Құшақтасып ұзақ сүйіседі.
)
Бұл уақытта сахнаға әндетіп Ақбала мен Дулат шығады.
VI көрініс
Д у л а т . Уа, шіркін, шерменделер!! Дүниеден осы құшақта-
рың айырылмай өтіңдер!
Қ а р а к ө з (
Сырымды құшақтап тұрып
)
.
Айтқаның келсін,
осы құшақ айырылмай әр күнде өлсең де арман жоқ... Тек
тәңірі сол тілекке жеткізсін. Көңілімдегі бар тілекті сен айттың,
тілеуің дұрыс достығың-ау... Дулат.
Д у л а т . Қарағым Дулат, сенің жолыңнан не аяйын деп
жүр дейсің. Тек бетімізден жарылқасын дейік. Ұзақ сапарды
қайырлы қылса, бізде арман болар ма еді?
Қ а р а к ө з . Құдайдан сол тілек орындалса, азды-көпті өмір
сүрдім деп өкінбес едім.
С ы р ы м (
күліп тұрып
)
.
Сен бізді жолдан тайғызып, жаңа-
дан туғызып жібердің ғой, сенің құшағыңды тапқаннан бері
мен де, Дулат та – бәріміз маңдайына тас тиген кәрідей болдық.
Біз серіліктен де, еркелік, қызық, желіктен де айырылдық қой.
Д у л а т . Рас айтады. Осы күнде сақал-шаш ағарып, қан та-
мыры суалған кәрі-құртаң бірдеңе болдық та қалдық. (
Күліседі
.)
Рас айтам-ау, тіпті, енді неде болса, бір нәрсеге келіңдер! Бірде-
ме істеңдер, тіпті, мына жүрістен өлетін болдық. Құр күрсініп,
құр жылап, құр иығымыз түсіп қаралы қатын болып кеттік,
тіпті.
Қ а р а к ө з . Мен кім болдым? Менің бойым әлі оңалған жоқ,
осында келгелі мен жынданамын ғой деп едім, келгелі жеті күн
өтті. Сонан бері әлі бір түн де ұйықтағаным жоқ. Маған батып
жүрген дерт қандай екенін түгел білген жоқсыңдар ғой.
А қ б а л а . Неге білмейік, біліп-ақ жүрміз; анықтап қараған
кісі байқайтын іс емес, сөнуге айналған шамдай еріп, жанып
бітіп барасың, өңің қандай болғанын байқамайсың өзің.
Д у л а т . Оны айтпай-ақ қоялық, кәпір қайғы деген қудың
атын атамаңдаршы осы! Қаракөз күрсінгенде, өз өзегім өртен-
геннен бір кем болмайды. Мына шырайыңды көріп, бір жасап
қалып тұрмын. Шіркін, өлең құрғыр да ауызға түспейтін бо-
лыпты осында келгелі!
237
С ы р ы м . Кәне, енді жаңа ниетке бір тілеу тілеп басып
жібер, біз емін-еркін екеуіңнің батаңды алып тұрып сөйлесейік.
(
Құшақтап тұрады.
)
Д у л а т (
әндетіп
)
;
Жолды оңғар, тілекті бер, о, жасаған!
Қашсақ та қусақ тағы сендік саған.
Болғанда дұшпандар көп, біз әлсізбіз,
Сондықтан жүрек – қорқақ, үміт – шабан.
Сақтай көр, қара күннен аты жаман!
Дегендей тілек бітті, қызық тамам!
Екі жас тілеуіне
жолды оңғарып,
Мақсатқа енді жеткіз есен-аман.
Қ а р а к ө з (
жылап, Сырымды құшақтап
)
.
А, құдай,
осы тілек – шын тілегім, жолымды оңғармайтын болсаң, осы
тілеудің үстінде ал!!
Бұл уақытта сахнаға Асан, Нарша, Матай, Жарылғап, Жабай, Мөржан,
тағы екі-үш жігіт шығады.
VII көрініс
Н а р ш а (
сахнаға шығарда сөйлеп келе жатады
)
.
Арғымақ жабы шыққаны:
Тұлпар тұғыл болғаны,
Аталы ұлдың азғаны, мінеки!
(
Сахнаға шығып.
) Мынау осалдық, серілік емес, бұл
жасырынның ашылып, абыройдың шашылғаны... Міне, әкелері!
Адал туған балаларың... (
Еңіреп жылайды.
)
С ы р ы м (
Қайраттанып
)
.
Рас... шынды айттың.., жалғыз-
ақ бүгін емес, көптен солай.
Ж а б а й (
ақырып
)
.
Құдайдың қарғысы тиген жүзқаралар,
неғып тұрсың? Құдай мынаны көргенше көзім неге шықпайды?!
(
Сырымға.
) Арам туған ит... Не істедің, неге ұшыраттың?
(
Жарылғапты көрсетіп.
) Мынау кім? (
Мөржанды көрсетіп.
)
Мынау кім? Байла, ойбай, тез мына иттерді... Сал қол-аяғына
кісенді. Сырым, өрісіңе жет деп ем, бұған жеттің бе?
Сені өлтірмесем қатыным талақ, өзім кәпір болайын. Байла
екеуін де! (
Қасындағылары ұмтылады.
)
М ө р ж а н (
Қаракөзді ұстап
)
.
Жүзіқара, жерге кір... Жүзің
неге күймей тұр – арсыз, ал Құдай!.. Мені бұл күнге шейін
238
алмағанда сақтағаның осы екен ғой... Өлтір, екеуін де... (
Жұрт
Сырымға жүгіріп келгенде, Сырым қанжарын суырып алып,
жуытпайды, жасқайды.
)
С ы р ы м . Тарт.., мен өлсем өз бетіммен өлемін...
Ж а б а й . Ұста... Ұста арсызды... кәпір болып діннен
шыққан қаражүздіні ұста! (
Көп жұрт жабылғысы келеді, Сы
-
рым әрқайсысын қағып-ұшырып ұстай сахнадан шығуға ай-
налып.
)
С ы р ы м . Қалқам, қош!!!
Ж а р ы л ғ а п . Мылтық әкел... Ат итті... Өлтір осы жер-
де (
Сахнадан шығып кетеді. Бірталай жұрт шулап артынан
қуады.
)
С ы р ы м (
сахнадан шығып бара жатып
)
.
Өлтірерсің...
VІІІ көрініс
М ө р ж а н (
Қаракөзді екі кісіге ұстатып
)
.
Сал кісенді!
Табанын тіліп күң қылыңдар, бұл арам туған итті... Бетің
тіліңгір.., қайтіп шыдап тұр мына бетің...
Қ а р а к ө з (
есі шыққан, өңі қашып жүдеген, әлсіз
)
.
Мен..,
мен жазықтымын... өлтірт мені... мені тірі қойма... мен бәрібір
өлем... (
Айғайлап, жылап жығылып.
) Ал... Құдай!... Ал мені ақ
өліміңмен... (
Екі жігіт қолына кісен салып жатады.
)
Б і р і н ш і ж і г і т . Мұндай да масқара болады екен... кәпір
мы на лардың қылығы қандай жаман еді... Өлсең, өліп-ақ кет
енді.
М ө р ж а н (
жылап
)
.
Кеселді өл енді... Құдай қайда!? Қайда
аруақ? Неге атпайсың мына жүзіқараларды? Не еттім, не дейін
енді ел-жұртқа? (
Өзгелер қайтып келеді.
)
IX көрініс
Ж а б а й . Жерге кірсең қоймаспын, Сырым! Жаратқан мұн-
дай итті бергенше қубас қылып, сорлы қылып неге қоймадың?
(
Наршаға.
) Мін тегіс аттарыңа, алғыз жылдам ат пен мылтық-
ты. Жерге кірсе қоймаймын, қуамын. Қолымнан бауыздап
өлтіремін.
А с а н . Япыр-ай, мынау не деген сұмдық?!
Ж а б а й . Мына қызды кісендеп, босағаға таңыңдар. Екеуін
бірге өлтіреміз... Қайда ат... Қайда мылтық? (
Жүгіріп кетеді.
)
239
Н а р ш а . Өзіне не болған? Не ғып жатыр?
Ж а р ы л ғ а п . Не болғанын қайтушы едің? Енді бұл өлсін,
кәпірдің қарасы өшсін... Қара жерге қара басым кіргенше
кетпейтін қара таңба болды ма?.. (
Жылап.
)
Мендей де сорлы
әке болар ма екен?..
М ө р ж а н (
Талықсып отырған жерінен
)
.
Жердің үстімен
келіп, астымен қайтқаным ба? Менің көзім тіріде менен
туған арамдар мұны істеді ме? Құдай әлдекімнің қарғысына
ұшыраттың... Әкет Жарылғап мені таң атпай... Қара түнді жа-
мылып күңіреніп кетейін...
(
Сахнадан бәрі кетуге айналады. Қаракөзді сүйемелдеп,
сүйретіңкіреп екі жігіт пен Нарша әкетіп бара жатады.
)
Қ а р а к ө з (
өңінен айырылған, көзі үлкейіп, жүзі есінен
айырылғандай бұзылып, шашы дудырап шатасып
)
.
Мен
өлдім... өзім де өлдім... шуламаса да өлдім... Ә-ә-ә!?? Не боп
қалды осы?.. Дулат неге ән салмай қойды?.. Сырым неге қанжар
ұстады... Мені өлтірді... Өлім... өлім...
Н а р ш а . Мынау не дейді? Жынданған кісіше. (
Шошынып.
)
Не болған жаным, өзіне? (
Сахнадан шығады.
)
Ш ым ы л д ы қ
Достарыңызбен бөлісу: |