесінің өмірінен
ешбір мін таба алмайтын. Сондайлық көп тұрғыластары
қадірлеген атқамінердің ең жақсы көрген жолдасы өзінің әпкесі
екенін ойлағанда, Жәмештің көңіліне бірер уақыт мақтан пайда
болғаны да бар-ды
70
.
Жездесінің бір кезде сұлу болған пішіні бүгінде де жақсы
ажарынан айырылып, тозып қалған сияқты емес. Сақал-
мұртына кірген бурыл мен екі-үш тісі түскен кетігі болса, ол
мін дерлік емес, қайта Кенжехандай кісінің ерекше бір жақсы
белгісі сияқтанып та көрінді. Жәмеш отырған жерде Мәкен
бәйбіше Қадишаға Кенжеханның бітім тұлғасын мақтаудан да
тартынбайтын
71
.
Әпкесі тірі күнінде не бір күнге, не бір сағатқа қабағын
шытып ренжіген, өкінген пішінін Жәмешке көрсеткен емес.
Сондықтан әжесімен бірге жездесінікіне барып тұрған уақытта
Жәмеш күннің қалай өткенін білмей де қалатын
72
. Қайтар кезде
қонақшыл, көпшіл, көңілді ауылды – жылы ұяны қимағандай
да болатын.
Міне, осы хал бір емес, талай рет қызық шақтай елес-
теп өткендіктен, Кенжехан сұрата жібергенде, Жәмеш көп
ойланбай-ақ Кенжеханның жары болуға көніп қойған. Кәрі
шешенің өмір бойы құлағына құйып келе жатқан үгіті Жәмешті
170
өкпесінен оқ тиген киіктей бір-ақ топ өткізді. Ағасы Қасымның:
«Қадишаның бақытсыздығы да жетер, Жәмеш бармайды,
берілмейді», деген сөздерінің барлығы да Жәмештің шынымен
намысын келтіріп, ызаландырғандай болды. Өйткені Қасым
түсінгендей түсінік, ондай сезім әлі бұның басына келіп көрген
нәрсе емес
73
.
Қасым әдейілеп кісі салып: «Ырза болмасын, адаспасын.
Қадишада бақыт жоқ-ты, бәрі жалған, құр сырт бояу болатын.
Қадиша өз күйігін маған айтқан-ды. Жәмеш Қадиша өмірінің
сыртын ғана көрді, іштегі уын сезген жоқ. Оны Жәмештің әжесі
де білмейді. Жауабып ойланып, ақылдасып алып, берсін», –
дегенде, Жәмеш сол арада бөгелместен әжесіне ақылдасып
алып: «Қасым өз басын білсін, менде жұмысы болмасын, шын
туысқан болса, мені айнытам демесін», – деген.
Осы сөз Жәмештің келешек тағдырының нық байлауы
болды. Бұдан әрі Кенжеханға бару-бармау әңгімесі қайтадан
жаңғырған жоқ.
Ендігі болымсыз бөгет құда түсіп, мал беру, алу-берудің
уақытын байлауда ғана қалды.
Бұл хал жазғытұрым бүгінгі күннен екі ай бұрын болған хал
еді. Содан бері не сыртқы оқиғаларда, не ішкі көңіл күйінде
ешбір өзгеріс болған жоқ. Күйеулердің келгеніне екі күн өтті.
Кешегі күн тойы болып, қызық салтанатпен өткен. Жайлаудағы
ел қалың топ болып келіп жиылып, қызулы ойын-сауығын істеп,
күйеу мен қалыңдыққа қошемет-құрмет көрсетіп тарасқан.
Бүгінгі өткен түнде Жәмеш күйеуінің қасында болып шықты.
Бұрын жезде болып, не аға, не әкедей үлкендікпен жүрсе, дәл
бүгінгі кеште Жәмеш алғашқы рет жар өмірінің шетін, шын
пішінін көрді
74
.
Бұл түнде Жәмештің көңілінен қандай хал кешті? Басы-
нан қандай ойлар етті?
75
Оның бәрі мәлімсіз. Қалыңдық сы-
рын ешкімге айтқан жоқ. Бар жақыны дерлік замандас, сырлас
Қасымның келіншегі Бибіш болса, соған да көңіліндегі жайы-
нан бір ауыз сөз айтып, сыр берген жоқ.
Күйеудің үйінен ел тұрар кезде ғана шығып, Жәмеш әжесінің
төсегіне келіп жатып қалған. Бірақ ұйқы көрген жоқ. Үндемей
күрсінеді, іші у жұтып жібергендей пәре-пәре. Әлдекімнің қолы
қастықпен ішкізген зәр сияқты. Бір мезгілде тұрып, қасына
171
Бибішті алып, бел асып кетті. Еш сөз айтпастан өксіп-өксіп жы-
лап алды. Сөйтті де шұғылынан: «Қабышты көргім келеді», –
деді.
Бұл сөздің турасында Бибіш сыр тартпақ болып, мәнін
сұрағанда, Жәмеш ешбір жауап қатқан жоқ. Бұрыннан жеңгесіне
әмір жүргізіп дағдыланған әдетпен:
– Бұл жайын қудалап сұрамай-ақ қой. Бүгін саған ештеңе де
айтпаймын. Қабыштың талай жылдық зарлаған қарызы бар еді.
Бір көрсем, ештеңе етпес деп тұрмын, теқ соған хабар айт!.. –
деген
76
.
Сол сөздің бәрін өзінше жорыған Бибіш: «Қыз бен жігіттің
арасына осы да жетерлік белгі ғой», – деп ішінен ойлады да,
Қабышқа хабар беруге уәде қылды.
Сонымен күн өтіп, түн де болды. Бүгін кешке Кенжеханды:
«Ылғи күйеу дағдысымен отырғызғанымыз лайық емес», –
деп, маңайындағы малды ауылдың бірі
77
барлық жолдасымен
қонаққа шақырып кетіп еді. Түн болғаннан бері Қасымның
оңаша отауын өздерінің жатуына ыңғайлап алған қыз бен
келіншек Қабыштар ауыл сыртына келген сағатта сол отаудың
ішінде ұйықтамай әңгімелесіп ояу жатқан. Ауыл ұйықтап, ке-
лер кезі болды-ау дегенде, үйдің сыртындағы тоғайға қарап ит
үргені екі жас әйелге белгі болды
78
. Бибіш Жәмештің білегін
қысып:
– Келді. Солар... Жалғыз-ақ олақ келді-ақ бейшаралар!
Асығып-сасып, ұшып келемін деп итке білініп қалды ма екен?
Мұнша у-шу қылып келгені несі? – деді.
Жәмеш таңертеңнен бері өз ойында не күйлер болып жат-
са да, Бибіштің мына сияқты мінездеріне ырза емес. Ол ылғи
Жәмешті Қабышқа тели сөйлеген сияқтанады. Өзі Қабыштың
тілеулесі болып, бұны соған апарып табыс қылғысы келеді.
Жаңағы сөз де сондайдың белгісі сияқтанды. Жәмеш көңілі
ұйқы-тұйқы. Бірақ сонда дәл мынадай мінезге үрке қарайды.
Сондықтан Жәмеш бойын салқын ұстап:
79
– Солар үшін жаныңды салғандай болып, елжірей бергеніңді
қойшы осы! Алғашқы жүрген жүрісі осы деймісің? – деді.
Бұл сөз Қабышқа арналған қарсылық сияқты емес, көбінесе
Бибіштің бергі мінезінен туған сәл қырбай қабақ тәрізді.
Сондықтан талай жылдан бері құмар болып жүрген жігітті
іздеп тоғайға барудан Жәмеш әлі айныған жоқ.
Ауылдың дырдуы басылып, иттер тыныштық алған соң,
Жәмештің өзі түртіп
80
:
– Кәне, талай жылдан бері осы болса екен деп тілеп жүрген
жұмысың ғой, енді баста, – деп, қара шапанын басына көтеріп
бүркеніп алып, жеңгесінің артына түсті.
Қараңғы үйдің ішінде ақырын жүріп келе жатқан сұлудың
шолпысы сылдырады. Шолпының сылдырымен бірге жүрегі де
лүпілдеп келеді. Күндізгі дерт сейіліп бара жатқан сияқты.
Екеуі де ақ отаудың есігін жамылыңқырап тысқа шыққанда,
Жәмештің жүзі дағдылы күйінен өзгеріп жүдеп, сұрланып тұр
еді
81
. Ол күрсінді де, Бибіштің білегін қысып: «Тез жүр, тез!» –
деді...
Мұхтар
173
Достарыңызбен бөлісу: |