Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет50/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   106
Күрсініп
). Не дермін!!.. Қаракөз есінен шата-
сып, мен тентіреп құшнаш болам деп, бой сергек кісі болып, 
тірі қалып өмір етемін деп ойлап па едім... Жаратқан ие, неге 
ұшыраттың мені... Не қылдың? (
Тоқтап отырып Қаракөзге 
қарап.
) Қалқам, Қаракөз мені танимысың? Мен қасыңа бара-
йын ба? Мен – Сырым!!! Ұмытқан жоқпысың?? (
Жұрттың 
бәрі үңіліп қарайды. Қасына келіп қолын ұстап.
) Ән салсам 
мені есіңе аламысың? Мені танып сөйлесемісің?
Қ а р а к ө з (
Мағынасыздау
)
.
Иә-иә ән салшы... Мен сені 
білем.
С ы р ы м . Сәулем... Көлеңкем. Қайғылы дертті қарлығашым 
(
Жылап.
) Сен кеткен соң, менен өлең мен ән де кетіп еді... Өлең 
айтсам жылау үшін айтушы едім... (
Жылап ән салады. Әні 
жоқтаған дауыс сияқты.
)
Ә н :
Дариға, дәурен өтті, күнім бітті,
Оқ тиіп ұшырадым – қарғыс жетті.
Бұл күнде сор қамаған қаралы боп,
Көңілді қайғы басып зар еңіретті.
Лашын ем құйқылжыған – дерт күйзелтті,
Айырылдым ашық жардан күн сәулетті.
Семген гүл, өлген бұлбұл қайғысынан
Қайырылып қос қанатым, ажар кетті.
Қаракөз аңырып, өңі қатты, қашып, есі кеткендей болып қарап отырады
.
Мен келдім зарға тойып, күнім, саған,
Бір ауыз сөзің бар ма айтар маған?
Жылайын, жырлайын да тілейін мен,
Көзімде жас қалмасын жыламаған.
Бұлбұлдай сайрауменен өлейін мен,
Қайғы өсіп айықпаса қара тұман.
Бір кезде сері болсам еркебұлан,
Бұл күнде қайғы оралды қара жылан.
(
Қаракөз шошынады, үні әлсіреп, Сырымға төніп қадалады.
)
Қ а р а к ө з . Иә... иә... осылай.... осылай болатын.


247
С ы р ы м (
Қаракөздің қолын сүйіп
)
:
Боялсын омырауым етек толып,
Қайғыдан мен де өртендім, міне, солып.
Тілеймін маған дағы сол күн келсін,
Тоғайда сондай қара түні болып.
Қ а р а к ө з (
Қатты шошып айғайлап
)
.
А-а-а?.. тоғай... түн... 
Сырым... Әне әжем... шақырады... шақырады... (
Шалқасынан 
сіресіп жығылады, Сырым шошып отырып қалады.
)
Қ о й с а р ы . Өңі бұзылып кетті ғой... Қаракөз бейшараның 
әлі құрыды ғой деймін. Енді қинамасақ та болатын ба еді. Не-
мене?
Н а р ш а (
Төсегінен басын көтеріп
)
.
Құдай-ау, үзіліп бара-
ды ғой. (
Жылап.
) Бір ауыз жылы сөз... Бір ауыз ғана «кештім» 
деген сөзді естімей қалғаным ба? Мен кім болдым? Не боп 
қалдым? Шынымен-ақ бөтен жанның тойын тойлап қалғаным 
ба? Жұртта қалған күшіктей құлазып жалғыздықтан өткенім 
бе? Менен қашып бетін шоққа салған жанның қайғысын маған 
арқалауға ғана жазғаның ба? (
Талықсып жығылады. Қаракөз 
үзіліп бара жатады; Қойсары иман айтып отырады.
)
Т е к т і (
Ақырын жылап отырып
)
.
Сорлы, сорың қалың 
сор маңдай екенсің ғой... Маңайыңда жыламаған жан қалдыр-
мағаның не? Құдай, әлде осының қарғысына ұшырадым ба?
Қ о й с а р ы . Үзілді... Қаракөз қайтпас жолға сапар етті. 
Бай құсқа құдайдың бұл уақытта жібергені де тілегін бергені 
шығар. Енді бұл сорлыға не үміт, не өмір қалып еді.
С ы р ы м . (
Үндемей түнеріп отырған қалпынан қозғалып 
келіп Қаракөздің басын құшақтап
)
.
Сәулем... Есіңнен айырыл-
ған күнде де тілеуің менде екен ғой.., өлуге мені күтіп отыр 
екенсің ғой.., шыбын жаныңды қорлықпен осы жерге сүйреп 
кел генде, басымда Сырым отыратын күнге жеткіз деп тілеген 
екен сің ғой... Мен енді ақтайын тілеуіңді... өмірімде мен де бір 
сен деген тілеумен өтейін... Дулат! Сен менің қару-сайманымды 
ал да, елге қайт... Әуелгі Қарауылға қайт!.. Бар жолдасты тарат !.. 
Ме ні қуған барлық жау өлтіремін, өртеймін десе де бас тарт-
паймын. Іздегені мені Қаракөздің қабірінің басынан табады.
Енді Қаракөзде ешкімнің ортағы жоқ... Қаракөз менікі 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет