233
керек. (
Қаракөз құшақтап жылайды.
)
Осыны ойлайық; жы-
ламай ойланып, жол тап! Мен әуелі сен ойлансын деп отыр-
мын. (
Екеуі де үндемей сүйісіп, сахнадан шығып кетеді. Бұл
уақытта Ақбала мен Дулат әндетіп сахнаға шығады.
)
III көрініс
А қ б а л а . Құдай-ау, өмір бойы маңына ешбір жанды дарыт-
пай, ешкімге көзін салмай, жұрттың бәрін менсінбей келгенде,
мұны мырза жігітке кез қылып, көз тұнжырататын күнәға ду-
шар қыларсың ба? Жұрт естісе не дейді? Әке-шешесі білсе не
дейтін болады?
Д у л а т . Ақбала! Қаракөз бен Сырым ақыл-ойға ешкімнен
кем емес, кінәластырсаң, осы халінде де ешкімнен жеңілмейді.
Біз ол жағын қояйық, бірақ жаңа сезіктеніп жүрген
кісі бар
дедің, сол кім? Соны айтшы!
А қ б а л а . Бірдемені білген кісі сияқтанып жүрген бірен-
саран кісі бар. Бәрінен де маған сезікті көрінетін – Асан мен
Матай. Әсіресе, Асан. Соның көңілінде, көзқарасында, анда-
санда қуланып сөйлеген
тұспалында бір нәрсені сезіп, ішіне
тығып жүрген кісі сияқты.
Д у л а т . Талай шытырманның ішінен бойымызды көрсет-
пей аман шығушы едік. Бұ күнде білінсе, кім біледі? Салдың
жүрі сінің ой-қыры жоқ, елеусіз жақсы жүруші еді. Талай-талай
сорақы боларлық істер сезілмей жүре беруші еді.
А қ б а л а . Әншейін кісі сезбегенімен, Асандар алаяқ жырын -
ды ғой. Өз басынан талайды атқарған, жер танып алған қу ғой.
Д у л а т (
күліп
)
.
Ақбала-ай, қарағым-ай!
Ақылшы болуға
тіпті жақсысың-ау. Осы өзіңнің қызығыңды көрмедім-ау!..
А қ б а л а (
күліп
). Бізді қыз болмады, жас болмады деймісің?
Өзің сияқты жөн-жобаны үйреткен жандар болған шығар.
(
Күліп.
) Оны ғой қой, жайларыңды айтсаңшы!
Д у л а т . Менің білуімше, Асан да басқадан қырағылығынан,
жырындылығынан еш нәрсені біліп жүрген жоқ. Осы тұста
біздің бозбаламыз мен бойжеткеніміз олақ болып кетті.
А қ б а л а . Айтсын, құмарлығы күшті болған соң, бұлардікі
ән шейін емес,
шын ашықтық қой, баяғының ашықтары осы-
лар ғой. Қалқам-ау,
жамандайын деп айтқаным емес, төрем,
мырза жігіт жоқта жады болған кісі сияқты болып, ешбір сөзді
ұқпайды, есінен шатасқандай болып кетеді ғой.
234
Д у л а т . Рас айтасың, сезіктенген жұрт сондайдан сезініп
жүр; әйтпесе жүріс-тұрысы олақ болып жүрген жоқ. Дулаттар
талай қияндағы асылдардың мойнын бұрап, астына келтірген
болатын, аңдуы, айғағы көп болып; жасанып жүрген елдің қыз-
келіншегімен де титтей жүрісті сездірмей, айлар-жылдар ойын-
сауық құрып едік, мынаның бәрі сол құмарлық күшті болып,
балалардың бойын билеп, иығы түсіп құлап кеткендіктен.
А қ б а л а . Осы сен мырза жігіт пен төреме айтсаң қайтеді?
Д у л а т . Оған қалған күнде айтармыз, қазір тұра тұр. Сы-
рым басқа сөзді сөйлескелі келді Қаракөзбен...
А қ б а л а . О, не сөз? (
Достарыңызбен бөлісу: