Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет26/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106
ҚАРАКӨЗ
1-нұсқа

ПЕРДЕЛІ, 6 СУРЕТТІ ДРАМА
Ескі ақын-салдар, жастар өмірінен
(Қазақстан білім ордасы жариялаған пьесалар бәйгесіне)
Суретті салт пьесасы
13–1247



195
ПРОЛОГ
Ескі пішінді шал. Үлкен ақсақалды. Үстіне кигені – кестелі тон. Барлық 
киімі үкілі, сәнді. Бір қолында қобыз, бір қолында сыбызғы.
– Қазақтың ұлы, қызы!!!
Алдыңа Қарауылдың ардагері, кер маралы шығады. 
Сарыарқадай сары жайын даланың кешегі бір кезде еркін 
ескен желіндей, айдынның көліндей шалқып өскен сері жігіт, 
ерке қыз шығады. Хан мен қара, би мен бек, ана мен баланың 
қиялын тербеткен жыршысы шығады. Заманның бұлаң жігіт 
ерке тотысы келеді... Танырмысың?!! (
Аз тым-тырыстан соң

Танымассың. (
Өлеңдетіп
):
Ол аса бір соққан желдей,
Алыстағы сары белдей,
Арқаның ақ төсінде, ақ айналы көлдей,
Толықсып аққан селдей,
Шырқап кеткен келмей алыстағы асқардай,
Алқынсаң да келмейтін арындап өткен заман ғой.
(
Суық түспен жымиып, бәсеңдеп.
) Сол күн сенің есіңде 
қалды ма екен? Із қалдырмай жоғалды ма екен?.. Жасыл 
бел басына тіккен ала туды ұмытты ма екен?!. Қайғылы 
сары өзен сыбызғы үнін ойлай ма екен?!! Бүгінгі қаралы 
жартас жарық түнде кездескен асықтардың әніне қосқан 
жаңғырығынан жаңылды ма екен?.. Арқаның қоңыр желі садақ 
оғына жыртылған жүрегін жалғады ма екен?.. Үзілген күй 
жаңғырықты ма екен?.. Сері жігіт, ерке қыз бұрынғыдай айты-
са ма екен? Ащы дауыс шырқай ма екен? Қарауылдың аңқып 
ұшқан алғыр құсы Сырымдай бұ күнгі жігіт қияннан тоят 
тілей ме екен?.. Мұның бәрі ескілік... Бүгінгі дала жай болып 
сарылған... Бүгінгі ән мұңайған, жүдеу, қаралы... Жел шалқып 
еспей күрсінеді... Домбыра күй тартпайды... Жылайды... Қыз 


196
ән шырқатпайды, сыбырлайды... Сондықтан... сондықтан!!! 
Көрінде тоқсан толқып, жүз күңіренген Сырым мен Қаракөз, 
заманының салтанатты серілігін сендерге әкелді... Тербеуге 
көнсең – тербетпекші... Сергимін десең – сергітпекші... Сы-
пайы жігіт, үлгілі қыз! (
Суық түспен жымиып.
) Мені кім деп 
сұрасаң? ... Мен – кәрі қазақпын!... Мен – сері Сырым, ерке 
Қаракөздің замандасымын... Мынау үкілі домбыра, мынау ады-
ра қалған сыбызғыны сендерге жеткізуге қалған елшімін. Менің 
шын атымды сұрасаң... (
Жымиып күліп, басын иіп
) ескі әңгіме, 
кәрі күймін... Алдыңа әлі де әлденеше рет келермін. (
Басын иіп 
шығып кетеді.
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет