Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет47/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   106
3-ПЕРДЕ, 5-СУРЕТ
І көрініс
Тұрсын ауылы, соңғы уақиғадан соң бір жыл уақыт өткен. Наршаның 
отауы ... Оң жақта шымылдығы құрылған биік төсек. Үстінде Нарша науқас, 
биік төсектің бас жағында жер төсек бар. Қаракөздің төсегі. Үйде Нарша, 
Қойсары, Асан. Шымылдық ашылғанда Асан домбыра тартып отырады.
Қ о й с а р ы . Шіркін-ай!!! «Елу жылда ел жаңа, қырық жыл-
да қазан жаңа» дейді... Елу жыл емес, дәл биыл мен был тырдың 
арасында осы ауылда қандайлық қилы-қилы дүние болды?
А с а н . Дүние-ай десеңізші! Аумалы-төкпелі дүние деген 
осы да – былтырғы жылдар Қаракөздер қандай еді; аспандағы 
жұлдыздай, әлемге аты шыққан ару еді... Ақыл қандай, көрік 
қандай еді... Аяғы өздерімен тоқталмай, Наршаны қоса науқас 
қылып қойғаны мынау. Сырым ол анау... Көшерін жел біліп, 
қонарын сай біліп, жолдан тайып бұзылып кеткені...


240
Қ о й с а р ы . Дүние сол... Бұл өмір шіркінге сенім бар ма? 
Сырым сонан бері өз елінің бетін көрмей-ақ кетті ме осы?
А с а н . Өз елі дейтін ел қалды ма Сырымда... Күні осы күнге 
шейін Сырым пәлен жерде жүр десе, Жабай мен Жарылғап қол 
жиып, аттанып барып бір шарлап қайтады дейді... Әлі күнге: 
«Көзімізге көрінсе өлтіреміз», – дейді.
Қ о й с а р ы . Қарауылдың бай-бай жерлерінде шауып жүр 
ғой. Сол неғып қолға түсіре алмай қойды соны.
А с а н . Осы кезде ұстауға жақындап жүрсе керек. Үш айдан 
бері қарай Қарауыл орысқа шағып, «ұры, қашқын, бұзық» деп 
жақын дуандардан орыс шығарып қуғызып жүр дейді.
Қ о й с а р ы . Солай ма екен, ой мұны кім айтты?
А с а н . Кешегі Сырымды шақыра барған кісі айтып келді, 
осы күнде барар жер, басар тау қалмады... Мен де өлер кезіме 
жеткендей болып ем... Басында мені қаңғытқан Қаракөздің 
дерті еді... Есінен адасса да, әлі де болса көріп өлсем арманым 
жоқ деп жүруші едім. Енді көрейін деп келмекші болыпты.
Қ о й с а р ы . Өзі соңынан орыс түсіп жүрсе, бұл жаққа 
қайтіп сеніп келе алады? Ерлік-ау сорлының, әйтпесе бір кезде 
оның алдымен жасқанатын ең үлкен жауы біз емес пе едік.
А с а н . Ер екені ер ғой. «Наршаның менен алатын кегі бар 
еді, жазығым үлкен еді, соның өзі істесін; мен өлсем, баяғы 
асыл Қаракөзімнің маңайында өлейін», – депті.
Қ о й с а р ы . Осының жаралысы тіпті бөлек еді. Құр ғана 
ұры-қары қып, жаманатты қылып, қаңғытып жіберетін адам 
емес еді. Өр боп біткен кеудесі мен жалындаған жүрегінде бір 
ерекше туыс бар еді. Көптен бір алуан от бар сияқты еді.
Н а р ш а (
Оянып
). Уһ-уһ! Сырымнан хабар бар ма? Неге 
кешігіп жүр? Келуге сенбей жүр ме, әлде?
Қ о й с а р ы . Келетін болыпты ғой, қарағым... Жеткенше сол 
болып жүрген шығар.
Н а р ш а . Кім біледі... Келгісі келмей, бұл жақтағы сарғайған 
дерт, сарылған қайғыны көргісі келсе керек еді. (
Тым-тырыс
.) 
Бұ да бір далбасалық та... Ол ем-дем істеп бақсы, құшынаш бо-
лып жүрген жан емес, соңғы Қаракөзді баққан молда: «Жазса, 
Сырымның өзі ғана жазады» деген соң, алғызып отырмыз да. 
Уһ.., неге душар қылдың, не болдық?
Қ о й с а р ы . Молданың сөзі қисынсыз сөз емес қой, Құдай 
бері қарасын десе, құдіретіне не қиын, барлығы Сырымнан 
басталған дерт, әлі де болса Сырымнан жазылар да.


241
Н а р ш а . Қаракөз жазылмаса, маған жазылу жоқ... Қаракөз 
есінен шатасқан күннен бері мен де есімнен айырылдым, мен 
де қайғылы қара болдым.
Қ о й с а р ы . Қайтесің қарағым, уақыт солай болған соң не 
амал бар, не шара. Сені де күйзелткен жар жолдасың шығар... 
Ағайын: «Қаракөзді төркініне жібер, өміріңді жаңғырт, бойың-
ды көтер», – деді. Ол қолдан келмейтін болды.
Н а р ш а . Оған өкінбеймін... Қаракөз мені жатқа балап, бір 
Сырым деп зарлап жүргенде де мен Қаракөзден айырылар ша-
мам жоқ еді. Үйткені маған өзге әйелден Қаракөз табылады... 
Өзгені алсам қуанышты, бақытты боламын деп сене алма-
дым.... Қаракөздей асылды беріп, оның тұсында мені сондай 
сор лы қылған соң, ендігінің қандай болып кездесеріне кімнің 
көзі жетеді?
Қаракөз кіреді, өлгенше жүдеу. Зорға жүреді, әлсіз, шашы тал-тал болып 
бетін жапқан... Ақырын ән салып жүреді, жүзінде мағына жоқ... Көзі белгісіз 
қыдырып қарайды... Қаракөз жынданған, қолында жапырағы бар ағаштың 
бұтағы.
II көрініс
Қ а р а к ө з (
Айнала қарап тұрып, өз-өзінен
)
.
Тоғайға бар-
дым... Тағы барам ба?!! ... Тоғайды қуалап кете барып... азынаған 
көр ге барам ба?? (
Күліп.
) Тоғайда ән салады екең, жібек шапаны
бар... Біресе жел боп кетеді. Торғай болып кетеді... шөп боп ке те 
ме, әлде немене боп кетеді... ұйқым кеп кетеді... тоғай... жапы-
рақ... тоғай... түн... (
Шошып.
) Ойбай!!! Пышақ, кісен... әже!!
Н а р ш а (
Күрсініп
)
.
Қаракөз қиналмасаңшы, бейшара... 
Әлің біткен жоқ па енді? Не шамаң қалды... Жүруге де жара-
май сың!.. Жатсаңшы!..
Қ а р а к ө з (
Селт етіп сергігендей
)
.
Жат деймісің, тіліңді 
алайын ба?..
Н а р ш а . Ал тілімді.., байғұс, сенің менен басқа да жана-
шырың бар ма? Керек десең, менің әке-шешем, мені де жын-
данды деп, екеумізден енді құтылғанға асық болып отыр. Жа-
зы ғым – сені қимағаным, сені қаңғытып жібергенді обалсын ға-
ным... Жазылармысың бейшара?!
Қ о й с а р ы . Олай деме, қарағым... Әке-шешеңе ой түсті 
ғой... олар да тоқтады ғой... Керек қылған кісіңді солар шақыр-
тып отырған жоқ па?..
16–1247


242
Н а р ш а . Аты аталмасын... Бірақ келсе бірдеңе бола ма деп 
отырмыз ғой.
Қ о й с а р ы . Ұғып отырмын, аталмайды. Әке-шешең сені 
қарғап-сілеп, сенен кетіп не мұратқа жетпекші. Сені тастағанда 
медеуі, қуаты кім, қарағым?.. Сен жалғыз болған соң олардың 
сенен кетер өрісі қайсы? Олардың да дымын құртып қойған 
жоқпысың.
Н а р ш а (
Каракөзге
)
.
Қаракөз... шаршадың, шамаң бітті, 
жат енді.
Қ а р а к ө з (
Ақырын иіліп жүріп
)
.
Қазір... қазір... (
бетіне 
жа пырақты ұстап
) тоғайдың ішінде көрге жатқалы келем. 
(
Төсегіне отырып.
) Ақыретке оранайын ба.., ән салайын ба? 
(
Өз
бетімен ыңырсып ән салып отырады; аздан соң қайта 
шығып кетеді.
)
Н а р ш а . Құданың құдіреті, ауырғаннан бері аузынан «то-
ғай, көр» деген сөз бір түспейді (
Қойсары күрсінеді.
)
 
Бетіңді 
суыққа салып, жүрегің мұздай суық болып, жат болып 
тұрғанда, ибамен «сіз» деп сөйлеп, иіліп күткеніңнің өзі-ақ мең 
ұйытып еді. Ерекше болып туып... ерекше болып сөнгенің бе? 
Шыныңмен жарық күндей болып басталған өмірің қара түндей 
болып құлазып жүдеп біткені ме?
Қ о й с а р ы . Бәрі рас, жалғаны жоқ сөз. Сенің басың қайтып 
сау тұрсын, қарағым... Осы жайды ойлап тұрсақ, өмірімізде 
естімеген, білмеген бір іс екен. Өзіміздің ойымыз тоқсан 
толқып, қинап кетеді, бәрі арманды дүние. Қарағым, түбінде 
жең бойыңды, тоқтау қыл (
Тым-тырыс.
)
Н а р ш а . Ә-ә-әй болмайды... шама жоқ, мен де ұзамайтын 
жанмын. Жазылса – Қаракөз мені де
 
жазар, ол жазылмаса – ті-
лер тілек, етер үміт жоқ, тыныс бітіп келеді... (
Күрсінеді.
)
III көрініс
Қ а р а к ө з (
Қайта кіріп, әлсіреп, өз бетімен
)
.
Жығылып ба-
рам... Ұйықтайын ба, өлем бе... құлап кетем


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет