Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет28/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106
аңырып ойланып
)
.
Не дейді?... Кім ол? Осы елдің 
сенімен бақталас жарыстыратын жақсысы кім? Соны айтшы 
маған.
Н а р ш а . Кім екенін білмеймін.
М а т а й . Кім екені белгісіз. Бірақ соны білу керек. Біздің 
біле алмай ынтығымыз құриды... Сен таппасаң, табар кісі жоқ.
Н а р ш а . Аты-түсі белгісіз болса да, бақ талай асқан 
дұспаным бар. Қаракөзге менің құмарым күн сайын асқан 
сияқты. Бірақ Қаракөздің түсі суық. Маған жат.
А с а н (
ойланып
). Қаракөздің елінде атағы шыққан жас пері 
Сырым бар. Ол жаланған батыр! Жалындаған ақын, салтанат-


199
ты сал Сырым... Еліне тентек деген аты шықса да, ол сұлудың 
албастысы.
М а т а й . Сырымың не, оны не деп айтасың?
А с а н (
жарыса
). Рас... Сырым болуға қисын жоқ. Ол 
қыздың ағасы... (
Ойланып
). Бұл елде Қаракөздің теңі жоқ. 
Сұңқарың қарға шықпаса, арғымақ жабы болмаса, Қаракөздей 
бәйтеректің басын шалар ұл жоқ... Мен мәнісін білмедім.
М а т а й . Өзге жігітті айтпасаң, Сырым деудің орны жоқ.
Н а р ш а . Сырым демеймін... Бірақ мен деген дос! Сен-
дерден тілейтінім: менің жарамның атын айтып..., түсін та-
нып беріңдер. Бәріңнен де сұрайтыным сол... Қаракөзде ашық 
күшті. Көшкен елдің жұртына қонған мен жолсызда арман 
күшті. Мен Қаракөздей тектіге кез болсам етті, кез болған 
соң оңынан келсем етті. Мына қайғыны зіл қара тастай алып 
жүргенше, шыққыр жаным шықса етті (
Басын төмен салбыра
-
тып, өңі бұзылады.
)
 
Абиырым өшкенше, аруағым сынғанша, 
жанбай жатып сөнгенше, бұл күйге жеткенше, қарабет болып 
кез келген Қаракөз сынды аяулы қайғысынан өлсе етті.
А с а н (
қасына келіп
)
.
Ару жігіт аз ба? Қайғыңа біз ортақ, 
жасағыңда біз болсақ, жасырынған жау жатағы табылар. 
Сүйегіңді жасытпа. Қыз қайғысын елеме. Асқақ қызды басынт-
па, сыр ұшын берік ұста. Аруағың әлі-ақ басады. (
Жігіттер 
жүріп кетеді.
)
II көрініс
Аздан соң сахнаға сәнді киінген қыз бен келіншек шығады. Екеуі де қара 
шапан жамылған.
А қ б а л а . Ұшығыңа жеткізбеген бір баласың ғой, 
әйтеуір. Наршаны менсінбейді дегенді жұртқа не деп айтарды 
білмеймін. Осы елдегі бас көтерген жақ жігіттің талай тоғыз-
тоғыздан жолын алып, сенен бір ауыз жылы жауап әпер деген-
де, жалғыз сөзге зар болып едік. Аяғыңа бір күн отыртқан жоқ 
едің. Қашаннан іс еді? Сені жолдан тайғызған кім, соны айтшы?
Қ а р а к ө з . Кім екенін айтпаймын. Бірақ осы жерде түсін 
көресің. Бұл істің басталғанына көп болған жоқ. Қара түнді 
жамылып, құдай атын айтып екі-үш-ақ ай болды. Содан бері 
аз-ақ көрістік (
Тым-тырыс.
) Бізді қосқан желік пен құмарлық 
емес. Бізді қайғы қосты. Апам өлгеннен бері көңілімде болған 
жетімдік, күйік қосты. Саған айтатын үлкен сырым осы.


200
А қ б а л а . Атын айтшы, ол кім? Таңдап тапқапың қандай 
жан? Айтшы, төрем! Бұл күнге шейінгі мықтылығың да жетпей 
ме?
Қ а р а к ө з . Айтуға болмайды, (
қиналып
) аузым бармай-
ды. Атын атамасқа уәде қылғанмын. Сырттағы жанға сыр 
білдірмеуге уәдеміз берік еді (
Ойланып
.) Білдіруге боларлық та 
нәрсе емес еді. Зор күнә ғой ол. Бір Құдай өзі кешер...
А қ б а л а . Маған көрсетемін деп алып келгенде, атын атауға 
болмай ма екен? Аты аталмайтын кім ол? Буыны қатқан кәрі, 
бұғанасы қатпаған жас емес шығар. Теңің шығар, неге соны 
жасырдың? Көрсеткелі тұрып атын неге атамайсың?
Қ а р а к ө з . Ол менің өмірде беті ашылмай кететін сырым... 
Айтқанымды ұқ, соған тоқта. Саған көруге болады, тілмен 
айтуға жол жоқ... Осы, көңілге тоқы. Бар күйігін көріп қана білу 
керек... Жайым осылай болған соң, сенен алатын уәдем бар.
А қ б а л а . Айт, не уәде аласың? Қандай уәде бер дейсің? 
Жасыңнан сырың басқа болып өсіп, қатыбас болған баласың 
ғой. Мені шегелемей айтады деп отырғаным жоқ өзім де.
Қ а р а к ө з . Сенен алмақ сөзім: бүгін көретін кісің мен 
екеуміздін арамыздағы іс жел сөз болып аузыңнан шығып 
кетпейтініне маған сенім бер. Не сұмдықты көрсең де ішіңде 
сақта... Ұзақ сапарға аттанарда жеңгелік қарызыңды өте дейтін 
бір-ақ жерім бар. Ол осы жер. Қойныңдағы күйеуің менің ағам 
болса, сыр шашпайтын жақыным сол десең, соған да айтпа, 
осыған уәде қыл...
А қ б а л а (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет